Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет67/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§2. Қылмысқа дайындалу
 
ҚК 24-бабына сəйкес «тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, əзiрлеу немесе 
бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн 
өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мəн-жайлар 
бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп таныладың. 
Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана əрекеттер. Ол қасақана 
қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды. 
Дайындалу əрекеттерiне мына ерекшелiктер тəн:
-
Олар тек қылмыстың жасалуына жағдайлар туғызады
-
Қылмыстық-құқықтың қорғау обьектiсiне өздiгiнен тiкелей қауiп тудырмайды;
- Кiнəлiнiң еркiнен тыс себептермен мəжбүрлi түрде тоқтатылады.
Қылмысқа дайындалу ҚК-ң 24-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, мына əрекеттермен сипатталады:
а). қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген тəсiлмен (заңды немесе заңсыз) 
аталған құралдарды иемдену əрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сəйкес сатып алу, сыйға алу, тауып алу,
ұрлап алу ,ауыстыру жəне т.б.,
б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау—оларды ойлаған қылмысты
табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру əрекеттерi. Мысалы, кiлттi өзгертiп жасау,қарудың 


қасиетiн өзгерту жəне т.б.;
в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе 
бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi
ретiнде қылмыс жасауға тарту əрекеттерi. Ол кез келген тəсiлмен (сатып алу, қорқыту, бопсалау, алдау,
ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн.
г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп
жасауға алдын-ала уəделескен кемiнде екi адамнан тұратын
топты ұйымдастыру;
д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық ниеттi жүзеге асыруға 
бағытталған жоғарыда аталған əрекеттерден өзге кез келген əрекеттердi жасау. Мысалы, қылмыс жасау 
жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған əрекеттердi жасау, қылмыс 
жасау орнының жоспарын дайындау жəне т.б.
Аяқталған қылмысты жасау үшiн жағдайлар туғызатын дайындық əрекеттерiнiң түпкiлiктi тiзiмiн көрсету 
мүмкiн еместiгiн заңның өзiнде заңшығарушы тiкелей баяндаған.
Қылмысқа дайындалу бiр əрекетпен немесе жоғарыдағы аталған əрекеттердiң жүйесiмен де жасалуы 
мүмкiн. Көбiнесе дайындалу белсендi əрекетпен, ал кейбiр жағдайларда əрекетсiздiкпен де жасалады. 
Мысалы, қойма қарауылы қылмыстың басқа қатысушыларына ұрлық жасау үшiн қасақана жағдайлар 
туғызу мақсатында кезекшiлiктен уақытша кетiп қалады.
Мерзiмi бойынша дайындық əрекеттерi қылмыстың жүзеге асырылуынан бұрын жасалады. Мұндағы 
уақыт аралығы бiрнеше минуттан бiрнеше айларға дейiн созылуы мүмкiн. Дайындық əрекеттерiнiң жасалу 
орны қылмыстың жасалу орнымен сəйкес келмеуi, кейде олар бiр-бiрiне жақын маңда жасалуы да мүмкiн.
Субьективтiк жағынан қылмысқа дайындалу кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен сипатталады, яғни 
дайындалушы адам өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатының бар екендiгiн ұғынады, осы iс-
əрекеттер қылмыстың жасалуына жағдай туғызатынын алдын-ала бiледi жəне соны тiлейдi.
Сот тəжiрибесiнде қылмысқа дайындалғандық үшiн сотталған дар сирек кездеседi, бұл дайындық 
əрекеттерiнiң қылмыстық қол сұғушылықтың аяқталуынан алшақ жатқандығымен жəне оның қоғамға
қауiптiлiк дəрежесiнiң шамалылығымен де түсiндiрiледi. Бiр жағынан, қылмысқа дайындалуды дəлелдеу 
қиындық туғызады, себебi дайындалу əрекеттерi өздiгiнен қылмыскердiң қылмыстық ниетiн барлық 
уақытта дəлелдей бермейдi. Осыған байланысты заңшығарушының қылмысқа дайындықты жалпы
жазалаудан бас тартуы негiздi. ҚР ҚК-ң 24-бабының 2-бөлiгi бойынша тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа 
дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады.
Қылмысқа дайындалу үшiн жауаптылық сол дайындалып
жатқан қылмыс бойынша жауаптылықты көздейтiн ҚК Ерекше бөлiмiнiң бабымен жəне ҚК 24-бабына 
мiндеттi түрде сiлтеме жасалып сараланады. Ал егер дайындық əрекеттерi жеке қылмыс құрамын құрайтын 
болса, онда ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен аяқталған қылмыс ретiнде саралауды қажет етедi.
Қылмысқа дайындалу бойынша жаза тағайындау кезiнде сот жаза тағайындаудың жалпы негiздерiне 
сəйкес ережелермен қатар аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындаудың ерекшелiктерiн де ескередi.
Бұл жағдайда қылмыстың ақырына дейiн жеткiзiлмеу жағдайлары есепке алынады. Қылмысқа дайындалу 
үшiн тағайындалатын жазаның мөлшерi ҚК Ерекше бөлiмiндегi тиiстi аяқталған қылмыс үшiн белгiленген 
жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет