Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет35/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 Əрекетсiздiк - қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң екiншi түрi. Əлеуметтiк жəне құқықтық қасиетi бойынша 
əрекетсiздiк əрекетке ұқсас. Ол да əрекет сияқты сыртқы дүниеге белгiлi бiр өзгерiс əкелуге жəне əсер етуге 
қабiлеттi. Алайда, əрекетке қарағанда əрекетсiздiк адамның белгiлi бiр əрекеттi жасауға мiндеттi немесе 
оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол əрекеттi жасамау түрiндегi бəсең, енжар əрекетi.
Қылмыстық заңда объективтiк жағы əрекетсiздiкпен сипатталатын қылмыстар бар, бiрақ шамалы.
Əрекетсiздiк қылмыстық заңға қайшы болса ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады, яғни əрекет 
жасау мiндеттiлiгi қылмыстық заң нормалары талаптарынан туындауы тиiс.
Əрекетсiздiк үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартудың мiндеттi шарттары болып, адамның заңда 
жүктелген мiндеттердi орындамауы жəне орындауға мүмкiндiгiнiң болуы табылады. Нақты əрекеттердi 
жасау мiндеттерi адамға заң тарапынан, кəсiби немесе қызметтiк жағдайынан жүктелуi мүмкiн. Мысалы, 
ҚК 152-бабы бойынша, қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қоғаудың 
өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер 
жүктелген адамның бұзуы қылмысында ҚР еңбек туралы заңының талаптарын орындамау түрiндегi 
əрекетсiздiк. Қызметтiк мiндеттi орындамау түрiндегi əрекетсiздiк, мысалы, ҚК 118-бабы бойынша 
науқасқа дəрiгердiң көмек көрсетпеуi түрiндегi əрекетсiздiк.
Əрекетсiздiк үшiн жауаптылық мiндеттен басқа, адамның өзiне жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгi 
болған кезде ғана қарастырылады. Əрекет етуге мүмкiндiгiнiң бар екендiгiн анықтауда белгiлi бiр нақты 
жағдайдағы адамның мүмкiндiктерi ескерiледi. Егер қажеттi жəне мiндеттi əрекеттер адамның еркiнен тыс 
жағдайларға байланысты орындалмаса, ол адам əрекетсiздiк үшiн жауаптылыққа тартылмауы тиiс. Белгiлi 
бiр нақты жағдайда адамның жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгiнiң болған, болмағандығы туралы 
мəселенi сот қылмыстың объективтiк жағдайларын жəне адамның субъективтiк мүмкiндiктерiн ескере 
отырып шешедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет