Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет31/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
karzh umk

Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Жергілікті қаржыларға қаржы жүйесінің қандай буындары жатады?

2. Қаржыларды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлу кезінде қандай принциптерді есепке алу қажет?

3. Жергілікті бюджеттердің кірістік бөлігін құру проблемалары неден тұрады?

4. Жергілікті бюджеттердің шығыстық бөлігінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері қандай?

5. Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттер бойынша бюджет процесінің тәртібін баяндаңыз.

 

 



Негізгі әдебиеттер: 4-10, 36-45, 36-39.

Қосымша әдебиеттер: 1-14, 15-18, 26-31.

 

 



8 тақырып Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

 

Дәріс жоспары:



8.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні;

8.2 Қазақстандағы бюджеттен тыс қорларды қолдану ерекшеліктері;

8.3 ҚР бюджеттен тыс қорлары.

 

Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және заңмен бекітілген құру көздері бар ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған қаржы ресурстарын орталықтандыру  үшін ұлттық табысты қайта үлестіру бойынша қатынастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы 1991 ж. бастап  әлеуметтік-экономикалық дамуға қажеттіліктеріне  байланысты  болды:  мемлекеттік қаржы ресурстарының  бір бөлігін қатаң түрде функционалдық мақсаттарға оқшаулау,  мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығындардан босату, бір жағынан оның тапшылығын  азайту  қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс  істеуімен  байланысты емес күрделі салымдарға, кәсіпорындарға дотацияларға жұмсалған шығындар ауыртпалығын шаруашылық  органдарына  ауыстыру болды; бұл мақсаттарға экономиканы тұрақтандыру қоры ( әрі қарай – экономиканы түрлендіру қоры) сәйкес келді. Басқа жағдайларда халықты нарыққа өткенде олардың өмірлік деңгейінің төмендеуі жағдайларында аса сенімді және тиімді қорғау мақсатында әлеуметтік қажеттіліктерге және оларды жабу көздеріне  жеке  шығындарды  ерекшелеу және  шектеу қажет болды.  Бұл міндетті Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры, Бірыңғай одақтық-республикалық халықты әлеуметтік қорғау қоры, Мемлекеттік халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры шешуі тиіс болды. Кейбір қорлардың тағайындалуы  тым тар мақсатты болды – Жол қоры, Әскери өндірісті конверсиялауға жәрдемдесу қоры, әр түрлі тағайындалған инновациялық қорлар және т.б.

Кейбір қорлар уақытша әрекет  етті,  мысалы  Экономиканы тұрақтандыру қоры, Бірыңғай одақтық-республикалық халықты әлеуметтік қорғау қоры – бұл мұндай қорлардың экономика дағдарысы жағайларында қаржыларын құру қиындықтарымен, қорларды құру субъектілерінің үлестіру  кезінде  ресурстарды  қайтарусыз пайдалануда  мүдделі  еместігімен  түсіндіріледі.

Қорларды құрғанда шаруашылық жүргізетін  субъектілерге  қаражаттардың бір бөлігін қайтарусыз тәртіпте енгізудің қосымша  міндеті  жүктеледі.  Егер мұндай бөлік қосу өнімінің (пайда, кіріс) құны  есебінен енгізілсе,  онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін тікелей жүктейді – олардың ұдайы өндірудегі және тұтынудағы мүмкіндіктерін шектейді (мысалы, 1995 ж. дейін әрекет еткен Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті қолдау және  дамыту  қорында). Аударымдарды өнімнің өзіндік құнына арналған қорларға аударған жағдайда құнның бұл бөлігі тұтынушыға баға арқылы беріледі және қоғам жалпы алғанда берілген жүктемені өзі алады.   Сонымен бірге қорларды құру және пайдалану кезінде қайта үлестіру  процестері  жүреді, олар шаруашылық жүргізетін субъектілердің бір бөлігі үшін  белгілі  уақыт  интервалында  баламасыз  болып табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне  шек  қойылады.  Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында  бюджеттен  тыс қорлардың көмегімен  әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық сақталады,  себебі  халықтың  жеке топтарын әлеуметтік қолдау  бойынша  жергілікті  және жалпы  мемлекеттік ауқымды міндеттерді шешу, бүкіл  экономиканың немесе өңірдің мүдделерінде  белгілі мақсатты бағдарламаларды  орындау, әлеуметтік-экономикалық  дамуды теңестіру мүмкін болады. Сонымен бюджеттен тыс қорлардың жұмыс  істеуінде  топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы айқындалады.  Жалпы  алғанда  бюджеттен тыс қорлар жұмыс істейді, ақырында, бүкіл қоғамның мүдделерінде оның бірігуіне бағытталған және бұдан қаржы қатынастарының осы  түрінің әлеуметтік-экономикалық мәні тұрады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет