Жылқы қоңдылығы. Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы - жасы үштен асқан, жас мал - жасы бірден үш жылға дейін және құлын - жасы бірге толмаған массасы 120 кг артық жабағы, тай. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - еті жақсы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы, белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері қабырғалары байқалмайды, жалын, құйрық түбін май басқан.

Бірінші дәрежелі қондылық - еті қанағаттанарлық дамыған, кеудесі қушықтау, жауырыны, арқасы, саны, сауыры толық. Арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері аздап байқалуы мүмкін. Қабырғасы байқалады, бірақ саусақпен ұстауға келмейді. Жалында аздаған май бар.
Жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды, ал құйымшақ, жамбас сүйектердің басы байқалуы мүмкін, жалы майлы.
Екінші дәрежелі - еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңкы, қабырғасы байқалғанымен саусаққа ілінбейді. Жалында аздаған май байқалады.
Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады - еті жақсы (немесе қанағаттанарлық) дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар, мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен, еті өте жақсы дамыған болса, бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |