Қазан айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орындалу
тур. белгі
|
1
|
Мұғалімдер мен ата-аналарды дарындылық диагностикасымен таныстыру
|
Диагностика әдістемелерімен таныстыру
|
Диагнос
тика
|
Сынып жетекшілері
психологтар
|
Ата-аналар жиналысында
|
|
2
|
Республикалық интеллектуалды марафон ойындарына оқушыларды қатыстыру
|
Оқушылардың табиғи интеллектуалды қабілеттерін дамыту
|
Тізімін дайындау
|
Тұрғыналиев.
Б.А
ДҒӘТж ор-ы
|
ӘБ
|
|
3
|
Оқушыларды жаратылыстану пәндері бойынша президенттік тестке қатыстыру
|
Арнайы шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту
|
Тест алу
|
Тұрғыналиев.
Б.А
ДҒӘТж ор-ы
|
ӘБ
|
|
4
|
Мектеп пән олимпиадасына даярлық
|
Дайындық жұмыстарын жүргізу
|
Бақылау жұмыс
|
Тұрғыналиев.
Б.А
|
ӘБ
|
|
Қараша айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орындалу
тур.белгі
|
1
|
Халықаралық интеллектуалды ойындарға оқушыларды қатыстыру
|
Оқушылардың табиғи интеллектуалды қабілеттерін дамыту
|
Дайындық
жүргізу
|
Тұрғыналиев.
Б.А
|
ӘБ
|
|
2
|
Ғылыми жобаларды жасау, кеңес беру,жобаларды алдын ала рәсімдеу
|
Оқуға және өздігінен білімін арттыруға деген ынтасының берік болуын дамыту
|
Бағдар беру
|
Ғылыми жетекші
|
Бірлестік
отырысы
|
|
3
|
Пән олимпиадасының І кезеңін өткізу
|
Оқушылардың кәсіптік бейіміне, болашақ мамандығын таңдауына бағыттау
|
Қорытынды шығару
Бақылау жұмыс
|
Тұрғыналиев.
Б.А
|
ӘБ
|
|
Желтоқсан айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қарал-ды?
|
Орындалу
тур.белгі
|
1
|
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің тәжірибе алмасуы
|
Ғылыми зерттеулерді талдау мен сыни ойлауды қалыптастыру
|
Пікір алмасу
|
ДҒӘТж ор-ы
және
Пән мұғалімі-
дері
|
Кеңес отыры-сы
|
|
|
2
|
Пән олимпиадасының ІІ кезеңіне дайындық
|
Оқушылардың білік, білім дағдыларын дамыту
|
Дайындық жұмыстарын жүргізу
|
Пән мұғалімі
|
Әдістемелік
бірлестік
|
|
3
|
Сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.
Химиялық және
Биологиялық
Қызықты тәжірибелер.
|
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, табандылығын, дербестігін арттыру
|
Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Пән мұғалімі
|
Оқу сыныбында
|
|
Қаңтар айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қарал-ды?
|
Орындалу
тур.белгі
|
1
|
Ғылыми жоба жұмыстарының жүргізілуін дамыту
|
Өздігінен білім алу және ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын жетілдіру
|
Зерттеу,
талдау
|
Ғылыми жетекші
|
Оқу сыныбында
|
|
2
|
Пән олимпиадасының ІІ кезеңі
|
Оқушыларды қатыстыру
|
Тексеру,
талдау
|
Тұрғыналиев.
Б.А
ДҒӘТж.орын.
|
Бірлестік
отыры-сы
|
|
3
|
19-ғасырдың ойшыл химиктері
|
Ұлы химиктердің өмірі мен қызметін зерделеу
|
Семинар
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
|
Бірлестік
отырысы
|
|
Ақпан айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орын
далу
тур.
белгі
|
1
|
Мектепішілік «Жүзден жүйрік»ойынын өткізу
|
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
|
Ойын-сайыс
|
ӘБ
|
ӘБ
|
|
2
|
Олимпиаданың ІІІ кезеңіне (облыстық)
дайындық
|
Арнайы шығармашылық қабілеттерін дамыту
|
Тест жұмыстары
|
Пән мұғалімдері
|
ӘБ
|
|
3
|
«Жас ғалым» республикалық ғылыми конференциясына, түрлі деңгейдегі форумдарға қатыстыру
|
Ғылыми-зерттеу қызметіне бейім оқушыларға қолдау көрсету
|
Баяндама, реферат,пікір алмасу
|
Ғылыми жетекшілер
|
Кеңес отырысы
|
|
Наурыз айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орын
далу
тур.
белгі
|
1
|
Олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатыстыру
|
Байқампаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
|
Нәтижелерін талдау
|
Пән мұғалімі
Және
ДҒӘТ ж.ор-ы
|
Әдістеме кеңесі
|
|
2
|
Мектепішілік ғылыми жоба байқауына қатысу
|
Оқушыларды күші жетерлік жұмыстарға тарту
|
Өзін-өзі бақылау тәсілдері
|
Пән мұғалімі
|
Кеңес отырысы
|
|
3
|
Әдеби іс шаралар өткізу:мерекелер, кештер.
|
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, табандылығын, дербестігін арттыру
|
Кеш ұйымдаст-
ыру
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Пән мұғалімі
|
Кеңес отырысы
|
|
Сәуір айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орын
далу
тур.
белгі
|
1
|
Дарынды оқушылардың резервтерін дайындау
|
Шығармашылық қабілеттерін анықтау
|
Сауалнама
|
Мектеп психологтары
Пән мұғалімі
|
Әдістеме кеңесі
|
|
2
|
ОҒҚ оғамының
отырысын өткізу
|
Байқаулардың, жарыстардың, пән олимпиадаларының қорытындыларын шығару
|
Нәтижелерін талдау
|
ОҒҚ жетекшісі,
Пән мұғалімі
|
ОҒҚ отырысы
|
|
Мамыр айы
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мақсаты
|
Жұмыс түрі
|
Жауапты
|
Қайда қаралды?
|
Орын
далу
тур.
белгі
|
1
|
«Өнерлі өрге жүзер» ән-би байқауын өткізу
|
Шығармашылық қабілеттерін дамыту
|
Байқау
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
|
Бірлестік және кеңес отырысы
|
|
2
|
ОҒҚ қорытынды отырысын өткізу
|
Жұмысты талдау, жаз уақытындағы жұмысты жоспарлау
|
Талдау,
жоспарлау
|
ОҒҚ жетекшісі
Және
Пән мұғалімі
|
ОҒҚ
отырысы
|
|
3
|
Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың қорытындысы
|
Оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау
|
Нәтижелерін талдау
|
Тұрғыналиев.
Б.А
|
Бірлестік
Отырысы
және
кеңес
отырысы
|
|
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы керек.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. [1;2 ]
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;
•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты.Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. [2;3] Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет. Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргіздім:
-Оқушының креативті ойлауына;
-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;
-Оқушының толеранттылығына;
-Оқушының интуициясына;
-Ол лидер ме ?
-Өзін оқымысты деп бағалай ма?
-Оқушының қызығушылығы;
-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;
-Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігін анықтадым. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймын.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады .[3;4 ]Өз тәжірибемде төмендегідей ережелерді басшылыққа алдым.
· оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
· Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
· Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
· Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
· Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
· Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
· Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы қажеттігін түсіндім. [4;4 ] Ол үшін өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.
· оқушы дарындылығының моделін білу;
· қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
· дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
· дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймын.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
· дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
· дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
· оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
· дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
· дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
· дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтадым.
Достарыңызбен бөлісу: |