20-тарау. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары
§1. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түсiнiгi
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қылмыстық құқықтың жеке институты болып табылады.
Бұл институтта медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi мен мақсаттары,
мəжбүрлеу шараларының түрлерi, оларды ұзарту, өзгерту жəне тоқтату, сондай-ақ медициналық сипаттағы
мəжбүрлеу шараларын тағайындаумен не қолданумен байланысты өзге де мəселелер қарастырылады.
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары деп өзiнiң психикалық жағдайы бойынша мəжбүрлеп
емдеудi қажет ететiн қоғамға қауiптi қылмыстық iс əрекеттердi жасаған психикасының бұзылуынан зардап
шегетiн адамдарға қатысты оларды емдеу – сауықтыру мақсатында соттың шешiмiмен қолданылатын
мемлекеттiк мəжбүрлеудiң ерекше қылмыстық құқықтық нысанын түсiну қажет.
Құқықтық табиғатына сəйкес медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қауiпсiздiктiң қылмыстық
құқықтық шаралары болып табылады. Себебi, оның мəнi өзiнiң психикалық жағдайына байланысты өз
басына немесе айналасындағы өзге де адамдарға қауiп төндiретiн қылмыстық құқыққа қайшы iс-
əрекеттердi жасаған адамдарды мəжбүрлеп емдеу ретiнде түсiндiрiледi. Сонымен бiрге мұндай шараларды
қолдануды қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асыруда бағытталған
арнайы органдардың
қызметтерiнде көрiнiс табатын психикалық ауру адамдардың қылмыстық iс-əрекеттердi жасауына
мемлекеттiң реакциясы ретiнде де қарастыруға болады.
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың негiзi болып қоғамға қауiптi қылмыстық iс-
əрекеттi жасаушы психикалық ауру адамның қоғамға қауiптi болуы табылады. Бұл қауiптiлiк екi
критериймен анықталады:
а) заңдық критерии, яғни адамның қылмыстық заңда қарастырылған iс-əрекеттi жасауы;
б) медициналық критерии, қылмыс жасаушы адамды өзiне не өзге де адамдарға қауiптi ететiн оның
психикасының бұзылуы.
Заңдық критерии жасалған қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң ауырлығы, ауру адамның қылмысты жасағанға
дейiнгi жəне
одан кейiнгi мiнез-құлығы, адамның əлеуметтiк психологиялық ұстанымдары жəне т.б.
жағдайлар арқылы анықталады. Ал, медициналық критерии психикалық аурудың клиникалық нысанымен,
оның күрделiлiгi жəне тереңдiгiмен, аурудың жазылу динамикасымен сипатталады.
Психикалық ауру адамның қоғамға қауiптiлiгi сонымен бiрге аурудың ұзаққа созылуымен де
түсiндiрiледi.
Сонымен, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың негiзi деп қылмыс жасаған
психикалық ауру адамдарға аталған шараларды қолдану қажеттiлiгiн анықтайтын жағдайлардың
жиынтығын түсiну қажет.
Қылмыстық заңға сəйкес медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қоғамға қауiптi iс-əрекет
жасаған психикалық ауру немесе осындай шараларды қолдануды қажет ететiн өзге де адамдарды емдеу,
олардың
психикалық жағдайын жақсарту, сондай ақ олардың жаңа қылмыстарды жасауын болғызбау
мақсаттарында қолданылады. Сонда, аталған шараларды қолданудың мақсаты қоғамға қауiптi iс-
əрекеттердi жасаған қоғамға қауiптi психикалық ауру адамдарды мəжбүрлеп емджеудегi заңшығарушының
тiптi нəтижесiн көрсетедi. Ал медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының мiндеттерi ретiнде
психикалық ауру адамдарға мəжбүрлеп емдеудi қолданудың қылмыстық-құқықтық жəне медициналық
мақсат тарына қол жеткiзу процесi кезiнде құқық қолданушы шешуге тура келетiн қылмыстық-құқықтық
шараларды айтуға болады.
Мəнi бойынша медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың
мақсаттары қылмыстық-
құқыққа қайшы iс əрекеттi жасаған психикалық ауру адамға қатысты тергеу, сот, қылмыстық-атқару жəне
арнаулы бағдардағы медициналық мекемелердiң қызметтерiнiң негiзгi бағыттарын бiлдiредi.
Қылмыстық заң медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттарына құқық қорғау
органдары мен медицина мекемелерi қызметтерiнiң мынадай үш бағытын жатқызады:
1). есi дұрыс емес адамдарды, қылмыс жасағаннан кейiн психикалық ауруға ұшыраған адамдарды, есiнiң
дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн адамдарды, алкоголизммен
немесе нашақорлықпен ауратын адамдарды емдеу;
2). осы аталған адамдардың психикалық жағдайын жақсарту;
3). олардың жаңа қылмыстық iс əрекеттердi жасауын болдырмау.
Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары мына категориядағы адамдарға қатысты қолданылуы
мүмкiн:
1). ҚК-ң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген iс-əрекеттердi есi
дұрыс емес жағдайда жасаған
адамдарға.
Есi дұрыс емес адам – бұл қоғамға қауiптi iс-əрекеттi жасау кезiнде өзiнiң əрекеттерiн ұғынуға немесе
оған басшылық етуге мүмкiндiгi болмаған психиканың бұзылу, созылмалы, уақытша, стационарлық немесе
өзге де психикалық ауру жағдайында қылмыс жасаған адам.
2). Жаза тағайындауды немесе жазаны орындауды мүмкiн етпейтiн қылмыс жасағаннан кейiн психикасы
бұзылған адамдар. Мұндай адамдарға есi дұрыс бiрақ қылмыстық iс жүргiзушiлiк немесе қылмыстық-
атқарушылық əрекет қабiлеттiлiктен айрылған адамдар жатады. Қылмыс жасағаннан кейiн туындаған
психиканың бұзылуы созылмалы немесе уақытша сипатта болуы мүмкiн. Жаза тағайындауды немесе
жазаны орындауды мүмкiн етпейтiн психиканың бұзылу жағдайын қылмыс жасаған адамның ұғынбауы,
яғни танымдық жəне ерiктiлiк қабiлеттерiнiң елеулi бұзылуы куəландырады.
Жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiндiгiн жоққа шығаратын
жағдайлар қылмыстық iс
жүргiзушiлiк немесе қылмыстық-атқарушылық əрекет қабiлетсiздiк деп танылады. Қылмыстық iс
жүргiзушiлiк əрекет қабiлетсiздiк қылмыс жасаған адамның психикалық қызметiнiң бұзылуы салдарынан
тергеу немесе сот талқылауы кезiнде түсiнiк беру жəне қылмыстық iс жүргiзу əрекеттерiне қатысу
барысында туындаған жағдайларды түсiнбеу қабiлетiн бiлдiрсе, ал қылмыстық атқарушылық əрекет
қабiлетсiздiк жазаны орындау немесе жазаны өтеу барысында туындаған жағдайларды түсiну қабiлетiнен
айырылуын бiлдiредi.
3). Есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн қылмыс жасаған
адамдар. Оларға қылмыс жасау кезiнде психикасының бұзылу салдары өз iс əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты
мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемде ұғына алмаған не оған басшылық ете алмаған
есi дұрыс адамдар
жатады. Заң əдебиеттерiнде оларды «шектелген есi дұрыс субъектiлерң деп те атайды.
4). Алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмар лықтан емдеуге мұқтаж деп танылған қылмыс
жасаған есi дұрыс адамдар. Аталған категориядағы адамдарға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу
шараларын қолдану екi критеридi қамтиды: заңдық жəне медициналық. Заңдық критерии, қылмыс жасау
кездегi адамның есi дұрыстық жағдайын, яғни өз iс əрекетiн ұғыну жəне
қылмысты өз еркiмен жасау
қабiлетiн бiлдiредi. Медициналық критерии, адамда жазаны өтеумен қатар емдеудi қажет ететiн
алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлық ауруларының болуын бiлдiредi. Медициналық көзқарас
бойынша адам екi жағдай орын алғанда емделуге мұқтаж деп саналады:
а) спирттiк iшiмдiктер мен есiрткi заттарды жүйелi түрде тұтынуға биiмдiлiк орын алғанда;
б) алкоголизм мен нашақорлықтан емдеуге медициналық қарсы көрсеткiштер болмаған жағдайда.
Қылмыс жасаған маскүнемдер мен нашақорларға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары барлық
уақытта жазамен бiрге қатар қолданады. Бұл орайда емханалық мəжбүрлеп қадағалау жəне психиатрда
емделу түрiндегi медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасы ғана тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: