Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка. Тақырыбы



бет51/61
Дата30.04.2024
өлшемі198.78 Kb.
#500223
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
4-5 жас ортанғы топ. Музыка білім беру саласы сабақ жоспар

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әннің ырғағына қосылуды,санауды.
Қандай түсініктерді игереді: Сөзді толық айтуды ,саусақтарды санауды игердік.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_____________
Білім беру саласы: Шығармашылық,
Пәні: ән-күй сабағы.
Тақырыбы: Күй құдыреті.
Мақсаты: Қазақтын ұлттық төл аспабы домбыра туралы балаларға мағұлмат беру. Күй құдыретін балаларға ұғындыру. Күй атасы Құрманғазы туралы таныстыру. Балалардын музыкалық сезімдерін ояту. Есту қабілеті арқылы ой қатынасын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақтын халық аспабы домбыра. Құрманғазынын портіреті. «Ақсақ құлан» желісіне салынған суреттер.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ынталандыру
оятушы

Балаларды жылы жүзбен қарсы алып,шаттық шенберіне тұрғызып,сәттілік тілеп, сабақты бастаймын.

Балалар өз достарына сәттілік тілейді

Ұйымдастыру кезеңі

Біз бүгін халқымыздың төл аспабы – домбырамен танысқалы отырмыз. Қасиетті қара домбырадан шыққан үн талайлардың жүрек қылын қозғаған үн қатқандай әсерде қалдыратын болған.
Алдымен аспаптын өзімен танысайық. Домбыра екі бөліктен тұрады: мойны жінішке жазы және шынағы. Одан басқа екі ішегі бар,19-22-ге дейін пернелері,тиегі құлағы бар. Х.талғаров ағамыз домбыра туралы:
Құрманғазы,Тәтімбет,
Домбырамен сайраған
Жүрегіне от жақсын деп
Елге күйін арнаған.
Домбырамен сөйлеген
Махаббаты халқымның
Жігер беріп күй деген
Жарқырады алтын күн. –
Деген өлең жолдарынан көп мағына түсінуге болады! Біздің композитор аталарымыз ішкі құбылыстарын,қуаныштары мен қайғыларын осы күй арқылы беріп отырған. Бұл аспапта ән де орындауға болады.Әнді сүйемелдеп, қосылып ән айтуға болады.
Балалар, сендер «Ақсақ құлан» ертегісін білесіндер ме?

  • Ертегі не туралы, кім туралы айтылған?

  • Халық оны қалай естіртті?

  • Хан ашуын кімнен алды?

  • Балалар бұл ертегіні жақсы біледі екенсіндер. Кербұға ханның жалғыз баласы аң аулауға шығады. Аң аулап жүріп құланды атады. Құлан өлмейді,ақсандап қалады. Қайта келіп Кербұға ханның баласын ашумен бір теуіп, мерт қылады. Хан бір жамандықтын болғанын сезеді. Халқына жариялап жар салып: «Кімде кім баламның қаралы хабарын жеткізсе,көмейіне ыстық қорғасын құямын», - дейді.

Ханның баласының өлгенін естіртуге бірде бір уәзірлері беттемейді. Сонымен елге бір күйші кісі келіп,болған мән - жайдын бәрін сол күйшіге айтады. Күйші домбырамен қайғылы хабарды естіртеді. Ашуға булыққан хан «өшір үнін» деп домбыраның шанағына қорғасын құйғызады.
(Құрманғазының «Ақсақ құлан» күйі орындалады).
Күйді шығарған Құрманғазы атамыз. Құрманғазы Бөкей хан ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Кішкентайынан мал баққан Құрманғазы қолынан кішкене домбырасын тастамаған. Уілдеген желдің, ұшқан құстың дыбыстарын салып, тартып ойнаған. Өсе келе өз жанынан күй шығарған. Күйлері екпінді,қайғылы,қайратты,қанатты. Сол кездің атқа мінерлері Құрманғазыны түрмеге жапқан. Бұндай өнер табиғатымызға жат деп қудалаған. «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Балбырауын»,т.б көптеген күйлер шығарған.
Құрманғазынын атында Алматыда көше бар. Ұлттық кансерватория және академиялықұлт аспаптар оркестірі де осы кісінің атында. Құрманғазы кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырды. Халықтын тұрмысын, ауыр соғысты,қазақтын кен даласын күй арқылы шебер суреттей білді. Домбырасын қартайған шағында Дина апмызға тарту етіп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуін өтінді. Дина Нүрпейісова сол атадан қалған өнерді біздіңзаманымызға жеткізіп,кеңес үкіметі кезінде бұл күйлерді нотаға түсірді. Енді міне, атадан балаға мұра болған күйлер бізге де келіп жетті. Мүмкін сендердін де араларыннан болашақта күйші шығып қалар.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

-Иә білеміз.


-Ханның баласы туралы.
-Домбырамен

Рефлексивті түзету кезеңі

-Домбыра туралы кім өлең оқиды?(Домбырашы О.Асқар)
Ойыншыққа бұрын мен
Қызыққанда шығармын.
Қазір осы түріммен
Домбыраға құмармын.
Қолым жетпей мойнына
Қиналамын мен тегі,
Алып жатып қойныма,
Түсімдеде шертемін.
Үкі тақтым басына,
Күнде қолға аламын.
Әке домбырасына Өзім ие боламын.



Балалар өлеңді бірге қайталалап жаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет