Жетписбаев батыр адамович


§2. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түрлерi



Pdf көрінісі
бет127/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
§2. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түрлерi
 
Қылмыстық заң мəжбүрлеп психиатриялық емдеудi қажет ететiн қылмыс жасаған адамдарға сот арқылы 
тағайындалуы мүмкiн медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының мынадай төрт түрiн қарастырады:
1)
емханалық мəжбүрлеп қадағалау жəне психиатрда емделу,
2)
жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу;
3)
мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу;
4)
интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу.
Медициналық мəжбүрлеу шараларын мұндай түрлерге бөлу мəжбүрлеп емдеу жүргiзiлетiн 
психиатриялық мекемелердiң түрлерiне сəйкес жүзеге асырылады. Олар бiр бiрiнен мəжбүрлеп емделуде 
жатқан адамды қадағалау режимiнiң қатаңдық дəрежесiне байланысты ажыратылады. Ал адамды емдеу 
процесi мəжбүрлеу шарасының түрiне байланысты емес, денсаулық сақтау министрлiгiмен бекiтiледi.
Медициналық мəжбүрлеу шарасының түрiн таңдау кезiнде сот ең алдымен ауру адамның психикалық 
жағдайын, оның жасаған iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн, қоғамға қауiптi iс-əрекеттi 
қайталап жасау мүмкiндiгiн ескередi. Мұндай мəжбүрлеу шарасының белгiлi бiр түрiн таңдау үшiн сот-
психиатриалық немесе сот-наркологиялық сараптамаларының қорытындысы маңызды болып табылады. 
Бұл қорытындыларды сотқа нақты ауру адамға медициналық мəжбүрлеу шарасының қандай түрiн 
тағайындау мақсатқа лайық болатыны туралы нұсқаулар бередi. 
Психикалық мəжбүрлеп қалдағалау жəне психиатрда емдеу егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi 
бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеудi қажет етпесе жəне ҚК-ң 88- бабының 1-
бөлiгiндегi негiздер болған жағдайда тағайындалады. Медициналық мəжбүрлеу шарасының бұл түрi ҚК 90-
бабының 2- бөлiгiне сəйкес, есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыс үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, 
нашақорлықтан, уытқұмарлық тан емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай 
бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға тағайындалуы мүмкiн. Есi дұрыс емес күйде қоғамға қауiптi 
iс-əрекеттi жасаған адамдарға аталған шара, егер одан өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша жəне жасалған 
iс-əрекет сипаты бойынша қоғамға қауiптiлiк тудырмайтын болса жəне егер ауру адамды емдеу мен жаңа
қылмысты болдырмауға емханалық мəжбүрлеп қадағалау жеткiлiктi деп танылған жағдайларда да 
тағайындалуы мүмкiн. Емханалық қадағалау мен психиатрда емдеу ауырлығы онша емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмысты патологиялық маскүнемдiкпен туындаған психикасы бұзылуы қысқа уақытқа
созылған адамдарға жəне созылмалы психикасы бұзылған адамдарға қолданылады. 
Емханалық мəжбүрлеп емдеу жəне психиатрда емдеу кезiнде ауру адам қажеттi жағдайларда емдеу 


тағайындау үшiн психиатр-дəрiгерге үнемi үзiлiссiз келiп тұрады. Мəжбүрлеу шарасының бұл түрiн 
жүргiзудiң орны сотпен тағайындалған жазаның түрiне байланысты шешiледi. Қоғамнан оқшауламай 
орындалатын жазаға сотталғандар емханалық мəжбүрлеп қадағалау мен психиатрда емделудi тұрғылықты 
жерi бойынша психиатрда немесе наркологта өтедi. Ал қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаға 
сотталғандарға бұл шара жазаны өтеу орнында жүргiзiледi. 
Психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу ҚК-тiң 88- бабының 1 бөлiгi «аң жəне «бң пунктерiнде 
көрсетiлген адамдарға, егер олардың психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана
жүзеге асырылатын емдеудiң, күтудiң, ұстаудың жəне қадағалаудың шарттарын талап ететiн болса 
тағайындалады. 
Қолданылып жүрген заңға сəйкес психиатриялық стационардың үш түрi бар: жалпы үлгiдегi, 
мамандандырылған үлгiдегi жəне интенсивтi қадағалайтын мамандандырылған үлгiдегi. Психиатриялық 
стационарда жүргiзiлетiн медициналық мəжбүрлеу шарасының түрiн тағайындау кезiнде сот-
психиатриялық сараптама қорытындысында баяндалған психиатр-сарапшының нұсқауларын, жасалған iс-
əрекеттiң қоғамға қауiптiлiгiн, психикалық бұзылудың дəрежесi мен тереңдiк деңгейiн, аталған адамның 
өзiне жəне айналасындағыларға қауiптiлiк дəрежесiн, сонымен қатар қоғамға қауiптi iс-əрекеттi жасау
мүмкiндiгiн ескеруi қажет. 
Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған 
қоғамға қауiптi iс-əрекетiнiң сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететiн, бiрақ 
интенсивтi қадағалауды қажет етпейтiн адамға тағайындалады.
Жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу тағайындалған адамдар жалпы негiзде 
қылмыс жасамаған психикалық ауру адамдармен бiрге жалпыға арналған психиатриялық ауруханада
немесе психиатриялық көмек көрсететiн стационарда емделедi. Алайда, қылмыс жасағаны үшiн мəжбүрлеп 
емдеу тағайындалған адамдарға қатысты бiрқатар шектеулер қойылған: емдеу мекемесiнен еркiн шығуға 
тыйым салу, тек ғана емдеу мекемесiнiң аумағында ғана жүрiп-тұру, үй демалыстарын бермеу жəне т.б.
Жалпы үлгiдегi психиатриядық стационарға ауыр немесе аса ауыр қылмыстар санаттарына жатпайтын
қылмысты жағымсыз мəн-жайлардың тоғысуы салдарынан жасалған адамдар жiберiледi. 
Мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу өзiнiң психикалық жай-күйi 
мен жасаған қоғамға қауiптi iс-əрекетiнiң сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететiн адамға 
тағайындалуы мүмкiн. Мұндай адамдарға психиатриялық стационардан қашуға икемдi, медицина 
қызметкерлерiмен жəне өзге аурулармен бас сыйыспайтын жəне жүйелi түрде қоғамға қауiптi iс-
əрекеттердi жасайтындарды жатқызуға болады. 
Интенсивтi қадағалайтын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеу 
өзiнiң психикалық жай-күйi мен жасаған қоғамға қауiптi əрекетiнiң сипаты бойынша өзiне немесе басқа 
адамдарға айрықша қауiптi болған тұрақты жəне интенсивтi қадағалауды талап ететiн адамдарға 
тағайындалады. Негiзiнен мұндай адамдарға қоғамға қауiптi iс-əрекеттi бұдан бұрын медициналық 
мəжбүрлеу шарасы қолданыл ғанына қарамастан қайталап, жүйелi түрде жасайтын жəне ауыр немесе аса 
ауыр қылмыстарды жасаған адамдар жатады. 
Жеткiлiктi негiздерсiз адамды психиатриялық стационарға орналастыру үшiн кiнəлi адам ҚК 127-бабы 
бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. 
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi жəне тоқтатуды психиатр-
дəрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мəжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме
əкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот белгiлейдi. 
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасы белгiленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы 
немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мəселенi шешу үшiн кемiнде 
алты айда бiр рет психиатр-дəрiгерлер комиссиясынында куəландырылып отыруға тиiс. 
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған 
кезде мəжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң əкiмшiлiгi мəжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа 
қорытынды бередi. Мəжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен
кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мəжбүрлеп емдеудi одан кейiн кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi. 
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-
күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы
өзге мəжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.
Психиатриялық стационарда мəжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда сот мəжбүрлеп емдеуде
болған адам жөнiнде қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық мекемеге 
жiберу туралы мəселенi денсаулық сақтау туралы заңдарда көзделген тəртiппен шешу үшiн денсаулық 
сақтау органдарына беруi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет