Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (28 шығаралым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет8/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#143386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөндеу.

351. Білуге тиіс:

тоқыма ерітінділерін иіру ерітіндісі бактарыңда араластыру, сүзу және ауасыздандырудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

қызмет көрсететін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматуры и коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

иіру ерітіндісінің физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау режимін;

слесарь ісін.

Процестерді біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу кезінде - 2-разряд

Параграф 2. Ауасыздандыру және сүзу аппаратшысы, 4-разряд
352. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды иіру ерітіндісін вакуумастында жұқа қабатпен үздіксіз өткізу кезіндегі ауасыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

эвакуаторларды, гомогенизаторларды, бу эжекторлы қондырғыны іске қосу және тоқсату;

вискозды ерітіндіні қабылдау бактарына қабылдау;

ерітіндіні эвакуаторларға, гомогенизаторларға сүзуге және иіруге жіберу;

вакуумнің тереңдігін және ерітіндінің эвакуаторға түсуін; гомогенизатордағы ерітіндінің деңгейі мен ерітіндіні иіруге жіберу желісіндегі қысымды; будың қысымын, түсуін, бу эжекторлы қондырғысы баспалдақтарындағы келетін және кететін судың температурасын бақылау және реттеу;

берілетін иіру ерітіндісінің сапасын бақылау;

жабдықты күтіп баптау.

353. Білуге тиіс:

вискозды иіру ерітіндісін вакуум астында жұқа қабатпен үздіксіз өткізу кезіндегі ауасыздандырудың технологиялық процесін;

үздіксіз ауасыздандыру жабдығының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматуры и коммуникацияларыдң нысаны сен схемасын;

иіру ерітіндісінің физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды;

жабдықты күтіп баптау ережесін.

Параграф 3. Ауасыздандыру және сүзу аппаратшысы
354. Жұмыс сипаттамасы:

иіру ерітінділерін бактарда немесе үздіксіз ауасыздандыру қондырғыларында араластыру, сүзу және ауасыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

технологиялық процес параметрлерінің сақталуын бақылау және вискозды жертөле жұмысын үйлестіру;

берілетін иіру ерітіндісінің сапасын, сүзгі престер қайта зарядтау және бактарды тазалау кестесінің сақталуын, жұмысталған сүзу материалын жуудың сапасын тексеру;

сүзу жылдамдығын, ерітінді мөлшерін, сүзу материалына қажеттілікті есептеу;

дайындалатын ерітіндінің және сүзу материалының шығысын есептеу;

вискозды жертөле жабдығының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

355. Білуге тиіс:

иіру ерітінділерін ауасыздандыру, сүзудің, жұмысталған сүзу материалын жуу және жаңасын жасаудың технологиялық процесін;

барлық қызмет көрсетені учаске жабдығының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматуры и коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

иіру ерітіндісіне қойылатын талаптарды;

сүзу жылдамдығын, ерітінді мөлшерін, сүзу материалына қажеттілікті есептеу әдістемесін.

Технологиялық процесті бактарда үздіксіз ауасыздандыруға қызмет көрсетуші жұмысшылардың жұмысын үйлестіру және оларға басшылық етумен бір мезгілде жүргізу кезінде - 4-разряд

Технологиялық процесті үздіксіз ауасыздандыру қондырғыларына қызмет көрсетуші жұмысшылардың жұмысын үйлестіру және оларға басшылық етумен бір мезгілде жүргізу кезінде - 5-разряд

64. Сусыздандыру аппаратшысы


Параграф 1. Сусыздандыру аппаратшысы, 4-разряд
356. Жұмыс сипаттамасы:

концентрацияланған капролактамды ерітінділерді дегидратациялау, дистилляциялау және ректификациялау қондырғыларында сусыздандыру және бөлудің технологиялық процесін жұмыс нұсқамасына сәйкес жүргізу;

қондырғы жабдығын қосу және тоқтату;

концентрацияланған капролактамды ерітіндіні қондырғыға қабылдау, алынатын капролактамды сақтау жиынтығына жіберу;

азоттың берілуін, қондырғылардағы температура мен вакуумді, конденсаторлардың, тоңазытқыштардың жұмысын, келіп түсетін капролактам ерітіндісінің саны мен дайын өнімнің шығымын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу және жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жүргізу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

357. Білуге тиіс:

концентрацияланған капролактамды ерітінділерді сусыздандыру және бөлудің технологиялық процесін;

жабдықтың, сусыздандыру, дегидратациялау, дистилляциялау және ректификациялау қондырғыларының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматуры и коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

капролактамды ерітінділердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

капролактамға қойылатын техникалық шарттар мен талаптарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау режимін; слесарь ісін;

сынама алу және ережесі мен талдау әдістемесін.

65. Қайта этерификациялау аппаратшысы
Параграф 1. Қайта этерификациялау аппаратшысы, 5-разряд
358. Жұмыс сипаттамасы:

диметилтерефталат балқымасын дигликольтерефталат балқымасына қайта этерификациялаудың технологиялық процесін қайта этерификациялау аппараттарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

аппараттар мен басқа да қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату;

диметилтерефталат балқымасын аппаратқа қабылдау, алынған дигликольтерефталатты поликонденсациялау аппаратына беру, шығарылған метанол қоспасы мен артық этиленгликольді ректификациялау цехына жіберу;

екі қышқылды титан суспензиясы мен катализаторды аппаратқа дозалау. қайта этерификациялау температурасын, балқыманы поликонденсациялау аппаратына беру кезінде қысымды, шығарылған метанол артық этиленгликоль көлемін, диметилтерефталат балқымасы мена и суспензияның аппаратқа дозалануын, аппарат тысындағы динил деңгейін, аппарат редукторындағы майдың деңгейін бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу және жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жүргізу;

диметилтерефталат балқымасы мен суспензия шығысының; алынған дигликольтерефталаттың, шығарылған метанол мен артық этиленгликол көлемнің есептеу, өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

359. Білуге тиіс:

диметилтерефталат балқымасын қайта этерификациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

аппараттар мен басқа да қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматуры и коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

диметилтерефталаттың, этиленгликольдің, катализатордың, суспензияның, дигликольтерефталаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

слесарь ісін.


66. Вискозды ерітінді алу аппаратшысы


Параграф 1. Вискозды ерітінді алу аппаратшысы, 4-разряд
360. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды массаны немесе ерітінділерді вакуум-ксантатмешалкаларда, ВА аппараттарында, ксантогенаторларда алудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

вакуум-ксантатмешалкаларды, ВА аппараттарын қосу және тоқтату;

жабдықты толтыруға дайындау;

кесілген немесе сілтілі целлюлозаны, күкірт көміртегін, сілті мен суды вакуум-ксантатмешалкаларға, ВА аппараттарына қабылдау, Вискозды массаны немесе ерітінділерді еріту немесе жеткеріп еріту аппаратына немесе араластырғышқа жіберу;

ВА аппараттарындағы деструкциялау, вакуум-ксантатмешалкаларға, ВА аппараттарындағы сульфидтеу және еріту температурасын қадағалау және реттеу;

целлюлозаның, күкірт көміртегінің, сілті мен судың аппараттарға түсуін; аппараттардағы вакуумді, күкірт көміртегінің реакцияға түспеген буының сорып алынуын, вискозды массаның немес вискозды ерітіндінің аппараттардан берілуін қадағалау;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

361. Білуге тиіс:

вискозды массаның немес вискозды ерітіндісін алудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

вакуум-ксантатмешалкаларда, ВА аппараттары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматурыһ мен коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

целлюлозаның, сілтілі целлюлозаның, күкірт көміртегінің, сілтінің, алынатын вискозды ерітіндінің физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін; слесарь ісін.


Параграф 2. Вискозды ерітінді алу аппаратшысы, 5-разряд


362. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды ерітіндіні алудың, күкірт көміртегін вакуум-ксантатмешалкаларда, ВА аппараттарында, ксантогенаторларда дозалаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

күкірт көміртегін өлшеуіштерге алу және оны вакуум-ксантатмешалкаларға, аппараттарға жіберу;

күкірт көміртегінің шығысын есептеу;

өлшеуіштер мен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

363. Білуге тиіс:

вискозды ерітіндіні алудың, күкірт көміртегін дозалаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

күкірт көміртегін өлшеуіштер мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

күкірт көміртегінің физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

өлшеуіш жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін; есептеу әдістемесін.

Параграф 3. Вискозды ерітінді алу аппаратшысы, 6-разряд


364. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды массаны немесе ерітіндіні алудың, күкірт көміртегін вакуум-ксантатмешалкаларда ВА аппараттарында, алудың, вискозды массаны еріткіштер мен жеткеріп еріткіштерде еріту және жеткеріп ерітудің технологиялық процесінің барысын 12-ден астам ВА аппараттарына қызмет көрсету кезінде бақылау;

целлюлозаны салу процесін, күкірт көміртегін, сілті мен суды ВА аппараттарына, вакуум –ксантатмешалкаларына дозалауды; вискозды массаны немесе ерітіндіні дайындаудың, вискозды массаны еріту және жеткеріп еріту технологиялық процесі параметрлерінің сақталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. күкірт көміртегін, сілті мен суды толтырылатын кесілген немесе сілтілі целлюлозаның салмағы мен сапасына, сілті концентрациясы мен ВА аппараттарындағы деструкциялаудың уақытына қарай есептеу;

шикізаттың шығысы мен жартылай өнімның шығымын есепке алу;

қарамағындағы жұмысшылардың жұмысына басшылық ету және үйлестіру

365. Білуге тиіс:

вискозды массаны немесе вискозды ерітіндіні алудың, вискозды массаны еріткіштер мен жеткеріп еріткіштерде еріту және жеткеріп ерітудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

вакуум-ксантатмешалкалардың, ВА аппараттарының, тиеу құралдарының, өлшеуіштердің, еріту және жеткеріп еріту аппараттары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

вискозды ерітіндінің физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды; дозаланатын компоненттердің саны мен ВА аппараттарындағы деструкциялаудың уақытын есептеу әдістемесін;

вискозды ерітінді алудың технологиялық режимі параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

Вискозды ерітінді алудың технологиялық процесін жүргізу және 12 ВА аппаратына қызмет көрсететін учаскедегі жұмысшыларғы басшылық кезінде - 5-разряд

67. Күкірт көміртегі-шикізатын алу аппаратшысы
Параграф 1. Күкірт көміртегі-шикізатын алу аппаратшысы, 3-разряд
366. Жұмыс сипаттамасы:

реторттарда күкірт көміртегі-шикізатын алу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жоғары разрядты аппаратшының басшылығымен орындау;

қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқсату;

шоқталған ағаш көмірді кептіргіштен бункерге түсіру, ретортке жеткізу және оны ретортқа салу, ретортқа күкіртті салу;

күкірттің, табиғи немесе генераторлық газдың ретортаға дозалануын бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

367. Білуге тиіс:

реторттарда күкірт көміртегі-шикізатын алу технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

жұмыс орнындағы жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

шикізаттың, күкірт көміртегі-шикізатының, материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

шикізатқа арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

сынама алу ережесін және талдау әдістемесін;

слесарь ісін.
Параграф 2. Күкірт көміртегі-шикізатын алу аппаратшысы, 4-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:

реторттарда күкірт көміртегі-шикізатын алу технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқсату;

конденсаторлардағы конденсаттың деңгейін бақылау және көміртегі-шикізатын қоймаға жіберу;

реторттарда күкірт көміртегі-шикізатын алу технологиялық процесін, газ жолдары мен конденсаторлардағы температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу және жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жасау;

ретортты тазалау жұмысына қатысу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

369. Білуге тиіс:

реторттарда күкірт көміртегі-шикізатын алу технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

жұмыс орнындағы жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

шикізаттың, күкірт көміртегі-шикізатының, материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

шикізатқа арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

слесарь ісін;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

сынама алу ережесін және талдау әдістемесін.

Параграф 3. Күкірт көміртегі-шикізатын алу аппаратшысы, 5-разряд


370. Жұмыс сипаттамасы:

күкірт көміртегі-шикізатын электротермиялық әдіспен алу технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқсату;

шоқталған ағаш көмірді кептіргіштен аралық бункерге түсіру, электр пешке жеткізу және салу, электр пешке күкіртті салу;

конденсаторлардағы конденсаттың деңгейін бақылау және көміртегі-шикізатын қоймаға жіберу;

электр пештердегі температура мен қысымды, суландыратын судың конденсаторлар мен электродтарға түсуін, токтың қуатын, кернеуі мен күшін, электр пештегі күкірттің дозалануын бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу және жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жасау;

электр пештерді тазалау жұмысына қатысу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

371. Білуге тиіс:

күкірт көміртегі-шикізатын электротермиялық әдіспен алудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

қызмет көрсететін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

шикізаттың, күкірт көміртегі-шикізатының, материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

шикізатқа және дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

электротехника негіздерін; слесарь ісін;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

сынама алу ережесін және талдау әдістемесін.

Параграф 4. Күкірт көміртегі-шикізатын алу аппаратшысы, 6-разряд
372. Жұмыс сипаттамасы:

күкірт көміртегі-шикізатын 20 реторттан астам учаскеде немесе технологиялық режим параметрлерін, күкірттің, көмір мен күкірт көміртегі-шикізатының сапасын, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау деректері бойынша сақтай отырып электротермиялық әдіспен алудың технологиялық процесі барысын бақылау;

шикізат пен материалдың шығысы мен күкірт көміртегі-шикізатының шығымын есептеу және есепке алу;

өндірістік журналға жазба жазу;

электр пештерінің, реторттардың тазалануын бақылау;

бағынысты жұмысшыларға басшылық ету.

373. Білуге тиіс:

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін және оларды жою тәсілдерін;

дозаланатын шикізат пен басқа да компоненттердің санын есептеу әдістемесін;

электр пештерін, реторттарды тазалау ережесін.

Күкірт көміртегі-шикізатын алудың технологиялық процесін бақылау және 20 реторттан астам учаскедегі жұмысшыларғы басшылық ету және үйлестіру кезінде - 5-разряд

68. Иіру ерітінділерін жасау аппаратшысы


Параграф 1. Иіру ерітінділерін жасау аппаратшысы
374. Жұмыс сипаттамасы:

иіру ерітінділерін жасаудың технологиялық процесін әртүрлі шикізат түрлерін еріту әдісімен жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

еріту және жеткеріп еріту аппараттарын, насостар мен басқа да қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тоқтату;

ацетилцеллюлозаны жармалау және опалау;

шикізатты, жартылай өнімді, еріткіштерді аппараттарға салу;

иіру ерітінділерін аралстыруға немесе сүзуге жіберу;

өлшеуіштерге бояушы ерітіндіні немесе титан қос қышқылын салу және оларды иіру ерітіндісін жеткеріп еріту аппараттарында дозалау;

иіру ерітіндісінің температурасы мен қысымын, дозаланатын еріткіштің, бояушы және күңгірттеуші ерітінділердің санын бақылау және реттеу;

талдауға сынама алу және жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жүргізу, шикізаттың, жартылай өнімнің жұмсалу және алынған иіру ерітіндісінің есептеу және есепке алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөнде және оны баптау.

375. Білуге тиіс:

иіру ерітінділерін шикізатты және жартылай өнімдерді еріту және жеткеріп еріту әдісімен алудың технологиялық процесін; және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

шикізатқа және еріткіштерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

еріту және жеткеріп еріту аппараттарының, жармалағыштардың, уатқыштардың, насостар мен бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялардың құрылымы мен жұмыс принципін, пайдалану ережесін;

технологиялық режимнен ауытқулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою шараларын;

шикізаттың және жартылай өнімдердің, еріткіштер мен алынған иіру ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерін, және оларға қойылатын талаптарды;

дозаланатын шикізаттар мен ерітінділердің санын есептеу әдістемесін; слесарь ісін.

Иіру ерітінділерін дайындау процесінің жекелеген операцияларын орындау кезінде - 2-разряд

иіру ерітінділерін дайындау процесін анағұрлым жоғары разрядты аппаратшының басшылығымен орындау кезінде - 3-разряд

иіру ерітінділерін дайындау процесі орындау және бағыныстыжұмысшыларға басшылық ету кезінде - 4-разряд


69. Тұндыру ваннанасын регенерациялау аппаратшысы


Параграф 1. Тұндыру ваннанасын регенерациялау

аппаратшысы, 3-разряд


376. Жұмыс сипаттамасы:

иіру машиналарынан тұндыру ваннасын қабылдау және регенерацияланған тұндыру ваннасын иіру машиналарына жіберу;

насостарды, қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тоқтату;

тұндыру ваннасының қабылдау баркаларына келіп түсуін және жіберілуін, напорлы баркалардағы тұндыру ваннасының температурасын, ерітінділердің тұндырғыш пен напорлы баркаларға берілуін және жабдықтың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

377. Білуге тиіс:

тұндыру ваннасын регенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялардың құрылымы мен жұмыс принципін;

шикізат пен өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынама алу ережесін, технологиялық режим параметрлерін;

жабдықты күтіп баптау ережесін.

Тұндыру ваннанасын регенерацияладың жекелеген операцияларын анағұрлым жоғары разрядты аппаратшының басшылығымен орындау кезінде - 2-разряд

Параграф 2. Тұндыру ваннанасын регенерациялау

аппаратшысы, 4-разряд


378. Жұмыс сипаттамасы:

тұндыру ваннасын бу шығару аппараттарында буландыру, сүзу, еріту және бекітуші компонентерді қосу және натрий сульфатын кристалдау жолымен регенерациялаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

жылытқыштарды, сүзгілерді, еріткіштерді, буландыру аппараттарын, горизонтальдік төрт сатылы және буландырғыш циркуляционды кристаллизатларды, центрифугаларды, кептіру агрегаттарын, буып-түю машиналары мен басқа да қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тоқтату;

тұндыру ваннасының деңгейін, концентрациясын, температурасын, ваккумды, судың, будың температурасы мен қысымын, өтпелерден өтуін жабдықтың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;

жұмыс нұсқаулығында көзделген талдауларды жүргізу;

натрий сульфатын қаптарға буып-түю;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жбдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

379. Білуге тиіс:

тұндыру ваннасын натрий сульфатын кристалдау жолымен регенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

тұндыру ваннасы мен бекітуші компонентердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін; жабдықты күтіп баптау ережесін;

талдау әдістемесін.

Параграф 3. Тұндыру ваннанасын регенерациялау

аппаратшысы, 5-разряд
380. Жұмыс сипаттамасы:

тұндыру ваннасын регенерациялау, натрий тұндыру ваннасынан сульфатын кристалдау процесін, иіру машиналарын тұндыру ваннасымен үздіксіз жабдықталуын бақылау. «Лурги» үлгісіндегі аппараттарға қызмет көрсетумен айналысатын және қышқыл стансасының барлық жұмысшыларына басшылық ету;

қышқыл стансасының барлық жабдығын іске қосу және тоқтату;

тұндыру ваннасы компоненттерінің қосылуын химиялық талдау нәтижелері бойынша есептеу, иіру үшін қажетті тұндыру ваннасы көлемін есептеу;

шикізат пен материалдардың түсімі мен шығысын есепке алу;

қышқыл стансасының барлық учаскесіндегі жұмыс ақауларын анықтау және жою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет