Қарынды жауып тұрған іш майды ішкі мүшелерге жабысып тұрған жерінен пышақтың көмегімен босатып, бөлек жиналады. Ол салқын суға салынып, ыдыс толғаннан кейін (оған 2 сағаттан артық уақыт кетпеу керек) май цехына жіберіледі. Сонан кейін, тік ішектің омыртқамен байланысын кесіп шығарады. Енді ішек-қарынды талақпен бірге малдәрігерлік сараптау жүргізу үшін, жылжымалы транспортерге түсіреді. Осыдан кейін, көкірек қуысындағы мүшелер өкпе, бауыр, жүрек, кеңірдек, көкірек қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұрған көк етпен қоса табиғи байланысы бұзылмай алынады. Бұл жиынтық ет өңдеу орындарында ливер деп аталады. Ливерді алу үшін көк ет пышақпен айнала кесіліп, мүшелерді көкірекпен байланыстыратын басқа да сіңірлер ажыратылып, өкпеге жақын жерден кеңірдектен ұстап, күре тамырлармен қоса суырылады. Ливер ветеринариялық сараптау үшін арнайы ілгекке ілінеді немесе арнайы столға салынады. Бұл кезде ішкі мүшелер мен мал ұшасы конвейерде бір-бірімен қатар жылжиды және ливерге де атлантқа жапсырылған нөмірдің бірі жапсырылады. Ветеринариялық сараптаудан өткеннен кейін тағамға жарамды деп табылған ливер субөнімдер цехына, ал ішек, ішек цехына түсіріледі. Қарынның жынын тазартуға малдың ұшасы тұрған жерден 3 м қашықтықта арнайы орын дайындалады немесе бөлек бөлмеде жүргізеді. Жыннан тазартылған қарын да субөнімдер цехына ары қарай тазалауға жіберіледі. Ветеринариялық санитариялық сараптау нәтижесінде тағамға жарамсыз деп табылған мүшелер, олардың жарамсыздыққа шығарылған бөліктері арнайы ыдысқа жиналады. Ыдыс толғаннан кейін кәдеге жарату цехына құбыр арқылы түсіріледі. Бұл құбырлар таза өнімді түсіруге пайдаланылмайды. Ішкі мүшелерді мал денесінен шығару кезінде аса ұқыптылық қажет, өтті, ішек-қарынды, эндокрин бездерін зақымдау етті былғайды тіпті пайдалануға жарамсыз етеді. Жылқы ұшасын кейінгі жұмыстарды жеңілдету үшін екіге бөледі. Ол үшін, омыртқа жотасының бойымен, жоталық өсіндінің оң жағынан 7-8 мм жерден пышақпен етті тіліп шығады. Ал, сүйекті кесу үшін электр немесе пневматикалық ара пайдаланылады (бұзау, құлын ұшасы бөлінбейді).

Достарыңызбен бөлісу: |