азаматтың денсаулығына келтiрген зиянды қалпына келтiрумен байланысты шығыстар жатқызылады.
Мүлiктiк зиян түрiндегi материалдық зардаптарды оның құнының өлшемiмен немесе ақшалай есептейдi.
Бұл меншiкке қарсы қылмыстардың барлығында кездеседi жəне экономикалық мүддеге қарсы қылмыстар
тарауында көптеп кездеседi. Қылмыстық заңның өзiнде қылмыстардың материалдық мүлiктiк
зардабы
мына көрсеткiштермен де анықталады
″iрi мөлшер″, ″iрi зиян″, ″елеулi мөлшер″ жəне т.б.
Ал жеке адамға келтiрiлген дене зиян түрiндегi материалдық зардаптар мүлiктiк зиянға қарағанда сандық
жағынан өлшенбейдi. Мысалы, адамның денсаулығы немесе биологиялық өлiмiн өлшеу мүмкiн емес. Зиян
келтiру дəрежесiн бағалау адам денсаулығының нақты жағдайымен анықталады. Бұл жөнiнде ҚР
Қылмыстық Кодексi адамның денсаулығына зиян келтiрудiң үш түрiн қарастырады – ауыр, орташа жəне
жеңiл. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлық дəрежесi медициналық көрсеткiштермен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: