Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет24/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
karzh umk

Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық ролі неде?

2. Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастыру кезінде қандай принциптер қолданылады?

3. Мемлекеттік шығыстарда қаржыландырудың қандай әдістері мен түрлері бар?

4. Денсаулық сақтауды қаржыландыруға арналған қаржылар көздерін атаңыз.

5. Мемлекет қандай мәдениет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары мекемелерін қаржыландырады?


Негізгі әдебиеттер: 4-8, 36-45.

Қосымша әдебиеттер: 1-14, 15-18.

6 тақырып Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

 

Дәріс жоспары:



6.1 Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні;

6.2 Салық жүйесі;

6.3 Салық алуды ұйымдастыру.

 

Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні

 

Салықтар - бұл мемлекетпен белгіленетін және анықталған мөлшерде және белгіленген мерзімдерде алынатын міндетті төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың ұлттық табыстың бір бөлігін білдіруінен тұрады, оны мемлекет өзінің  функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін топтайды. Қазақстанның салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы заңдарында сондай-ақ салық салудың міндеттілігі (бұл салық анықтамасынан шығады), салық жүйесінің бірлігі (мемлекеттің бүкіл аумағында және барлық салық төлеушілерге қатысты), салық заңдарының жариялылығы сияқты  принциптер айтылған. Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерекшелік оларды алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктер үшін пайдалану болып табылады. Мұнымен салықтар мемлекетпен де, басқа билік органдарымен де белгіленетін әр түрлі міндетті мақсаттық жарналардан, төлемдер аударымдарынан ерекшеленеді; оған әлеуметтік сақтандыруға мақсаттық аударымдар, арнайы қорларға жарналар мен аударымдар, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнынан, пайдадан (кірістен) еңбек төлемі қорынан, амортизациядан және басқа көздерден пайдалар жатады.



Салықтардың мәні олардың функцияларынан айқындалады. Қаржылар категориясы көзқарасынан жалпы алғанда салықтардың субкатегориясы болып табылады, сондықтан  салықтар мен қаржыларға қатысты қаржылардың үлестіру функциясының бағыныңқы  функциясын құраушылар ретінде қарастыру керек.

Мемлекет салық саясатын – салықтар саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттары мен міндеттеріне, оның дамуының әрбір нақты кезеңіне байланысты қалыптасқан экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында салық саясатының негізгі бағыты орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының елеулі бөлігін құрудың өзін-өзі ақтамаған принципінен ауытқу болып табылады. Бұл еңбек белсенділігін күшейтудегі экономикалық мүдделіліктің мотивациялық механизмі арқылы халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кірістерін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін аса тиімді және сенімді әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. 

 

Салық жүйесі

Мемлекетте алынатын салықтар түрлерінің, оларды құру түрлері мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйелерінің тым күрделі модельдері болуы мүмкін, себебі көптеген салықтар, олардың салық төлеушілер, салықтар алу тәсілдері, салықтық жеңілдіктер бар болады. Салықтарды әр түрлі принциптер бойынша жіктеуге болады:

- салық салу объектісі және төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынастары;

- пайдалану бойынша;

- салық алатын органнан;

- экономикалық белгісі бойынша.

Бірінші белгісі бойынша салықтар тура және жанама деп бөлінеді. Тура салықтарға тікелей кіріске немесе мүлікке тағайындалатын салықтар жатады (пайдаға, мүлікке, жерге салықтар, табыс салығы). Тура салықтар өз кезегінде нақты және жеке деп бөлінеді. Нақты салықтар мүлікке сыртқы белгілері бойынша салынады, яғни салық салғанда салықты пайдалану тиімділігі емес, салық объектісі назарға алынады; нақты тура салықтарға жер, мүлік, кәсіптік, ақша капиталы жатады. Жеке салықтарда төлеушінің кірісі ғана емес, сонымен бірге қаржылық жағдайы, мысалы отбасы жағдайы есепке алынады, оларға табыс салығы, мұра мен сыйға тартудан салық, жан басына салық және т.б. жатады. Жанама салықтар жанама түрде – тауарлар, қызметтер бағалары арқылы алынады  (қосымша құн салығы, акциздер, кеден баждары). Тауарлар мен қызметтерді сатқан соң иесі салық сомаларын мемлекетке береді.

Пайдалану белгісі бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түседі және пайдаланғанда иесізденеді. Арнайы салықтар қатаң белгіленген түрде тағайындалады (мысалы, бұрын жол қорын құру үшін пайдаланылатын көлік құралдарына салық, көлік құралдарын сатып алуға салық).

Салық алатын және оны басқаратын органға байланысты орталық (жалпы мемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады. Объектінің экономикалық белгілері бойынша кірістерге салықтар және тұтынуға салықтар ажыратылады; біріншісі төлеуші кез келген салық салу объектісінен алатын кірістерден алынады; екінші жағдайда – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде төленетін шығындарға салынатын салықтар. Салық салу  объектілерін есепке алу және бағалау тәсілдеріне байланысты салық салудың төрт тәсілі бар: кадастрлық, салық төлеуші декларациясы бойынша, табыс алу көзінен, патент бойынша.

Кадастрлық тәсілге сәйкес салықты есебін жүргізу және алу нақты табыстылығын есепке алмағанда олардың табыстылығы нормасын (жер, мүліктік) көрсету арқылы салық салу  объектілерінің тізімін жүргізу негізінде жүзеге асырылады. Декларацияда салық төлеуші табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді, салық сомасын есептейді және төлейді. Табыс алу көзінде салық табыс алған жерде салық төлеуші жұмыс істейтін заңды тұлғаның бухгалтериясымен есептеледі және төленеді. Патент негізінде салық оларды анықтау және көлемдерін есепке алу қиын болатын қызметтің алуан түрлерінен табыстар алу үшін төленеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет