Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет33/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
235556 (1)

§ 2. Меншік 
1. Меншік ұғымы малға, жерге, адамға /құл, не күң/, ит пен құсқа, дүние-мүлікке қатысты 
қолданылады. 
2. Меншік- мемлекеттік, қоғамдық, рулық, жеке бастың меншігі т.б. болып бөлінеді. 
3. Меншік хақы-сатып алумен, айырбастау, мұрагерлікке қалдыру, еншіге беру,
арнау /құдайы, садақа т.б / , сыйлау арқылы пайда болады.


4. Мемлекеттік меншік жерге, малға, қалалар мен қоныстарға т.б. дүниелерге қатысты 
пайда болады. 
5. Мемлекеттің меншіктің жауапкері мемлекеттің саяси билік иелері хандар мен ұлыс
сұлтандары болып табылады. 
6. Хандар мен сұлтандар мемлекеттік меншіктің негізгі жауапкері есебінде Жарғының
алдында есеп беріп отырады.
7. Мемлекет қарамағындағы қалалар мен қоныстардан алым-салық жинауды хан мен ұлыс 
сұлтандар іске асырады.
8. Қала халқы мен отырықшы егіншілер мемлекет пайдасына, қазынасына, өз əнімінің 1/10 
бөлігін жыл сайын беріп отыруға тиісті.
9. Даланың көшпелі, мал баққан халқы мемлекет пайдасына, қазынасына өз өнімінің 1/20 
бөлігін жыл сайын беріп отыруға тиісті. 
10. Хан мен ұлыс сұлтанына əр ата баласы жылына “соғым” беріп отыруы тиіс /соғым 
əркімнің жағдайына қарай беріледі/. 
11. Жол сапармен жүрген ел басшысына / хан, ұлыс сұлтаны, Орда биі, ұлыс биі/ əр отбасы 
арнайы сыбаға беруі тиіс. 
12. Мемлекет мүддесі үщін ел басшылары /хандар, сұлтандар, билер/ ел үстінен зекет 
жинауға хақылы /елдің бір бөлігі жұтқа ұшыраған жағдайда, жаугершілік кезінде, елшілік 
аттандыру үшін, тұтқыннан өз қандастарын босатып алу үшін/. 
Зекет туралы 
Зекет басы азат, шаруашылығы бүтін азаматтардың бəріне бірдей міндет. Егер тапқан 
пайдасы, не болмаса шаруашылығының өнімі өзіне, əйелі, бала-шағасына жетіп 
артылатын болса, қысы-жазы киетін киімін, мінетін көлігін , жейтін тамағын, аяқ-
табағын, төсек орнын, үй-жайын ақтаса зекет беру парыз болады . 
Зекетті бірінші кезекте жарлы-жақыбай, бейшараларға, науқас адамдарға, ел мүддесі 
үшін жұмсалатын шығындарға, қажы жолына барамын деген нашарларға, ұзақ жолда 
жүріп мүсəпірліктен жоқшылық кешкен адамдарға беру парыз . 
Əр адам өз меншігінен зекет берерде ең алдымен өз ағайыны, не көршілері жоқшылық көрсе 
соларға көмектескені абзал. Жақын, көрші адамдарға қарасу дəулетті қазақтарға уəжіб
болмақ.
Түйе малының бестен кеміне зекет жоқ , бес туйеден тоғыз туйеге шейін бір қой, он 
түйеден он төртке дейін екі қой . Он бестен жиырмаға шейін үш қой, жиырмадан-
жиырма беске шейін төрт қой, жиырма бестен отыз алтыға шейін-тайлақ, яки бір 
тайлақтың басын төлемек, отыз алтыдан қырық алтыға шейін - құнажын інген, қырық 
алтыдан - алпыс беске шеиін -бір беске шығар атан, алпыс бестен - жетпіс алтыға дейін -
бесті түйе, жетпіс алтыдан-тоқсан бірге дейін- екі құнажын інген, тоқсан бірден-жүз 
жиырмаға шеиін-екі дөнежін інген, жүз жиырмадан асқан соң əр бес түйеге І қой қосыла
береді. Сиырдың отызынан кеміне зекет парыз жоқ. отыздан қырыққа шеиін сиыры бар 
кісіден бір жасқа толған бір сиыр.
Қырық сиырдан- бір кұнан өгіз, алпысқа толса, бір жасардан екі өгізше бермек керек.
Мұнан соң əр тоғыз сиырға бір жасар бір сиыр, əр қырық сиырға екі жасар бір сиыр қосыла 


береді. Қой мен ешкі қырыққа толса- жүз жиырмаға шеиін - екі жасар бір қой, я ешкі 
бермек керек. Жүз жиырма бір болғанда екі жүзге шеиін - екі қой, екі жүз бір қойға - үш 
қой , екі жүз бірдей төрт жүзге шейін төрт қой, мұнан соң əр жүз қойға - бір қой беріле 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет