Материалдық емес зардаптар деген қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастарға қатысушылардың
мүдделерiн сыртқы дүниенiң материалдық заттарына жəне адамның денесiне əсер етпей бұзумен ұщтасқан
жағымсыз өзгерiстердi бiлдiредi. Материалдық емес зердаптарға – саяси, моральдық, ұйымдастырушылық,
əлеуметтiк жəне т.б. зияндар жатады. Мысалы, саяси зиян - мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен
қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарда ұйымдастырушылық зиян- мемлекеттiң қызмет мүдделерiне, басқару
тəртiбiне қарсы қылмыстарда, ал моральдық зиян – жеке адамға қарсы қылмыстарда, адамның
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарда кездеседi.
Қылмыстық заң қылмыс арқылы бұзылған қоғамдық қатынастың əлеуметтiк құндылығын, зиянның пайда
болу себептерi мен оның мөлшерiн, əрекеттiң субъектiлерi мен оның субъективтiк жағын жəне басқа
бiрқатар жағдайларды ескерiп жəне осыған байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда болуын
зиянның тууымен байланыстырып немесе байланыстырмай анықтайды. Сондықтан бiр жағдайларда
қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық қатынасты тудырушы заңдық фактi ретiнде танылып заңның
тиiстi бабының диспозициясында көрiнiс табады. Ал екiншi жағдайларда қылмыс зардабы қылмыс
құрамының факультативтi, мiндеттi емес элементi ретiнде қарастырылады. Осыған байланысты қылмыс
құрамдарын материалдық жəне формальдық құрамдарға бөлу негiзделген.
Сонымен бiрге, қылмыстық зардаптың ауырлық дəрежесi Қылмыстық Кодекстiң тиiстi баптарындағы
ауырлатылған немесе аса ауырлатылған қылмыс құрамдарын бөлудiң негiзiнде жатыр. Мысалы, адам өлiмi
ауырлатылған қылмыс құрамының белгiсi ретiнде ҚК көптеген баптарында (233-баптың 3-бөлiгiнiң
″в″
тармағы, 256-баптың 2-бөлiгi) қарастырылған.
Қоғамға қауiптi зардаптардың маңыздылығын мына жағдайлар түсiндiредi:
1)
Қоғамға қауiптi зардаптар əрекеттi қылмыстандырудың басты негiзi болып табылады;
2)
Қоғамға қауiптi зардаптар барлық қылмыс құрамдарының мiндеттi элементi бола тұра қылмысты
саралауға қатысады;
3)
Қоғамға қауiптi зардаптар жаза тағайындау кезiнде жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретiнде
ескерiледi;
4)
Қоғамға қауiптi зардаптар қылмысты қылмыс емес құқықбұзушылықтардан жəне аморальдық
əрекеттерден ажыратудың критерийi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |