Жылқы сою технологиясы №7 дәріс тақырыбы: Жылқы сою технологиясы



бет4/15
Дата04.09.2023
өлшемі76.28 Kb.
#476510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Жылқы сою технологиясы №7 дәріс тақырыбы Жылқы сою технологиясы-melimde.com

2) қайнатып сынау;


  • 2) қайнатып сынау;

  • 3) финнозға (цистицеркоз) тексеру;

  • 4)жылқының басын маңқаға тексеру;

  • 5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.

  • 3. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, етті қосымша зерттеу:

  • 1) күдiк туғызған лимфа түйiндерiнен, iшкi мүшелері мен ұшаның бұлшық еттерiнен алынған жағындылардың бактериоскопиясы;

  • 2) биохимиялық зерттеулер (токсокологиялық зерттеулерді қоса алғанда).

  • 11. Қақталған етті (үйде жасалған) тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:

  • 1) органолептикалық зерттеу;

  • 2) трихинеллоскопия;

  • 3) ылғалдылығын анықтау;

  • 4) ас тұзын анықтау;

  • 5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.

  • 12. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, қақталған етті қосымша зерттеу – биохимиялық зерттеу (токсикологиялық зерттеулердi қоса алғанда).

Ұшаны өңдеудің технологиясы мен гигиенасы. Ет өңдеу кәсіпорындарында, малды сою бір-бірімен жалғасқан арнайы технологиялық үдерістерден тұрады. Сою технологиясын сақтау - алынған өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді. Сою - малды асып немесе жатқызып қойып жүргізіледі. Малды жатқан қалпында сою, механикаландырылмаған қасапханаларда, үй жағдайында жүргізіледі. Жұмыстың ыңғайлылығы және санитариялық талаптарды орындау малды асып сойғанда оңай, әрі тиімді. Мал түріне байланысты сою технологиясында аздаған өзгерістері бар.Мал бауыздалғаннан кейін ары қарай ұқсату, бас терісін сыпырудан басталады. Бас терісі сыпырылып, құлағы алынған, бас кеудеден шүйде мен ауыз омыртқаның қосылған жерінен ажыратылып, кесіліп алынады. Кейінгі санитариялық сараптау кезінде әр малдың мүшелерін оңай тауып алу үшін теріге (іш жағынан), басқа (маңдайына) ұшаға және ішкі мүшелерге бір нөмірмен белгі соғады. Қағаз нөмірлер мүшелерге жақсы жабысады. Басты астыңғы жақ сүйектің қиылысқан жерінен немесе көмекейден (кеңірдек сақинасынан) ілгекке іліп, малдәрігерлік сараптауға дайындайды. Ол үшін, жұмысшы тілді ажыратып, бас қуысынан шығарып қояды. Сонда, ветеринар көмейді, жұтқыншақты ашып тексеруіне жағдай туады. Бас малдәрігерлік байқаудан өткен соң, тілі бөлек алынады да, қалғаны ары қарай ұқсату (ішек-қарын) өнімдері цехына жіберіледі. Келесі технологиялық жұмыс мал терісін сыпыру болып табылады. Ол іреуден және теріні механикалық жолмен түгел сыпырудан тұрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет