Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет53/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
med is neg 2k kz (1)

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

  • Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз

  • Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі

  • Залалсыздандыру дегеніміз не?

  • Залалсыздандыруды өткізу шарттары



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:

  • Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары

  • Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.

  • Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті

  • Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет

  • Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау

Құрал-саймандармен жұмыс істеу кезіндегі болатын травматизмнің жиі кездесетін себептері:



  • кесетін құрал-саймандарды дұрыс қолдана алмау, бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізіп қою, егудің дұрыс техникасын білмеу; нэтижесінде саусақтарын кесіп, ине шаншып алу;

  • биологиялық сұйықтықтармен дүрыс сақтап жұмыс істеу нәтижесінде, киімге, терісіне, бет, ерніне, көздің, мұрынның кілегей қабығына түсуі.

Диагностика, емдеу манипуляцияларында, операция уақытында алған медицина қызметкерлерінің барлық жарақаты медицина қызметкерлері травматизмін тіркеу журналына енгізіледі. Жеке басының қорғану тосқауылдарын қалай жүзеге асыру, сақтану шараларын күшейту мақсатында әрбір болған травматизм зерттеліп отырады, эр травматизмде шұғыл көмек көрсетілуі керек.


Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.
Егу бөлмесінде науқас ауруының жұқпалы екендігін білу мүмкін емес, сондықтан ҚР ДСМ 26.11.2002ж шыққан № 1050 «Республикада вирусты гепатит ауруын азайту шаралары жөнінде» бұйрығында көрсетілген сақтану ережелерін қолдану керек.

  1. Жұмыста мүмкіндігінше 1 рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану жөн.

  2. Құрал-саймандарды «Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері» №9-01-001-76 СанПиН; «Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру жэне дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар» СПИД №2 1989ж БДЦСҮ инструкциясына сәйкес өңдеу.

  3. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтықтарын жұқтырып алмау үшін барлық манипуляцияларды резеңке қолғап (латексті), маска, алжапқыш киіп жасау және қасында тағы бір маман болуы керек.

  4. Жөкемен (щетка) қолды жууға болмайды.

  5. Бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізбеу керек. Оларды бөлек-бөлек шприцпен бірге арнайы қорапшаға салып жағады.

  6. Қан және де биологиялық сұйықтықтармен ластанған кұрал- саймандарды
    дез. ерітіндімен жуғаннан кейін ғана бөлшектеу керек.

  7. Шприц, пробирка, мақта тампондарын дезинфекциялау үшін жұмыс орындары жаңа дайындалған дез. ерітінділермен қамтамасыз ету керек.

  8. Егу кабинетінде апаттарда қолданылатын аптечка (Анти-СПИД) болуы керек.

  9. 3ертханаға жіберілетін жолдама бланкілерін пробирканың сыртқы жағына жапсыру керек.

Адамның иммунтапшылық вирусына (ВИЧ) күдікті биологиялық сұйықтықтарға жатады:
Қан және оның компоненттері; жұлын (цереброспинальды) сұйықтығы;
ұрық сұйықтығы.
• ана сүті; қынап бөлінулері; зәр; сілекей; көз жасы; нәжіс.
Науқастың қаны және басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы берілетін вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қаупі бар жерлердегі медбике жұмысының
ерекшелігі.
Жұмыс істеп жатқанда, медбикенің қолына, көзінің, мұрынының кілегей қабығына, бетіне, киіміне биологиялык заттар түскен жағдайда, апат кезіндегі қажетті аптечканы қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет