Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттік несиенің түрлері және әдістері



бет35/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
karzh umk

Мемлекеттік несиенің түрлері және әдістері

 

Мемлекеттік несиенің негізгі түрі несие қатынастарын білдіретін мемлекеттік займдар болып табылады, оларда мемлекет заемшы ретінде басты болады. Несиенің көмегімен  халықтың, кәсіпорындардың салыстырмалы түрде шағын жинақталған  ақшасы мемлекетте шоғырланады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады.

Мемлекеттік займдарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:

1) өтеу мерзімдері бойынша:

- қысқа мерзімді займдар (бір жылға дейін);

- орташа мерзімді займдар (бір жылдан бес жылға дейін);

- ұзақ мерзімді займдар (бес жылдан жоғары).

2) орналасқан орны бойынша:

- ішкі займдар;

- сыртық займдар.

3) орналасу тәсілдері бойынша:

- еркін айналыстағы займдар;

- жазылу бойынша орналастырылатын займдар;

- мәжбүрлі займдар.

4) займа эмитентіне байланысты:

- орталық үкімет займдары;

- жергілікті билік органдарының займдары.

5) кірістілік түрлері бойынша займдар мынадай болуы мүмкін:

-пайыздық, займды қолданушылар жыл сайын тең үлестермен  бекітілген  мөлшерлеме  бойынша қатаң кіріс алғанда;

-ұтыстық немесе лотереялық (кіріс  облигациялар  өтеу  немесе  ұтыстар  таралымына шыққанда).

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мемлекеттік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдарына сәйкес айналымға шығарылған,  материалдандырылмаған (материалдық түрде емес, электрондық) бағалы қағаз, электрондық түрде клиенттердің  арнайы  шоттарында  есепке алынады,  аукциондарда да, екінші реттік рыноктарда да сатып алынады.

Бағалы қағаздар төлеу (алу) тәсілі бойынша бөлінеді:

- пайыздық бағалы қағаздар (пайыздық мөлшерлеме белгіленген, тұрақсыз немесе сатылы болуы мүмкін);

- дисконттық бағалы қағаздар, олар номиналдан төмен баға бойынша орналасады, бұл айырым (дисконт) облигация  бойынша  кірісті құрайды;

- индекстелетін облигациялар, олардың  номинал құны, мысалы, инфляция  индексіне өседі;

- ұтыстық – ұтыстар түрінде төленетін кіріс;

- құрама облигациялар, олар бойынша кіріс бұрын аталған тәсілдер  комбинациясы  есебінен құрылады.

Сонымен, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа бағалы қағаздар мен активтердің алдында екі өте үлкен артықшылығы бар екенін атап кету қажет:

- бұл қаржыларды және олар бойынша кірістерді салу үшін сенімділіктің ең жоғары салыстырмалы деңгейі;

- басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда аса жеңілдікті салық салу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет