Жұмыс Пән мұғалімі: Тұрманова. А. Ж


Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей



бет7/12
Дата19.05.2022
өлшемі160.32 Kb.
#457936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дараынды бала

Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
•Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадым;
•Жан-жақты ақпаратты қабылдауын
•Коммуникативті бейімділігін
•Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін;
•Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы
Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарладым:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құрдым;
2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасадым;
3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал еттім;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрдым;
5.Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керектігін анықтадым;
1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құрылды.
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.
Олар: - Ата-аналар күндерін ұйымдастыру;
-Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталды, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылды.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Өзімнің іс-тәжірибемде оқушылардың дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша психологпен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды. Нәтижесінде 0-5 ке дейінгі бағамен бағалау бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетілді. Қатысқан баланың ата-аналар саны-25
Таблица №1. Оқушылардың дарындылығын бағалау картасы.
(ата-ана көзқарасымен)



Сапасы

Бағасы

1

Білімпаздық

«5» - 15, «4»-10

2

Туындаған мәселелерге аса сезімталдық

«5» - 10, «4»-15

3

Болжай жасай алу қабілеті

«5» - 12, «4»-10, «3»-3

4

Сөздік қоры

«5» -14, «4»-8, «3»-3

5

Бағалау қабілеттілігі

«5» - 12, «4»-10, «3»-3

6

Өнертапқыштық

«5» - 7, «4»-9, «3»-6

7

Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі

«5» - 12, «4»-10, «3»-3

8

Табандылық

«5» - 13, «4»-7, «3»-5

9

Перфекционизм

«5» - 8, «4»-10, «3»-7

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, жұмыс істеу қарқындарын ескере отырып, сыни ойлау жобасы бойынша білім беру өнімді жұмыстардың бірі болып саналады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын жүзеге асыру барысында қала, облыс көлемінде семинарлар ұйымдастырылып, мұғалімдердің іс – тәжірибелері таратылуда.


Оқушы потенциалын ашуда, білім көзіне өзі жетуге бағыт – бағдар беруде « Зерде » оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы дұрыс жолға қойылған. « Зерде » оқушылардың ғылыми қоғамы – бұл ғылыми – зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі. Ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың білімге, ғылымға ұмтылысы ерекше. Биылғы жылдың өзінде ғылыми жобамен айналысып жүрген бүлдіршіндер зерттеу жұмыстарын ортаға салып, жаңалыққа жаны құмар жас ғалымдар екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың беталыстары басқа да оқушылар үшін үлгі - өнеге болары сөзсіз.
Соңғы 3-4 жылдың ішінде бастауыш сатыда болып жатқан үлкен өзгерістердің бірі – пәндік оқыту жүйесі. 3-4 сынып оқушыларын өз пәнін жетік меңгерген, шығармашыл ұстаздар білім нәрімен сусындатуда. Оқушыларды даралап, саралап оқытудың оң нәтижесін жыл сайын ұйымдастырылып отырған қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардан аңғаруға болады:
Барлық жаңа технологиялардың алдымен қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше жан – жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру – мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылардың дарындылығы соңғы жылдары өткізіліп келе жатқан Ақыл-ой олимпиадасы оқушылардың дарындылық қабілеттерін анықтауда көп мүмкіншілік беріп, нәтижесін көруге көмектеседі. 2009-2010 оқу жылында өткен қалалық олимпиадаға мектебімізден барған 18 оқушыдан құрылған топ командалық І орынды, жоба қорғауда Іорынды иеленсе пәндік кезеңде 6 пәннен барған 18 оқушының барлығы 100% жүлделі орынға ие болды. Бұл дегеніміз жүргізілген жұмыстар мен нақты зерттеулер нәтижесі.
“...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Плутарх [5;5 ]
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. [6:1] Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.

2. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.

3. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М., 1972.

5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М., 2000.

6. Границкая А.С. Научить думать и действовать. - М., 1991.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет