Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Қазақстандағы бюджеттен тыс қорларды қолдану ерекшеліктері



бет32/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
karzh umk

Қазақстандағы бюджеттен тыс қорларды қолдану ерекшеліктері

 

Мұндай қорлар қаражаттары қозғалысының  ерекшеліктерін  Қазақстан Республикасын-дағы бюджеттен тыс қаржы институттарының 1995-1998 жж.  ішінде әрекет  етуі мысалында қарастыруға болады.



Әлеуметтік тағайындалған бюджеттен тыс қорлар мыналар болды:

- Зейнетақы қоры;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

- Міндетті медициналық сақтандыру қоры;

- Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры.

Олардың қолданылуы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Азаматтарды  медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен  реттелді, оларда міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының жұмыс берушілердің сақтандыру жарналары және басқа түсімдер  есебінен  құрылатыны анықталған болатын. Жарналардың мөлшері  жыл  сайын  бекітілетін «Республикалық бюджет туралы» Заңда  анықталды және қорлар арасында үлестірілді. Бұл нормалар 1998 ж.  дейін  тұрақты  болды және шетелдің қатысуымен заңды тұлғаларды қосқанда, заңды тұлғалар үшін еңбекақы төлеу қорынан 30% құрады, ал  шетелдік  заңды тұлғалар өкілдіктері үшін – Қазақстан  Республикасы  азаматтарының еңбегін төлеу қоры бөлігінде. Заңды тұлға құрамай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір жұмыскерге  бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төледі.

Жарналарды төлеу бойынша мүгедектер, еңбек қабілеттілігі  шектелген  тұлғалар,  ардагерлер, кейбір гуманитарлық, балалар ұйымдары және жарна мөлшері еңбекақы төлеу қорынан 5% құрайтын басқа ұйымдар үшін анықталды.  Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар  келесі  нормативтер  бойынша  үлестірілді:

- Зейнетақы қорына - 85% (немесе еңбекақы төлеу қорынан (ЕТҚ) 25,5%;

- Міндетті медициналық сақтандыру қорына - 10% (ЕТҚ-дан 3%);

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына - 5% (ЕТҚ-дан 1,5%).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры шетелдің қатысуымен заңды тұлғаларды қосқанда, жұмыс берушілердің  міндетті сақтандыру жарналары және Қазақстан  Республикасы  азаматтарының еңбекақысы қорының еңбекті төлеу қорынан 2% мөлшері бөлігінде  шетелдік заңды тұлғалар өкілдігі  есебінен  құрылды.  Бюджеттік ұйымдар, ауғандық-мүгедектер қоғамдары, Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест Қоғамы,  кейбір  қайырымдылық  балалар ұйымдары үшін жарналар мөлшері  1 % болып белгіленді. Мүгедектер мен еңбекке қабілеттілігі шектелген ұйымдар жарналардың осы бөлігін төлеуден босатылды.

Әлеуметтік тағайындалған қорларды құруға басқа көздерден қаржылар жіберілді:

- бос қаражатты мемлекеттік бағалы қағаздарға немесе мемлекеттік банктер депозитіне орналастырудан алынатын кірістер;

- жарналар белгіленген мерзімдерде төленбеген жағдайда есептелген өсімпұл сомалары;

- қажетті жағдайларда – бюджеттік қаражаттар және бакнтер несиелері;

- сонымен, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңы күшіне енгенге дейін зейнеткер болған адамдарға зейнетақылар төлеу үшін бюджеттік қаражаттар берілген.

Әлеуметтік қорлар бюджеттері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет