Жетписбаев батыр адамович


§4. Заңда белгiленген жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау



Pdf көрінісі
бет108/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
§4. Заңда белгiленген жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау
 
Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi сот жаза тағайындау кезiнде басшылыққа алуы тиiс бiрқатар 
ережелердi бекiтiп бердi. Онда қылмыс сараланып отырған ҚК Ерекше бөлiмi бабының санкциясында 
қарастырылған шекте жəне мөлшерде жазаны таңдау қажет екендiгi қарастырылған. Сонымен бiрге осы 
жалпы ережеден шығатын бiр ерекше жағдай бар, бұл ерекше жағдай сотқа заңда қарастырылған жазадан
гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау мүмкiндiгiн бередi. Аталған жағдай белгiлi бiр санкцияда қарастырылған ең 
төменгi жазаның өзi жасалған қылмыстың жағдайларын ескере отырып қатаң деп танылған жағдайлар үшiн 
қарастырылған.
ҚР ҚК-нiң 55-бабында аталған мəселе былайша көрсетiлген:
« əрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң ролiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан 
кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мəн-жайлар жəне əрекеттiң қоғамдық қауiптiлiк дəрежесiн 
едəуiр азайтатын басқа да мəн-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жаса ған 
қылмыстарды ашуға белсене жəрдемдескен кезде жаза ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген 
ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгенiнен неғұрлым жеңiл 
түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн ң . 
Аталған бапта көрсетiлген əрекеттiң қоғамдық қауiптiлiк дəрежесiн едəуiр азайтатын басқа да мəн-жайлар 
ретiнде тəжiрибеде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлардың заңдағы тiзiмiне енген 
жағдайлармен қатар бұл тiзiмге енбеген жағдайларды да таниды.
ҚК-тiң 55-бабынан шығатын қорытынды, заң жазаны жеңiлдетудiң мынадай үш түрiн қарастырады:
1). ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған жазаның ең төменгi шегiнен де 
төмен жаза тағайындау;
2). ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған жазадан гөрi жеңiлiрек жаза 
тағайындау;
3). ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында қарастырылған мiндеттi жаза ретiндегi қосымша 
жазаны тағайындамау;
Бiрiншi жағдайда, заңда қарастырылған жазаның ең төменгi шегiнен де төмен жаза тағайындау деген сот 
тиiстi баптың санкциясында көрсетiлген жазаның түрi сияқты жаза тағайындайды, бiрақ сот жазаның 
мөлшерiн, шегiн төменгiден де қысқартады. Мысалы, ҚК-тiң 103 бабының 1 бөлiгi бойынша 3 жылдан 7 
жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыл ған. Егер сот осы қылмыс үшiн төменгi шектен 
төменiрек жаза тағайындағысы келсе, 2 немесе 1 жыл бас бостандығынан айыруды қолдануы мүмкiн, 
бiрақ бұл жағдайда бас бостандығынан айыру 6 айдан төмен болмауы тиiс. Өйткенi, соттың аталған 
жаза үшiн белгiленген ең төменгi шектен төмен жеңiлдетуге құқығы жоқ. 
Екiншi жағдай бойынша, заңда қарастырылған жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау кезiнде сот ҚК 39-
бабындағы жеңiлiрек жазадан ауыр, қатаң түрiне қарай тiзiлген жазалар жүйесiне сүйенедi. Бұл жағдайда 
сот қылмыс сараланып отырған бап санкциясында қарастырылған жазадан гөрi жазаның жеңiлiрек түрiн 
таңдауы мүмкiн. Мысалы, жоғарыдағы бас бостандығынан айыру жазасының орнына одан жоғары орна
ласқан ҚК 39-бабындағы жазаның бiрiн тағайындауы мүмкiн. Бұл тұста айта кету қажет, Қылмыстық 
кодексте көптеген қылмыс тардың санкцияларында балама жаза түрлерi қарастырылған. Мысалы, 98 
баптың 1 бөлiгiнiң санкциясында 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе 6 айға 
қамауға немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетiлген. Мұндай кезде баптың 
санкциясындағы балама жаза түрлерiнiң бiрiн жеңiлдеу жаза ретiнде тағайындауға болмайды.
Үшiншi жағдай бойынша мiндеттi жаза ретiнде баптың санкциясында қарастырылған қосымша жазаны сот
iстiң ерекше мəн-жайлары бар деп таныған жағдайда жəне тағайындалған жазаны жеңiлдету үшiн 
қолданбауы мүмкiн. Мысалы, ҚК-тiң 179 бабының 2 бөлiгiнде 5 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге мүлкiн 
тəркiлей отырып бас бостандығын айыруға жазаланады делiнген. Мұнде заң қосымша жазаны қолдануды 
мiндеттеп отырғанымен, соттың жазаны жеңiлдете отырып қосымша жаза ретiндегi мүлкiн тəркiлеудi 
қолданбауға құқысы бар. 
Жоғарыда талданған төменгiден де төменгi шекте жаза тағайындау, заңда көзделгеннен гөрi жеңiлiрек 
жаза тағайындау, мiндеттi қосымша жазаны қолданбай жаза тағайындау кезiнде заң соттарға осы 
жағдайларды қолдануға негiз болған ерекше жағдайларды үкiмде көрсету мiндетiн жүктейдi. Мұндай 
жазаны тағайындаудың құқықтық негiзi болып iс бойынша ерекше жағдайлардың болуы, сонымен бiрге 
топтық қылмысқа қатысушының қылмысты ашуға белсендi жəрдемдесуi танылады. БұЛ жазаны 
жеңiлдетудiң ережелерi ҚК 10-бабында қарастыр ылған қылмыстардың барлық санаттарына, ауырлығы 
онша емес қылмыстан бастап аса ауыр қылмыстарға дейiн қолданады. 


 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет