аяқталған қылмыс деп тану үшiн қылмыстық заңның диспозициясында көрсетiлген iс-əрекеттердiң
жасалуы жеткiлiктi болып табылады.
Мысалы, адамды қорлау (ҚК 130-бабы), зорлау (ҚК 120-бабы),
қорқыту (ҚК 112-бабы) кəмелетке толмағанды қылмыстық iске тарту (ҚК 131-бабы) жəне т.б.
Қысқартылған немесе келте құрамдағы қылмыстар қорғалатын обьектiлердiң маңыздылығына жəне
қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiнiң жоғары дəрежесiне байланысты қылмыстық iс-əрекеттердi жасау кезiнен
емес, қылмыстың алғашқы сатылары-қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталу сатысында аяқталған
қылмыс деп танылады.
Мысалы, ҚК 235-бабы «ұйымдасқан қылмыстық топты құру немесе қылмыстық
қауымдастықты құру жəне оны басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу қылмысы осы аталған
топтарды құру не басқару кезiнен бастап аяқталған қылмыс деп танылады.
Сонымен, қылмыстың аяқталу сəтiн анықтау жасалған iс-əрекеттi дұрыс саралау
кезiнде елеулi заңдық
мағынаға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: