ЖҰмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


)Иллюстративты материал: қосымшада



бет8/23
Дата16.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#140156
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

4)Иллюстративты материал: қосымшада.
5)Ұсынылатын әдебиеттер:

6)Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

1. Фосфор және оның қосылыстарының жағымсыз өндірістік факторлары болып табылатын кәсіптер мен өндірістерді атаңыз.

2. Фосфордың ағзаға түсетін жолдарын айтыңыз.

3. Фосформен уланудың дамуының негізгі патогенетикалық механизмі қандай?

4. Фосформен уланудың негізгі клиникалық симптомдарымен синдромдарын айтыңыз.

5.Созылмалы фосформен улану кезіндегі негізгі емдеу әдістері мен сараптамалардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.


1)Тақырыбы: №9 Химиялық заттардың әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Сынап және марганецпен улану.
2)Мақсаты: Оқыту мақсаты химиялық заттардың, сынап және марганецпен улану әсерінен болатын кәсіби патологиялар туралы студенттердің білімін қалыптастыру болып табылады.
3) Дәріс тезистері

Сынап - суық металл, 7 есе ауадан ауыр, 0°С температурада буланады, 38,9°С балқиды, электрикалық және жылулық, төзімділік қасиеті жоғары. Химиялық қасиеті бойынша, бұл металл тұрақты және қатты. Сынап көп металдармен тез бірігіп, қосылыстар - амальгамдар құрайды. Мұндай сынаптың мүмкіншілігін көптеген жоғары қасиетті металдарды кеннен немесе қосылыстардан бөліп алуда қолданады. Сынап, оның қосылыстары заттарды күмістеуде, алтындауда, айна жасауда, тіс пломбасын жасауда, медициналық приборларды жасауда (тонометр, термометр, Салли аппараты) және кварцты, сынапты шамдарды, рентген түтігін жасауда, қопару жұмысында, тарсылдақ ойыншықтарды шығаруда (дандырық сынап - гремучая ртуть), сонымен қатар сынаптан органикалық пестицидтерді алуда және катализатор ретінде т.б. салаларда қолданылады. Кішкентай сынап бөлшектері, тамшылары еденнің, столдың, қабырғаның тесіктеріне кіріп ұзақ уақыт қалады, иісі жоқ болған соң оның әсері ұзақ уақыт сезілмей улану клиникасы көрінбегенше байқалмайды.

Өнеркәсіптерде металды сынап, оның қосылыстары кең қолданылады. Сынап қосылыстарынан сулема, сынап нитраты, каломель, дандырық сынап жиі қолданылады. Сынаптың ШРЕК - сы жұмыс істейтін ауада - 0,01 мг/м3. Уланулар жоғарыда айтылған өндірістерде сынапты өндіріп алуда, оларды қолдануда, заттарды жасағанда байқалады санитарлық нормативті берілген құжаттарды сақтамағанда да байқалады.

Патогенезі. Сынап - сульфгидрильді тиолды (SН) улар тобына жататын у. Сынап, оның қосылыстары негізінен тыныс алу жолы арқылы, жартылай асқазан-ішек және зақымдалмаған тері арқылы енеді. Көбіне өкпе арқылы енген сынап оның капиллярларынан өтіп қанда циркуляцияланып, SН-тобына бай белоктармен қосылып, сынап альбуминатын құрайды. Бұл сульфгидрильді белоктық қосылыстардың топтарын тежеп, белок алмасуын және ферменттік үрдістерді бұзады. Бұның бәрі едәуір орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады. Қандағы сынап тамырдың интеро - рецепторларын және ішкі ағзаларды тітіркендіріп қоздырып, онда пайда болған импульстерді афферентті жолмен бастың ми қыртысына жеткізеді. Қыртыс жасушаларының жұмысы нашарлап оған бағынатын қыртыс астындағы әр салаға жауапты құрылымдардың жұмыстарында тежеу үрдістері дамып кейін біртіндеп жоғалады (растромаживается). Осыдан қыртыс астындағы орталықтар рефлекторлық бұзылыстарға душар болады. Әртүрлі анализаторлардың жұмысы: иіс, көру, дәм т.б. бұзылады. Осымен қатар, сынап неврозы, жүрек - қантамыр, асқазан - ішек жүйесінде алмасу үрдістері де бұзылады. Бұлар клиникалық көріністерді туғызып, арнайы сынап улану симптомдарын үдетеді, алғашқыда сынап эретизмін, дірілдеу, әртүрлі бұлшықеттердің қосылмалы байланысының функциялық бұзылу симптомдарын береді.

Сынап организмде өкпеде, мида, бүйректе, жүрек етінде, бауырда, сүйекте жиналады, сондықтан да осы ағзалардың зақымдалу симптомдары байқалады. Денеден сынап тыныс жолдары және бүйрек, бездер, ішек арқылы шығады. Сынапты зәрде тексеру диагностикалық жағынан маңызды, бірақ оның мөлшері сынаппен уланудың дәрежесін көрсетпейді, көп жағдайда сынаптық тасымалдаушылықты білдіретін белгі болады. Мысалы: зәрде 0,1-0,8 мг/л дейін көтерілгенде сынаппен жұмыс істеушілерде улану синдромы болмауы мүмкін, зәрде 0,02-0,06 мг/л-де табылуы тек тасымалдаушылыққа жатқызылады.

Сынаптың тағы бір қасиеті, ол гемато - энцефалық кедергіден өтіп, жұлын - ми сұйықтығына, нерв жасушаларына, тікелей ми қыртысына, таламус - гипоталамусқа әсер етеді. ОНЖ ерте зақымдалғандықтан қыртыс асты орталықтың қызметі бұзылады. Сынап вегетативті нерв жүйесіне әсер етіп, қол - аяқтың треморы, қалтырауы, естің төмендеуі байқалады және трофикалық бұзылыстар, шаштың түсуі, тырнақтың сынуы, тістен, мұрынның шырышты қабығынан қан кету т.б. аурудың клиникалық симптомдарын береді.

Жіктелуі.

Сынап әсерінен жедел және созылмалы уланулар кездеседі, ауырлығы бойынша 3 сатыда (кезеңде) өтеді. Осыған қарай клиникалық сипаттамасы көрінеді.



Клиникалық көрінісі. Жедел улану өте сирек кездеседі: қопару жұмысында, домнадағы пешті, зауыттағы қазанды тазартқанда, авариялық т.б. жағдайда.

Негізгі симптомдары ауыздың шырышты қабығының ішек - асқазан жолдарының, бүйрек қызметінің өзгеруі көріністері болып табылады. Жедел улануда клиникалық симптомдар тез дамиды. Кенеттен бас ауруы, бас айналу, құсу, жүрек айну, геморрагиялық синдром, стоматит, ауызда металды дәм, сілекейдің көп бөлінуі, іштің ауруы, кейде қан аралас іштің өтуі, қолдың дірілдеуі, жаралы стоматит, гингивит, зәрдің азаюы - олигурия, анурияға дейін болады. Жедел уланудан кейін созылмалы бүйректің немесе бауырдың қабынуы, дистрофиясы және астения қалуы мүмкін. Қанда лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылайды, зәрде белок, эритроциттер, сынап анықталады. Созылмалы уланулар сынаппш аз мөлшерде және ұзақ уақыт қатынаста болған жұмысшыларда кездеседі. Клиникалық көрінісі біртіндеп дамиды, көпшілігі нерв жүйесінің зақымдалуымен жүреді.

І - ші кезең - бастапқы немесе сынаптың неврастения синдромы дамиды, бұл қысқа мерзімді өтпелі микромеркуриализм. Ауруларда бас ауруы, жылағыштық, есінің сәл төмендеуі, ұйқысының нашарлауы, әлсіздік, қорқыныш, жаман түс көру; вегетативтік дисфункциялар - қызыл дермографизм, гипергидроз, сілекейдің көп белінуі, ауызда метал дәмі, аяқ - қолдың аз мөлшерде қалтырауы, ашушаңдық және гингивит, стоматит, жұмыс істеу қабілетінің төмдадеуі байқалады.

II-ші кезең - орта дәрежелі өзгеріс кезеңінде астено - вегетативті синдром басымырақ болады, тұрақты және қатты бастың ауруы, ұйқысының болмауы, үдемелі әлсіздік, "сынап эретизмі": анық едәуір қорқыныш сезімі, жекешеленуі, сөйлемеуі, ашуланшақтық, жылағыштық, жүрек тұсының ауруы, жиі соғуы, беттің қызаруы, тершеңдік; диэнцефалдық синдром - бастың қатты ауруы, кұсу, лоқсудың болуы; аяқ - қолдың едәуір треморы, аяқ - қолдардың үлкен қозғалысы (размашистые движения), гастрит, колит синдромдары байқалады. Осылармен бірге стоматит, ге-моррагиялық синдром, сілекейдің көп бөлінуі т.б. көріністер болады. Қанда лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, анемия анықталады. Зәрде сынап 0,02-09 мг/л жоғары, ЭКГ - да өзгерістер миокард дистрофиясына тән.

III-ші кезең едәуір дәрежелі өзгерістерді береді. Мұнда сынапты токсикалық энцефалопатиялық синдромдар дамиды: бастың қатты ылғи ауыруы, естің өте төмендеуі кейде жоғалуы, үлкен гиперкинез бен хорея тәрізді қозғалыстар, дизартрия, гипомимия, сөйлемеу, едәуір "сынап" эретизмі және аяқ - қол сүйектерінің полиневриті, буындарының сырқырап ауруы, айқын әлсіздік, тіпті жүре алмауы. Осымен бірге парадонтоз, жаралы стоматит, геморрагиялық синдром, созылмалы нефроз, іштің ауруы, т.б. байқалады. Қанда анемия, лейкопения, тромбоцитопения көрінеді. Зәрде - сынап 0,02 мг/л-ден жоғары болады.

Емі: комплексті және индивидуалды: антидоттық, залалсыздандыру шараларын жүргізіп, метаболизм үрдісін, иммунды жүйені жақсартуға бағытталған.

1. Унитиол 5% 5-10 мл б/е немесе к/т 1-ші күндері күніне 2 - 4 рет, кейін 6 - 7-ші күндері 1 рет тағайындалады.

2. Сукцимер 5% 6 мл (0,3 г флаконда, салар алдында ерітінді су қосылады). І - ші күні 4 рет, ал кейін 3 – 2 – 1 реттен 5 күндей беріледі.

3. Натрий тиосульфаты 30 % 5 – 10 мл к/т салынады.

4. Д - пеницилламин (купренил) 300 - 600 мг тәулігіне ұзақ уақыт беріледі.

5. Глюкоза 40% 20 - 30 мл к/т аскорбин қышқылымен 10 - 15 күн.

6. Транквилизаторлар: тозепам, нозепам, элениум т.б. осыған ұқсас 2 - 3 апта беріледі.

7. Витаминдер: В - тобы, Е, А, РР; глютамин қышқылы, винпоцетин, актовегин, фибс, алоэ т.б дәрі - дәремектер алдында айтылғандарға сай ұсынылады.

8. Физиотерапиялық, санаторлық - курорттық ем мен ЕДШ, психотерапиялық емі өршіген кезінде жүргізіледі.

Еңбекке жарамдылығын сараптау. Алғашқы сатысында жұмысшыны басқа жұмысқа көшіріп немесе ауыстырып ем тағайындалады, жақсарған соң бұрынғы жұмысына қайта жіберіледі. Ауыр жағдайда МӘСК - ға жіберіп, мүгедектік беру қарастырылады.

Профилактикасы. Өндірісте сынапты басқа уы жоқ заттармен алмастыру, бақылау жүргізу. ШРЕК-ны сақтауды бақылау. Кезекті медициналық тексеруді 1 рет 12 айда, сынапты қатыстырмау егер сынапты өндіру жұмысы болса, ал басқа жағдайда 24 айда 1 рет өткізеді.
4)Иллюстрациялы материал: қосымшада.
5)Ұсынылатын әдебиеттер:

6) Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

1. Марганецпен сынап оның органикалық емес қосылыстарымен жағымсыз өндірістік факторлары болып табылатын өндірістерді және ағзаға түсу жолдарын атаңыз.

2. Марганецпен уланудың патогенезі қандай?

3. Созылмалы қорғасынмен улануда қандай ағзалармен жүйелер зақымданады?

4. Аурудың негізгі клиникалық синдромдарын айтыңыз.

5. Алдын-алудың ең тиімді әдістерін атаңыз.
1)Тақырыбы: №10 Химиялық заттардың әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Пестицидтермен улану.
2)Мақсаты: Оқыту мақсаты химиялық заттардың, пестицидтермен улану әсерінен болатын кәсіби патологиялар туралы студенттердің білімін қалыптастыру болып табылады.
3)Дәріс тезистері:

Негізінен пестицидтер ауыл шаруашьшығында кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді қорғау, егін өнімділігін арттыру үшін әзірше кең таралған және бұл арзан химикаттар болып саналады. Сондықтан пестицидтерді өндіру кеңінен арттырылуда. Пестицидтерді қолдану - топырақ, су қоймаларын, жерді, ауаны ластандырады, тұрғындардың тығыз қатынаста болуына әкеледі. Пестицидтер биологиялық белсенді қосылыстар болғандықтан пайдасыз бен пайдалы жануарлар мен құрт - құмырсқаларға және адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән.

Пестицидтер әсері жиі өндірісте істейтін жұмысшылар пестицидтермен жанасуында әртүрлі заттарды іздеп табатын, тасымалдайтын, сақтайтын, тарататын, егін - өсімдіктерге себетін және үй шаруашылығында қолданылатын жұмыстармен тікелей байланысты. Әсіресе адамдар ұрықтар мен дәндерді қолданғанда, топыраққа сепкенде (фумигациялағанда) және өсімдіктерге, ағаштарға шашқанда немесе пестицидтерді өңдейтін орындарда ұзақ уақыт қатынаста болғанда, әсіресе санитарлы - гигиеналық нормативтік талаптарды сақтамағанда жұмысшылар улануға ұшырайды.

Пестицидтердің. биологиялық әсері бойынша жіктелуі: пестицидті альгицидтер - су өсімдіктерін болдырмау үшін;пестицидті акарицидтер - кенелер мен құрттарды құрту үшін;

пестицидті арбоицидтер - бұта ағаштарды жоюға арналған; пестицидті антисептиктер - металл емес материалдарды микроорганизм әсерінен бұзылуын қорғау үшін; пестицидті бактерицидтер - бактерияларды құрту үшін;гербицидтер - арам шөптерді құрту үшін;дефолианттар - жапырақтарды құрту үшін;зооцидтер - кеміргіштерді құрту үшін;инсектицидтер – құрт - құмырсқа, ұшқыш жәндіктерді құрту үшін;фунгицидтер - өсімдіктердің вирустық және бактериалдық, саңырауқұлақ қоздырушыларын құрту үшін.овициды - жәндіктердің ұрығын құрту үшін.

Фосфорорганикалық қосылысты пестицидтермен (ФОҚП) улану

ФОҚП инсектофунгицидтер ретінде мақта, дән, жеміс ағаштарының, шөптердің т.б. зиянкестеріне қарсы қолданады. Бұл қосылыстар қоршаған ортада, өсімдіктерде, топырақ пен суда тұрақсыз, 1 айдың ішінде ыдырап бөлінеді және азық - түлік өнімдерін термикалық өңдеуде, яғни жоғарғы температурада жойылады. ФОҚП тері арқылы оңай кіреді, сонымен қатар ингаляциялық жол арқылы енеді. Химиялық құрылымы бойынша бұл қосылыстар фосфорлы, тио- және дитиофосфорлы, фосфан қышқылының эфирлері: байтекс, битифос, карбофос, метафос, хлорофос болып табылады.



Патогенезі. Бұл топтың қосылыстары политропты әсер етіп, көбінесе орталық нерв жүйесі мен паренхиматозлы ағзаларды (бауыр, бүйрек, көкбауыр, жүрек, өкпе) зақымдайды. ФОҚП холинэстеразаларға ферментін тежеп, нерв жүйесінің медиаторы ацетилхолинді жинайды, бұл нерв жасушалары мен ганглионарлы синапс арқылы нерв қозуының берілуін, тіндік тыныс алуын бұзады, осының нәтижесінде улану көріністері байқалады. ФОҚ - мен уланудың негізгі симптомдары ацетилхолиннің орталыққа әсері мен мускарин тәрізді парасимпатикалық әсеріне (құсу, лоқсу, іштің өтуі, кеуденің қысылуы, тершеңдік, брадикардия, көз қарашығының тарылуы, ішек, қуық, бронхтардың бұлшықеттерінің жиырылуы, көз, сілекей, бронх бездері секрециясының белсенділігі) байлансыты. Осымен қатар ФОҚ-дың никотин тәрізді әсерінің болуы тән: постганглионарлы талшықта импульстің берілуі бұзылады, осыдан көз, тіл, мойын, бет бұлшықеттерінің тартылуы - дірілдеуі және жалпы дененің гиперкинезиялары байқалады.

Ацетилхолиннің орталыққа әсері ми қыртысына, сопақша миға токсикалық әсерімен сипатталады (бастың ауыруы, ұйқысының бұзылуы, қозу, психикасының бұзылуы, есін білмей тоникалы - клоникалық құрысулар, салданулар, сопақша мидағы өмірге қажетті орталықтардың тежелуі).



Клиникасы. Жедел улану бірнеше сағат жасырын өтеді. Жедел уланудың түрлері:

а) жеңіл дәрежелі;

б) орташа дәрежелі;

в) ауыр дәрежелі.

ФОҚП - мен жедел уланудың жеңіл дәрежесінде науқастың клиникасы мынандай болады: бас ауруы, бас айналу, аяқ - қолдың әлсіздігі, көрудің төменді, жүрек айнуы, сілекейдің бөлінуі, көзден жас ағу, іш тұсының ауыруы, кейде іш өту. Көздің қарашағы кішірейген, көруі нашарлаған, нистагм, беттің ісінуі, көп тершеңдік пайда болады. Пестицидтер әсері әрі қарай жалғасса тыныс қиындайды, кеуде қуысы қысылып, ауа жетіспей, ұстама тәрізді жөтел қосылады. Өкпеде қатаң тыныс алу, құрғақ сырылдар; жиі жүрек соғуы, артериалдық қан қысымының жоғарылауы, кейде ауыр жағдайда төмендейді.

Орта дәрежесінде қозу күшейіп қорқыныш сезімі, өте қатты бас ауруы, бұлшықет әлсіздігі пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығару қиындайды, тыныс алуы ысқырық тәрізді, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар, сықырлаулар естіледі. Объективтік жағдайы орташа, көгеру, ентігу, демікпе, дене қызуы көтеріліп, дірілдеу байқалады. Миоз, көз ауырып, аккомодация спазмы, бұлшықет тонусының төмендеуі, бет бұлшықеттерінің мимикасы мен қозғалысы бұзылып дизартрия, бет-мойын, аяқ - қол бұлшықеттерінің тартылуы, іштің тұсы ұстама тәрізді ауырғаны және үлкен дәреті сұйық болып, кейде галлюцинациямен депрессия пайда болады. Қанда холинэстераза 50%-ға дейін төмендейді. Ацетилхолин мөлшері жоғарылайды.

Жедел уланудың ауыр дәрежесі сирек кездеседі. Мұнда үш кезеңді ажыратады: қозу, құрысу - тырысу және паралитикалық немесе салдану. Науқастың жағдайы ауыр, алдында қозу, тынышсыздық, кейін тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы нәтижесінде диафрагманың жиырылуы әсерінен ықылық пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығаруы едәуір қиындайды, ол шуылмен аз қашықтықта естіледі, көбік тәрізді қақырық (өкпе ісінуінің клиникасын еске түсіреді) және демікпе пайда болады. Есі тұманданып, көздің қарашығы соншалықты кішірейгендіктен жарыққа сезімталдығы төмендейді немесе жойылады, оқтын - оқтын жайылмалы құрысу, бас және аяқ - қолдың треморы, парезі, салдануы, диэнцефальдік криздер дамиды. Брадикардия тахикардиямен ауысып, кейде жүрек қызметі бірден төмендеп коллапске, комаға әкеледі. Көбінесе асфиксия мен жүрек қантамыр қызметінің жетіспеушілігінен науқас қайтыс болады. Қанда холинэстераза толық инактивацияланады, гипохромды анемия, ретикулоцитоз, базафильді түйіршікті эритроциттер көбейеді. Қан сарысуында Гейнц денешіктері пайда болып, МеtHb көбейіп, лейкопения, ЭТЖ баяулап, диспротеинемия байқалады. Зәрде белок, эритроциттер және цилиндрлер көрінеді.

Жеке жағдайда ФОҚ - дан хлорофос шеткі нерв жүйесіне әсер беріп, полиневропатияларды шақырады: полиневрит, жиі ауру синдромы аяқ - қолда, нерв жолымен, бұлшықетте, буындарда және әлсіздік, парестезиялар, гипе-, гиперестезиялар тершеңді-кпен көрінеді. Қалпына келу бірнеше жылға созылады.

Созылмалы уланудың клиникасы жайлап басталып, бас ауруы, бас айналуы, дезориентация, есте сақтау қабылеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендеп жүрек айну, әлсіздік әсіресе екі аяғында, кейде миоз, нашар көру, конъюнктивит, риниттермен көрінеді. Айқын білінетін түрлерінде интелект төмендеп, қысқа уақыт есін білмейді. Сонымен қатар, токсикалық гепатит, қанда лейкопения немесе лейкоцитоз, кейде МеtHb аздап көбейеді, гипохромды анемия байқалады, холинэстераза алдында қалыпты кейін ол төмендейді, ЭТЖ баяулайды. Хлорофос, карбофос, бромофос жиі дерматиттер, конъюктивиттер тудырады. Осы айтылған әсерлерден кейбір фосфор органикалық қосылыстар әскери дала жағдайында армияны қатардан шығару үшін қолданады.

ФОҚ-мен улануда көрсетілетін көмек және емдеуі.



Уланған адамға противогаз кигізіп қауіпті зонадан тез алып шығару керек. ФОҚ теріге түскен жағдайда - 5-10% мүсәтір спиртімен, 2-5% хлорамин ерітіндісімен немесе 2% сода ерітіндісі-мен өңдеп, сүртіп, былғанған киімді шешеді. Көзге түссе сумен көзді жуып 0,1% атропинді немесе 30% сульфацил натрийді тамшылайды. Асқазанға түссе, асқазанды жедел түрде жуып, бірнеше стакан су ішкізіп, жасанды құсық шақырады. Активтелеген көмір, іш айдатқыш дәрілер берілдеді. Улану белгілері болса холинолитикалық препараттар: ішке 0,001 г амизил немесе 0,02 г тропацин; холинэстераза антидоттары бұлшықетке 15% 1 мл дипироксимді әр 50-60 минут сайын жағдай жақсарғанға дейін қайталанады (жинақты доза 5-15 мл барады), 0,1% 1 мл атропинмен бірге қайталанып түрады; аналептиктер тамыр дәрілері-мен (кордиамин, лобелин, мезатон) салынады. Тыныс жолдарын шырыштан механикалық тазалау жүргізіледі. Құрысуға қарсы препараттар - магний сульфаты, хлоралгидрат; пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктер, дезинтоксикациялық дәрілерін берген жөн. Жүрек қантамыр дәрілері де көрсеткіштерге қарай беріледі.

ФОҚП - мен істеген жұмысшыларды сараптау. Фосфорорганикалық қосылыстармен созылмалы уланудың алғашқы белгілерінде жұмысшыларды уақытша жұмыстан босатып, кәсіптік дәрігерлік қағаз беріп емдеуін белгілеу қажет. Улану айқын ауыр жағдайда және созылмалы түрі жиі рецидив беретін болса ФОҚ-мен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Профилактикасы. Жұмысшылар уланудың алдын алу үшін кезекті медициналық қаралудан уақытында өтіп күніне 2-3 рет 0,5 г панкреатин нгмесе фестал, емдік - профилатикалық тамақтану, күнде сүт ішу, жұмыстың алдында ыстық тамақ ішу, т.б. шаралар жүргізіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан, кей жағдайда 4 сағаттан артық болмау керек.

