шыны жгутке және каолин құрамды орама материал талькіне қойылатын технологиялық талаптарды;
парақты шыны пластик сұрыптылығы мен мөлшерін;
кесу сапасына қойылатын талаптарды;
өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.
47. Таспаларды құрастырушы
Параграф 1. Таспаларды құрастырушы, 2-разряд
255. Жұмыс сипаттамасы:
таспаларды белгі мөлшері бойынша бенлгілі бірізділікпен құрастыру, картон қораптарға галеттерді толтыру, оларды бандерольге құрастыру;
металданған шыны талшығынан жасалған галеттерді техникалық шарттарға сәйкес қағаз тапталарға салу;
талшықты дипольдердің белгілі бір санына дәлме дәл салу және оларды контейнерге құрастыру, таспаларды жинау және бақылауға тапсыру.
256. Білуге тиіс:
өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін; жинақталатын бұйымдардың барлық түрлеріне арналған техникалық шарттарды;
таспаларды, қораптарды, бандерольдерді контейнерлерді құрастыруға қойылатын талаптарды, олардың нормалиларын, таспа жасауға кететін негізгі және қосалқы материалдарға арналған мемлекеттік стандарттарды.
48. Шыны талшығын жентектеуші
Параграф 1. Шыны талшығын жентектеуші, 2-разряд
257. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты дайындамаларды жентектеу процесін біліктігі анағұрлым жоғары жентектеушінің басшылығымен жүргізу;
пресс - қалыптарды, пресс-пештерді және күйдіру пештерін дайындау;
аспаптардың жұмысын қадағалау.
258. Білуге тиіс:
жентектеу мен күйдірудің температуралық режимдерін;
пресс-қалыптарды, пресс-пештерді және күйдіру пештерін жұмысқа дайындау ережесін;
пресс-қалыптардың, пресс-пештердің және күйдіру пештерінің нысанын және олар туралы негізгі деректерді.
Параграф 2. Шыны талшығын жентектеуші, 3-разряд
259. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты дайындамаларды жентектеу және престеу процесін вакуумді емес пеште жүргізу;
шыны талшық дайындамаларын күйдіру;
температура режимін реттеу;
жабдықтың үздіксіз жұсыс істеуін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау;
шыны талшықты штабиктерден фокондарды суырып тарту.
260. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және жұмыс принципін;
шыны талшықты дайындамаларды жентектеу және престеуді технологиялық процесін;
жентектелетін дайындамалардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін.
261. Жұмыс үлгілері.
1) диаметрі 60 мм дейінгі бұйымдарды алуға арналған шыны талшық дайындамалары - жентектеу және күйдіру;
2) диаметрі 20 мм дейінгі фокондар – тарту.
Параграф 3. Шыны талшығын жентектеуші, 4-разряд
262. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты дайындамаларды жентектеу және престеу процесін вакуумді пеште жүргізу;
технологиялық режим параметрлерін бақылау және реттеу;
дайын өнімдерді күйдіру процесін жүргізу;
технологиялық журналға жазба жүргізу.
263. Білуге тиіс:
қызмет ткөрсететін жабдықтың құрылымын;
процесті реттеу ережесін;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
брапктың түрлерін және оларды жлю мен алдын алу тәсілдерін.
264. Жұмыс үлгілері.
1) диаметром 60 мм жоғары бұйымдарды алуға арналған шыны талшық дайындамалары - жентектеу және күйдіру;
2) талшықты-оптикалық пластиналар – күйдіру;
3) диаметром 20 мм жоғары фокондар – тарту.
Параграф 4. Шыны талшығын жентектеуші, 5-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:
жарық өткізгіштерді бағдарламалық басқарылатын арнаулы пресс-пештерде жентектеу процесін жүргізу;
пресс-қалыпта үлгілерді құрастыру;
кесу үшін бөліп кесу станогын дайындау;
бұйымдарды ұсақ үлгілерген кесу;
жылтыратуға арналған абразивті ерітінді жасау;
пластина сыртқы бетін жылтырату.
266. Білуге тиіс:
жентектеудің технологиялық процесін;
қызмет көрсететін учаске қондырғысының құрылымын;
дайын өнім сапасының өңдеу режиміне тәуелділігін;
вакуумді техника негіздерін.
49. Оптикалық сипаттамаларды алушы
Параграф 1. Оптикалық сипаттамаларды алушы, 2-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық сипаттамаларды алу және талшықты-оптикалық пластиналар мен жгуттарды механикалық сынауды біліктілігі анағұрлым жоғары алушының басшылығымен жүргізу;
бұйымдарды орнату және бекіту, микроскопты бұйымның қажетті бетіне фокустеу;
аспаптар мен қондырғыларды желіге қосу және ажырату,
оптикалық сипаттамаларды бұйымның паспортына жазу.
268. Білуге тиіс:
жарық өткізгіштердің нысаны мен қолданылуын;
шыны талшықты бұйымдардың қысқаша механикалық және оптикалық сипаттамаларын;
пайдаланылатын аспаптар мен қондырғылардың жұмыс принципін.
269. Жұмыс үлгілері:
1) жгуттар, пластиналар – арқаулары мен қабаттарының мөлшерін өлшеу;
2) жгуттар – ең төменгі радиуске сынау;
3) жгуттар, пластиналар – рұқсатты анықтау;
4) пластиналар – ақау санын есептеу.
Параграф 2. Оптикалық сипаттамаларды алушы, 3-разряд
270. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық сипаттамаларды алу және талшықты-оптикалық пластиналарды, жгуттар мен талшықтарды механикалық сынауды жүргізу;
жұмыста пайдаланылатын аспаптар мен қондырғыларды баптау;
өлшеу аумағын анықтау және оптикалық сипаттамаларды есептеу;
окуляр – микрометрдің немесе объективті ауыстыру кезінде окуляр торшасының бөлу адымын анықтау;
жоғары кернеулі қоректендіру көздерін ажырату.
271. Білуге тиіс:
электротехника, геометриялық оптика мен жарық өткізгіш оптика негіздерін;
пайдаланылатын аспаптар мен қондырғылардың құрылымым мен баптау ережесін.
272. Жұмыс үлгілері:
1) бір өзекті және көп өзекті талшықтар – беріктік шегін анықтау;
2) жгуттар мен пластиналар – жалпы және спектральдік жарық өткізуін өлшеу;
3) пластиналар – тік сызық суретінің бұзылуын өлшеу;
4) пластиналар- тік сызық суретінің мөлшерін өлшеу.
Параграф 3. Оптикалық сипаттамаларды түсіруші, 4-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:
пайдаланылатын аспаптар мен қондырғыларды талап етілетін режимдер бойынша баптай отырып оптикалық сипаттамаларын алу;
бұйымдарды айлабұйымдарға орнату және тексеру;
талшықты оптикалық пластиналардың ваккумді тығыздығы мен электр беріктігін анықтау;
галийлі ағын іздеуіштің жекелеген бөлшектерін қарау, тазалау және ауыстыру;
жарық дабылын фотопластинкаға жазу және шешу.
274. Білуге тиіс:
аспаптар мен қондырғылардың берілген дәлдігін тексеру, белгілеу және баптау тәсілдерін;
бұйымдардың микроскоптың көмегімен суретке түсіру тәсілдерін;
фотометрия негіздерін, пайдаланылатын аспаптар мен қондырғылардың принципті электр схемаларын.
275. Жұмыс үлгілері:
1) жгуттар мен пластинкалар – жарық өткізу индикатристерін және монохроматикалық ақ жарықтағы рұқсатын анықтау;
2) пластиналар – жиілік-контраст сипаттамалары мен құрылымдық шуды анықтау.
50. Шыны талшық және шыны пластик бұйымдарды түсіріп алушылар
Параграф 1. Шыны талшық және шыны пластик бұйымдарды түсіріп алушылар, 2-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:
орауды жазатын немесе айналдыратын машина топтарына қызмет көрсету;
машиналарды, тараны, патрондар мен катушкаларды бұйымды алуға дайындау;
ұршықтан жұмысталған паковкаларды алу;
ұршыққа патрондар мен катушкаларды кигізу;
түсірілген шыны жіпті әкету;
түсіру кезінде пайда болғагг үзіктерді жою, машинаны іске қосу;
ұршықтан подметкаларды алу;
машинаға май құюға және қайталап құюға қатысу;
қажет кезінде жазып ораушы мен айналдырушыға ставкаларды ауыстыруға және машинаны күтіп-баптауға, шыны жіп үзігін жоюға көмектесу;
сақиналарды майлау;
полимерленген шыны пластика бұйымдары жабдығынан қажетті құралдар мен айлабұйымдарды түсіріп алуға дайындау;
бұйымдарды жабдықтан қолмен немесе құралдың, айлабұйымның көмегімен түсіру;
қарапайым бұйымдарды бөлшектеу және құрастыру;
шыны талшығынан жасалған бұйымдарды конвейерден алу, әкету және жинау;
өнімді түрі боойынша сұрыптау;
өнім ақауларын анықтау.
277. Білуге тиіс:
өндірілетін шыны жібінің ассортиментін;
өнімді алу және қою ережесін, ораушы мен айналдырушының жұмыс тәсілдерін, машинаны күту режимін;
бұйымды түсіріп алуға арналған құрал мен айлабұйымды (бұта, лом) пайдалану ережесін;
бұйымды түсіріп алу ережесін;
шыны пластик бұйымдарға арналған техникалық шарттарды; шыны пластик бұйымдарды сақтау ережесін;
шыны талшықтан жасалған өнім ассортиментін;
жартылай фабрикат пен дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.
278. Жұмыс үлгілері:
1) банкілер, бракеттер, кнехтылар, парақтар, пластиналар, тік профилдер, рымалар, уткілер – жабдықтан түсіріп алу.
Параграф 2. Шыны талшық және шыны пластик бұйымдарды түсіріп алушылар, 3-разряд
279. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымдарды жабдықтан гидросъем немесе тельфердің көмегімен түсіріп алу;
бұйымдардың, консрукциялардың күрделі үлілерін бөлшектеу және құрастыру.
280. Білуге тиіс:
бұйымдарды түсіріп алу жолдарын, бұйымдарды түсіріп алуға арналған техникалық шарттарды;
гидросъем жүйесінің жұмыс принципін;
ірі габаритті бұйымдарды ілмектеу және стеллаждарға немесе кондуктор стапеліне ауыстыру ережесін.
281. Жұмыс үлгілері:
1) қоршамалар, есік комингстері, корпустар, палубалар, рубкалар мен қондырғылар, іргетастар, цистерналар – жабдықтан түсіріп алу.
51. Тоқымашы
Параграф 1. Тоқымашы, 3-разряд
282. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым шыны матаны, торлар мен таспаларды қайықты және қайықсыз тоқыма және таспа тоқу станоктарында шығару;
қайықтарын зарядтау және ауыстыру;
негізгі және жанама жіптердің үзіктерін жою;
негіздің үзілген жіптерін желімдеу және оларды ламельдерге, галдар мен бердоға жапсыру;
қиындыны жою және мата ақауын өңдеу;
станокты негіз салынғаннан кейін өңдеу;
технологиялық процестің үздіксіз болуын, өнімнің сапасы мен шикізаттың үнемді пайдаланылуын қамтамасыз ететін жұмыс тәсілдерін орындау;
негізгі жіптердің үзілуінің және мата ақауларының алдын алу жұмыстарын орындау, жеке жіптің тарқатылуын желімдеу, жұмысталған түбітті негіз жібіне жинау, шатасуын болдырмау;
негіз жібінің тартылуын реттеу;
келіп түскен негіздер мен жанаманың сапасын бақылау;
матаны кесіп алу және тауар валигін орнату;
матаны тауарлы валике желімдеу;
жанама паковкаларды қайықсыз тоқыма және таспа тоқу станоктарына орнату;
белгіленген режимді және станлктардың тазалау әрі майлау сапасын бақылау;
жұмыс орнын күту, тазалау және станоктарды баптау.
283. Білуге тиіс:
тоқыма және таспа тоқу станоктарының құрылымын, оның жекелеген тораптары мен механизмдерінің жұмысы мен өзара әрекетін;
полотно тоқу ассортиментін және мата мен таспа ақауларын, олардың туындау себептері мен алдын алу және жою тәсілдерін;
матаның сыныбын, жіптердің сызық тығыздығын анықтауды;
қалдықтың түрлері мен нормасын, және оны қысқарту жолдарын;
ұтымды жұмыс тәсілдерін; тоқыма станогына қызмет көрсету бағыттарын.
284. Жұмыс үлгілері:
1) шыны құрылыс торлары;
2) Т-23 үлгісіндегі шыны мата;
3) ЛЭСБ-0,25 маркалы шыны таспалар.
Параграф 2. Тоқымашы, 4-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі шыны матаны, торлар мен электротехникалық, конструкциондық және басқа да нысандардағы таспаларды барлық жүйелер мен конструкциялардағы қайықты және қайықсыз тоқыма және таспа тоқу станоктарында кешенді шыны бұрамалы және аз бұрамалы жіптер мен ровингтерді қолдана отырып шығару;
негізгі және жанама жіптердің үзіктерін жою;
негіздің үзілген жіптерін желімдеу және оларды ламельдерге, галдар мен бердоға жапсыру;
негізгі жіптердің үзілуінің және мата ақауларының а лдын алу жұмыстарын орындау, жеке жіптің тарқатылуын желімдеу, жұмысталған түбітті негіз жібіне жинау, шатасуын болдырмау;
негіз жібінің тартылуын реттеу;
негіздер мен жанаманың сапасын бақылау;
станоктарды тазалау және баптау;
біліктілігі анағұрлым төмен тоқымашыларға басшылық ету.
286. Білуге тиіс:
тоқыма және таспа тоқу станоктарының құрылымын, оның жекелеген тораптары мен механизмдерінің жұмысы мен өзара әрекетін, мата мен таспалардың ассортиментін және салу есебін;
айқасу мен сызық тарту түрлерін;
сыртқы түріне қарай шыны мата мен шыны таспаға қойылатын талаптарды;
шыны мата мен таспаның физикалық-механикалық қасиеттерін.
287. Жұмыс үлгілері:
1) Т-13; Э3-200; Э3-250; Э-125 үлгісіндегі шыны маталар;
2) ровингтен жасалған шыны маталар;
3) Э4/1-46 маркалы шыны маталар;
4) ЛЭС-010, ЛЭС-0,15, ЛЭС-0,20, ЛЭСБ-0,10, ЛЭСБ-0,15, ЛЭСБ-0,20 маркалы таспалар.
Параграф 3. Тоқымашы, 5разряд
288. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі шыны маталар мен мемлекеттік станлдарт пен техникалық ашрттар бойынша арнаулы талаптар қойылатын, жоғары берік, кремнитопырақ, кварцты, металданған жіптерден жасалған таспаларды, электротехникалық, конструкциондық және басқа да нысандардағы шыны маталарды барлық жүйелер мен конструкциялардағы, қайықсыз тоқыма және таспа тоқу станоктарында, қайықты орау жөніндегі қосымша құрылығысы бар «Рюти» станогында, Жаккард машинасы бар станоктарда, күрделі айқаспалы: декоративтік, көрһп қабатты, контурлы-профильді, шыны сымды тікелей майлауыштарда шығару;
матаның үзіктері мен мата ақауларын жою;
қайықтың және тоқу станогының ұсақ ақауларын жою, жекелеген галдарды, Жаккард машинасы бар станоктардағы аркатты ауыстыру, призмалардағы карталардың кезектілігін бақылау, айқас тоқу раппортын есепке және картаға сәйкес қалпына келтіру;
біліктілігі анағұрлым төмен тоқымашыларға басшылық ету.
289. Білуге тиіс:
тоқыма және таспа тоқу станоктарының, Жаккард машинасы бар станоктардың құрылымын, оның жекелеген тораптары мен механизмдерінің жұмысы мен өзара әрекетін: мата жібін есептеу әдістемесін, ассортиментін, айқас тоқу түрлерін;
мата мен таспа ақауларын, олардың туындау себептері мен алдын алу және жою тәсілдерін;
технологиялық шығынның түрлері мен нормасын, оларды қысқарту шараларын; ұтымды жұмыс тәсілдерін;
тоқыма станогына қызмет көрсету бағыттарын.
290. Жұмыс үлгілері:
1). А-1, А-2, ТСУ-8/3, Т, ЛА, КС-11-ЛА үлгісіндегі шыны маталар;
2) Э-25, Э-30, Э-60, Э-80, Э-100, Т-10, Т-14, Т-11 үлгісіндегі шыны маталар;
3) 0,025-тен 0,18 мм дейінгі электр изоляциялау маталары;
4) сатин арқаулы конструкциондық маталар;
5) шыны авиациялық маталар;
6) радиотехникалық, сүзгілік маталар;
7) КЛ-11, ЛФС-0,6, ЛСК-ВМ-0,1, ЛЭС-0,06х20-80, ЛЭС-0,08, ЛЭ-ВМП маркалы шыны таспалар.
52. Шыны жіпті бұйымға төсеушілер
Параграф 1. Шыны жіпті бұйымға төсеушілер, 2-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жіпті қарапайым бұйымдарға арналған дайындамаларға төсеу;
үлгіні сулау, түзеу және қондырғыға бекіту;
сулаушы ерітінділерне арналған компоненттерді дайындау.
292. Білуге тиіс:
талшықты төсеуге арналған қондырғының нысанын және жұмыс принципін, шыны жіпті бұйымдарға төсеудің ережесі мен тәсілдерін.
293. Жұмыс үлгілері:
1) ұзындығы 1 м, суреті 0,5 м дейінгі жарықты беруге арналған дайындамалар - сулау, түзеу және қондырғыға бекіту, төсеу.
Параграф 2. Шыны жіпті бұйымға төсеушілер, 3-разряд
294. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жіпті күрделілігі орташа бұйымдарға арналған дайындамаларға төсеу;
сулаушы ерітінділерді дайындау және оның концентрациясын анықтау;
сулаушы ерітінділердің берілуін реттеу;
технологическом журналға жазба жүргізу;
дистилляторды қолдану.
295. Білуге тиіс:
шыны талшықты бұйымдардың оптикалық сипаттамасын;
төсеуге арналған қондырғының нысанын және жұмыс принципін, шыны жіпті бұйымдарға төсеудің ережесі мен тәсілдерін.
296. Жұмыс үлгілері.
1) ұзындығы 1 м, суреті 0,5 м жоғары жарықты беруге арналған дайындамалар - сулау, түзеу және қондырғыға бекіту, төсеу.
Параграф 3. Шыны жіпті бұйымға төсеушілер, 4-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жіпті күрделі бұйымдарға арналған дайындамаларға төсеу;
шыны талшықты төсеуге арналған механизмді баптау;
суды тазалауға арналған ион алмастыру қондырғысына қызмет көрсету;
ион алмастыру қондырғысын регенерациялау.
298. Білуге тиіс:
дайындама сапасының талшықтың төселу ппроцесі мен геометриялық мөлшеніре тәуелділігін;
ион алмастыру қондырғысының құрылдымын және оны регенерациялау тәсілдерін;
шыны талшықты төсеуге арналған механизмді баптау ережесін.
53. Шыны балқыту ыдыстарын орналастырушы
Параграф 1. Шыны балқыту ыдыстарын орналастырушы,5-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:
шыны балқытатын платина-родийлі ыдыстың жасалу сапасы мен ток өткізу қыспаларының герметикалылығын тексеру, тоңазытқышты пешке монтаждау, футерлеу ерітінділері мен материалдарын дайындау, шыны балқыту ыдысын электр пешінің каракасына монтаждау және футерлеу;
электр пешті агрегатқа орнату, оны трансформаторға қосу, пешті кептіру және баптау;
пайдалану процесінде пеш жұмысынағы ақауларды жою;
ыдыстардың пайдалану мерзімі өткенде электр пештерді демонтаждау, жұмысталған футерлеу материалдары мен олардың ұнтағын жинау, тозаңдатылған пластинаны бөліп алу.
300. Білуге тиіс:
шыны балқытатын ыдыстың құрылымы мен оларға қойылатын техникалық талаптарды, керамикалық материалдардың қасиеттерін;
электр пешін монтаждау жөніндегі нұсқаулықты;
пештің күштік электр жабдығын пайдалану ережесін;
электр пешті баптау тәсілдерін.
Параграф 2. Шыны балқыту ыдыстарын орналастырушы, 6-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:
шыны балқытатын платина-родийлі ыдыстың жасалу сапасы мен ток өткізу қыспаларының герметикалылығын тексеру, тоңазытқышты пешке монтаждау, футерлеу ерітінділері мен материалдарын дайындау, шыны балқыту ыдысын электр пешінің каркасына монтаждау және футерлеу;
электр пешті агрегатқа орнату, оны трансформаторға қосу, пешті кептіру және баптау;
пайдалану процесінде пеш жұмысынағы ақауларды жою;
ыдыстардың пайдалану мерзімі өткенде электр пештерді демонтаждау, жұмысталған футерлеу материалдары мен олардың ұнтағын жинау, тозаңдатылған пластинаны бөліп алу;
тоңазытқышты монтаждау, демонтаждау, жөндеу, орнату, қызмет көрсету және жоғары өнімді 400 және одан да көп фильерлік ыдыстарды жұмыс режиміне шығару;
металдандырылған, кремний топырақты жоғары модульдік жәптерді, сондай-ақ тәжірибелік- эксперименталдық ыдыстарды алуға арналған шыны балқыту ыдыстарын монтаждау.
302. Білуге тиіс:
шыны балқытатын ыдыстың құрылымы мен оларға қойылатын техникалық талаптарды, керамикалық материалдардың қасиеттерін;
электр пешін монтаждау жөніндегі нұсқаулықты;
пештің күштік электр жабдығын пайдалану ережесін;
электр пешті баптау тәсілдерін.
тоңазытқышты монтаждау, демонтаждау, жөндеу, орнату, қызмет көрсету және жоғары өнімді 400 және одан да көп фильерлік ыдыстарды жұмыс режиміне шығару кезінде орта арнаулы білім талап етіледі.
54. Фильерлік пластиналарды орнатушы
Параграф 1. Фильерлік пластиналарды орнатушы, 4-разряд
303. Жұмыс сипаттамасы:
шыны балқыту пештерінің жұмысы процесінде фильерлік пластиналарды ауыстыру;
фильерлік пластиналарды ауыстыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу;
жұмысталған пластиналарды алу және жаңасын орнату.
304. Білуге тиіс:
шыны балқыту пештерінің құрылымын және жұмыс істеп тұрған пештегі фильерлік пластиналарды дайындау және ауыстыру ережесін.
55. Бөлуші және декоративтік қабаттарды қалыптаушы
Параграф 1. Бөлуші және декоративтік қабаттарды қалыптаушы, 2-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:
бөлуші және декоративтік жабындарды қабаттарды салуға арналған жабдықтың жұмыс бетін дайындау (сүрту, бензинмен майсыздандыру);
бөлуші және декоративтік қабаттарды күрделі емес жабдыққа поролонның, қылқаламның, пульверизатордың және арнаулы қондырғының көмегімен берілген қалыңдықта жағу.
306. Білуге тиіс:
бөлуші және декоративтік жабындарды жағу тәсілдерін;
бөлуші және декоративтік қабаттардың құрамы мен арақатынасын;
жабдықтың жұмыс бетінің сапасына қойылатын талаптарды;
бөлуші және декоративтік қабаттардың дайындық деңгейін анықтауды;
құралды пайдалану ережесін.
307. Жұмыс үлгілері:
1) көлденең банкілер, қоршамалар, қақпақтар, күрделі емес корпус жиынтығы, пластина жасауға арналған жабдық, серуендеу қайығының палубасы, бұрыштық, таврлық профилдер, аккумулятор жәшіктері - бөлуші және декоративтік қабаттарды жағу.
Параграф 2. Бөлуші және декоративтік қабаттарды қалыптаушы, 3-разряд
308. Жұмыс сипаттамасы:
бөлуші және декоративтік жабындарды қабаттарды салуға арналған жабдықтың жұмыс бетін дайындау;
бөлуші және декоративтік қабаттарды күрделі жабдыққа тербелмеден және көпіршеден поролонның, қылқаламның, пульверизатордың және арнаулы қондырғының көмегімен берілген қалыңдықта жағу;
жабдықтағы ақауларды жою;
тозаңдату құрылғысын баптау және реттеу.
309. Білуге тиіс:
пульверизаторлардың түрлерін;
бөлуші және декоративтік жабындарды кез келген жағдайда жағу тәсілдерін;
жабдықтың жұмыс бетінің сапасына қойылатын талаптарды;
бөлуші және декоративтік қабаттардың дайындық деңгейін анықтауды;
өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды;
бұйымдағы ақауды жою жолдарын.
310. Жұмыс үлгілері:
1) қондырмалар, сыртық және ішкі ыдыстардың корпусын жасауға арналған жабдықтар, палубалар, рубкалар, іргетастар - бөлуші және декоративтік қабаттарды жағу.
56. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы
Параграф 1. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 1-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:
композиционды материалдардан жасалған қарапайым конфигурациялы шыны пластик бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау;
жабдықтың жұмыс бетін дайындау (бөлуші қабат қалдығынан, байланыстырғыштан, ластан тазарту, жабдықты жуу);
шыны матаны алдын ала қолмен сіңірмелеу;
құралдар мен қалыптау кезінде қолданылатын ыдыстарды ыстық сумен жуу;
оларды кептіру шкафында кептіру.
312. Білуге тиіс:
жұмысты орындаудың тәртібі мен жолдарын, байланыстырғыштың нысаны мен құрамын, шыны толтырғыштың түрлерін, бөлуші және декоративтік қабаттардың нысанын.
Параграф 2. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:
композиционды материалдардан жасалған қарапайым конфигурациялы шыны пластик бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен контактілі әдіспен немесе күрделі бұйымдарды: контактілі, шыны мата пакеттерін көлденең салып вакуумды және гравитациялық пресстеу әдістерімен қалыптау;
бөлуші және декоративтік жабындарға арналған қоспаларды берілген рецепт бойынша дайындау;
жабдықтың бетіне қабаттарды қолмен немесе пистолетпен жағу;
күрделі емес жиынтықты қалыптау;
тозаңдатылған қабатты контрукцияға біліктілігі анағұрлым жоғары жеткізушінің басшылығымен жеткізу;
шыны матаны жабдыққа төсеу;
байланыстырғышты шыны матаға ауа көпіршігіне және байланыстырғыштың ағуына жол бермей, қолмен біркелкі тегістеп салу;
шыны матерталдардан жасалған қарапайым бұйымдарды орнында шаблон бойынша белгілеу.
314. Білуге тиіс:
бұйымды қалыптау процесін және вакуумді қалыптау кезінде қысу құрылғысының нысанын, шайырдың, жылдамдатқыштың, катализаторлар мен шыны толтырғыштардың қасиеттерін, бөлуші және декоративтік жабындардың арақатынасын, желімдердің (эпоксидті компаундардың) түрлерін;
Достарыңызбен бөлісу: |