тəуелдi актiлерге негiзделген өкiлеттi адамдардың билiк талаптары. Егер
бұйрықты не өкiмдi беруге
өкiлеттi адам өз өкiлеттiлiгiнiң шегiнен шықпай жəне тиiстi нысандарын сақтай отырып берсе, бұйрық не
өкiм заңды деп танылады. Ал мұндай шарттар сақталмаса берiлген бұйрық не өкiм заңсыз болып саналады.
Заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде құқыққорғайтын мүдделерге зиян келтiру мына
жағдайларда заңға сыйымды болып табылады:
1). егер бұйрықты не өкiмдi орындаушы тұлға бұйрық не өкiм берген лауазымды тұлғаға қызметi бойынша
бағынышты жəне бұйрықты не өкiмдi орындауға мiндеттi болса,
2). аталған бұйрық не өкiм соны беруге өкiлеттi адам арқылы берiлсе;
3). мiндеттi бұйрықты не өкiмдi орындау кезiнде мұндай бұйрық не өкiмнiң заңсыз екендiгiн ұғынбаса не
ұғынуға мүмкiндiгi болмаса.
Сондықтан заңсыз бұйрық немесе өкiмдi орындау кезiнде құқыққорғайтын мүдделерге зиян
келтiргендiк үшiн жауаптылық заңсыз бұйрық не өкiмдi берген адамға жүктеледi.
ҚК 37-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана қылмыс
жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Көрiнеу
заңсыз бұйрықты немесе
өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды. Заңның талабына сəйкес мұндай жағдайларда
қылмыстық бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстың ұйымдастырушысы, ал
осындай көрiнеу заңсыз
бұйрықты не өкiмдi орындаған адам қылмыстың орындаушысы ретiнде жауаптылыққа тартылуы тиiс. Бұл
жағдайға бұйрықтың, өкiмнiң заңсыз екендiгiн олардың екеуi де ұғынуы қажет.
Егер бұйрықты орындаушы адамға бұйрықтың не өкiмнiң қылмыстық не заңсыз екендiгi жөнiнде
түсiнiксiз болса, онда мына екi түрлi жағдай орын алуы мүмкiн:
1). егер қылмыстық бұйрықты не өкiмдi орындау кезiнде зиян келтiрген адам ол бұйрықтың қылмыс екенiн
ұғынбаса жəне ұғынуға мiндеттi емес немесе ұғынуына ешқандай мүмкiндiгi болмаса,
онда ол
жауаптылыққа тартылмайды, ал келтiрген зиян жазықсыз келтiрiлген зиян деп танылады.
2). егер қылмыстық бұйрықты не өкiмдi орындаушы адам мұндай бұйрықтың не өкiмнiң қылмыстық мəнiн
ұғынбаса, бiрақ ұғынуға мiндеттi не ұғыну мүмкiндiгi болса, онда ол абайсызда зиян келтiру əрекетi үшiн
қылмыстық заңда жауаптылық қарастырылған жағдайда ғана жауапты болуы мүмкiн.
Алайда, ҚК-ң 37-бабының 2-бөлiгiнде көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде қасақана
қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тарылады делiнген.
Достарыңызбен бөлісу: