Студенттің өздік жұмысына арналған сұрақтар
1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде?
2. Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуін қандай үлестіру процестері тудырады?
3. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру және пайдалану тәртібін баяндаңыз.
4.Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін экономикалық тағайындалған бюджеттен тыс қорларды сипаттаңыз.
5. Қазақстан Республикас Ұлттық Қорының негізгі тағайындалуын анықтаңыз.
Негізгі әдебиеттер: 5-9, 19-24, 36-45.
Қосымша әдебиеттер: 1-14, 26-31.
№ 9 тақырып Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз
Дәріс жоспары:
9.1 Мемлекеттік несиенің мәні;
9.2 Мемлекеттік несиенің түрлері және әдістері.
Мемлекеттік несиенің мәні
"Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бюджеттің теңгерілгендігі мемлекеттік займмен, басқаша айтқанда қаржыларды бюджетке жұмылдырудың несиелік әдістерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қаржыларды бюджетке несиелік әдістермен жұмылдыру мемлекеттік қарыздың құрылуын білдіреді, ол қолданылатын заңға сәйкес бюджет тапшылығын жабудың негізгі түру болып табылады.
Ақша қорларын құру мақсатында мемлекет оларды жұмылдырудың ерікті әдістерін – займдар мен салымдарды пайдаланады және осы негізде қаржы қатынастарының ерекше түрі – мемлекеттік несие құрылады, оның көмегімен бюджеттік қорлардың қалыптасуына кәсіпорындардың, халықтың және басқа мемлекеттердің бос қаржылары қатыстырылады.
Мемлекеттік несие операцияларын ел ішінде жүзеге асырғанда мемлекет әдетте – қаржылар заемшысы, ал халық пен кәсіпорындар кредиторлар болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында мемлекет заемшы ретінде де, кредитор ретуінде де болады.
Мемлекеттік несиенің ерекше белгілеріне мыналар жатады:
1) ақшаның сипаты;
2) екінші реттік үлестіру (қайта үлестіру сипаты);
3) ақша қорларын құру.
Мемлекеттік несие өндірістік сипатта болуы тиіс, себебі оның көмегімен жұмылдырылған қаржылар, басым көпшілігінде экономиканы қаржыландыруға жіберіледі.
Мемлекеттік несие екі функцияны орындайды:
- қайта үлестіру;
- реттеу.
Мемлекет, ссудалық капиталдар рыногында заемшы болып, осы капиталға сұранысты артытрады, нәтижесінде ссудалық пайыз нормасы жоғарылайды. Мемлекеттік несие ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты түрлері бойынша ажыратылады. Ішкі несиеде мемлекеттік-несие қатынастары үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар мен берілген елдің халқы арасында әр жақты ұстанымнан: заемшылар ретінде де, кредиторлар ретінде де пайда болады. Халықаралық несиеде үкіметтер, жергілікті билік органдары – бір жағынан, үкіметтер, басқа мемлекеттер банктері, компаниялары, екінші жағынан,халықаралық қаржылық-банк ұйымдары қатынастарға түседі. Несие беретін ел немесе ұйым – донор-мемлекет, ал несие алатын ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие үкіметтің отандық заемшылармен (кәсіпорыдармен) алынған займдарға басқа елдердің кредиторларымен берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелері ретінде беріледі. Займ шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық заемшының міндеттемелері бойынша жауап береді – бюджеттен тыс қаржылар есебінен займ сомасын және ол бойынша пайыздарды төлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |