Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №



бет9/23
Дата17.06.2016
өлшемі2.33 Mb.
#141636
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Тесттер:

1. Оба таяқшасының ет-пептонды агардағы колониясының сипаты:



  1. сынған шыны тектес

  2. дөңгелек, дөңес, жартылай мөлдір

  3. дөңгелек, жалпақ, лайсаң

  4. жапырақ тәріздес, лайсаң

  5. жалпақ, сарғыш түсті

2. Спора түзуші зоонозды инфекция қоздырғышы:

  1. оба

  2. туляремия

  3. бруцеллез

  4. сібір күйдіргісі

  5. псевдотуберкулез

3. Диагностикасында Хеддельсон және Райт реакциялары қолданатын ауру:

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. Бруцеллез

  4. тырысқақ

  5. туляремия

4. Оба қоздырғышының түрлік белгісі ретіндегі патогенді факторы:

  1. нейраминидаза синтезі

  2. аденилатциклаза синтезі

  3. фибринолизин синтезі

  4. пестицин синтезі

  5. эндогенді пурин синтезі

5. Антраксинмен аллергиялық тері ішілік сынақ жүргізілетін ауру:

  1. оба

  2. сібір күйдіргісі

  3. туляремия

  4. бруцеллез

  5. псевдотуберкулез

6. Сібір күйдіргісінің идентификациялаудағы кеңінен қолданатын әдіс;

  1. пенициллин сынамасы

  2. плазмокоагулазалық сынама

  3. лецитиназалық сынама

  4. тері-аллергиялық сынама

  5. КБР

7. Туляремияның генерализацияланған формасында алынатын зерттеу материалы.

    1. қан

    2. қақырық

    3. нәжіс

    4. зәр

    5. ірің

8. Оба қоздырғышының табиғи таратушысынан адамға тасмалдаушысы:

а) шыбын


d) бүрге

c) маса


d) бит

e) кене


9. Сібір күйдіргісінде Асколи реакциясын жүргізу үшін алынатын зертеу материалы.

a) қан


b) зәр

c) нәжіс


d) өт

e) мәйіт


10. Сібір күйдіргісінде Асколи реакциясын жүргізу үшін алынатын зерттеу материалы.

a) қан


b) зәр

c) нәжіс


d) өт

e) мәйіт
14


1. Тақырыбы: Токсинемиялық инфекциялар (газды гангрена, сіреспе, ботулизм). Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Клостридия, ботулизм, сіреспе, газды гангренаның микробиологиялық диагностикасын меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: дифтерия, көк жөтел, газды гангрена клостридиясы, сіреспе, ботулизмнің лабораториялық диагностикасын үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Клостридиялалардың жалпы сипаттамасы.

  2. Сiреспе қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  3. Сiреспе қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

  4. Сiреспе қоздырғыштарының резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  5. Сiреспе қоздырғышының патогендiлiк факторлары.

  6. Сiреспенiң патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  7. Сiреспенiң микробиологиялық диагностикасы.

  8. Сiреспені емдеу, арнайы алдын алу.

  9. Газды гангренаны тудыратын клостридиялалардың морфологиясы мен дақылдық қасиеттерi.

  10. Газды гангренаны қоздырғыштарының биохимиялық қасиетi мен антигендiк құрылымы.

  11. Газды гангрена қоздырғыштарының патогендiлiк факторлары.

  12. Газды гангренаның патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi.

  13. Газды гангренаның зертханалық диагностикасы.

  14. Газды гангренаны емдеу және алдын- алу.

  15. Ботулизм қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  16. Ботулизм қоздырғышының биохимиялық қасиеттерi мен антигендiк құрылымы.

  17. Ботулизмнiң резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  18. Ботулизм қоздырғышының патогендiк факторлары.

  19. Ботулизмнiң патогенезi, клиникасы және иммунитетi.

  20. Ботулизмнiң микробиологиялық диагностикасы.

  21. Ботулизмдi емдеу және алдын- алу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Ауруханаға М.деген жол апатынан зардап шеккен адам жеткізілді.

Объективті: жанбасында топырақпен, жыртылған киімнің қалдығымен ластанған жарақаты бар. Ауруханада көрсетілген, көмекке қарамастан екі тәуліктен соң ауыр интоксикациямен бірге жарақат өсіп, кызарып кетті, жарақатты скальпельмен ашқанда, айқын газ бөліне бастады.

Сіздің іс әрекетіңіз?

Науқасты емдеу үшін не істейсіз?

Науқас ауруханаға аппаттан соң бірнеше сағаттан кейін жеткізілген, сондықтан хирургиялық көмек уақтылы жүргізілмеген.

Науқас бірінші келген кезде қандай қателіктер жіберілген?

Жарақаттан бөлінген некроздалған ұлпадан жұғынды дайындап Грамм әдісімен бояп, микроскоп арқылы көргенде, үлкен, грам оң, капсуласы бар таяқшалар анықталды.

Зерттелінетін материалды 30 мин 80ºС та спора түзбейтін бактерияларды жою үшін қыздырып Китта-Тароцци, Вильсон-Блер орталарына және сүтке еккен кезде:


    1. Сүт 4 сағаттан соң ұйып арасында газбен сұйықтық пайда болды.

    2. Бір тәуліктен соң Китта-Тароцци ортасы лайланып, газ пайда болды.

    3. Вильсон-Блер ортасы қарайып, газдың әсерінен бірнеше жерден жарылып кеткен.

    4. Қоректік орталардан алынған жұғындыдан, грамм оң үлкен таяқшалар анықталды

Диагноз қою үшін осы мәліметтер жеткілікті ме?

Бұл жағдайда экспресс-диагностика қолданамыз ба?

Дақылдың токсигенділігін немен анықтайды?

Қандай препараттар ұсынасыз?

Ауруды алдын алу үшін қандай биологиялық препараттар қолданады?

Тесттер:

1. Диагностикасында Хеддельсон және Райт реакциялары қолданатын ауру:



  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. тырысқақ

  5. туляремия

2. Қоздырғышы топырақтың құрамында жылдап сақталуға бейім ауру;

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. туляремия

  5. псевдотуберкулез

3. Адамнан адамға жұқпайтын, негізгі инфекцияның көзі үй малдары болып табылатын зоонозды ауру:

  1. оба

  2. бруцеллез

  3. псевдотуберкулез

  4. сібір күйдіргісі

  5. туляремия

4. Қоздырғышы спираль тәрізді иректелген пішінде болатын ауру;

  1. туляремия

  2. оба

  3. лептоспироз

  4. сібір күйдіргісі

  5. бруцеллез

5. Спора түзуші зоонозды инфекция қоздырғышы:

  1. оба

  2. туляремия

  3. бруцеллез

  4. сібір күйдіргісі

  5. псевдотуберкулез

6. Организмде және арнайы қоректік ортада капсула түзетін, грамоң, үлкен таяқша тәрізді бактерия тудыратын ауру:

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. туляремия

  4. бруцеллез

  5. псевдотуберкулез

7. Микроскоптың кіші обьективінде медузаның басына немесе арыстанның жалына ұксайтын колония түзетін қоздырғыштар туғызатын ауру:

  1. бруцеллез

  2. сібір күйдіргісі

  3. оба

  4. туляремия

  5. лептоспироз

8. Қоздырғышы организмге түскен соң еш кедергісіз көбейіп, қан арқылы организмге тарай отырып толығымен иммундық жүйені тежейтін ауру:

  1. сібір күйдіргісі

  2. туляремия

  3. оба

  4. бруцеллез

  5. псевдотуберкулез

9. Спецпрофилактикасы үшін Н.Гильберг және А.Тамарин бөліп алған тірі СТИ вакцинасы жүргізілетін ауру;

  1. оба

  2. сібір күйдіргісі

  3. туляремия

  4. бруцеллез

  5. псевдотуберкулез

10. Оба қоздырғышының сұйық қоректі ортада өсуі

  1. жұқа жабынды

  2. біртегіс лайлану

  3. түбінде қатты шөгіндінің пайда болуы

  4. қалың жабынды

  5. түсірілген жіпше тәріздес лайлану

15


1. Тақырыбы: Микобактериялар қоздыратын бактериялдық инфекциялар (туберкулез, алапес, типті емес микобактериоздар). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Микобактериялар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.



3. Оқыту мақсаты: Микобактериялар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Туберкулездің морфологиясы және тинкториялдық қасиетi.

  2. Туберкулез бактерияларын дақылдау әдiстерi.

  3. Туберкулез микобактерияларының биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы.

  4. Туберкулез микобактерияларының төзiмдiлiгi және эпидемиологиясы.

  5. Туберкулез қоздырғышының патогендiк факторлары.

  6. Туберкулез патогенезiнiң ерекшелiктерi.

  7. Туберкулез кезiндегi иммунитетің ерекшелiктерi.

  8. Туберкулез микобактерияларының бактериоскопиялық диагностикасының ерекшелiктерi.

  9. Туберкулезді емдеуі мен алдын алуы.

  10. Лепра микобактериясының биологиялық ерекшелiктерi.

  11. Лепра ауруының патогенезi.

  12. Лепра кезiндегi иммунитеттiң ерекшелiктерi.

  13. Лепраның лабораториялық диогностикасының ерекшелiктерi.

  14. Лепраның алдын алу және емдеу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Мектепте барлық балаларға /оқушыларға/ БЦЖ вакцинасын қайта егу/ревакцинация/ алдында терішiлiк Манту сынамасын жасады. Бiр балада сынама оң мағына бердi. Ревакцинация жасау керек пе?

  2. Ауруханаға 40 жасар науқас келдi. Оның шағымы: әлсiздiк, ентiкпе қақырықты жөтел, терлегiш 37-38ºС. Ауру 3 айға созылуда, 2 ай бұрын қамаудан шыққан. Обьективтi көрiнiс, тәбетi нашар, акроцианоз, тахикардия. Оң өкпенiң жоғарғы жағынан ылғи да ысқырық естiледi. Флюрографияда сол жағы қарайған. Алғашқы диагноз: оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлдi. Ауру қақырығынан алынған жұғынды Циль-Нильсен әдiсi мен бояғанда микроскопияда қышқылға тұрақты таяқшалар табылмаған. Бұл ненi бiлдiредi? Флотация тәсiлiнiң көмегiмен алынған жұғындыны Циль-Нильсен бойынша бояғанда, жiңiшке әлсiз, бүгiлген қызыл таяқшалар табылды. Қандай қортындыға келдiңiз? Бактериоскопиялық тәсiлдiң диагностикалық қабiлетiн қалай жоғарылатуға болады?

  3. Ауруға туберкулинмен терi-аллергиялық байқау жүргiзiледi. 48 сағат өткен соң, диаметрi 5 см-ге жететiн гиперемия пайда болады. Диаметрi 12 см папула және лимфадениттің көрінісі байқалды өткiзiлген байқаудың нәтижесi бағаланды. Қақырықты Левенштеин ортасына еккенде, 37ºС инкубациялау нәтижесiнде 20 күннен кейiн сұр колониялар пайда болады. Осы колониялардан алынған жұғындыларды Циль-Ниельсен тәсiлiмен бояғанда шоғырланып немесе жалғыз орналасқан, құрамында қара дәнi бар қызыл түстi таяқшалар табылды. Бөлiнген дақыл ЕПА-да және 22 ºС-да СУТА-да өспедi, пигмент түзбедi, каталазды, уреазды және нитрат редуктазды активтiлiк көрсетпедi. Қоздырғышты идентификациялау үшiн осы тесттер жеткiлiктi ме? Туберкулездiң жылдам диагностикасын қалай жүргiзуге болады? Туберкулез ауруының арнайы алдын-алу және емдеу препараттарын атаңыз. Оң өкпенiң жоғарғы жағының ылғи ысқырық естiледi. Флюрографияда сол жер қарайған. Алғашқы диагноз, оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлген.

Тесттер:

1.Туберкулез қоздырғышының негізгі патогенділік факторына ... жатады.



  1. токсикалық гликолипид

  2. туберкулин

  3. фтиоидты қышқыл

  4. микол қышқылы

  5. туберкулді стеаринді қышқылы

2.Туберкулез таяқшасы ... бойынша боялады.

  1. Циль-Нильсен

  2. Романовский-Гимзе

  3. Нейссер

  4. Бурри-Гинс

  5. Здродовский

3.Лепра қоздырғышының қасиеті:

  1. спора түзбейді

  2. грамтеріс

  3. қозғалғыш

  4. капсула түзеді

  5. қарапайым қоректік ортада өседі

4.Ниацинді сынамада оң нәтиже беретін, грам оң ұзын таяқшалар ... ауруын тудырады.

  1. туберкулез

  2. пневмония

  3. көкжөтел

  4. дифтерия

  5. скарлатина

5.Диагностикасында жеделдетілген Прайс әдісін ... ауруында анықтайды.

  1. туберкулез

  2. скарлатина

  3. дифтерия

  4. актиномикоз

  5. көкжөтел

6....емдеуде қолданатын препараттар: пиразинамид, этамбутол, изониазид, стрептомицин, рифампицин және т.б.

  1. Туберкулез

  2. Пневмония

  3. Скарлатина

  4. Дифтерия

  5. Көкжөтел

7.... ауруында қоздырғыш организмде баяу көбейеді, нәтижесінде инкубациялық кезең ұзаққа, тіпті 15-20 жылға созылады.

  1. Лепра

  2. Туберкулез

  3. Бруцеллез

  4. Дифтерия

  5. Көкжөтел

8.Ірі қара малдың туберкулезінің қоздырғышы.

  1. M. bovis

  2. M. tuberculosis

  3. M. Smegmatis

  4. M. avium

  5. M. africanum

9.M.leprae ...арқылы беріледі.

  1. тұрмыстық қатынас

  2. тағам

  3. жыныстық қатынас

  4. вертикальді

  5. су

10.Лепраны диагностикалау әдісі:

  1. терілік-аллергиялық сынама

  2. иммуноблотинг

  3. бактериологиялық

  4. серологиялық

  5. ИФА

№16
1. Тақырыбы: Шартты-патогенді, патогенді коринебактериялар, бордетеллалар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Коринебактериялар, бордотеллалар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Коринебактериялар, бордотеллалар шақыратын аурулардың микробиологиялық диагностикалау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дифтерия қоздырғышының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  2. Коринбактериялалардың биохимиялық активтiлiгiмен антигендiк құрылысы.

  3. Дифтерияның резистенттiлiгi мен эпидемиологиясы.

  4. Дифтерияның қоздырғышының патогендiк факторлары.

  5. Дифтерияның патогенезi мен клиникасы, инфекциядан кейiнгi иммунитет. Оны бағалау әдiстерi.

  6. Дифтерия кезiнде микробиологиялық зерттеу қалай өткiзiледi?

  7. Дифтерияны емдеу және алдын алу.

  8. Көкжөтел қоздырғыштарының морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.

  9. Бордотеллалалардың биохимиялық активтiлiгiн мен антигендiк құрылысы.

  10. Бордотеллалалардың резистенттілiгi мен эпидемологиясы.

  11. Көкжөтел, паракөкжөтелдің патогендiк факторлары.

  12. Көкжөтелдің патогенезi, клиникасы, иммунитетi.

  13. Көкжөтелдің микробиологиялық диагностикасы.

  14. Көкжөтелдің емдеуі мен алдын алуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Инфекциялық ауруханаға температурасы 39ºС, интоксикацияның симптомы бар/әлсiздiк, бас ауру, қалтырау/ бала түстi. Дифузиялы, гиперемия, бадамша безінің үстi қалың, лайлы-сұр түстi жабындымен қапталған. Жүректiң соғуы жиіленген, тахикардия. Барлық мойын лимфатикалық түйіндерi ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Клиникалық диагнозды толықтыру үшiн материалға микроскопиялық зерттеу жүргiзiледi. /Леффлер, Грам бойынша боялған/ сонымен қатар сарысуына егiндi жүргiзiледi. Микроскопия терiс нәтиже бердi. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Сарысуда, майда орталыққа жиналған колония өсiп шықты. Клауберт ортасында радиальды сызығы бар сұр-қара түс түзедi. Содан соң сарысудан таза дақылды алу жүргiзiледi. Соңғы жауапты қалай қоюға болады? Дифтерияның қандай биологиялық құрамы коринебактериядан ерекшеленедi? Негiзгi лабораторлық зерттеуден кейiнгi сiздiн емдеу тактикаңыз? Қандай жолмен дифтерия ауруына профилактика жүргізіледі?

  3. 4-жастағы балада есiнен тану, субфебрильдi температура, құрғақ жөтел бар. 10 күндей ауырған. Соңғы 2 күнде бiрден спазматикалық жөтелдiң ұстамасы басталған. Қойылған диагноз “көкжөтел”, “Жөтел пластинкасы” әдiсi бойынша пеницилинi бар картофельдi-глицериндi қанды агарға себiндi жасалған. 3 күннен соң 37ºС температурада ортаның жоғарғы бөлiгiнде өте майда тамшы тәрiздi жылтыр сұр колония пайда болған. Сулы, көтерiңкi, көп емес гемолиз зонасы бар. Жұғындыны микроскопиялағанда бұл колониядан Грам терiс таяқшалар табылған. Колония материалы көкжөтел сарысуымен оң агглютинация реакциясын бередi. Соңғы жауапта берiлгендер жеткiлiкті ме? Қандай жағдайда серодиагностика қолданылады? Көкжөтелдің алдын алу мен емдеу үшiн қолданылатын препараттарды ата?

Тесттер:

1.… қоздырғышы ілмек тәрізді болады.



  1. Дифтерия

  2. Туляремия

  3. Шигеллез

  4. Иерсиниоз

  5. Көкжөтел

2.Дифтерия ... арқылы беріледі.

  1. ауа тамшылары

  2. трансмиссивті

  3. фекальді-оральді

  4. жыныстық қатынас

  5. тұрмыстық қатынас

3.Дифтерияның коринобактериялары ... сипатталады.

  1. волютин дәнінің болуымен

  2. спораның болуымен

  3. грам теріс бояу арқылы

  4. қышқылға тұрақтылығымен

  5. капсула түзгіштігімен

4.Дифтериялық қабыну ... дамиды.

  1. аңқаның кілегейлі қабатында

  2. терінің сыртқы қабатында

  3. асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабатында

  4. ми қабатында

  5. буындарда

5.Дифтерияны емдеудің арнайы терапиясы ... жүргізіледі.

  1. антитоксикалық сарысумен

  2. анатоксинмен

  3. гаммаглобулинмен

  4. антибиотиктермен

  5. экзотоксиндермен

6.... негізгі ем антитоксинді қолдану.

  1. Дифтерияда

  2. Көкжөтелде

  3. Туберкуллезде

  4. Паракөкжөтел

  5. Скарлатинада

7.1884 жылы Ф. Леффлер анықтаған қоздырғыш …

  1. дифтерия.

  2. көк жөтел.

  3. паракөкжөтел.

  4. скарлатина.

  5. туберкулез.

8.Дифтерия ... инфекцияға жатады.

  1. токсинемиялық

  2. ішектік

  3. трансмиссивтік

  4. іріңді қабыну

  5. зоонозды

9.Ж. Борде және О.Жангу 1906 жылы ... қоздырғышын ашты.

  1. көкжөтел

  2. паракөкжөтел

  3. дифтерия

  4. скарлатина

  5. бруцеллез

10.Көкжөтелде ... арқылы жұғынды алынады.

  1. мұрын жұтқыншақтан мақталы тампон

  2. венадан қан алу

  3. терінің зақымдалған бөлігінен биоптат

  4. құсық

  5. ОНЖ тіндерінен биоптат

№17



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет