қондырғысының операторы, 4-разряд
189. Жұмыс сипаттамасы:
шыныпластик конструкцияларды жекелегенқондырғыларда жасаудың технологиялық процесін жоғары разрядты оператордың басшылығымен жүргізу;
жабдықты дайындау, бөлуші және декоративтік жабынды түсіру, сіңірмелеу, шыны матаны, полимерлеу камерасын, гидротүсіргіні жинау, бөліктерді, жуу және бояу боксын пенополиуретанмен толтыру, есу винті бар, гидротежегішті қозғағышты сынау және тағы басқа;
технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен шикізаттың талдау нәтижелері бойынша реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылық себептерінің алдын алу және жою;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою;
өндірістік журналға көрсеткіштерді жазу.
190. Білуге тиіс:
шыныпластик конструкцияларды жасау технологиялық технологиясын;
режимді реттеу ережесін, дайын өнімге арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, жабдықтың құрылымын;
қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін;
алынған ақпаратты өңдеу ережесін.
Параграф 2. Шыныпластик конструкцияларды жасау
қондырғысының операторы, 5-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:
шыны пластиктен жасалатын конструкцияларды автоматпен жабдықталмаған, басқару пульті бар арнаулы қондырғыларда жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
ондырғының барлық тораптарының жұмысын үйлестіру және бақылау: жабдықты дайындау, бөлуші және декоративтік жабынды түсіру, сіңірмелеу, шыны матаны, полимерлеу камерасын, гидротүсіргіні жинау, бөліктерді, жуу және бояу боксын пенополиуретанмен толтыру, есу винті бар, гидротежегішті қозғағышты, корпусты құю арқылы сынау сынау және тағы басқа;
қондырғыны электронды басқару пультінен қосу;
технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен шикізаттың талдау нәтижелері бойынша реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылық себептерінің алдын алу және жою;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою;
көрсеткіштерді қөндірістік журналға жазу;
біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.
192. Білуге тиіс:
шыныпластик конструкцияларды жасау технологиялық технологиясын; режимді реттеу ережесін, дайын өнімге арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, жабдықтың құрылымын;
қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін;
көрсетілген режимдер бойынша бағдарлама әзірлеу әдістемесін;
алынған ақпаратты өңдеу ережесін.
Параграф 3. Шыныпластик конструкцияларды жасау
қондырғысының операторы, 6-разряд
193. Жұмыс сипаттамасы:
шыны пластиктен жасалатын конструкцияларды автоматпен жабдықталған, бағдарламалық басқарылатын арнаулы қондырғыларда жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
қондырғының барлық тораптарының жұмысын үйлестіру және бақылау;
қондырғыны басқару пультінен қосу;
технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен шикізаттың талдау нәтижелері бойынша реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылық себептерінің алдын алу және жою;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою;
көрсеткіштерді қөндірістік журналға жазу;
біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.
194. Білуге тиіс:
шыныпластик конструкцияларды жасау технологиялық технологиясын;
режимді реттеу ережесін, дайын өнімге арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, жабдықтың құрылымын;
қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін;
көрсетілген режимдер бойынша бағдарлама әзірлеу әдістемесін;
алынған ақпаратты өңдеу ережесін; әртүрлі типтегі реттеуіштері бар (үш позиционды, пневматикалық, изотроптық, реостатты задатчиктермен электрлі реттеу және тағы басқа) автоматты электр көпірлердің жұмыс принципін.
195. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
36. Шыны жгуттарды өруші
Параграф 1. Шыны жгуттарды өруші, 1-разряд
196. Жұмыс сипаттамасы:
сепаратор пластиналарын кептіруге арналған арнаулы рамкаларды арнаулы жіптерден қолмен торлап өру.
197. Білуге тиіс:
рамкаларды өру тәсілдерін, өрме сапысына қойылатын талаптарды, шығарылатын бұйымға қойылатын техникалық шарттарды, өру жолдарын.
Параграф 2. Шыны жгуттарды өруші, 2-разряд
198. Жұмыс сипаттамасы:
сепаратор пластиналарын кептіруге арналған арнаулы рамкаларды арнаулы жіптерден станоктарда метал сыммен өру немесе шыны жгуттарды жіппен және қағаз таспамен өру станогында өру;
жгуттарға арналған шыны талшығын бөліп жаю және калибрлеу;
станоктың айналу жылдамдығын және өрме адымын реттеу;
жіп пен қағаз таспаны салу;
станокті тазалау және күту.
199. Білуге тиіс:
рамкаларды өру тәсілдерін, өрме сапысына қойылатын талаптарды;
өру станогының құрылымын;
шығарылатын бұйымға қойылатын техникалық шарттарды, өру жолдарын.
37. Шыны матаны қайта ораушы
Параграф 1. Шыны матаны қайта ораушы, 3-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:
шыны матаны тоқу-тігу машиналарында тігуге дайындау; шыны мат орамын жазу, оны ағаш валиктен тауарлы валикке (метал) қайта орау, қайта оралған шыны мата орамын тоқу-тігу машиналарында тігуге беру; тоқымашыға шыны матаны тігу машинасының транспортеріне орналастыруға көмектесу;
шыны матаны өлшеу үстелінде мемлекеттік стандарт пен техникалық шарттарға сәйкес келетін белгілі бір ұзындықтағы кесінділерге өлшеу, тауарлы валиктен ағаш валикке қайта орау;
шыны матаның сапасын сыртқы түріне қарай тексеру;
буып түю үшін қаптарды дайындау;
шыны матаны буып-түю, таңбалау.
201. Білуге тиіс:
шыны матаны тігудің технологиялық процесінің жалпы схемасын;
өлшеу үстелінің құрылымы мен жұмысын;
шыны матаның негізгі қасиеттерін; шыны матаға мемлекеттік стандар бойынша қойылатын талаптарды;
шыны мата ақауларының түрлерін; шыны матаны мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін белгілі бір ұзындықтағы кесінділерге өлшеу ережесін,
таңбалау талондарын толтырудың тәртібін; жұмыс тәсілдерін.
38. Шыны талшығын балқытушы
Параграф 1. Шыны талшығын балқытушы, 4-разряд
202. Жұмыс сипаттамасы:
каолин құрамды отқа төзімді шыны талшығын жасауға арналған арнаулы агрегаттың электр доғалы пешінде шихтаны балқыту;
толтырма шихтаны электр доғалы пешінің балқыма бетінде тарақтың көмегімен таратып салу, шихтаны балқыту;
балқыма мен қойылған балқыма массасынан электрод сынықтарын алу, пештің гарнисажаын, балқыма тереңдігін бақылау, электроды қатй жіберу, электр пеші механизмдерін тазарту;
пештің механизмдері мен коммуникацияларының жұмысын бақылау және реттеу;
балқыманың үрлеуге дайындығын анықтау.
203. Білуге тиіс:
балқыма режимін;
балқытудың технологиялық процесін;
электр доғалы пеш жабдығының құрылымы мен жұмыс принципін;
электр доғалы пештің күштік жабдығының схемасын;
пешті басқару ережесін;
шикізат материалдарының, электродтардың сипаттамасын;
қауіпсіз жұмыс ережесін.
39. Шыны талшық материалдарды жапсырушы
Параграф 1. Шыны талшық материалдарды жапсырушы, 3-разряд
204. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшық материалдарды жапсыру процесін жүргізу;
жапсыру конвейерінің жұмысын, шыны матаның біркелкі берілуін және шыны матаның шайырмен сіңірмеленуін қадағалау;
конвейердің үстіңгі және төменгі транспортерлерінің жылдамдығын, кептіру камерасындағы температура режимін реттеу;
тақтаны автоматты кесу торабының жұмысын реттеу;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулардың алдын алу және жою.
205. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін технологиялық жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
жұмысты орындау тәсілдерін.
40. Тозаңдатылған бұйымдарды жатықтаушы
Параграф 1. Тозаңдатылған бұйымдарды жатықтаушы, 2-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жгуттың тозаңдатылған қабаттарын шағын габаритті бұйымдардың және қарапайым конфигурациялы күрделі бұйымдардың қалыптарында біркелкі тығыздау технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары жатықтаушының басшылығымен жүргізу;
жатықталған қабаттың қалыңдығын арнаулы құралдың көмегімен анықтау;
валиктерді жуу және кептіру.
207. Білуге тиіс:
тозаңдатылатын бұйымдар номенклатурасын, жатықтау тәсілдерін, армирлеу материалдарының түрлерін, байланыстырушының құрамын.
208. Жұмыс үлгілері:
1) қақпақтар,тегіс секциялар, слань, пластиналар - жатықтау.
Параграф 2. Тозаңдатылған бұйымдарды жатықтаушы,3-разряд
209. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жгуттың тозаңдатылған қабаттарын күрделі конфигурациялы бұйымдардың қалыптарында біркелкі тығыздау технологиялық процесін жүргізу;
бұйымның конфигурациясына қарай жатықтау валиктерін іріктеу;
жатықталған қабаттың қалыңдығын арнаулы құралдың көмегімен анықтау;
тозаңдатылған конструкциялардағы ақауларды жою.
210. Білуге тиіс:
тозаңдатылатын бұйымдар номенклатурасын, жатықтау тәсілдерін, жатықталған қабаттың қалыңдығын анықтау ережесін, майлауыштың ылғалдылығы мен проценттің құрамының жатықтау процесіне әсерін.
211. Жұмыс үлгілері.
1) шағын кеме корпустары, ақпа корпустары, шағын кеме палубасының корпустары, тегіс тақталар, қоршаулар және тағы басқа - жатықтау.
Параграф 3. Тозаңдатылған бұйымдарды жатықтаушы, 4-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жгуттың тозаңдатылған қабаттарын ерекше күрделі конфигурациялы бұйымдардың қалыптарында біркелкі тығыздау технологиялық процесін жүргізу;
жатықтауды бақылау үшін қарапайым геометриялық құрылымдарды сызу;
ерекше күрделі конфигурацияларды қолмен жеткеріп престеу;
біліктілігі анағұрлым төмен жатықтаушыларды басқару.
213. Білуге тиіс:
тозаңдатылатын бұйымдар номенклатурасын;
байланыстырушының құрамын;
армирлеуші материалдарды сіңірмелеу шарттарын;
жатықталған қабаттың қалыңдығын анықтау ережесін;
сызбаларды оқу ережесін.
214. Жұмыс үлгілері:
1) корпустар, рубкалар, қондырмалар, секция корпустары - жатықтау.
41. Сіңірмелеуші
Параграф 1. Сіңірмелеуші, 1-разряд
215. Жұмыс сипаттамасы:
сепаратор матиктерін байланыстырушы ерітіндімен жоғары разрядты сіңірмелееушінің басшылығымен сіңірмелеу;
сіңірмеленген матиктерді кептіру үшін конвейерге тасымалдау;
жабдықты байланыстырушыдан тазарту.
216. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін технологиялық жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
дайын өнім сапасына қойылатын талаптарды; жұмыс тәсілдерін.
Параграф 2. Сіңірмелеуші, 2-разряд
217. Жұмыс сипаттамасы:
байланыстырушы ерітіндіні дайындау;
сепаратор матиктерін байланыстырушы ерітіндімен талшықтардың дұрыс орналасуын және олардың карусель берілуін сақтай отырып сіңірмелеу;
сіңірмеленген матиктерді кептіру үшін конвейерге тасымалдау;
байланыстырушы ерітіндіні үздіксіз берілуін қамтамасыз ету;
сіңірмелеу сапасын қадағалау;
жабдықты байланыстырушыдан тазарту.
218. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін технологиялық жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
байланыстырушының қасиеттерін және оны дайындау тәсілдерін;
дайын өнім сапасына қойылатын талаптарды;
жұмыс тәсілдерін.
Параграф 3. Сіңірмелеуші, 3-разряд
219. Жұмыс сипаттамасы:
сіңірмелеу үстелін жұмысқа дайындау, целлофанды пішу, оны үстелге салу;
байланыстырушыны жұқа қабатпен целлофанның төменгі бетіне салу, шыны холст қабаттарын байланыстырушы жағылған целлофанға салу, шыны холстқа байланыстырушыны біркелкі жағу, үстіңгі қабатты төсеу және механизмдердің көмегімен немесе қолмен пакет жасау.
220. Білуге тиіс:
қолданыдатын материалдар мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;
шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;
ақаудың түрлері мен себептерін және оларды жою шараларын;
шыны холсты сіңірмелеудің тәсілдері мен технологиясын.
42. Шыны талшығы жгуттарын жұмыстаушы
Параграф 1. Шыны талшығы жгуттарын жұмыстаушы, 2-разряд
221. Жұмыс сипаттамасы:
жгуттарды қолмен белгі бойынша берілген геометриялық өлшемге дейін жұмыстау және өңдеу, жұмсарту ерітінділерін дайындау;
жарықты өткізуге арналған стандарты шыны талшық бұйымдарын жасау;
жасалатын жарық өткізгішке қабықтарды кигізу.
222. Білуге тиіс:
жгуттар мен дайындамалардың нысаны мен механикалық қасиеттерін;
жгуттарды айыру және өңдеу ережесі мен тәсілдерін, жұмсарту ерітінділерін дайындау ережесін;
қабықтарды жасау және жарық өткізгішке кигізу ережесі мен тәсілдерін.
Параграф 2. Шыны талшығы жгуттарын жұмыстаушы, 3-разряд
223. Жұмыс сипаттамасы:
жгуттарды оптикалық сипаттамалары бойынша іріктей отырып, геометриялық өлшемге дейін қолмен жұмыстау және өңдеу;
желімдеуші композицияларды жасау;
суретті беріуге арналған сатанджартты бұйымдарды жасау;
жгут сапасының сипаттамаларын технологиялық журналға жазу.
224. Білуге тиіс:
жгуттардың оптикалық қасиеттері мен сипаттамаларын;
желімдеуші композицияларды жасау ережесі мен олардың қасиеттерін;
жгуттарға арналған техникалық шарттарды;
микрометр құрылымын.
Параграф 3. Шыны талшығы жгуттарын жұмыстаушы, 4-разряд
225. Жұмыс сипаттамасы:
жгуттарды механикалық станоктардың айлабұйымдары мен айлабұйымдардың көмегімен, геометриялық өлшемге дейін белгі бойынша жұмыстау және өңдеу;
жарық өткізгіштерді блоктарға жинастыру және оларды шайырмен сіңірмелеу;
шыны талшық таспалардан өткізу қабілеті шағын жарық өткізгіштерді жасау;
жарық өткізгіштерді таңбалау.
226. Білуге тиіс:
аралап кесу станогы мен ацлабұйымдардың нысаны мен құрылымын;
нақты сипаттаманың жгуттағы талшықтардың салыну сипатына тәуелділігін;
шыны талшық таспадардың оптикалық қасиеттерін, микроскоптың нысаны мен құрылымын.
Параграф 4. Шыны талшығы жгуттарын жұмыстаушы, 5-разряд
227. Жұмыс сипаттамасы:
жгуттарды оптикалық сипаттамалары бойынша іріктей отырып, механикалық станоктардың айлабұйымдары мен айлабұйымдардың көмегімен, геометриялық өлшемге дейін белгі бойынша жұмыстау және өңдеу;
шыны талшық элементтерінен стандартты емес бұйымдар жасау;
шыны талшық таспалардан өткізу қабілеті жоғары жарық өткізгіштерді жасау;
жоғары күрделі әртүрлі бұйымдарды жасау.
228. Білуге тиіс:
жарық өткізгіштер оптикасы туралы негізгі ұғымдарды;
жарық өткізгіштерді бұйымның құрамында пайдалану шарттарын;
жарық өткізгіш қасиеттерінің материалға, талшыұқтың түрі мен қасиетіне, технологиялық режимдер мен талшықтың және одан жасалатын бұйымның жасалу жолдарына тәуелділігін.
43.. Шыны талшық орамын жазушы
Параграф 1. Шыны талшық орамын жазушы,3-разряд
229. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықтарды бобинадан жазу кезіндегі жекелеген операциядарды біліктілі анағұрлдым жоғары жазушының басшылығымен орындау және және орауды жазу машиналарында бірінші айналымды жасау;
бобиналарды орауды жазу машиналарындағы бобина ұстауышқа орнату;
жіптің үзігін желімдеу арқылы жою;
өңделген бобиналарды ауыстыру;
машиналарды тазалау, сақиналарын майлау.
230. Білуге тиіс:
орауды жазу машиналарының құрылымын;
машинаға қызмет көрсету ережесін;
брактың және үзіктің туындау себептерін;
жіптің орауын жазу тәсілдерін.
Параграф 2. Шыны талшық орамын жазушы, 4-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықтарды бобинадан жазу және орауды жазу машиналарында бірінші айналымды жасау;
бобиналарды орауды жазу машиналарындағы бобина ұстауышқа орнату және жіпті патронға іліктіру;
жіптің үзігін желімдеу арқылы жою;
өңделген бобиналарды ауыстыру;
орамды және оның сапасын қадағалау;
жүгіртені ауыстыру;
дайын өнімді алу және тапсыру.
232. Білуге тиіс:
орауды жазу машиналарының құрылымын;
клеянканың құрылымын және оған қызмет көрсету ережесін;
жазылатын шыны жіптерінің түрі мен қасиеттерін, жазу кезіндегі брак түрлерін, причины брактың және үзіктің туындау себептерін, олардың алдын алу және азайту шараларын, оларды қысқарту нормаларын, жіпті жазу тәсілдерін.
Параграф 3. Шыны талшық орамын жазушы, 5-разряд
233. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықтарды бобинадан жазу және технологиялық процесті автоматы басқаратын айналдыру машиналарында орау;
бобиналарды орауды жазу машиналарындағы бобина ұстауышқа орнату және жіпті патронға іліктіру;
жіптің үзігін желімдеу арқылы жою;
өңделген бобиналарды ауыстыру;
орамды және оның сапасын қадағалау;
машинаны тазалау, сақиналарды майлау, жүгіртені ауыстыру;
дайын өнімді алу және тапсыру.
234. Білуге тиіс:
технологиялық процесті автоматы басқаратын айналдыру машиналарының құрылымы мен нысанын; машинаны толтырудың технологиялық параметрлерін, клеянканың құрылымын;
жазу кезіндегі брак түрлерін, причины брактың және үзіктің туындау себептерін, олардың алдын алу және азайту шараларын, оларды қысқарту нормаларын, жіпті жазу тәсілдерін;
технологиялық процесті автоматты реттеу жүйесінің нысаны мен жұмыс принципін;
машинаны басқару және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;
жабдықты күтіп баптау режимін.
44. Шыны талшықты таратып салушы
Параграф 1. Шыны талшықты таратып салушы, 2-разряд
235. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты үстелдерде қабаттың берілген қалыңдығы бойынша таратып салу және созу;
салынған қабаттың қалыңдығын толщиномермен өлшеу;
шыны маттарға арналған дайындамаларды шаблон бойынша кесу және оларды тігуге тасымалдау.
236. Білуге тиіс:
шыны талшықты таратып салу және созу ережесін;
толщиномердің құрылымы мен жұмыс принципін.
Параграф 2. Шыны талшықты таратып салушы, 3-разряд
237. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты үстелдерде қабаттың берілген қалыңдығы бойынша 1 мм дейінгі дәлдікпен таратып салу және созу;
салынған қабаттың қалыңдығын толщиномермен өлшеу;
сепаратор плматиналарына арналған дайындамадаларды кесу және сумен бүрку, жіппен немесе сыммен торланған рамкаларды жеткізу;
дайындамаларды рамаға салу оларды сіңірмелеуге тасымалдау.
238. Білуге тиіс:
шыны талшықты таратып салу және созу ережесін, толщиномердің құрылымы мен жұмыс принципін;
шыны сепараторға арналған техникалық шарттарды.
45. Шыны талшықты материалдарды пішуші
Параграф 1. Шыны талшықты материалдарды пішуші, 1- разряд
239. Жұмыс сипаттамасы:
орамдағы шыны талшықты материалдарды қарапайым кесу құралын (линейканы, пышақты, қайшыны) пайдалана отырып, пішу картасына сәйкес белгілі бір ұзындықтағы полотноларға кесу;
шыны материалдарды кептіру камераларында алдын ала кептіру.
240. Білуге тиіс:
пішу және орауын жазу жолдарын;
шыны материал сұрыптарын шаблондарды, линейканы, лекалдарды пайдалану ережесін.
241. Жұмыс үлгілер:
1) тігу парақтары, қақпақтар мен басқа да қарапайым конфигурациялы бұйымдар, қалыптау шыны мата орамын пішу;
2) қалыпшаларға арналған шыны мата жолақтары - пішу.
Параграф 2. Шыны талшықты материалдарды пішуші, 2- разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты материалдарды пішу картасына сәйкес чертеждар мен шаблондар бойынша пневматикалық кесу құралын қолдана отырып пішу.
243. Білуге тиіс:
қолданылатын материалдың нысанын; шыны материалдарды тиімді пішу ережесін; пішу тәсілдерін;
қарапайым чертеждерді оқу ережесін;
шыны материалдарды сақтау ережесін.
244. Жұмыс үлгілері:
1) қатер корпусы – шыны матаны пішу;
2) қайта іріктеу - шыны матаны пішу;
3) 45°, 135° бұрышты қалыптау жолақтары - пішу.
Параграф 3. Шыны талшықты материалдарды пішуші, 3- разряд
245. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты материалдардан күрделі конфигурациялы корпустық бөлшектерді плазадан немесе орнынан салынған чертеждар мен шаблондар бойынша пневматикалық кесу құралы мен таспалы араны қолдана отырып пішу.
246. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа чертеждерді оқу ережесін;
пішу тәсілдерін;
шыны материалдарды пішу жолдарын, шыны материалдарды сақтаудың жарамдылық мерзімін, шыны материалдарды ылғалдылық процентін;
шыны пластиктерден бұйым жасау технологиясын.
247. Жұмыс үлгілері.
1) қоршаулар, комингстер, қайықтар, рубкалар, цистерналар – пішу
Параграф 4. Шыны талшықты материалдарды пішуші, 4- разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшықты материалдар мен ерекше күрделі корпустық конструкциялы толтырғыштарды (шыны жгут, шыны мақта, шынырогожка ижәне тағы басқа) тиісті кесу құралын қолдана отырып пішу;
тиімді пішу картасын немесе ұтымды орналастыру схемасын жасау;
материалдар шығыстарының есебін жүргізу, біліктілі анағұрлым төмен пішушілердің жұмысына басшылық ету және олардың жұмыс есебін жүргізу.
249. Білуге тиіс:
күрделі чертеждерді оқу ережесін;
тиімді пішу тәсілдерін, шыны мата полотносын бұйымның (конструкцияның) контуры шегінде орналастыру картасын жасау ережесін.
250. Жұмыс үлгілері:
1) күрделі және ірі габаритті бұйымдар: корпустар мен палубалар, қондырмалар, түп секциялары - пішу.
46. Шыны талшықты және шыны пластик
материалдарды кесуші
Параграф 1. Шыны талшықты және шыны пластик
материалдарды кесуші, 2-разряд
251. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жгуттарды берілген мөлшердегі пачкаларға (диполиге) маятникті және фрезер станоктарында кесу;
пачкаларды калибрлеу;
пачкаларды жәшіктерге салу және оларды өлшеуге жіберу;
станоктарды ұсақ жөндеу және баптау;
шыны пластик табағының жиегін механикалық пышақтың, қайшының және басқа да айлабұйымдардың көмегімен кесу.
252. Білуге тиіс:
шыны жгуттар мен парақ шыны пластиктердің негізгі қасиеттерін;
жгуты кесуге арналған станоктар мен шыны пластик табағының жиегін кесетін айлабұйымдардың құрылымын;
кесудің жолдарын.
Параграф 2. Шыны талшықты және шыны пластик
материалдарды кесуші, 3-разряд
253. Жұмыс сипаттамасы:
шыны жгуттарды, парақты каолин құрамды орама материалды кесу;
шыны жгуттарды бүрмеленген парақты шыны пластик жасау қондырғысында кесу кезінде – шпулярникті бобинамен, дозаторды талькпен жасақтау; кесу торабын берілген режимге баптау; келіп түскен ұнтақталған жгуты реттеу және оның шыны холста біркелкі салынуын қадағалау;
шыны пластикт пышақтың, қайшының және басқа да айлабұйымдардың көмегімен кесу кезінде парақтардың берілген мөлшерін сақтау, оларды өлшеу және одан әрі өңдеуге жіберу;
каолин құрамды орама материалды кесу кезінде – кесу бұрышын қадағалау, қабылдау конвейерінен дайын өнімнің түсуін реттеу; орама материалдың техникалық сипаттамаларын аспаптардың көмегімен анықтау;
дайын өнімді өлшеу және буып-түю;
цилиндрлерді өлшеу, оларды салмағына қарай іріктеу, цилиндрлерді бобина ұстауышқа бекіту, бобиналарды кесу, фаскіні алу, шыны талшығын бобинадан кесіп алу, бобинаарды жылтырату;
жабдықты тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.
254. Білуге тиіс:
шыны жгуттың физикалық-химиялық қасиеттерін, шыны пластиктер мен орама материалдың негізгі қасиеттерін;
шыны жгуитты үздіксіз кесудің техникалық параметрлерін және оны шыны холста біркелкі салуды;
шыны жгуттарды, орама материалды кесу торабының немесе парақты шыны пластикті кесуге арналған айлабұйымдардың құрылымы мен жұмыс принципін;
шыны жгутты холста біркелкі таратып салуды реттеу механизмін реттеу ережесін;
Достарыңызбен бөлісу: |