Төстері іреліп болған соң, төстің «ат сүріншек» деп аталатын басының тұсынан омырау теріні пышақ ұшымен алқымға қарай кеңірдек үстімен тіліп, бауыздау кесікке апарып тірейді. Бұдан соң, басын денесінен бөліп жеке кесіп алады. Енді қасапшы төс теріні ірегенде пайда болған төс шеміршегі тұсындағы кесіктен пышақ ұшымен бауырын кіндігінің үстімен шатына дейін тіліп шығады. Содан кейін, артқы аяғын іреу басталады. Артқы оң аяқтың толарсақ буынының ішкі жағынан көлденең кесіп, төменгі жағынан пышақ ұшымен іліп алып, тоқымның ішкі жағын, ал тура кесіп шаттағы кесікке әкеп тірейді. Содан кейін толарсақтың, төменгі буынынан сіңірді кесіп, артқы сирақты бөліп алады. Екінші аяқ та осылай іреледі. Бұл біткен соң құйрық маңайы дөңгелете іреледі. Теріні сыпыру жатқызып сойғанда қолтықтан басталады. Ол үшін қолтық теріні пышақтың ұшымен кесе отырып, еттен ажыратады да, тері қолға ұстауға еркін іліккеннен кейін, қасапшы одан арғы жұмысты жұдырық күшімен атқарады. Тері сыпырылып болған соң, қол алынып жіліктенеді (жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік). Қол жіліктер бөлінген соң төс пен төсетек алынады. Ол үшін, қойдың денесі сол жақ қарына қисайта жатқызылады да, төс сүйегінің оң жақ қабырғамен байланысқан жерінен пышақ ұшымен сөгеді. Жілікті тез табу үшін сол тұстың етін пышақпен жалаңаштаған жөн. Төс сүйектің оң жағы қабырғалардан ажыратылғаннан соң, қарынның көк етін пышақ ұшымен ептеп тесіп, сол қолдың екі саусағын сол тесілген жерге сұғып, ұштарымен, қарын мен ішекті әрі ысырып, пышақты әлгі екі саусақтың арасымен сырғыта жүргізіп отыру керек

Достарыңызбен бөлісу: |