Хлорорганикалық қосылысты пестицидтер(ХОҚП)

Хлор органикалық қосылысты пестицидтер ауыл шаруашылығында: дән, жеміс ағаштар және басқа егін дақылдарының зиянкестеріне, кене мен қан сорғыш жәндіктеріне қарсы қолданады. ХОҚП ішінде көбіне гексохлоран, хлортен, хлориндан, гептахлор, дилдрин, полихлорпинен, дуст немесе эмульсия ерітінді түрінде пайдаланады. Бұлардың бәрінің кумуляциялық қасиеті бар және сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: ДДТ пестицидтерін пайдаланғаннан 10-12 жылдан соң топырақтан табуға болды. Сондықтан ол қазір көп пайдалынбайды. ХОҚП организмге тыныс алу жүйесімен асқазан - ішек жолымен түссе, олдрин, дилдрин сияқты аса қауіпті әсері күшті пестицидтер зақымданбаған тері арқылы организмге ене алады. ХОҚП бүйрек, асқазан-ішек жолымен, сүт бездерімен бөлініп шығады, алкогольді қабылдағанда температурасы жоғарылағанда удың сіңуі тездетіледі.

Патогенезі. ХОҚП организмге негізікн орташа токсикалық және политропты әсер етеді. Олар майда еритін қосылыстарға жататындықтан липидтерге бай нерв жасушалар мен тіндерге, сонымен қатар липидтерге бай паренхиматозды ағзаларға және организмнің барлық қорғаныс тосқауылдарынан оңай өтеді. ХОҚП уланғандағы ОНЖ мен бауырдың зақымдануын осымен түсіндіруге болады және жасушалық тыныс алу ферменттерін негізінен цитохромоксидазаның тежелуіне байланысты, ол паренхиматозды ағзалардағы тотығу мен фосфорлану үрдістерін бүзады. Осыдан көмірсу алмасуы, белок биосинтезі де бүзылады. Кейбір ХОҚП: хлоридан, гептахлор, белоктың және тиоферменттердің SН тобын тежейді. ХОҚП әсерінг жеке өзіндік және адам жасына байланысты гиперсезгіштік, көбіне аллергиялық реакциялар туғызады. Ағзалардың сезгіштігі ХОҚП-дің түріне, концентрациясына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына байланысты. Осылардан жедел немесе созылмалы улану клиникалық көріністері дамиды.

Клиникасы. Уланудың клиникалық ерекшеліктері уланудың түріне, дәрежесіне, патогенездің үрдісіне және де ағзаларға удың қай жолмен түсуіне байланысты. ХОҚ шырышты қабаттары мен тыныс алу жолдарына түссе жоғарғы тыныс жолдарында, шырыштыларда, бронхта тітіркену белгілері пайда болады (ринит, коньюнктивит, жедел трахеобронхит). Мұндай жағдайда уланудың алғашқы белгілеріне көздің, тамақтың шырышты қабаттардың қызарғаны, мұрыннан су, кейде қан ағу, жөтел, тұншығу жатады. ХОҚ асқазан - ішек жолымен түссе (көбінесе тұрмыстық жағдайларда) жүрегі айну, құсу, іштің түсы ауыру, үлкен дәрет бұзылады; тері ластанса - дерматиттер, экзема, некроздар дамиды. Жедел улану ХОҚ организмге бір мезгілде үлкен дозада түскенде жергілікті көріністері мен ОНЖ зақымдану белгілері тез пайда болады: едәуір аяқта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, жүрегі айну, құсу, құлақтың шуылдауы, цианоз, ентігу, тахикардия, температура 39°С көтеріледі, теріде немесе шырышты қабықтарда аллергиялық зақымданулар, қан құюлулары болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда токсикалық энцефалит, таралған эпилептиформалық құрысулар мен психоздар, коллаптоидтық және коматоздық жағдайлар дамиды. Көбіне токсико - аллергиялық миокардит, токсикалық гепатонефропатия, обструктивті бронхит, бронх демікпесі симптомдары байқалады. Гексахлоранмен уланудың кеш кезеңінде полинейропатия, энцефаломиелополиневрит дамиды. Қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Ауыр жағдайларда гипо-, апластикалық анемия, панцитопения, несепте - белок, микрогематурия.

ХОҚП - мен созылмалы улануда біртіндеп басталып патологиялық үрдіс ми бағанасында орналасқандықтан токсикалық истерия, астеновегетативтік, астено - органикалық синдромдар және микросимптомдар дамиды. Бұл кезде эпизодты түрде церебралдық ангиодистониялық және ангиоспастикалық пароксизмалар: кенеттен интенсивті бас ауруы, бас айналу, жүректе ауру сезім, тахикардия, жүректің айнуы, іштің ауруы, профузды терлеу, бозару, аяқ - қолдың ауыруы, дірілдеуі, әлсіздік; жиі құрғақ жөтел, түшкіру, тұншығу дамиды. Бұндай жағдайда нейроциркуляторлық дистония жиі гипотониялық түрі, миокардтың дистрофиясы, токсикоаллергиялық миокардит және гастрит, гепатит, нефропатия дамиды. Теріде дерматит экзема, пиодермиялар, кейде сезімталдықтың бұзылуы мүмкін. Қанда лейкоцитоз, анемия,

ЭТЖ жоғарылайды. Кейбір жағдайда асқынулар: өкпелік жүрек, бронхоэктатикалық ауру, бронх демікпесі, т.б. қосылады.

Емдеуі. Жедел улануда науқасты тез арада таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешіп, жылытып, оттегі беріледі, венаға 40% - 20 мл глюкоза ерітіндісін 500 мг витамин С витамин салу керек, кейін В топ витаминдері, витамин Е 5% - 1 мл беріледі. Көрсеткіштер бойынша жүрек қантамыр және седативті дәрілер жасалынады. Ауыр улануда 500 мл физиологиялық ерітіндіні венаға 40% глюкозамен енгіземіз. Көзге түссе соданың 2% ерітіндісімен (Nа гидрокарбонаты) немесе физиологиялық ерітіндісімен жуамыз. Теріні жылы сумен, сабынмен жуамыз, 2% сода ерітіндісімен таңамыз. Асқазан - ішек жолымен у түссе, тездетіп жылы сумен жуып, 1% мыс купоросын, іш айдатқыш дәрілер беріледі. Майлар, алкоголь, адреналин беруге болмайды. Энцефалополиневритті емдеуде жалпы антитоксикалық заттармен - витамин Е, кокарбоскилаза нгмесе В, витамині және В2, В6, В12, В15; фитин, липотропты дәрілер, церебролизин, аминалон, пирацетам, актовегин, АТФ, т.б. тағайындалады. Созылмалы уланудың емі синдромалды.

ХОҚ уланудың МӘС-ы. Созылмалы уланудың жеңіл түрінде кәсіптік еңбек ауру қағазы ашылып, емдеу жүргізіледі. Айқын немесе ауыр улануда және созылмалы рецидивті түрінде, басқа жұмысқа ауыстыру нәтижелі.

Профилактикасы. Пестицидтерді сақтайтын жерге санитарлық бақылау, жұмысшыларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, пестицидтер ПДК - сын сақтау, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау (6 сағат) шаралары жүргізіледі. Жұмыстан қалған уақытта ХОҚ және басқа пестицид әсері жоқ жұмыспен айналасқан жөн. Жүйелі түрде алдын ала медициналық тексеруден өтуді сақтауды берілген бұйрықпен жүргізіледі. Пестицидтермен жұмыс істеуге жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, 18 жасқа толмағандар, арақ - шарап ішкендер жіберілмейді. Емдік - профилактикалық тамақтану (тегін сүт, жұмыс басталар алдында ыстық тамақ беру, т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет