Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:
1. Төменде берілген ерітінділердің бірімен құрал-саймандар мен таңу материалдарын қайта дезинфекциялау:
хлораминнің 3% ерітіндісі - экспозициясы-60 мин.
кальций гипохлоридінің 1,5% ерт. - экспозициясы-60 мин.
4% сутегінің асқын тотығы - экспозициясы-90 мин.
Вирконның 2% ерітіндісі - экспозициясы-10 мин.
2, «Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері» №9-01-001-76 СанПиНу; «Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру және дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар» СІІИД №2 1989ж БДДСҮ инструкциясына сәйкес зарарсыздандыруға дейін өңдеуді және зарарсыздандыруды жүргізу.
З.Жұмыс столының бетін манипуляциядан кейін ұсынылған дез. ерітінділермен немесе хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өндеу керек.
4.Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдыстың ішінде шешу.
5. Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу.
б.Халат, масканы шешіп, лас киімдерге арналған қапқа салу.
7.Ағынды су астында қолды сабынмен 2 рет жуып, кептіру.
Ескерту: Манипуляция кезінде жұмыс столының қанмен ластануында сутегінің асқын тотығының 6% ерітіндісіне және 0,5% жуу ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өңдеу керек. 15 мин кейін.
Жұмыс столының бетін жұмыстан кейін хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен 2 рет сүртеді. Жөкені хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдысқа 60 мин-ке салып қою керек.
Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтарының жұғуы.
Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар тиген кезде істеу қажет.
Ластанған арнайы киімнің сыртын ішке қаратып шешу.
1 сағатқа хлораминнің 3% ерітіндісіне салып қою.
Киімнің ластанған жеріне хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған
салфетканы қою, кейін ыстык сумен жуу.
70° этил спиртіне батырылған тампонды қолға алу.
Терінің ластанған жерін тампонмен сүрту.
Тампонды қолданылған материалардарға арналған ыдысқа тастау.
Теріні сабынмен сүрту.
Теріде қалған биологиялық сұйықтықтарды асептикалық ерітіндіге
малынған тампонмен сүрту.
Тампонды қолданылған материалардарға арналған лотокқа тастау.
Қолданылған тампондарды ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісіне құйып, 60 мин. ұстау.
Лотокты дез. ерітіндіге салу.
Арнайы киімді дезинфекциядан кейін лас киімдерге арналған қапқа салып, кір жуу бөлмесіне апару.
Достарыңызбен бөлісу: |