ҚР бюджеттен тыс қорлары
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры мемлекетің жинақталған ақшаларын қалыптастыру, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігін төмендету мақсатында құрылады. Сонымен, қор екі функцияны орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебінде шоғырланатын қаржылық активтер жиынтығын білдіреді.
Қор қаржыларының көздері және қалыптасу тәртібі келесіден анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативті жоспарының құрамында қазақстандық экспорттың елеулі үлесін құрайтын мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты әлемдік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлегенде және бекіткенде қазақстандық тауар өндірушілердің шикізат тауарларын өткізуінің орташа бағалары және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістері есепке алынады.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау процесінде оған салықтық төлемдерді және бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін тізбе бойынша) басқа міндетті төлемдерді жоғарылату жолымен келесі түрлер бойынша қалыптасады:
корпоративті табыс салығы;
қосымша құн салығы;
артық пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти;
Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу бойынша үлесі.
Қор келесі түсімдер есебінен қалыптасады:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден ресми трансферттер, жоғарыда көрсетілген республикалық және жергілікті бюджеттерде жоспарланатын салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша түсімдер сомаларынан 10 % мөлшерінде есептеледі.
2) қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасның заңдарымен тыйым салынбаған басқа түсімдер мен кірістер.
Қаржыларды қорға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады:
Қор қаражаттары келесі бағыттар бойынша жұмсалады:
1) салықтар және шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке басқа міндетті төлемдер түсімдерінің бекітілген және нақтылы сомалары арасындағы айырым ретінде анықталатын шығындарды өтеу үшін;
2) одан республикалық және жергілікті бюджеттерге Қазақстан Республикасының Президентімен анықталатын мақсаттарға берілетін қордың мақсатты трансферттері түрінде;
3)қорды басқарумен және жыл сайын сыртқы аудит жүргізумен байланысты шығындарды жабуға.
Достарыңызбен бөлісу: |