146. Жұмыс сипаттамасы:
берілген қалыңдықтағы үздіксіз шыны талшығын алудың технологиялық процесін ұзартылған желіде біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу кезінде жекелеген операцияларды орындау;
шыны талшықты орауға арналған бобиналарды дайындау, оларды бобина ұстауышқа орнату және оралған бобиналарды алу;
оралған әр бобинадан жіпті жазып алу, таңбалау және оларлы конвейерге асу.
147. Білуге тиіс:
механизмдер мен жабдықтың жұмыс принципін;
шығарылатын өнімге арналған технологиялық регламенттерді.
Параграф 2. Үздіксіз шыны талшығын алу операторы, 4-разряд
148. Жұмыс сипаттамасы:
берілген қалыңдықтағы үздіксіз шыны талшығын технологиялық процесін әртүрлі майлауыштарда ұзартылған желіде алудың немесе біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жалпы нысандағы шыны талшығын алу кезінде жекелеген операцияларды орындау кезінде технологиялық процесті орындау;
туындайтын технологиялық жаңсақтықтар мен тарту процесінің үзілістерін жою;
технологиялық үзілістер кезінде элементарлық талшықтарды іліктіру, үзілген талшықтардан үздіксіз тамшы жинау есебінен орау циклін жол берілетін шекте көбейту.
149. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің жұмыс принципін;
шығарылатын өнімге арналған технологиялық регламенттерді;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін.
Параграф 3. Үздіксіз шыны талшығын алу операторы, 5-разряд
150. Жұмыс сипаттамасы:
берілген қалыңдықтағы, жалпы нысандағы, шыны балқыту ыдыстарында, фильерлік қоректендіргіштерде әртүрлі майлауыштарды қолдана отырып бір және екі сатылы әдіспен үздіксіз шыны талшығын алу немесе металдандырылған, кремний топырақты, жоғары модульді жіптерді, 3 микронды шыны талшықтан жасалған жіптерді, Т-10 матаға арналған жіптерді, әртүрлі майлауыштарда ұзартылған желіде алудың немесе алудың технологиялық процесін арнаулы қондырғыда біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен орындау;
жабдықтың, қоректендіргіштердің жұмыс режимін көзбен аспаптар бойынша қадағалау;
ыдыстар мен қоректендіргіштердің, майлаушы құрылғы мен тарту механизмдерінің режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу;
қоректендіргіштерді іске қосу және ажырату;
тарту процесінде пайда болған технологиялық жаңсақтықтар мен үзілістерді жою;
ббелгіленген технологиялық параметрлерді: тарту жылдамдығын, фильерлік ыдыстар мен қоректендіргіштердің деңгейі мен температурасын аспаптар бойынша қадағалау;
жіптің (буып-түю конфигурациясын, олардың тазалығы мен салмағын, текстердегі жіптің желімделуі мен қалыңдығын) бақылау;
технологиялық үзіліс кезінде элементарлық талшықтарды іліктіру;
эрклезді пешке салу;
жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулардың алдын алу және жою.
151. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің құрылымы мен жұмыс принципін;
үздіксіз шыны талшығын алу шығару технологиясын;
шығарылатын өнімге арналған технологиялық регламенттерді;
брактың шығу себептерін және олардың алдын алу шараларын;
қоректендіргіштерді іске қосу және ажырату ережесін.
Параграф 4. Үздіксіз шыны талшығын алу операторы, 6-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
екіжүздік фильердерде және одан да көп фильерлік ыдыстарда бірм мезгілде бірнеше текстердің шыны діптерін тарта отырып, шыны балқыту ыдыстарында, фильерлік қоректендіргіштерде әртүрлі майлауыштарды қолдана отырып бір және екі сатылы әдіспен үздіксіз шыны талшығын алу немесе металдандырылған, кремний топырақты, жоғары модульді жіптерді, 3 микронды шыны талшықтан жасалған жіптерді, Т-10 матаға арналған жіптерді алудың технологиялық процесін жүргізу;
жабдықтың, қоректендіргіштердің жұмыс режимін аспаптар бойынша қадағалау және баптау;
тарту процесінде пайда болған технологиялық жаңсақтықтар мен үзілістерді жою;
белгіленген технологиялық параметрлерді: тарту жылдамдығын, фильерлік ыдыстар мен қоректендіргіштердің деңгейі мен температурасын аспаптар бойынша қадағалау;
технологиялық үзіліс кезінде элементарлық талшықтарды іліктіру.
153. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің құрылымы мен жұмыс принципін;
үздіксіз шыны талшығын алу шығару технологиясын;
бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматика құралдарын пайдалану ережесін;
шығарылатын өнімге арналған технологиялық регламенттерді;
брактың шығу себептерін және олардың алдын алу шараларын; қоректендіргіштерді іске қосу және ажырату ережесін;
орта кәсіптік білім талап етіледі.
27. Оптикалық шыны талшығын алу операторы
Параграф 1. Оптикалық шыны талшығын алу операторы, 2-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық шыны талшығын УНМ, СПН станоктарында алудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу;
дозаторға дайындамаларды салу;
жабдықтың жұмысын және асапатардың көрсеткіштерін қадағалау;
жгут дайындамаларын қажетті ұзындықпен кесу;
шыны талшықты диаметрін микроскоппен бақылау;
технологиялық журналда жазба жүргізу.
155. Білуге тиіс:
оптикалық шыны мен талшықтың элементарлық қасиеттерін;
дайындама шыны маркаларын;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
шыны талшықпен жұмыс істеу ережесін.
Параграф 2. Оптикалық шыны талшығын алу операторы, 3-разряд
156. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық шыны талшығын УНМ, СПН станоктарында немесе КН, ОС-108, Н2Б үлгісіндегі қондырғыларда алудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу;
балқыту ыдыстарының оптикалық шынымен толтырылуын және оның балқуын қадағалау;
шыны балқыту пешін жөндеуден кейін немесе жаңа балқыту ыдысы орнатылғаннан кейін берілген температура режиміне шығару;
талшықты геометриялық мөлшерін есептеу;
қондырғының жұмыс режимін реттеу;
жабдық жұмысын бір технологиялық режимнен екіншісіне ауыстыру.
157. Білуге тиіс:
оптикалық шыны мен талшықтың негізгі қасиеттерін; микроскоптың құрылымын және баптау ережесін;
жабдықты бір технологиялық режимнен екіншісіне ауыстыру ережесін;
шыны балқыту пешін жөндеуден кейін берілген температура режиміне шығару ережесін;
талшықты геометриялық мөлшерін есептеу әдістемесін;
майлауыш сұйықтардың қасиеттері мен нысанын;
шыны балқыту ыдыстарының құрылымын.
Параграф 3. Оптикалық шыны талшығын алу операторы, 4-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық шыны талшығын УНМ, СПН станоктарында немесе КН, ОС-108 үлгісіндегі қондырғылар мен жіптаратқышы бар басқа да ұқсас қондырғыларда алудың технологиялық процесін жүргізу;
бобинаны орнату және баптау;
жіптің орналасуын және тартылуын реттеу;
штабик – трубка жиынтығындағы оптикалық шыны талшықты жасау;
пешке және тарту механизміне қатысты жиынтықты орнату, тексеру және оны бекіту.
159. Білуге тиіс:
оптикалық шыны талшығын алудың әртүрлі тәсілдерін;
технологиялық режимдердің шығарылатын иалшықтың сапасына әсерін;
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық схемасын;
шыны массасын ыдыстардағы деңгейін автоматты ұстап тұру принципін; жіптің оралуын жою тәсілдерін;
шыны балқыту ыдыстарын дайындауға кететін материалдардың қасиеттерін.
Параграф 4. Оптикалық шыны талшығын алу операторы, 5-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық шыны талшығын УНМ, СПН станоктарында немесе НГЖ-3, СТ-45 үлгісіндегі қондырғылар мен автоматы басқаоылатын басқа да ұқсас қондырғыларда алудың технологиялық процесін жүргізу;
шыны талшығын таспаларын талшықты орау жүйелілігін қатаң қамитамасыз ете отырып алу және өзгерткіштерді орау;
таспалар мен өзгерткіштерді желімдеу және кесу;
белгіленген технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтардың алдын алу және оның себептерін жою;
өндірістік журналға жазба жүргізу.
161. Білуге тиіс:
электротехника негіздерін;
автомататты басқарылатын аспаптардың жұмыс принциптерін;
жабдықтың тораптары имен механизмдерінің әрқайсысының нысаны мен өзара байланысын;
жабдықтың механткалық бөлігін реттеу және баптау ережесін.
28. Каолин құрамды шыны талшығын алу операторы
Параграф 1. Каолин құрамды шыны талшығын алу операторы, 4-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
каолин құрамды отқа төзімді төзімді шыны талшығын шығаратын арнаулы агрегаттың талшық жасау торабына қызмет көрсету;
электр доғалы балқыту пешінің әртүрлі құрылғылары мен бөліктерін баптау және ауыстыру;
балқыма ағынын үрлеу;
пештің өндіру бөлігінің электродтарын қайта жіберу, балқымадан электрод сынықтарын алу;
үрлегеннен кейін балқыма қалдығын ағызу;
пештің өндіру бөлігін қойылған бақыма массасынан тазарту, электр доғалы балқыту пешінің түрлі механизмдері мен айлабұйымдарын реттеу және тазарту;
аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау, тордың тартылуы мен қабылдаушы конфвейердің жылжу жылдамдығын реттеу;
жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау.
163. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық схемасын;
негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялар схемасының құрылымы мен жұмыс принципін;
отқа төзімді төзімді шыны талшығы мен одан жасалған бұйымдардың, майлау материалдарының физикалық- химиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережесін.
Параграф 2. Каолин құрамды шыны талшығын алу операторы, 5-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
каолин құрамды отқа төзімді төзімді шыны талшығы мен одан жасалатын бұйымдарды қашықтықтан басқару пульті бар арнаулы агрегатта технологиялық картағы сәйкес алудың технологиялық процесін жүргізу;
технологиялық регламенттің сақталуын, өнімнің шығымы мен сапасын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
қызмет көрсететін учаскенің барлық технологиялық жабдығының жұмысын, кептірудің температуралық режимі мен газ оттықтарының жұмысын аспаптардың көмегімен қадағалау;
электр доғалы балқыту пешін қажет кезінде автоматты басқарудан қолмен және керісінше басқаруға көшіру;
шикізатты берілу және салыну процесін, қондырғы тораптарын тұрақты қалыңдық пен рулонды материал салымын алу үшін электр доғалы пештің режиміне қарай реттеу;
рулонды материалға салынатын байланыстырушының санын анықтау және дозиметр бойынша түзету;
технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу, күштік электр жабдығы мен қоллмен басқарылатын электр доғалы пештің ьарлық кешені жабдықтарының жұмысындағы ақауларды жою;
электр доғалы балқыту пешіне, газ оттықтарының, байланыстырушыны жасау бөлімі мен қабыдау конвейеріне қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын үйлестіру;
өндірістік журналға жазба жүргізу;
өндірісті бақылау үшін сынама алу, қызмет көрсететін учаскедегі өнім сапасына бақыламам талдау жасау;
талап етілетін шикізаттың, байланыстырушының саны мен өнім шығымын есептеу;
жабдықты жөндеу;
учаскедегі түтінді газ болуын газоанализатор көмегімен анықтау.
165. Білуге тиіс:
каолин құрамды отқа төзімді төзімді шыны талшығы мен одан жасалатын бұйымдарды алудың технологиялық процесін;
негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;
автоматты басқару аппаратурасы мен коммуникацияларының схемасын;
отқа төзімді төзімді шыны талшығы мен одан жасалатын бұйымдардың, сондай-ақ жағармай мен басқа да қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;
сынама іріктеу ережесін және талдамаларды орындау әдістемесін.
29. Шыны холсты бір сатылы әдіспен алу операторы
Параграф 1. Шыны холсты бір сатылы әдіспен алу операторы, 4-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
шыны холсты бір сатылы әдіспен қондырғы конвейерінде алу процесін жүргізу;
конвейер желісінің жұмыс режимін, кептіру және полимерлеу камерасындағы температураны, сіңірмелеу конвейерінің ваннасындағы байланыстырушының деңгейін реттеу, шыны рластикке арналған жартылай шикізатты алу кезінде – дозатормен құрғақ шайырдың берілуін қадағалау;
белгіленген концентрациядағы байланыстырушыны сіңірмелеу конвейеріне беру.
167. Білуге тиіс: шыны холсты алу технологиясын; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;
конвейер желісінің жұмыс режимін реттеу ережесін;
шығарылатын шыны холстқа арналған техникалық шарттарды.
30. Штапельді шыны талшығын алу операторы
Параграф 1. Штапельді шыны талшығын алу операторы, 3-разряд
168. Жұмыс сипаттамасы:
штапельді шыны талшығын алудың технологиялық процесінің жекелеген операцияларын біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен орындау;
қабылдау-қалыптау конвейерінің, кептіру-полимерлеу камерасының жұмысын, шыны холст пен шыны тақтаның жасалуын және олардағы шыны талшығының біркелкі бөлінуін қадағалау;
конвейер қозғалысының жылдамдығын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау.
169. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің нысанын;
штапельді шыны талшығы мен олардан жасалатын бұйымдарды жасау технологиясын;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды.
Параграф 2. Штапельді шыны талшығын алу операторы, 4-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:
штапельді ультра жіңішке, супер жіңішке және микрожіңішке шыны талшығын алудың технологиялық процесінің жекелеген операцияларын біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен орындау;
аспаптардың көрсеткіштерін, қабылдау-қалыптау конвейерінің, кептіру-полимерлеу камерасының жұмысын, шыны холст пен шыны тақтаның жасалуын және олардағы шыны талшығының біркелкі бөлінуін қадағалау;
конвейер температуралық режимі мен қозғалысының жылдамдығын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау.
171. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің жұмыс істеу принципін;
штапельді шыны талшығы мен олардан жасалатын бұйымдарды жасау технологиясы негіздерін;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды.
параграф 3. Штапельді шыны талшығын алу операторы, 5-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:
штапельді ультра жіңішке, супер жіңішке және микрожіңішке шыны талшығын алудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен орындау;
фильерлік пластинаның, аспаптардың көрсеткіштерін, қабылдау-қалыптау конвейерінің, кептіру-полимерлеу камерасының жұмысын, шыны холст пен шыны тақтаның жасалуын және олардағы шыны талшығының біркелкі бөлінуін қадағалау;
үрлеу мойнының жұмысын, будың немесе ауа қысымын, фильерлік пластинаның қызуын, шыны холсты немесе шыны тақтаны шайырмен сіңірмелеу үшін талшық жасау шахтасына шайыр мен қысымдалған ауаның берілуін, конвейердің температуралық режимі мен қозғалысының жылдамдығын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау.
173. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің құрылымын;
штапельді шыны талшығы мен олардан жасалатын бұйымдарды жасау технологиясы негіздерін;
бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылымын;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды.
Параграф 4. Штапельді шыны талшығын алу операторы, 6-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:
штапельді ультра жіңішке, супер жіңішке және микрожіңішке шыны талшығын алудың технологиялық процесін жүргізу;
фильерлік пластинаның, аспаптардың көрсеткіштерін, қабылдау-қалыптау конвейерінің, кептіру-полимерлеу камерасының жұмысын, шыны холст пен шыны тақтаның жасалуын және олардағы шыны талшығының біркелкі бөлінуін, аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау;
үрлеу мойнының жұмысын, будың немесе ауа қысымын, фильерлік пластинаның қызуын, шыны холсты немесе шыны тақтаны шайырмен сіңірмелеу үшін талшық жасау шахтасына шайыр мен қысымдалған ауаның берілуін, конвейердің температуралық режимі мен қозғалысының жылдамдығын реттеу;
жабдықтың жұмысындағы ықтимал ақаулардың алдын алу және жою.
175. Білуге тиіс:
жабдық пен механизмдердің құрылымын;
штапельді шыны талшығы мен олардан жасалатын бұйымдарды жасау технологиясын;
бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының кинематикалық және электр схемаларын;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттар мен технологиялық регламентті;
жабдықтың жұмысында ақаулардың пайда болуы себептерін және оларды жою әдістерін.
176. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
31. Кремний топырақты материалдар өндірісінің операторы
Параграф 1. Кремний топырақты материалдар өндірісінің
операторы, 3-разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:
кремнетопырақты материалдар өндірудің технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу;
матаны, жіпті, таспаны машинаға салу;
машинаның жұмысын реттеу;
үздіксіз технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін матаны, жіпті, таспаны жалғау (қосу);
бобиналы қайта орау машиналарында шыны жіпті паковканың бңр түнінен екіншісіне қайта орау, үзіктерді жалғау;
қажетті концентрациядағы ерітіндіні жасау, оны машина ваннасына беру, бұйымды алдын ала шаю, өңдеу, жуу және кептіру процестерін арнаулы технологиялық жабдықта жүргізу;
материалдарды термоөңдеу процесін жүргізу, газ оттығын тұтату;
дайын өнімді бақылауға тапсыру.
178. Білуге тиіс:
технологиялық жабдық кешенінің құрылымын, жұмыс принципін;
қышқылдардың қасмиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен оларды пайладану ережесін;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды, материалды қышқылмен өңдеу, шаю және кептірудің технологиялық параметрлерін.
Параграф 2. Кремний топырақты материалдар өндірісінің
операторы, 4-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:
кремнетопырақты материалдар өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
кремнетопырақты бұйымдарды химиялық өңдеу;
матаны, жіпті, таспаны машинаға салу;
машинаның жұмысын реттеу;
үздіксіз технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін матаны, жіпті, таспаны жалғау (қосу);
бобиналы қайта орау машиналарында шыны жіпті паковканың бңр түнінен екіншісіне қайта орау, үзіктерді жалғау;
қажетті концентрациядағы ерітіндіні жасау, оны машина ваннасына беру, бұйымды алдын ала шаю, өңдеу, жуу және кептіру процестерін арнаулы технологиялық кешенінде жүргізу;
берілген технологиялық режимді; өңдеудің жылдамдағы мен уақытын, ванналардағы ерітіндінің деңгейін, қышқылдың концентрациясы мен температураны бақылау және автоматы реттеу аспаптарының көмегімен қатаң сақтау;
материалдарды термоөңдеу процесін жүргізу, газ оттығын тұтату;
дайын өнімді бақылауға тапсыру;
біліктілігі анағұрлым төмен операторлырдың жұмысын басқару.
180. Білуге тиіс:
технологиялық жабдық кешенінің құрылымын, жұмыс принципін;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен оларды пайладану ережесін;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды;
материалды қышқылмен өңдеу, шаю және кептірудің технологиялық параметрлерін.
32. Электр пештерін басқару пультінің операторы
Параграф 1. Электр пештерін басқару пультінің операторы, 5-разряд
181. Жұмыс сипаттамасы:
электр пештерінің температурасын берілген технологиялық режимге сәйкес басқару пультінен реттеу;
аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау;
токтың күші мен кернеуін және электр пештерінің жұмыс режимін реттеу;
температураны автоматты реттеу аспаптарын ауыстыру;
электр пештерін қосу және ажырату.
182. Білуге тиіс:
электротехника негіздерін;
басқару пультінің және электр аспаптарының құрылымын;
электр пештерін қосу және ажырату ережесін;
электр пештеріне қызмет көрсету жөніндегі технологиялық нұсқаулықты.
33. Қопсыту-түту машиналардың операторы
Параграф 1. Қопсыту-түту машиналардың операторы, 3-разряд
183. Жұмыс сипаттамасы:
шыны талшығын түту және қопсыту процесін түту машинасымен жүргізу;
тараны босату, талшықты іріктеу, шыны талшықты белгілі бір ұзындықтағы кесінділерге кесу, қапқа салу және түту машиналарына апару;
машинаны қосу және тоқтату;
шыны талшықты сіңірмелеу торшасына төсеу, қопсыту, біркелкі қабатпен салу;
машинаны тазалау;
жұмыс орнын таза ұстау.
184. Білуге тиіс:
машинаны біркелкі тиеу нормасын;
электр пышақпен жұмыс істеу ережесін, талшықты торшаға дұрыс салу тәсілдерін, түрлерін, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптары мен одан әрі өңдеуге жіберілетін шыны талшықтың қасиеттерін;
түтілген талшық сапасына қойылатын талаптарды;
шыны талшықпен жұмыс істеу ережесін, жұмыс тәсілдерін.
34. Бүрмеленген парақ шыны пластиктерін жасау
қондырғысының операторы
Параграф 1. Бүрмеленген парақ шыны пластиктерін жасау
қондырғысының операторы, 4-разряд
185. Жұмыс сипаттамасы:
бүрмеленген парақ шыны пластиктерін электронды пультпен басқарылатын арнаулы қондырғыда жоғары разрядты оператордың басшылығымен жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
қондырғыны майлау, сіңірмелеу ваннасына байланыстырғышты құю, жіптерді, холстарды сіңірмелеу процесін жүргізу;
сіңірмелеу процесін қадағалау;
технологиялық режимге сәйкес шикізатты дозалауды, температураны, вакуум қысымын қамтамасыз етеді;
технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен шикізаттың талдау нәтижелері бойынша реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылық себептерінің малдын алу және жою;
жабдық пен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
шикізат пен жартылай фабрикаттардың жұмсалуын есептеу, дайын өнім шығымының есебін жүргізу;
өндірістік журналға көрсеткіштерді жазу.
186. Білуге тиіс:
бүрмеленген парақ шыны пластиктерін жасау өндірісінің технологиялық схемасын, қондырғының барлық тораптарының жұмыс принципін;
қондырғыны бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен оңтайлы технологиялық режимге баптау тәсілдері мен ережесін;
қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін;
шикізатқа және дайын өнімге арналған техникалық шарттар мемлекеттік стандарттарды.
Параграф 2. Бүрмеленген парақ шыны пластиктерін жасау
қондырғысының операторы, 5-разряд
187. Жұмыс сипаттамасы:
бүрмеленген парақ шыны пластиктерін электронды пультпен басқарылатын арнаулы қондырғыда жасаудың технологиялық процесін жұмыс нұсақулығына сәйкес жүргізу;
қондырғының барлық тораптарының жұмысын бақылау және үйлестіру;
қондырғыны электронды басқару пультінен қосу және оңтайлы технологиялық режимге баптау;
технологиялық режимге сәйкес шикізатты дозалауды, температураны, вакуум қысымын қамтамасыз ету;
технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен шикізаттың талдау нәтижелері бойынша реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылық себептерінің алдын алу және жою;
жабдық пен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жою;
шикізат пен жартылай фабрикаттардың жұмсалуын есептеу, дайын өнім шығымының есебін жүргізу;
өндірсітік журналға көрсеткіштерді жазу;
қондырғыға қызмет көрсетуші жұмысшыларды басқару.
188. Білуге тиіс:
бүрмеленген парақ шыны пластиктерін жасау өндірісінің технологиялық схемасын;
барлық қондырғыны қосу және тоқтату ережесін;
барлық тораптарының жұмыс принципін;
қондырғыны бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен оңтайлы технологиялық режимге баптау тәсілдері мен ережесін;
қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттерін;
шикізатқа және дайын өнімге арналған техникалық шарттар мемлекеттік стандарттарды.
35. Шыныпластик конструкцияларды жасау
қондырғысының операторы
Параграф 1. Шыныпластик конструкцияларды жасау
Достарыңызбен бөлісу: |