Курс саясаты.
«HR менеджмент» пәні бойынша 15 апта ішінде аралас оқыту жүргізіледі. 45 аудиториялық сабақ, оның ішінде: 15 дәріс және 30 практикалық сабақ, сондай-ақ оқытушының басшылығымен білім алушының өзіндік жұмысы бойынша 15 сабақ өткізу көзделген.
Әрбір дәріс және практикалық сабаққа студент оқытушы ұсынатын дәрістер, бейне-дәрістер, презентациялар конспектісін, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен оқу әдебиеттерін пайдалана отырып дайындалуы тиіс.
Пән бойынша оқу процесінің мониторингі үшін 2 аралық бақылау жүргізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ 2) 14 аптада. Екі аралық бақылау бойынша ең жоғары балл – 60 балды (100%) құрайды.
Табысты жұмыс істеу үшін студент студенттің академиялық адалдық саясатын сақтауы, оқу процесіне белсенді қатысуы, тапсырмаларды бақылау кестесіне сәйкес тапсырмаларды уақтылы тапсыруы қажет. Толерантты, ашық және мейірімді болыңыз. Студенттің мінез-құлқы университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келуі керек.
Академиялық алдау мен бұзушылыққа әкелетін мінез-құлыққа қатаң тыйым салынады. Университеттің төзімсіздік саясаты Академиялық алдаудың барлық түрлеріне бағытталған. Төзімсіздік саясаты үй жұмысын дайындауға, жазбаша жұмыс жазуға, тапсырмалар, баяндамалар, презентациялар, тәжірибе туралы есептер дайындауға, емтихандардың барлық түрлерін тапсыруға, бітіру біліктілік жұмыстарын (жобаларын) және магистрлік диссертацияларды (жобаларды) жазуға, сондай-ақ сабақтарда бағалауға қолданылады.
Егер теориялық немесе практикалық сипаттағы белгілі бір мәселені түсінуде қиындықтар туындаса, студент мұғалімге жүгінеді және оларды ОБӨЖ сабақтарында талқылай алады.
1
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері
|
"HR менеджмент" пәнін игерудің мақсаты - білім алушылардың адам ресурстарын басқару және оның дамуы бойынша теориялық және әдіснамалық білімдерін және адам ресурстарын басқару технологияларын қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
" HR менеджмент " пәнін оқытудың міндеттері:
- ұйымдағы адам ресурстарын басқару процесінің мәні мен мазмұнын игеру;
- ұйымдағы адам ресурстарын басқарудың ұғымдық аппаратын меңгеру;
- ұйымның басқару жүйесіндегі персоналды басқарудың орны мен рөлін бағалау;
- персоналды басқару әдістерін зерделеу, пайдалану дағдысын қалыптастыру.
|
2
|
Сағат саны
|
Лекция - 15 сағат
Практикалық сабақтар - 30сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)-90 сағат, (соның ішінде ОБӨЖ – 15 сағат)
Барлығы - 150 сағат.
|
3
|
Оқыту нәтижесі
|
Білуі керек:
- HR-менеджментінің мақсаттары мен міндеттері;
- жалпы ұйымды басқарудағы адам ресурстарын басқарудың рөлі мен орны және оның ұйымның стратегиялық міндеттерімен байланысы;
– HR - менеджменттің негізгі әдістері мен функциялары;
- менеджмент мектептерінің персоналды басқару теориясының дамуына әсері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |