Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №



бет10/23
Дата17.06.2016
өлшемі2.33 Mb.
#141636
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

1. Тақырыбы: Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Микоздардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Микоздардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Саңырауқұлақтардың жiктелуi.

  2. Саңырауқұлақтардың морфологиясы

  3. Саңырауқұлақтардың дақылдық және биохимиялық қасиеттерi.

  4. Қоршаған ортаға тұрақтылығы.

  5. Микоздардың таралуы бойынша анықтау.

  6. Микоздардың патогенезі.

  7. Микоздардың микробиологиялық диагностикасы

  8. Микоздарда қолданылатын диагностикалық, профилактикалық және емдеу препараттары.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Науқас Аламанованың қынабынан алынған жұғындысынан саңырауқұлақ тапты. Осы негiзі бойынша соңғы диагноз қоюға бола ма? Тағы басқа да қосымша зерттеу әдiстерi қажет?

  2. Терi венералогиялық диспансерге терi беткейiне қоңыр дақтардың пайда болғанына шағым жасап келдi. Жақында науқастың пневманияның ауыр түрiмен ауырғанын айтты. Ауру кезеңiнде гентамицин, пенициллин, және сульфаниламидты препараттарды қолданбағанын айтты. Микроскопиялық зерттеу кезiнде мынадай диагностикасын қоюға мүмкiндiк беру: «Дисбактериоз. Беткейлiк кандидиоз». Ең соңғы диагнозды қою үшiн қандай қосымша әдiстер қолданады. ХТП қолдануды дәлелде.

Тесттер:

1.... – эукариотты микроорганизмдер.



  1. Саңырауқұлақтар

  2. Бактериялар

  3. Вирустар

  4. Фагтар

  5. Плазмидалар

2.Төменгі сатылы саңырауқұлақтар:

  1. Oomycetes

  2. Ascomycetes

  3. Basidiomycetes

  4. Deuteromycetes

  5. Candida

3.Шартты патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауру:

  1. кандидоз

  2. гистоплазмоз

  3. кератомикоз

  4. трихомикоз

  5. споротрихоз

4.Сабуро, сусло-агар, Чапек орталарында ... дақылданады.

  1. саңырауқұлақтар

  2. риккетсиялар

  3. қарапайымдылар

  4. микоплазмалар

  5. спирохеттер

5.Саңырауқұлақтарды ... ортасында өсіреді.

  1. Чапек-Докс

  2. Эндо

  3. ЕПА

  4. Левин

  5. Плоскриев

6.Микоздарды диагностикалауда ... әдіс қолданады.

  1. микроскопиялық

  2. вирусологиялық

  3. серологиялық

  4. биологиялық

  5. тері-аллергиялық

7.Эпидермисті, шашты және тырнақты зақымдайтын микоздар:

  1. эпидермомикоздар

  2. жүйелік

  3. беткейлік

  4. оппортунистік

  5. субкутанды

8.Эпидермомикоздар ... зақымдайды.

  1. тырнақты

  2. тісті

  3. сүйекті

  4. аңқаны

  5. бауырды

9.Кандидоз ... шақырылады.

  1. ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен

  2. саңырауқұлақтармен

  3. ашытқылармен

  4. аксиномицеттермен

  5. зигомицеттермен

10.Саңырауқұлақтар бактериялардан айырмашылығы:

  1. хромосомалардың диплоидты жиынтығы

  2. рибосомаларының болуымен

  3. ДНҚ-сы бар

  4. РНҚ-сы бар

  5. инфекция шақырады

№ 18
Тақырыбы: Респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғыштары (грипп, парагрипп, аденовирус, респираторлы-синцитиалды вирус, қызылша, жел шешек). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.



2.Мақсаты: Грипп, парагрипп және аденовирусты инфекцияларының микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру. Қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттің, жел-шешектің микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.

3.Оқыту мақсаты: Грипп, парагрипп және аденовирусты инфекцияларының микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру. Қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттің, жел-шешектің микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Вирустар- өткiр респираторлы аурулардың қоздырғышы.

  2. Грипп А вирусының морфологиясы және химиялық құрамы.

  3. Грипп А вирусының гемагглютининiнің және нейроминидазасының негiзгi функциясы.

  4. Вирустардың сыртқы ортаға төзiмдiлiгi және грипптiң эпидемиологиясы.

  5. Гриптiң патогенезiнiң клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  6. Гриптiң лабораториялық диагностикасы.

  7. Гриптiң емi және арнайы алдын алу.

  8. Грипп В және С вирустарының ерекшелiгi.

  9. Парагрипп вирусының морфологиясы және химиялық құрамы.

  10. Парагриптiң резистенттiлiгi, эпидемиологиясы, патогенезi, клиникасы және иммунитетi.

  11. Парагрипптiң лабораториялық диагностикасы.

  12. Аденовирустардың құрылымы және антигендiк қасиетi.

  13. Аденовирустарды дақылдануы және репродукциясы.

  14. Вирустардың сыртқы ортаға төзiмдiлiгi және аденовирусты инфекциялалардың эпидемиологиясы.

  15. Аденовирусты инфекцияның патогенезi, клиникасы және инфекциядан кейiнгi иммунитет.

  16. Аденовирусты инфекцияның лабораториялық диагностикасы.

  17. Аденовирусты инфекцияның емдеуі және арнайы алдын алуы.

  18. Қызамық вирусының морфологиясы, химиялық құрамы, антигендiк құрылымы.

  19. Қызамық вирусының репродукциясы, экологиясы және таралуы.

  20. Қызамықтың клиникасы, патогенезi.

  21. Қызамық микробиологиялық диагностикасы алдын алуы және емдеуi.

  22. Қызылша вирусының морфологиясы, химиялық құрамы, антигендiк құрылымы.

  23. Қызылша вирусының репродукциясы, экологиясы және таралуы.

  24. Қызылшаның клиникасы, патогенезi.

  25. Қызылшаның микробиологиялық диагностикасы.

  26. Қызылшаның алдын алуы және емдеуi.

  27. Эпидемиялық паротит вирусының морфологиясы, химиялық құрамы, антигендiк құрылымы.

  28. Эпидемиялық паротит вирусының репродукциясы, экологиясы және таралуы.

  29. Эпидемиялық паротиттің клиникасы, патогенезi постинфекциялық және поствакциналық иммунитетi.

  30. Эпидемиялық паротиттің микробиологиялық диагностикасы, алдын алуы, емдеуi.

  31. Герпес вирустарының морфологиясы, химиялық құрамы және антигендiк құрылымы.

  32. Герпес вирустарын дақылдау және репродукциясы.

  33. Жел-шешектiң эпидемиологиясы, патогенезiнiң клиникасының, иммунитетiнiң ерекшелiктерi

  34. Жел-шешектiң лабораториялық диагностикасы, алдын алу және емдеуi.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.



8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:

  1. Н. Атты аурудың шағымы өте күштi бас ауруы, дене температурасы 400С кетерiлген, мұрыннан судың бөлiнуi, құрғақ жөтел, 2 күн ауырған. Алдында қонақта болған, онда тұмаумен ауырған адаммен контактта бірге болған. Қарағанда: мұрынның кілегей қабатының гиперемиясы, тахикардия, өкпе сырылы жоқ. Шамамен ЖРВИ деген диагноз қойылған. Диагностика үшiн риноцитоскопия өткiзген.

  2. Балалар клиникасында 1 жастағы балалар арасында, тыныс алу жолдарының төменгi бөлiмдерiнiң залалдануымен (бронхиттер, пневмония) тағы да ларингит интоксикация жалған круптың белгiлерiмен белгiлi бiр уақытта дәрiгерге келдi. Иммунофлюоресценттi әдiс арқылы, арнайы сарысулармен, мұрын, жұтқыншақ және қақырықтың шайындысының ВПТ×-1, ВПТ×-2, ВПТ×-3 антигендерi табылады. Лабораториялық және клиникалық диагнозыңызды негiздеңiз. Лабораториялық негiздерiңiздi ескере отырып, емдiк-алдын алу шараларды ұсыныңыз.

  3. Қыс мерзiмiнде Ш қаласының жарты тұрғынының өткiр респираторлы ауру байқалды. Оның негiзгi клиникалық белгiлерi: ауыр құрғақ жөтел, көпшiлiгiнде қызбамен (38-39ºС) сипатталады. Ауырған адамдардың арасында мидың сусіңденуінің нәтижесiнде летальдық жағдайға алып келген. Мұрын жұтқыншақтағы жұғындысынан әртүрлi арнайы сарысулармен иммунофлюорисценттi әдiспен зерттеген кезде: грипп, парагрипп, респираторлы синцитиальды, аденовирустың, А грипiнiң антигендерi табылды. Диагнозды дәлелдеңiз. Осы зерттеу әдiсi нақты диагностикасын қою үшiн емдеу-алдын алу шаралар жүргiзу үшiн жеткiлiктi ме?

  4. Жұқпалы аурулар ауруханасына мынадай шағыммен 5 жасар бала түстi. Денесiне бас жағанан бастап, төменге қарай таралған бөртпелердiң пайда болуы және қызба. Анасының айтуы бойынша: Бала бақшаға барады, бақшада бір бала жақында қызылшамен ауырған. Эпидемиологиялық мәлiметтер және клиникасын ескере отырып, лабораториялық диагностикасының зерттеу тәсiлдерiн негiздеңiз. Емдiк алдын алу шараларды қолданудағы сiздiң тактикаңыз?

  5. Инфекциялық бөлiмшеге денесiнiң барлығын папулездi бөртпелердiң пайда болуымен, температурасының көтерiлуiмен, кейбiреуiнде коньюктивит, фарингит, ринит белгілері бар, яғни клиникалық белгiлерi бiр-бiрiмен өте ұқсас бiр топ бала түстi. Зерттеу барысында әр түрлi сарысу жиынтықтарымен иммунофлюоресценттi реакциясына қойғанымызда зақымдалған жасушаларда қызылша антигенi бар екендiгi анықталды. Алынған лабораториялық зерттеудiң нәтижесiн дәлелдеңiз. Сiздiң клиниалық лабораториялық тактикаңыз.

  6. Жүктiлiк кезiнде жұқпалы аурумен ауырған әйелдiң құрсағындағы баласын зерттеу кезiнде серологиялық реакция арқылы анасынан да, баласынан да қызамық вирусының IgМ класының антиденесi табылды. Анасы мен құрсақтағы баланың лабораториялық және ретроаспективтi диагнозын дәлелдеңiз.

  7. Ашық қызыл түстi, папулездi бөртпелердiң пайда болуымен түскен жүктi әйелдiң, интерфернция тестi бойынша зерттеуде, зерттелетiн материалдын жасуша дақылына егу жасағанда ЕСНО вирусының цитопатикалық әсерiнiң жоқтығын дәлелдедiк. Жүктi әйелге емдiк алдын алу шараларды табыңыз. Жүктiлiктi сақтайсыз ба әлде үзесiз бе?

Тесттер:

1. Жедел респираторлы вирустар ішіндегі геномы ДНҚ - лы вирус;



  1. коронавирус

  2. аденовирус

  3. ортомиксовирус

  4. паромиксовирус

  5. морбиливирус

2. В- типті тұмау вирусын ашқан ғалым:

  1. Эндрюс

  2. Смит

  3. Френсис

  4. Лейдлоу

  5. Эйлор

3.Туа біткен қызамықта нәрестеден зерттеу материалы ретінде ... алынады.

  1. зәр, нәжіс

  2. көмей кілегейі

  3. жатыр кілегейі

  4. қан, зәр

  5. қан

4.С- типті тұмау вирусын ашқан ғалым:

  1. Френсис

  2. Кох

  3. Тэйлор

  4. Мечников

  5. Смит

5.А- типті тұмау вирусының геномы:

  1. Біржіпшелі фрагменттелмеген ДНҚ

  2. Екіжіпшелі шеңберлі ДНҚ

  3. Екіжіпшелі шеңберлі ДНҚ

  4. Біржіпшелі фрагменттелген негативті РНҚ

  5. Біржіпшелі шеңберлі РНҚ

6. Тұмау кезінде дене температурасының көтерілуіне және күшті интоксикацияның пайда болуына себепкер фактор:

  1. ыдыраған жасуша өнімдерінің қанға түсуі

  2. нейроминидазаның қанға түсуі

  3. гемагглютининнің қанға түсуі

  4. күшті экотоксиннің бөлінуі

  5. энотоксинінің бөлінуі

7.Тұмау кезінде қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылау себебі:

  1. вирустың тікелей орталық нерв жүйесіне әсер етуі

  2. вирустың эндотели жасушаларын зақымдауы

  3. организмнің иммунды жүйесінің әлсіреуі

  4. вирустың эпителии жасушаларын зақымдауы

  5. қан жасушасы жүйенің әлсіреуі

7.Тұмау тектес қоздырғышының геномы:

  1. біржіпшелі фрагменттелген негативті РНҚ

  2. екі жіпшелі шеңберлі ДНҚ

  3. Біржіпшілі фрагменттелмеген негативті РНҚ

  4. екі жіпшелі шеңберлі РНҚ

  5. екі жіпшелі тізбектік РНҚ

8. Тұмау вирусын бөліп алу үшін қолданылатын материал:

  1. Жұлынның сұйықтығы

  2. Зәр

  3. Қан

  4. Нәжіс

  5. Мұрын-жұтқыншақтың сұйықтығы

9. Ауа-тамшылы инфекция тудыратын, беткейлік антиген-гемагглютинині және спецификалық антиген-нейраминидазасы бар қоздырғыш:

  1. Құтыру вирусы

  2. Коксаки вирусы

  3. Полимиелит вирусы

  4. Гепатит вирусы

  5. Тұмау вирусы

10. ДНҚ-лы вирустардың жалғыз ғана өкілі:

  1. ортомиксовирустар

  2. ретровирустар

  3. аденовирустар

  4. рубовирустар

  5. парамиксовирустар

№ 19
Тақырыбы: Энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары (полиомиелит, Коксаки, ЕСНО). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.



2. Мақсаты: Энтеровирустардың вирусологиялық және серологиялық диагностикасын меңгеру

3. Оқыту мақсаты: Энтеровирустардың лабораториялық диагностикасын үйрету.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Энтеровирустарға жалпы сипаттама, классификациясы және таксономиясы.

  2. Энтеровирустардың таралуы бойынша ӨІИ глобальды себептері.

  3. Вирустар туғызған ӨІИ –ң эпидемиологиялық ерекшеліктері.

  4. Полиомиелиттің морфологиялық және антигендік ерекшеліктері.

  5. Полиомиелиттің эпидемиологиясының ерекшеліктері, патогенезі және клининасы.

  6. Полиомиелит вирусының постинфекциялық және поствакциналық иммунитеті. Полиомиелит ауруының барлық елдерде төмендеуі, соның ішінде Қазақстан Республикасында.

  7. Полиомиелиттің алдын алу үшін қолданатың вакциналардың артықшылығы мен кемшілігі.

  8. Коксаки вирустарының жалпы мінездемесі, А және В топтары. Коксаки вирустарының А және В топтарына жалпы сипаттама.

  9. Коксаки вирустары туғызған аурудың клиникалық ерекшеліктері.

  10. Коксаки вирустарының А және В топтары туғызған аурудың клиникалық ерекшеліктері.

  11. ЕСНО вирусының морфологиясы және антигендік ерекшеліктері.

  12. ЕСНО вирусы туғызған аурудың патогенезі және клиникасы.

  13. Энтеровирустардың зертханалық диагностикасы , полиомиелит және басқа аурулардың өсуі бойынша оларды зерттеу әдістерінің ерекшелігі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Н. Атты аурудың шағымы. Өте күштi бас ауруы, дене температурасы 400С көтерiлген, мұрыннан судың бөлiнуi, құрғақ жөтел, 2 күн ауырған. Алдында қонақта болған, онда тұмаумен ауырған адаммен контакта бірге болған. Қарағанда: мұрынның кілегей қабатыңың гиперемиясы, тахикардия, өкпе сырылы жоқ. Шамамен ЖРВИ деген диагноз қойылған. Диагностика үшiн ринацитоскопия өткiзген.

  2. Балалар клиникасында 1 жастағы балалар арасында, тыныс алу жолдарының төменгi бөлiмдерiнiң залалдануымен (бронхиолиттер, пневмания) тағы да ларингит интоксикация жалған круптың белгiлерiмен белгiлi бiр уақытта дәрiгерге келдi. Иммунофлюорисценттi әдiс арқылы, арнайы сарысулармен, мұрын, жұтқыншақ және қақырықтың шайындысының ВПТ×-1, ВПТ×-2, ВПТ×-3 антигендерi табылады. Зертханалық және клиникалық диагнозыңызды негiздеңiз. Зертханалық негiздерiңiздi ескере отырып, емдiк-алдын алу шараларды ұсыныңыз.

  3. Қыс мерзiмiнде Ш қаласының жарты тұрғынының өткiр респираторлы ауру байқалды. Оның негiзгi клиникалық белгiлерi: ауыр құрғақ жөтел, көпшiлiгiнде қызбамен (38-39ºС) сипатталады. Ауырған адамдардың арасында мидың сусіңденуінің нәтижесiнде летальдық жағдайға алып келген. Мұрын жұтқыншақтағы жұғындысынан әртүрлi арнайы сарысулармен иммунофлюрисцентті әдiспен зерттеген кезде: грипп, парагрипп, респираторлы синцитиальды, аденовирустың, А грипiнiң антигендерi табылды. Диагнозды дәлелдеңiз. Осы зерттеу әдiсi нақты диагностикасын қою үшiн емдеу-алдын алу шаралар жүргiзу үшiн жеткiлiктi ме?

Тесттер:

1. 3 серотипы бар энтеровирус қоздырғышы :



  1. полиомиелит

  2. гепатит А

  3. гепатит В

  4. Коксаки

  5. ЕСНО

2 .1951ж.табылған жетiм – вирус қоздырғышы:

  1. ЕСНО

  2. полиомиелит

  3. гепатит А

  4. гепатит В

  5. Коксаки

3 .Энтервирустардың iшiндегi кардиатропты вирус ... қоздырғышы.

  1. Коксаки

  2. полиомиелит

  3. гепатит А

  4. гепатит В

  5. ЕСНО

4.Қоздырғышының геномы ДНҚ болып келетін гепатит:

  1. А вирустық гепатиті

  2. С вирустық гепатиті

  3. В вирустық гепатиті

  4. Е вирустық гепатиті

  5. D вирустық гепатиті

5.Онкогендік қасиетке ие гепатит қоздырғышы:

  1. D вирустық гепатиті

  2. А вирустық гепатиті

  3. С вирустық гепатиті

  4. В вирустық гепатиті

  5. Е вирустық гепатиті

6.Қоздырғышы Flaviaviridae әулиетінен тарайтын гепатит:

  1. С вирустық гепатиті

  2. А вирустық гепатиті

  3. В вирустық гепатиті

  4. Е вирустық гепатиті

  5. Е) вирустық гепатиті

7. Микроорганизмдердiң аттенуация әдiсiн ұсынған ғалым:

  1. Л. Пастер

  2. Д. Заболотный

  3. В. Мечников

  4. Р. Кох

  5. Д. Ивановский

8.Вирустық гепатит В-ге диагноз қою үшiн қолданылатын әдiс:

  1. Гемаглютинациялық тежеу реакциясымен НВs Аg табу

  2. ИФА, РИА реакциясымен антиденелердi табу

  3. Кумбс реакциясы

  4. Агглютинация реакциясымен антидененi табу

  5. Тышқандарға жұқтырып вирусты бөлiп а лу

9. Гепатит С вирусын жұқтыру механизмі:

  1. Параэнтеральды

  2. Нәжістік –ақуыздық

  3. Тұрмыстық қатынаста

  4. Трансмиссивті

10. Гепатит В вирусымен зақымдалғанда зерттейтін материал:

  1. Бұлшық еттің тіңдері

  2. Жұлынның сұйықтығы

  3. Зәр

  4. Қан

  5. Нәжіс

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет