Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей



бет55/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
Науқастың биологиялық субстратының көздің кілегей қабығына түскен
жағдайда мынадай шаралар қолдану қажет:

  1. Апаттарда қолданылатын аптечканы, антисептикалық заттарды, дистильденген суы бар ампуланы, стерильді 2 лоток, корцанг, антисептикалық ерітінділерді араластыруға аралған ыдыстарды дайындау.

  2. Пипеткалары бар крафт-пакетті, крафт-пакеттегі таңу материалдарын, антисептикалық ерітінділерді араластыруға аралған ыдыстарды, көзді жууға арналған ундинканы алу, лотокқа шығарып қою.

  1. Калий перманганаты бар пакетті ашу және дистильденген суы бар ампуланы дайындау.

  1. Араластыруға арналған ыдысқа 0,005 г калий перманганатын салып, 10 мл стерильді дистильденген су құю. Бұдан 0,05% ерітінді алынады.

  2. Ыдысты тығындап, антисептикалық зат ерігенше шайқау керек.

  3. Ундинкаға 0,05 % калий перманганаты ерітіндісін кұйып, көзді жуу.

  4. Көзді жуу.

  5. Ундинканы алу.

  6. Крафт-пакеттегі стерильді салфетканы алып, көзді көздің сыртқы бұрышынан мұрынға бағыттап сүрту.

Ескерту: Қолданылған көз пипеткаларын 2% содалы ерітіндіде 15 мин немесе
дистильденген суда 30 мин қайнатады. Қолданылған марля тампондарды хлораминнің 3% ерітіндісінде 60 мин дезинфекциялайды.


Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге
жұғуы кезінде істеу қажет:

  1. Стерильді 2 лотокты, стерильді корнцанг, апат кезінде қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Аптечкадан таңу материалдары бар крафт-пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Аптечкадан 70° спирт немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісін алу.

  4. Стерильді марля шарикті 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісіне батырып, бет терісінен және еріннен науқастың биологиялық субстратын шымшып алу. Қолданылған таңу материалын лотокқа тастау

  5. Бет терісін және ерінді 70° спиртке немесе калий перманганатының
    0,05 % ерітіндісіне батырылған стерильді марля шарикті қайта өңдеу.

  6. Ауыз қуысын 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісімен шайқау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет