Жетписбаев батыр адамович


келтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

келтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар;
1). Егер жедел-iздестiру шаралары тек мемлекеттiк өкiлеттi органмен немесе осы органмен қызметтес өзге 
адамның осындай органның тапсырмасымен орындалуы;
2). Егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты
болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалуы;
3). Егер оларды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды 
əшкерлеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмауы;
4). Егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда 
онша мəндi болмауы;.
5). Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрумен
экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала мен өзге де зардаптарға ұштаспауы қажет.
§6. Орынды тəуекел ету
Заң əдебиеттерiнде орынды тəуекел ету институты бiраз уақыттан берi зерттелiп келгенiмен, қылмыстық 
заңда ол жаңадан қарастырылды. Заңға енгiзiлгенге дейiн құқық қолдану органдарының тəжiрибесiнде 
орынды тəуекел көп жағдайларда аса қажеттiлiк ережелерi бойынша шешiлiп жатты. Орынды тəуекел ету 
жөнiнде жеке бап енгiзудiң қажеттiлiгi қазiргi жағдайдағы ғылым мен техниканы жетiлдiру жəне қоғамдық 
даму процесiнiң жылдамдатылуы кезiнде жаңа техснологияларды игерумен байланысты кəсiби қызметтердi 
атқару белгiлi бiр тəуекелге баруға əкеп соғатындығымен түсiндiрiледi. 
ҚР ҚК-ң 35-бабының 1-бөлiгiнде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тəуекел еткен 
ретте қылмыс тық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайтындығын 
баяндайтын жалпы ереже қарастырылған. 
Орынды тəуекел етудiң түсiнiгi ҚК-ң 35-бабының 2-бөлiгiнде берiлген: егер аталған мақсатқа тəуекелмен 
байланыссыз iс-əрекетпен қол жеткiзiлмейтiн болса жəне тəуекелге жол берген адам қылмыстық заңмен
қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн қажеттi шаралар қолданса, тəуекел орынды деп 
танылады. 
Орынды тəуекел негiзiнен белгiлi бiр жаңа эксперименттердi жүргiзу, бұрын қолданылмаған аппараттарды 
сынау, жаңа технологияларды игеру кезiнде өндiрiс, ғылыми-техника, шаруашылық, дəрiгерлiк жəне т.б. 
қызмет салаларында орын алады. Осыған байланысты көптеген заң əдебиеттерiнде орынды тəуекелдi 
мынадай түрлерге бөлу қалыптасқан:
1). Өндiрiстiк тəуекел, яғни заңмен қорғалатын мүдделерге қауiп төндiру арқылы қоғамға пайдалы 
мақсатқа қол жеткiзу немесе өндiрiстiк қызмет нəтижесiндегi зиянды зардапты болдырмау.
2). Шаруашылық тəуекел ету заңмен қорғалатын материалдық мүдделердi қауiптi жағдайда қалдыру 
арқылы экономикалық пайда алуға ұмтылумен байланысты.
3). Коммерциялық тəуекелге банктiк, биржалық, инвестиция жəне кəсiпкерлiк қызметтiң өзге де 
түрлерiнде нарық қатынастарының ерекшелiктерiн пайдаланып белгiлi бiр пайда алуға ұмтылу жатады.
4). Ғылыми-техникалық тəуекел тəжiрибеге жаңа əдiстер мен зерттеу құралдарын енгiзуге ұмтылумен 
байланысты туындайды. 
Көрiп отырғанымыздай, орынды тəуекел ету кез келген кəсiби қызмет саласында орын алғанымен, кез 
келген адамның емес белгiлi бiр қызметпен кəсiби түрде айналысатын адамның əрекеттерiнде ғана 
көрiнетiн кəсiби тəуекел болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет