Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттік бюджеттің кірістері



бет28/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
karzh umk

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

 

Мемлекеттік бюджет кірістері ұлттық табысты қайта үлестіру әдістерінің бірі болып табылады. Бюджет табыстарының материалдық-заттық құрамын мемлекет қарамағына түсетін қаражаттар құрайды.  Берілген қаржылық категорияның айқындалу түрі бюджетке төлемдердің әр түрлері болады. Бір жағынан, бюджеттік кірістер, әр түрлі ұдайы өндіру процесіне қатысушылар арасындағы қоғамдық өнімнің құнын үлестіру нәтижесі болып табылады, ал екінші жағынан – мемлекет қолында шоғырланған құнды әрі қарай үлестіру  объектісі болады не болмаса соңғысы аумақтық, салалық және мақсатты тағайындалған бюджет қорларын құру үшін пайдаланылады.



Мемлекеттік бюджет кірістерін құру өндірудің қоғамдық тәсілімен, билік ететін өндірістік қатынастармен осыдан шығатын мемлекеттің мәнімен және функцияларымен анықталады.

Мемлекеттік бюджет кірістері былай бөлінуі мүмкін:

- әлеуметтік-экономикалық сипаты бойынша. Әлеуметтік-экономикалық белгісі бойынша бюджет кірістері екі топқа бөлінеді: заңды тұлғалардан кірістер және жеке тұлғалардан түсімдер;

- меншік түрлері бойынша. Меншік түрлерінен алғанда бюджет кірістерінің үш тобы бөлінеді: мемлекеттік  кәсіпорындардан, коммерциялық ұйымдардан және халықтың  салық төлемдерінен түскен кірістер;

- қаржылық мазмұны бойынша: салықтық және салықтық емес.

Салықтық әдіс үшін қаржыларды дәл анықталған мөлшерде және алдын ала көзделген мерзімдерде мемлекет пайдасына алу міндеттілігі тән. Салықтарды алу ұлттық табысты қайта үлестірумен байланысты.

Салықтық емес кірістер – бұл көрсетілген қызметтер үшін мемлекетпен алынатын ақша төлемі.

Жалпы алғанда мемлекеттік бюджет кірістері республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінен қалыптасады. Сондықтан бюджеттің буындары мен түрлері арасындағы кірістерді үлестіру кезінде келесі шарттар сақталуы тиіс:

Қазақстан Республикасының бюджеті мен экономикалық және әлеуметтік дамуының индикативті жоспарының бірлігі;

- әр бюджетті тұрақты кірістермен қамтамасыз ету;

- әр бюджеттің бекітілген кіріс көздерінің көлеміне байланыссыз теңгерілгендігі;

- жергілікті органдардың сәйкес Мәслихат аумағындағы жалпы мемлекеттік кірістері-нің жоспарларын сәтті орындаудағы мүдделілігін жоғарылату;

- шығындар жасау және кірістер алу мерзімдерінің сәйкес келмеуі салдарынан мүмкін болатын кассалық үзілістерді жоюды және қаражаттардың бірқалыптылығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің алдын ала белгіленген мақсаты жоқ. Олар жалпы қорға қабылданады және кәдімгі қаржыландыру тәртібінде пайдаланылады. Сонымен, мемлекеттік бюджет кірістері мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржылық базасын құру мақсатында бюджетте орталықтандырылатын ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет