Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (28 шығаралым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет9/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#143386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

381. Білуге тиіс:

тұндыру ваннасын регенерациялау, натрий тұндыру ваннасынан сульфатын кристалдаудың технологиялық процесін;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

иіру үшін қажетті тұндыру ваннасы көлемін және компоненттер қоспасын есептеу әдістемесін.


70. Күкірт көміртегін регенерациялау аппаратшысы


Параграф 1. Күкірт көміртегін регенерациялау аппаратшысы, 4-разряд
382. Жұмыс сипаттамасы:

булы газ қоспасынан күкірт көміртегін регенерациялаудың технологиялық процесін регенерациялау қондырғысында біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

регенерациялау қондырғысын іске қосу және тоқтату;

булы газ қоспасын қабылдау, күкірт көміртегін аралық қоймаға айдау және күкірт көміртегі бактарындағы деңгейін өлшеу;

колонкалардағы сілтіні ауыстыру, күкірт көміртегін шлам шұңқырынан айдап шығару;

қарау фонарларын, суды бөлгішті, сілтілі және жуу колонкаларын, күкірт көміртегінің жүру желілерін жуу;

булы газ қоспасының қысымын, күкірт көміртегін регенерациялау құбырларындағы температура мен судың деңгейін, тоңазытқыштардағы булы газ қоспасының температурасы мен қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

күкірт көміртегінің колонкалар бойынша өтуін, конденсаттың ағызылуын және ағынды-тарту желдеткішінің жұмысын қадағалау. Өндірісті бақылау үшін талдауға сынама алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды күтіп баптау.

383. Білуге тиіс:

булы газ қоспасынан күкірт көміртегін регенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

тоңазытқыштардың, колонкалардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

слесарь ісін.

Вискозды штапельді талшық өндірісінің иіру-өңдеу агрегаттарындағы күкірт көміртегін шығару аппараттарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд

Параграф 2. Күкірт көміртегін регенерациялау аппаратшысы, 5-разряд
384. Жұмыс сипаттамасы:

булы газ қоспасынан күкірт көміртегін регенерациялаудың технологиялық процесін регенерациялау қондырғысында жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

регенерацияланған күкірт көміртегін есепке алу және өндірістік журналға жазу;

бағынысты жұмысшылардың жұмысын үйлестіру және басшылық жасау;

сілтінің жұмсалуы мен күкірт көміртегінің шығымын есептеу.

385. Білуге тиіс:

булы газ қоспасынан күкірт көміртегін регенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

технологиялық процесті бақылау мен реттеу ережесін;

күкірт көміртегі мен сілтінің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сілтінің жұмсалуы мен күкірт көміртегінің шығымын есептеу әдістемесін;

жабдықты алдын ала қарауды жүргізу әдістерін.

71. Талшықты кептіру аппаратшысы
Параграф 1. Талшықты кептіру аппаратшысы, 3-разряд
386. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық талшықтың және қылдың әртүрлі түрлерін тоннельді және таспалы үлгідегі кептіргіштерде кептірудің технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

кетіргіштер мен басқа да жабдықтарды іске қосу және тоқтату;

жібек пен қылды тоннельді үлгідегі кептіргіштерге салу, жгуттағы атлшықты кептіру кезінде жгуты салу, жібек пен қылды кептіргіштен алу;

будың температурасы мен қысымын, аймақтар бойынша кептіру температурасын, ылғалдау камерасындағы температуры мен ылғалды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

транспортер ленталарының жылдамдығын, лентадағы штапельді талшық қабатының қалыңдығын бақылау және реттеу;

жібек тиелген арбалардың камерада қозғалуын, жібектің уақытылы салынуын және түсірілуін қадағалау;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, ұсақ жөндеу; жабдықты күтіп баптау.

387. Білуге тиіс:

талшықты кептіру және ылғалдаудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

кептіргіштің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін, арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

кептірілген және ылғалдандырылған талшықтың физикалық-механикалық қасиеттерін, және оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін; слесарь ісін.

Мыс аммиакты және хлоринді талшықты кептіру және ылғалдаудың технологиялық процесін жүргізу кезінде - 2-разряд

Параграф 2. Талшықты кептіру аппаратшысы, 4-разряд


389. Жұмыс сипаттамасы:

талшықты кептірудің, термотұрақтандырудың немесе тартудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

машиналарды іске қосу және тоқтату;

жгуты агрегаттың иіру бөлігіне қабылдау, оны кептіру барабанына, антистатикалық ионизаторға, термотұрақтандыру немесе ыстықтай тарту қондырғысына салу;

кептіргіштегі температураны стабилизатор аймақтары бойынша немесе ыстықтай тарту машинасындағы температураны басқару щитінің және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

барабандар мен вальцілердің айналу жылдамдығын есептеу;

өндірістік журналға жазу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөндеу; жабдықты күтіп баптау.

390. Білуге тиіс:

технологиялық процесті және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

кептіргіштің, стабилизатордың, ыстықтай тарту машинасының және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін, қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

талшықтың физикалық-механикалық қасиеттерін, және оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

слесарь ісін; жабдықты күтіп баптау ережесін.

72. Қалдықтарды кәдеге жарату аппаратшысы


Параграф 1. Қалдықтарды кәдеге жарату аппаратшысы, 3-разряд
391. Жұмыс сипаттамасы:

Мыс аммиакты талшық және күкірт көміртегі өндірісінің қалдықтарын шламды аппарата буландыру немесе баркаларда химиялық өңдеу әдісімен кәдеге жаратудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тортату;

буды күкірт көміртегі булыандырудың қондырғысына беру, таркаға иіру қалдықтары мен мыс аммиакты талшық өндірісі шламды багінен шалм салу, жұмсартылған су мен күкіртті баркаға беру, қолмен араластыру, күкірт көміртегін конденсатордан қоймвғв ағызу, регенерацияланған мысты өндіріске жіберу, кәдеге жаратылған шламды түсіру және оны жою;

щлам бактары мен аппараттарды шлам қабылдауға дайындау;

шлам аппаратында кәдеге жаратқаннан кейін шламды салқындату;

шлам аппараты мен конденсатордағы температураны, будың қысымы мен күкірт көміртегін, қалдықты кәдеге жарату процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

аппараттағы шламның санын тексеру;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, ұсақ жөндеу; жабдықты күтіп баптау.

392. Білуге тиіс:

мыс аммиакты талшық және күкірт көміртегі өндірісінің қалдықтарын кәдеге жаратудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін, қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

күкірт көміртегінің, мыс купоросының, күкірт қышқылының физикалық-механикалық қасиеттерін, және оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

слесарь ісін; жабдықты күтіп баптау ережесін.

Параграф 2. Қалдықтарды кәдеге жарату аппаратшысы, 4-разряд


393. Жұмыс сипаттамасы:

штапельді талшық өндірісінің қалдықтарын тұндыру насосында және виброелекте коагуляциялау және поллимерді еріткіштен ажырату әдісімен кәдеге жаратудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тортату;

буды күкірт көміртегі булыандырудың қондырғысына беру, таркаға иіру қалдықтары мен мыс аммиакты талшық өндірісі шламды багінен шалм салу, жұмсартылған су мен күкіртті баркаға беру, қолмен араластыру, күкірт көміртегін конденсатордан қоймвғв ағызу, регенерацияланған мысты өндіріске жіберу, кәдеге жаратылған шламды түсіру және оны жою;

сүзгі полотнолары мен жгут қалдықтарын тұзсыздандырылған суда жұмсарту;

полимерден босатылған роданийлі натрийді жәнежұмысталған иіру ерітіндісін сүзу;

тұндырылған полимер гранулаларының қысымын, конденсатордағы температураны, будың қысымы мен күкірт көміртегін, қалдықты кәдеге жарату процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама алу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою; жабдықты ұсақ жөндеу және күтіп баптау.

394. Білуге тиіс:

жұмысталған иіру ертінідісін тұндыру насосында және виброелекте коагуляциялау және поллимерді еріткіштен ажырату әдісімен кәдеге жаратудың технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;

жабдықтың құрылымын, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

иіру ерітіндісінің, роданийлі натрийдің физикалық-химиялық қасиеттерін, және оған қойылатын талаптарды;

жабдықты күтіп баптау ережесін;

слесарь ісін.

73. Фиксациялау аппаратшысы


Параграф 1. Фиксациялау аппаратшысы, 2-разряд
395. Жұмыс сипаттамасы:

жібек орамдарын фиксациялау камераларында фиксациялаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

жібекті фиксациялау камерасына салу және буды, ылғалды, айналымның уақыты мен фиксацияны, тарту желдеткішінің, бу құбырының жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

жібектің санын есепке алу және өндірістік журналға жазу;

фиксациялау камерасының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты күтіп баптау.

396. Білуге тиіс:

жібек орамдарын фиксациялау камераларында фиксациялаудың технологиялық процесін;

тарту желдеткішінің құрылымы мен жұмыс принципін;

бу құбырлары, бақылау-өлшеу аспаптарының схемасын;

жібектің физикалық-химиялық қасиеттерін, оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін.

Параграф 2. Фиксациялау аппаратшысы, 3-разряд


397. Жұмыс сипаттамасы:

жібек орамдарын жоғары қысымды автоклавтарда фиксациялаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

автоклавовтарды, вакуум-насостарын іске қосу және тоқтату;

жібекті автоклавтарға салу және фиксациядан кейін алу;

фиксациялау уақытын және температураны бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

жібектің санын есепке алу және өндірістік журналға жазу;

фиксациялау камерасының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты күтіп баптау.

398. Білуге тиіс:

жібек орамдарын автоклавтарда фиксациялаудың технологиялық процесін;

тарту желдеткішінің құрылымы мен жұмыс принципін;

бу құбырлары, бақылау-өлшеу аспаптарының схемасын;

жібектің физикалық-химиялық қасиеттерін, оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін.

Параграф 3. Фиксациялау аппаратшысы, 4-разряд


399. Жұмыс сипаттамасы:

лавсанды техникалық және кордты талшықты бір процесті машиналарда фиксациялаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

машинаны іске қосу және тоқтату, шахтаны жылытуды қосу және ажырату;

жібекті шпульді машинаның шпулярнигіне орнату, тарту құрылығысы арқылы жіпті кигізу, тарту вальцыларын фиксациялау шахтасына және шпульге салу;

жұмысталған өнімді алу;

жіптің дұрыс салынуын, шахтадағы ауаның температурасы мен ауаның циркуляциясын, жіптің оралу жылдамдығын, ұршықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

жіп өткізгіш гарнитураның, тарту вальцыларының сапасын қадағалау;

өндірісті бақылау үшін сынама алу;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөндеу және күтіп баптау.

400. Білуге тиіс:

кордты талшықты фиксациялаудың технологиялық процесін және өткізу схемасын;

машинаның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

кордты жіптің жібектің физикалық-химиялық қасиеттерін, оған қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп баптау ережесін; слесар істерін.


74. Этиленгликольді қондырғының аппаратшысы


Параграф 1. Этиленгликольді қондырғының аппаратшысы, 4-й разряд
401. Жұмыс сипаттамасы:

балқыту агрегаттарының торшаларын полиамидті балқыманы кетіру, сумен жуу, тазалау және сығымдалған ауамен үрлеу мақсатымен этиленгликольмен өңдеу процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

этиленгликолльді қондырығына өңдеу процесіне дайындау;

балқыту агрегатын бөлшектеу, этиленгликольмен өңдеу үшін оны құрастыру және өңдеуден кейін жұмысқа құрастыру;

жылытуды қосу және ажырату, этиленгликолльді қондырығыны иіру агрегатына қосу және ажырату;

қондырғыны қосу және тоқтату;

этиленгликоль циркуляциясын, жылыту температурасын бақылау және реттеу;

балқыту агрегатының өңдеу сапасын және құрастырудың герметикалығын тексеру;

қондырғының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөндеу және күтіп баптау.

402. Білуге тиіс:

балқыту агрегаттарының торшасын сумен жуу, тазалау және сығымдалған ауамен үрлеу, этиленгликольмен өңдеуді жүргізу процесін;

этиленгликолльді қондырығының құрылымы мен жұмыс принципін, пайдалану ережесін;

этиленгликолльдің құрамы мен қасиеттерін;

машинаны динилмен жылыту жүйесін, азот пен ауаның берілуін;

балқыту агрегаттарының торшасын өңдеуге қойылатын талаптарды;

торшаны өңдеу процесін реттеу ережесін жабдықты күтіп баптау ережесін;

слесар істерін.

75. Химиялық иіру гарнитуршысы
Параграф 1. Химиялық иіру гарнитуршысы, 1-разряд
403. Жұмыс сипаттамасы:

иіру машиналарына арналған сүзгі пальцыларын сүзгі материалымен жұмыс нұсқаулығына сәйкес орамдау;

сүзгі материалы мен жіпті дайындау;

жұмыс орнын жинастыру.

404. Білуге тиіс:

сүзгі пальцыларын сүзгі материалымен орамдаудың тәртібі мен ережесін;

сүзгі материалының нысанын және дұрыс орамдаудың шығарылатын талшық сапасына әсерін;

гарнитура құрылымын.

Параграф 2. Химиялық иіру гарнитуршысы, 2-разряд
405. Жұмыс сипаттамасы:

иіру гарнитурасын жұмыс нұсқаулығына бөлшектеу, өңдеу және құрастыру;

гарнитура бөлшектерін баркаларға салу, оларды хмикат ерітінділерімен толтыру;

иіру гарнитурасы мен жіп өткізу жүйесі бөлшектерін ыстық және суық сумен шаю;

гарнитура бөлшектерін қысымдалған ауамен үрлеу және герметикалылығын тексеру;

жұмыс орнын күтіп баптау.

406. Білуге тиіс:

иіру гарнитурасы мен жіп өткізу жүйесі бөлшектерін өңдеу процесін;

гарнитура бөлшектерін бөлшектеу мен құрастырудың тәртібін;

гарнитураның құрылымын, нысанын және оның бөлшектерінің өзара әрекет етуін;

манометрдің құрылымы мен жұмысын;

суық және ыстық судыңғ сығымдалған ауаның коммуникациия схемасын;

иіру гарнитурасы жуу және құрастыру сапасына қойылатын талаптарды;

жұмыс орнын күтіп баптау режимін.

Параграф 3. Химиялық иіру гарнитуршысы, 3-разряд
407. Жұмыс сипаттамасы:

гарнитура бөлшектерінің өңделу сапасын, гарнитураның құрастырылу сапасын, сүзгі пальцыларының орамдалу тығыздығы тексеру;

иіру машинасынан алынған гарнитураны қабылдау, дайындалғанын беру;

гарнитураның қажетті санын қамтамасыз ету;

сүзгі материалының, шеберханадағы гарнитура санын есепке алу және оның қажеттілігін есептеу;

бағынысты жұмысшыларға басшылық ету.

408. Білуге тиіс:

иіру машиналарында талшықты қалыптастырудың технологиялық процесін;

гарнитураның өңделу сапасын, гарнитураның құрастырылуын тексеру ережесін және әдістерін;

есеп жүргізу ережесін;

машинадағы гарнитураны ауыстыру кестесін және гарнитура қажеттілігін есептеу әдістемесін.

76. Канализатор-трапшы


Параграф 1. Канализатор-трапшы, 2-разряд
409. Жұмыс сипаттамасы:

иіру цехары мен өндірістік тоннельдергі канализация арналары мен торшаларын тазалау;

машина асты еденін, машина жанын және өтпе жолдарды жинастыру;

иіру машиналарындағы қышқыл қиқымдар мен қалдық жәшіктерін тазалау;

тазалаудан кейінгі жинастыру.

410. Білуге тиіс:

цехтағы канализация жүйесін тазалу және жинау ережесін.

77. Фильерді бақылаушы-толтырушы


Параграф 1. Фильерді бақылаушы-толтырушы, 3-разряд
411. Жұмыс сипаттамасы:

иіру машиналарындағы фильердің жай-күйін және иірудің стандарттылығын жұмыс нұсқаулығына сәйкес бақылау;

кептелген фильерді анықтау және оларды тоқымашымен бірлесіп ажырату, олардың тазасына ауыстыру және иіру орындарына салу;

иіру стандарттылығы бұзылған иіру орындарын белгілеу, осы орындарда иірілген куличтер мен бобиналарды ақаулы ретінде шығару және журналға жазу.

412. Білуге тиіс:

талшықты иірудің технологиялық схемасын және жіпті салу схемасын;

өндірілетін өнімнің ассортиментін;

иіру машинасының құрылымын, жұмыс принципін;

тұндыру ваннасының, иіру ерітіндісінің және иірілген талшықтың физикалық-химиялық қасиеттерін;

талшыққа қойылатын талаптар мен техникалық шарттарды.

78. Технологиялық процесті бақылаушы
Параграф 1. Технологиялық процесті бақылаушы, 3-разряд
413. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процес параметрлерінің сақталуын (температураның, қысымның, вакуумның, ерітінді концентрациясының, кернеудің және тағы басқа), толтыру схемасы стандарттылығының сақталуын, иіру машиналары гарнитурасының жай-күйін, паковкаға дұрыс оралуын, паковканың мөлшері мен орам тығыздығының сақталуын бақылау;

талшықтың метрикалық нөмірін, штапельді талшықтың кесілу ұзындығы мен біркелкілігін, химиялық ерітінді концентрациясын, цехтардағы температура мен ылғалды бақылау;

ыдыстардың, вагондардың тазалығын, шикізат пен химикаттардың қоймаларды сақталуын бақылау;

машинаның жұмысшы органдарының жылдамдығын (ұршықтың, валдардың, барабан айналу санын, тоқыма станогындағы батанның ұру санын), тұрып қалуды, үзіктің болуын, жұмыс орнының пайдаланылуын қадағалау және өлшеу;

бракталған өнімді, шикізат пен химикат талдама сынамаларын іріктеу, мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес талдауға жіберу және оны жұмысшыларға көрсету;

іріктелген сынаманы таңбалау;

талдау нәтижелері бойынша шикізат пен химикат жарамдылығын анықтау;

тараның, шикізат пен химикатты буып-түюдің және таңбалаудың жарамсыз жағдайына акті жасау;

бақылау және өлшеуге арналған тиісті аспаптар мен құралдарды (тахометрді, секундомерді, шаблонды, квадраттар және тағы басқа) пайдалану;

өлшеу және қадағалау нәтижелерін тиісті карталарға немесе белгіленген нысандағы қадағалау парақтарына жазу;

өлшеу және қадағалау нәтижелерін қарапайым статистикалық өңдеу;

өңделген деректерді журналға жазу.

414. Білуге тиіс:

өндірілетін өнімнің ассортиментін;

технологиялық процес параметрлерін және толтыру схемасын;

жабдықтың жай-күйінің өнімнің сапасына әсерін;

химикат талдама сынамаларын іріктеу ережесін;

шикізат пен химикаттарды қоймаларда сақтау тәртібін;

өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды және ақау түрлерін;

өлшеу және қадағалауды жүргізу ережесін;

қадағалау карталарын толтырудың тәртібін;

өлшеу және қадағалау нәтижелерін қарапайым статистикалық өңдеуді (орташа шаманы, топтаманы есептеуді және тағы басқа );

акті жасау ережесін.

Жіптің үзігін және жіпті қайта ораудың жылдамдығын қадағалау кезінде -2-разряд

Параграф 2. Технологиялық процесті бақылаушы, 4-разряд


415. Жұмыс сипаттамасы:

өндірісті бақылаумен байланысты қадағалаулар мен өлшеулерді жоғары біліктілікті талап ететін деректерді кейіннен өңдеп талдай отырып, тексерілетін учаскенің жұмысы туралы қорытынды бере отырып жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен бақылаушыларға басшылық ету және нұқама беру;

технологиялық процес параметрлері жаза отырып, талдауға сынама іріктеу;

ақаулы өнім шығарылғаны туралы акті жасау.

416. Білуге тиіс:

технологиялық процес параметрлерін;

тексерілетін учаскедегі жабдық пен бақылау-өлшеу асапаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

қадағалау әдістемесін;

оларды өңдеудің, осы қадағалаудың есебі мен талдау тәсілдерін;

сынама алу және акті жасау ережесін.

79. Шағын насостарды бақылаушы-реттеуші


Параграф 1. Шағын насостарды бақылаушы-реттеуші, 3-разряд
417. Жұмыс сипаттамасы:

шағын иіру насостарын жұмыс нұсқаулығына сәйкес бақылау және реттеу;

иіру машиналарындағы шағын насостардың беруін фильер ластануын алдын ала тексере отырып бақылау;

іріктелген сынамаларды өлшеу;

иіру ерітіндісін дұрыс бермейтін шағын насостарды баптау және реттеу;

шағын насостарды, шестерняларды ауыстыру, иіру ерітіндісінің ағуын анықтау және жою;

иіру орнын толтыру;

насос валының, үстіңгі және астыңғы иіру дискілерінің айналымын, қос жүріс сандарын секундомер мен тахометр бойынша, шағын насостың насос валымен дұрыс жалғануын тексеру;

жиналған шағын насостарды қабылдау, олардың май беруін стендіде анықтау; шағын насостарды беру топтары бойынша сұрыптау, оларды машиналарға беру;

бақыланатын шағын насостардың ерітіндіні беруін есепке алу және шағын насостарды картотекаға және журналға жазу;

жұмыс орнын күтіп баптау.

418. Білуге тиіс:

шағын иіру насостарын бақылау және реттеу әдістерін;

дозалаушы және қысымды насос құрылымын; талшықтың әр нөміріне беру және қысымы бойынша шағын иіру насостарына қойылатын талаптарды;

талшықты иірудің технологиялық схемасын;

бақылау стендінің құрылымын және онда жұмыс істеу ережесін;

бақылау-өлшеу асапаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

шағын насостардың, насос және дискі валдары ақауларының түрлерін;

шағын насостың жарамсыздығынан алынатын талшық ақауларының түрлерін;

шағын насостарды бақылау үшін қолданылатын майлардың қасиеттерін;

шағын насостардың беру есебін жүргізу ережесін;

жұмыс орнын күтіп баптау ережесін.

80. Тарту машиналарындағы айналдырушы
Параграф 1. Тарту машиналарындағы айналдырушы, 4-разряд
419. Жұмыс сипаттамасы:

жібекті барлық жүйедегі айналдыру-тарту машиналарында тарту және айналдырудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

ұршықтар мен машиналарды іске қосу және тоқтату;

қоректендіруші паковкаларды ауыстыру, жіпті өткізу жүйесі арқылы жіпті айналдыру паковкасына салу; жұмысталған өнімді алу;

жіп үзіктерін жою;

жұмыс орнының жартылай шикізатпен уақыты қамиамсыз етілуін, салынған жібектің сапасын, жібекті тарту және айналдыру сапасын, айналдырылған жібектік пакокаға оралуын, жіп өткізу жүйесінің, тарту дискілерінің жай-күйін, ыстық арту аумағындағы температураны, машиналардың уақытылы майлануы мен тазалануын қадағалау;

жабдықты күтіп ұстау.

420. Білуге тиіс:

жібекті тарту және айналдырудың технологиялық процесін;

жіпті салу схемасын;

айналдыру-тарту машиналарының құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін;

жібектің ассортиментін, физикалық-механикалық қасиеттерін;

жібекті тарту және айналдыру, орау сапасына қойылатын талаптарды;

жібекке арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

жібек брагының түрлерін, брактың және үзіктің пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою жолдарын;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

81. Айналдырушы-кептіруші
Параграф 1. Айналдырушы-кептіруші, 4-разряд
421. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды талшықты үздіксіз жұмыс істейтін машиналарды кептіру мен айналдырудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

ұршықтарды іске қосу және тоқтату. Жіпті өңдеуші және кептіруші цилиндрлерге, шпульге салу, жіп пен орамның үзіктерін жою, жұмысталған өнімді алу;

жіптің салынуы мен орналасуы дұрыстығын, өңдеу ерітіндісінің температурасын, кептіру цилиндрлерінің қызу деңгейін және белгіленген айналдыруды, шығатын талшық сапасын қадағалау;

жабдықты күтіп ұстау.

422. Білуге тиіс:

вискозды талшықты үздіксіз алудың технологиялық процесін және жіпті салу схемасын;

үздіксіз жұмыс істейтін машинаның құрылымын, жұмыс принципін;

талшықтың физикалық-механикалық қасиеттерін;

жіпті өткізу жүйесіне қойылатын талаптарды;

талшыққа арналған техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

82. Химиялық талшықты ораушы


Параграф 1. Химиялық талшықты ораушы, 4-разряд
423. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық талшықты иіру машиналарының орау бөлігінде ораудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

жұмыс орындарын іске қосу және тоқтату;

иіру орнынае келіп түскен жіпті қабылдау және бобинаға салу, жіп үзіктерін жою, жұмысталған өнімді алу немесе жұмысталған талшықты алуға қатысу;

машинаның орау бөлігінің иіру бөлігімен өзара жұмысын қамтамасыз ету;

жіптің жіп өткізу жүйесі арқылы өткізілу схемасын, шайба мен жіпті өткізу жүйесін майлаушы бөлшектерді; жіпті өткізу жүйесі мен гарнитураның жай-күйін, машинаның орау бөлігіндегі ауаның температурасы мен ылғалдылығын; майлауыш пен жұмысталған талшықтың сапасын қадағалау;

майлауыштың циркуляциясын, жіптің бобинаға қабылдану жылдардығын бақылау;

алу адымын сақтау, жабдықты күтіп ұстау.

424. Білуге тиіс:

химиялық талшықты үздіксіз алудың технологиялық процесін және жіпті салу схемасын;

иіру машиналарының орау бөлігінің машинаның құрылымын, жұмыс принципін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

химиялық талшықтың физикалық-механикалық қасиеттерін;

талшыққа және жіпті өткізу жүйесінің сапасына қойылатын талаптарды;

талшыққа арналған техникалық шарттарды;

жабдықты күтіп ұстау режімін.

Хлоринді талшық иіру машиналарының және «Гамель» типті иіру машиналарының орай бөлігіне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд

83. Сүзгі полотноларын төсеуші


Параграф 1. Сүзгі полотноларын төсеуші, 1-разряд
425. Жұмыс сипаттамасы:

жуылған сүзгі полотнолары мен жаңа матераилдар мен мақтадан жасалған сзгі престерге арналған полотноларды жұмыс нұсқаулығына сәйкес төсеу;

сүзгі полотноларын төсеуге дайындау, жуылған сүзгі полотноларын тексеру және брака шығару, бракталған жыртық полотноларды қоймаға тапсыру;

жаңа матераилдардан жасалған полотноларды сүзгі пресс тақталарының мөлшеріне сәйкес дайындау;

дайындалған сүзгі полотноларын престер бойынша жеке жиынтықтарға салу.

426. Білуге тиіс:

әр сүзгілеуге арналған сүзгі полотноларын жасау тәртібін және төсеу ережесін; сүзгі материалының сапасына қойылатын талаптарды.

Сүзгі полотноларын қабылдау және беру, оларды есепке алу және өндірістік журналға жазба жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде -2-разряд.

84. Иіру бөлшектерін күйдіруші
Параграф 1. Иіру бөлшектерін күйдіруші, 3-разряд
427. Жұмыс сипаттамасы:

фильерлі жиынтықтардың, шағын насостардың, иіру блоктарының бөлшектерін электрмен күйдіру пештерінде күйдіру; жиналған фильерлі жиынтықтардың және сыртқы фильерлі оправаларды иіру машинасына орнату алдында электрмен қыздыру пештерінде қыздыру процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

электрмен күйдіру және электрмен кыздыру жүйесін қосу және ажырату;

машинадан алынған фильерлі жиынтықтардың бөлшектеу және электрмен күйдіру пештеріне апару, фильерлі жиынтықтардың, шағын насостардың, иіру блоктарының бөлшектерін электрмен күйдіру пештеріне салу, оларды түсіру, тазарту және сығымдалған ауамен үрлеу;

фильерлі жиынтықтардың дайын өнімін жеткізу және оны фильерлік шеберханадан жөнелту, электрмен кыздыру пештеріне салу;

электр пештердегі күйдіру және қыздыру температурасын бақылау және реттеу;

электр пештердің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, жабдықты ұсақ жөндеу;

жабдықты күтіп ұстау.

428. Білуге тиіс:

фильерлі жиынтықтардың, шағын насостардың, иіру блоктарының бөлшектерін электрмен күйдіру қыздырудың технологиялық процесін;

электрмен күйдіру және электрмен қыздыру пештерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

фильерлі жиынтықтардың, шағын насостардың, иіру блоктарының бөлшектеріне қойылатын талаптарды;

күйдіру және қыздыру температурасын және оны реттеу ережесін;

жабдықты күтіп ұстау режимін;

электр пештердің жұмысындағы ақауларды жою әдістерін;

85. Химиялық талшық өндірісіндегі қашықтықтан

басқару пультінің операторы
Параграф 1. Химиялық талшық өндірісіндегі қашықтықтан

басқару пультінің операторы


429. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты басқрау қондырғыларындағы технологиялық процесті жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату;

шикізатты, материалдарды, жартылай өнімді салу, жартылай өнімді бір аппараттан басқаларына жіберу, аппараттарға реагенттерді беру, дайын өнімді алу;

технологиялық процесті орталық басқару щитінен бақылау және реттеу;

шикізатты, материалдарды, жартылай өнімді, дайын өнім шығымын есептеу және есепке алу;

қызмет көрсететін жабдықтың жай-күйін тексеру, алдын ала қарау және оларды майлау; бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

430. Білуге тиіс:

учаске қондырғыларындағы технологиялық процесті;

қызмет көрсететін учаскедегі автоматы қондырғының, автоматты басқару щитінің, арматураның, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін, пайдалану ережесін;

шикізаттың, реагенттердің, жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

шикізат пен дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін;

дабылдату ережесін; электротехника элементтерін.

Тарифтеу шарттары:

- вискозды иіру ерітіндісін алу; шайырды алу және иіруге дайындау; күкірт көміртегі мен вискозды өндірістің шықпа газдарын тазалау; роданий натрийін регенерациялау кезінде - 6-разряд - капролактамды, өндірістің тұндыру ваннасын регенерациялау, шықпа ерітінділерді тазарту, ерітіндіден артық суды алу және нитрон талшығы өндірісінде ерітіндіні кристалдау; капрон шайырды кептіру кезінде - 5-разряд

86. Химиялық талшықты өңдеуші
Параграф 1. Химиялық талшықты өңдеуші, 2-разряд
431. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды және синтетикалық жібекті, мыс аммиакты талшықты өңдеу агрегаттары мен жуу машиналарында ерітіндімен өңдеудің технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

агрегаттарды, машиналарды іске қосу және тоқтату;

жібекті салу және оны жуу машинааларына қою;

жекелеген агрегаттардағы баркаларға жібектің салынуын қадағалау;

жіп салынған арбаны агрегатқа орнату, оны өңдеу аумақтары бойынша алып жүру және шығару;

иіру машинасанан жгуты қабылдап алу, оны өңдеуші өтпе аппаратқа салу, вальцылар мен өткізу барабанын қосу және тоқтату;

өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;

паспорттарды толтыру және өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдықты баптап ұстау.

432. Білуге тиіс:

жібек пен талшықты өңдеудің технологиялық процесін;

жекелеген агрегаттар мен жуу машиналарының, өңдеуші өтпе аппараттардың құрылымын, жұмыс принципін; кранды арбаның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, арматураның, коммуникациялардың нысаны сен схемасын;

жібек пен талшықтың физикалық-химиялық қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптарды; жабдықты күту ережесін.

Параграф 2. Химиялық талшықты өңдеуші, 3-разряд


433. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды синтетикалық жібекті, мыс аммиакты талшықты ерітіндімен өңдеудің; вискозды және синтетикалық штапельді талшықты өңдеу мен тартудың; аммиакты талшықты өңдеудің леска мен қылды түрлі өңдеу агрегаттарында, жуу машиналарында булау мен жуудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

агрегаттарды іске қосу және тоқтату;

жиіру машинасынан жгутты қабылдап алу, немесе кесілген талшықты кесу машинасынан иіру-өңдеу агрегатының өңдеуші бөлігіне қабылдау; орамдағы немесе шпульдегі леска мен қылды булау баркасына, жуу машинасына, сығу үшін ценрифугаға салу; суды, өткір буды, жуу ерітіндісін беру;

леска мен қылды булау баркасынан, жуу машинасынан, ценрифугадан түсіріп алу немесе кептіруге беру;

өңдеу ерітіндісінің деңгейін, температурасын, қысымын, концентрациясы мен циркуляциясын, жібекті өңдеу кезінде суды, бу қысымын, вакуумды; штапельді талшықты өңдеу кезінде сығу валдары мен роликті транспортердің жылдамдығын; леска мен қылды булау және жуудың уақытын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және осы талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;

иіру-өңдеу агрегаттарының өңдеу бөлігінің иіру немесе кептіру бөліктерімен өзара жұмысын қамтамасыз ету;

күшті күкірт қышқылы мен олеинді сабынды жұмыс ванналарына дозалау, мыс аммиакты талшықғын өңдеу кезінде химикат ерітінділердің жұмсалу есебін алу;

жекелеген өңдеу ерітінділері мен майлауыштың жұмсалуын есептеу;

өндірісті бақылау үшін леска мен қылды сынамасын іріктеу;

өндірістік журналға жазба жүргізу;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны ұсақ жөндеу;

жабдықты баптап ұстау.

434. Білуге тиіс:

жібекті, синтетикалық штапельді талшықты өңдеудің, леска мен қылды булау мен жуудың технологиялық процесін;

жгутты вальцыға өткізу және ванна арқылы өткізу ережесін;

леска мен қыл өндірісіндегі баркалардың, жуу машинасының, ценрифуга мен бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның, коммуникациялардың құрылымын, жұмыс принципін технологиялық режим параметрлерін;

процесті бақылау мен реттеу ережесін;

вискозды және синтетикалық штапельді талшық пен жібектің, леска мен қылдың, өңдеу ерітінділері мен басқа да компоненттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

леска мен қылды түрлі өңдеу агрегаттарында, жуу машиналарында булау мен жуу кезіндегі брактың түрлерін, олардың болу себептерін, алдын алу және жою шараларын;

өңдеу ерітінділері мен майлауыштың жұмсалуын есептеу әдістемесін;

слесарь ісін;

жабдықты күту режимін.

Химиялық талшықты өңдеудің технологиялық процесін капронды жібекті өңдеушілердің жұмысына басшылық ету және үйлесатірумен бір мезгілде жүргізу кезінде -4-разряд

Параграф 3. Химиялық талшықты өңдеуші, 4-разряд
435. Жұмыс сипаттамасы:

вискозды корд талшығын үздіксіз процесс машиналарында өңдеудің технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

иіру бөлігінен жіпті қабылдау және оны өңдеу роликтеріне салу, машинаның кептіру-айналдыру бөлігіне беру;

жіп үзіктері мен роликтердегі орамды жою;

иіру-өңдеу агрегаттарының өңдеу бөлігінің иіру немесе кептіру бөліктерімен өзара жұмысын қамтамасыз ету;

жіптің дұрыс салынуы мен таратып бөлінуін, өңдеу ерітіндісінің температурасы мен берілуін қадағалау;

жабдықты баптап ұстау.

436. Білуге тиіс:

вискозды корд талшығын өңдеудің технологиялық процесін;

үздіксіз процесс машиналары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

арматураның, коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

корд талшығының физикалық-химиялық қасиеттерін; корд талшығына қойылатын талаптарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күту режимін.


87. Сүзгі пресстер мен диализаторларды қайта зарядтаушы


Параграф 1. Сүзгі пресстер мен диализаторларды қайта

зарядтаушы, 3-разряд


437. Жұмыс сипаттамасы:

свечалы және рамалық сүзгілерді, сүзгі пресстер мен диализаторларды жұмыс нұсқаулығына сәйкес қайта зарядтау;

жабдықты қосу және тоқсату;

сүзгі пресстер сүзгілері мен диализаторларды зарядтауға дайындау; сүзгі пресстер сүзгілері мен диализаторлардан ерітіндіні сығымдалған ауамен жинау және құйып алу;

жұмысталған сүзгі материалы налу, оны арбаға немесе люлькаларға тиеу;

сүзгі пресстер сүзгілері мен диализаторларды тазалау және сумен жуу;

таза сүзгі материалын салу;

таза сүзгі материалын сүзгі пресстер сүзгілері мен диализаторларға жеткізу және жұмысталғандарын жуу машинасына апару;

өңдеу ерітінділерін жасау бөлімінде – жұмысталған сүзгі материалын жуу машинасында жуу, центрифугада сығу және кептіргішке тасымалдау;

ацетаты талшықты сүзу бөлімінде – қалдықты тасымалдау және ерітікшке салу; жұмысталған сүзгі полотноларын тасымалдау және кептіргішке салу, одан алу;

жұмыс орнын күтіп ұстау;

қайта зарядталатын жабдықтың есебін жүргізу.

438. Білуге тиіс:

ерітіндіні сүзудің технологиялық процесін;

сүзгілердің, пресстер сүзгілері мен диализаторлардың құрылымын;

оларды қайта зарядтау ережесін;

сүзгілердің, пресстер сүзгілері мен диализаторларды қайта зарядтауға және сүзгі материалының сапасына қойылатын талаптарды;

иіру, өңдеу ерітінділерін сүзудің технологиялық процесі параметрлерін;

сілтінің құрамын; жолдарын.

88. Жіпті қайта ораушы


Параграф 1. Жіпті қайта ораушы, 4-разряд
439. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық талшықтан жасалған жіпті, талшықты қалыптастыру немесе орау кезінде болған жасарын ақауларды анықтау мақсатымен, иіру куличтерінен, бобинадан, патрондар мен копеден қайта ораудың, жіпке майлауыш қосудың және тасымалдау паковкасын жасаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

қоректендіруші паковканы ауыстыру және жұмысталған наработанной шпульді алу, үзіктерді жою және жіп ақауын шпульдің алдыңғы сыртына шығара отырып жою;

қоректендіруші және жұмысталатын паковкалардың біркелкі алынуын қамтамасыз ету;

химиялық талшықтан жасалған жіптің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын, ораудың тығыздығы мен жіптің майлану деңгейін қатаң сақтау;

жіп өткізу бөлшектерінің, майлау валиктерінің жай-күйін бақылау, жіп кескен бөлшектерін уақыты ауыстыру;

патрондарға нөмірлерді жапсыру;

қызмет көрсететін машинаның барлық механизмдерінің, тарту және бақылау-тазалау айлабұйымдары мен түйін тоқушылардың жұмысын және жай-күйін қадағалау;

келіп түскен талшықты, шпуль жіптерін тексеру;

угарды жинау және тапсыру;

жабдықты жөндеуден қабылдауға қатысу;

машинаны тазалау.

440. Білуге тиіс:

химиялық талшықтан жасалған жіпті қайта ораудың технологиялық процесі мен нысанын;

қайта орау машинасының құрылымын, оның негізгі механизмдерінің жұмысы мен өазара әрекетін;

қайта өңделетін атлшықтың түрлерін, қасиеттері мен нөмірін және оларды қайта орау сапасына қойылатын талаптарды;

жіпті, талшықты қалыптастыру немесе орау кезінде болған жасарын ақауларды;

жіптік ақауын жою әдістерін;

угардың түрлері мен нормасын;

жіпті тарту мен айлауды реттеу ережесін;

жабдықты күту ережесін.

89. Бобиналар мен куличтерді дайындаушы


Параграф 1. Бобиналар мен куличтерді дайындаушы, 2-разряд
441. Жұмыс сипаттамасы:

айналдыру және қайта орау машиналарында жіпті орауға және қайта орауға арналған айналдыру бобиналарын, иіру боиналары мен куличтерді өңдеуге және қайта орауға жұмыс нұсқаулығына сәйкес дайындау;

бобиналарды жеткізу, техникалық қаптаманы бобинаға немесе қышқыл бобинаға, куличтерге жібекпен кигізу;

қаптаманы бобина мен куличтерден алу;

қаптама мен бос бобиналарды сұрыптау;

қақпақтарды айналдыру бобиналарына кигізу және алу.

442. Білуге тиіс:

қаптаманы, қақпақтың нысанын;

оларды кигізу мен алу ережесін;

бобина мен куличтерді дайындау сапасына қойылатын талаптарды; жұмыс тәсілдерін.

90. Кварцты құм дайындаушы
Параграф 1. Кварцты құм дайындаушы, 1-разряд
443. Жұмыс сипаттамасы:

фильерлік жиынтықтарды зарядтауға арналған кварцты құмды дайындау, оны қоймадан жеткізу, диірменде тарту, жұмысталған кварцты құмды фильерлік жиынтықтардан жинау, сумен жуу, азотты қышқылмен өңдеуге тапсыру, кептіру, механикалық елек пен магниттік көмегімен фракцияға сұрыптау;

азотты қышқылда ерімейтін бөгде заттарды қолмен іріктеп алу;

дайындалған кварцты құмды фильерлік жиынтықтарды зарядтауға жеткізу;

кварцты құмның келіп түсуі мен жұмсалуы есебін жүргізу.

444. Білуге тиіс:

кварцты құмның нысаны мен фракциясын;

фильерлік жиынтықтарды зарядтау кезінде оған қойылатын талаптарды;

диірменнің, механикалық електің, жууға арналған айлабұйымның құрылымын, жұмыс принципін;

жұмыстың тәсілдерін.

91. Целлюлозаны дайындаушы
Параграф 1. Целлюлозаны дайындаушы, 1-разряд
445. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі қайнатпа кипінен араластыру айналмасында немесе сұрыптау үстелінде целлюлозаны араластыру және дайындау;

айналманы қосу және тоқтату;

целлюлоза киптерін қайнатпа бойынша іріктеу және сұрыптау үстелінде салу, әр киптен белгіленген целлюлоза парағын алу және оларды қатарлап жинау;

жабдықты күтіп баптау.

446. Білуге тиіс:

целлюлоза қоспасының нысанын;

целлюлоза қоспасына қойлатын талаптарды және оның технологиялық процеске әсерін;

қоспаға арналған айналманың құрылымын, жұмыс принципін, пайдалану ережесін;

жабдықты күтіп ұстау режимін;

жұмыс тәсілдерін.

Параграф 2. Целлюлозаны дайындаушы, 2-разряд


447. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза парағын алу кесу машианаларында және агрегаттарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес дайындау және кесу;

айналманы қосу және тоқтату;

целлюлозаны өлшеу;

целлюлоза киптерін қайнатпа бойынша іріктеу және кесу машианаларына беру;

кесілген целлюлозаны қатарлап жинау;

целлюлозаны кесу машианаларында кесу кезінде пневмотранспорт жұмысын қадағалау;

целлюлозаның кесілу сапасын қадағалау;

жабдықты күтіп баптау.

448. Білуге тиіс:

целлюлозаны кесу нысанын; кесу машиналарының, агрегаттарының, пневмотранспорттың құрылымын, жұмыс принципін;

целлюлозаның физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін; оларға қойылатын талаптарды;

жұмыс тәсілдерін.

Параграф 3. Целлюлозаны дайындаушы, 3-разряд


449. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлозаны дайындау, араластыру және кесу процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес бақылау;

целлюлозаны дайындау бөлімінің жұмысшыларын басқару;

жекелеген партиялардан целлюлоза қоспасын есептеу;

қоймадан партия қоспасында белгіленген целлюлоза көлемінің жеткізілуін қамтамасыз ету;

целлюлозаның шығысын және араластырудағы, кесудегі целлюлозаның және мерсерлеуге немесе «ВА» аппаратына берілудегі шығысын есепке алу;

пневмотранспорттың жұмысын қадағалау;

целлюлозаның ылғалдылығын кондиционилеудің қатаң режимін қамтамасыз ету және целлюлоза дайындау бөлімі жабдығының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

450. Білуге тиіс:

целлюлозаны араластыру және кесу ережесін;

кесу машиналарының, агрегаттарының, пневмотранспорттың құрылымын, жұмыс принципін;

целлюлозаның физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін;

целлюлозаға арналған мемстандарттарды, оларға қойылатын талаптарды;

целлюлозаны дайындау процесін жүргізу параметрлері мен ережесін;

целлюлоза қоспасын есепке алу әдістемесін.

92. Химиялық талшықты престеуші


Параграф 1. Химиялық талшықты престеуші, 4-разряд
451. Жұмыс сипаттамасы:

штапельді талшықты механикалық және гидравликалық престерде жұмыс нұсақулығына сәйкес престеу;

трамбовка мен престеу тақтасын қосу және тоқтату, пресс қорабын ауыстыру;

сымды, жіпті дайындау, буып түю материалын престерге жеткізу, оны пресс қорабына салу;

киптерді сыммен байламдау, қораптан итеріп шығару, тігу, шахтаға тасымалдау, кипті шахтаға түсіру және таразыға жеткізу;

киптерді өлшеу, таңбалау, қоймаға тасымалдау және қатарлап жинау;

талшықтың преске түсуін, қораптьың толу уақытын және талшықтың престелу тығыздығын; поршеньдегі майдың қысымын, бұрма айналма жұмысын, плунжер жүрісін, гидро- және винтті насостың жұмысын, ілеспе құжаттардың толтырылуын қадағалау,

престердің, кранбалканың, пневмотранспорттың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, жабдықты ұсақ жөндеу және баптау;

буып түйілген өнімнің, талшық пен буып түю материалының қалдығын есепке алу.

452. Білуге тиіс:

штапельді талшықты престеу процесін және оны буып түю ережесін;

престердің, пневмотранспорттың, бақылау-өлшеу аспаптары мен қызмет көрсететін абсқа да жабдықтың құрылымы, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін;

талшыққа арналған мемстандарттар мен техникалық шарттарды;

өнім ассортиментін;

кондициялық салмақты анықтау әдістемесін және буып түйілген өнімге қөұжаттама толтыру ережесін;

слесарь ісін; жабдықты баптау ережесін.

Штапельді талшықты өнімділігі тәулігіне 10 т механикалық престерде престеу кезінде - 3-разряд

93. Пресс-пакетші


Параграф 1. Пресс-пакетші, 3-разряд
453. Жұмыс сипаттамасы:

жібекті пакеттерді пресс-пакеттерде жұмыс нұсқаулығына сәйкес престемелеу;

иіру машиналарынан келіп түсетін жібекті түсіріп алу, оны ассортименті бойынша белгілеу,

қышқыл жібекті пакетке жинау, жібек салынған пакетті жуғаннан кейін кептіру арбаларына, люлькаларға тией отырып бөлшектеу;

жібекті пакеттерді пресс-пакеттерде престемелеу;

жібекті пакеттердіі престелу сапасын бақылау пунктінде тексеру. жібекті агрегатқа тасымалдау және оны престеу орнына жеткізу;

престелген пакетті агрегатқа оналастыру. Жабдықты күтіп баптау.

454. Білуге тиіс:

жібекті өңдеудің технологиялық процесін;

өңдеу агрегатының, пресс-пакеттің, көтергіштер мен бақылау пунктінің құрылымын, жұмыс принципін;

жібектің физикалық-химиялық қасиеттерін, оған қойылатын талаптарды;

жібекті пакеттерге престемелееу ережесін;

жабдықты баптау ережесін.

Қосалқы жұмыстарды атқару (пресс-пакеттерді жұмыс орнына тасымалдау, оларды түсіру, жабдықты баптау және тағы басқа) кезінде – 2-разряд

94. Химиялық талшықты иіруші
Параграф 1. Химиялық талшықты иіруші, 4-разряд
455. Жұмыс сипаттамасы:

мыс аммиакты талшықты иіру машиналарында қалыптаудың, леска мен қылды үздіксіз полимерлеу трубаларында қалыптау мен ораудың технологиялық процесін жұмыс нұсақулығына сәйкес жүргізу;

иіру орныдарын қосу және тоқтату;

иіру аппараттарын майлау, воронкалар мен бағыттаушы дроттарды жуу;

балқыма ағынын суытушы сулы ваннаға және машинаның қабыладу-орау бөлігінің иіру бобинасына бағыттау, леска мен қылды қалыптау кезінде жұмысталған қнімді алу;

фильерлерді ауыстыру, үзіктерді жою;

тұндыру және суыту ваннасының температурасы мен концентрациясын, шығарылатын талшықтың сапасын қадағалау;

өндірістік журналға жазба жазу;

жабдықты баптау.

456. Білуге тиіс:

талшықты, леска мен қылды қалыптаудың технологиялық процесін;

қызмет көрсететін учаскені майлау схемасын;

иіру машинасы мен қылды үздіксіз полимерлеу трубаларының құрылымын, жұмыс принципін;

иіру ерітіндісінің, қалыпталған талшықтың, леска мен қылдың қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптар мен өнімге арналған техникалық шарттарды;

жабдықты күту ережесін.

Мыс аммиакты талшықты қалыптаудың технологиялық процесін екінші коагуляциялау ваннасы тарапынан жүргізу және жгуттарды жалпы ранспортерге салу кезінде -3-разряд

Параграф 2. Химиялық талшықты иіруші, 5-разряд


457. Жұмыс сипаттамасы:

ацетатты, вискозды және синтетикалық талшық пен лесканы талшықты қалыптау машиналарында және үздіксіз процесс машианаларында ылғалды және құрғақ тәсілдер бойынша қалыптаудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

иіру орындарын қосу және тоқтату;

иіру орындарына шайыр салу және лесканы қалыптау кезінде азотпен өңдеу, жіптің үзігі мен фильердің ластануын жою;

иіру аппараттарын майлау, воронкалар мен бағыттаушы дроттарды жуу;

балқыма ағынын суытушы сулы ваннаға және машинаның қабыладу-орау бөлігінің иіру бобинасына бағыттау, леска мен қылды қалыптау кезінде жұмысталған өнімді алу;

фильерлерді ауыстыру, үзіктерді жою;

тұндыру және суыту ваннасының температурасы мен концентрациясын, шығарылатын талшықтың сапасын қадағалау;

өндірістік журналға жазба жазу;

жабдықты баптау.

458. Білуге тиіс:

химиялық талшықты, лесканы қалыптаудың технологиялық процесін;

қызмет көрсететін учаскені майлау схемасын;

иіру машинасы мен қылды үздіксіз полимерлеу трубаларының құрылымын, жұмыс принципін;

иіру ерітіндісінің, қалыпталған талшықтың, леска мен қылдың қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптар мен талшық пен лескаға арналған техникалық шарттарды;

жабдықты күту ережесін.

95. Пультші


Параграф 1. Пультші, 3-разряд
459. Жұмыс ситпаттамасы:

пресс-пакеттерді өңдеу агрегатының баркалары бойынша көтеру көпірінің немесе кранды арбаның көмегімен көтеруді, жылжытуды және түсіруді басқару пультінен кестеге сәйкес жүзеге асыру;

гидравликалық стансаның жинақтау багына май құю;

жинақтау багынан май құбырының желілеріне май беру үшін насосоты қосу;

сығымдалған ауа қорын толықтыру үшін ауа компрессорын кезеңдеп қосу;

жібекті пакеттің дұрыс қармалуын және дұрыс орналастырылуын қадағалау;

көпірдің немесе кранды арба канаттарының тік және жазық цилиндрлерін қарау;

өңдеу ерітіндісінің берілуін, пневмогидравликалық стансаның май қысымы мен ауа қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен басқару пультінен бақылау және реттеу;

өндірістік журналға жазба жазу;

басқару пультін ұсақ жөндеу және баптау.

460. Білуге тиіс:

пневмогидравликалық стансаның схемасын;

пресс-пакеттерді агрегатқа салу кестесін;

жібекті өңдеудің технологиялық процесін;

көтеру көпірінің немесе кранды арбаның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

жібектің физикалық-химиялық қасиеттерін оған қойылатын талаптарды;

басқару пультін күтіп баптау ережесін.

96. Целлофан пленканы кесуші
Параграф 1. Целлофан пленканы кесуші, 3-разряд
461. Жұмыс сипаттамасы:

целлофан пленканы таспаларға жұмыс нұсқаулығына сәйкес кесу;

кесу машинасын қосу және тоқтату;

целлофан пленканы қоректендіру орамынан кесу машинасына және бобинаға салу;

қоректендіру орамдарын ауыстыру және жаңасын орнату;

пленка үзіктерін жою;

кесілген целлофанды бобиналарды алу;

орамның тығыздығын, кесу жылдамдығы мен тазалығын бақылау;

машины пленка кесудің басқа өлшемдеріне ыңғайлау;

дайын өнімге паспорт жазу;

жабдықты күтіп баптау.

462. Білуге тиіс:

целлофан кесу және оны кесу машинасына салу схемасын;

кесу машинасының құрылымын, жұмыс принципін, пайдалану ережесін;

целлофан пленканы кесу параметрлерін;

целлофан пленканың физикалық-химиялық қасиеттерін;

пленканың кесушіден болатын ақауларын, олардыің алдын алу және жою шараларын;

жабдықты күтіп баптау режимін

97. Химиялық талшықты кесуші
Параграф 1. Химиялық талшықты кесуші, 2-разряд
463. Жұмыс сипаттамасы:

жгуттағы, холстағы талшықты немесе текстильқалдықтарын кесу станоктарында белгілі бір ұзындықтағы штапелькаларға жұмыс нұсқаулығына сәйкес кесу;

кесу машинасын қосу және тоқтату;

целлофан пленканы қоректендіру орамынан кесу машинасына және бобинаға салу;

қоректендіру орамдарын ауыстыру және жаңасын орнату;

штапелькалардың кесілу ұзындығын және жгуттың өтуін, оның бүрмеленуін қадағалау; кесуге түскен қалдықты сұрыптау;

жабдықты күтіп баптау.

464. Білуге тиіс:

жгутты, холсты немесе текстиль қалдығын штапелькаларға кесу процесін;

оларды станокқа және бүрмелеуші машинаға салу схемасын;

станоктың және бүрмелеуші машинаның құрылымын, жұмыс принципін;

белгі бір ұзындықтағы талшықты алу шарттарын;

штапельді талшықтың және талшық қалдығының физикалық-механикалық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды;

жабдықты күтіп баптау режимін.


Параграф 2. Химиялық талшықты кесуші, 3-разряд


465. Жұмыс сипаттамасы:

жгуттағы талшықты (алдын ала бүрмелеп, немесе бүрмелемей) механикалық немесе гидравликалық машиналарда белгілі бір ұзындықтағы штапелькаларға жұмыс нұсқаулығына сәйкес кесу;

жгутты тарту компенсатор арқылы бүрмелеу машианасына, кесу машинасына салу;

жгуттың икемділік деңгейін, бүрмелеу және кесу жылдамдығын, жгуттың тартылуын, сабындау ерітіндісі мен қысымдалған ауаның кесу машинасына берілуін, штапелькалардың ұзындығы мен сапасын бақылау және реттеу;

жгуттың бүрмелеу, кесу машинасында жгут өткізу бөлшектері арқылы өтуін, пышақтың, бөлу дөңгелегінің жарамдылығын, пышақтардың уақытылы ауыстырылуын қадағалау;

түсіру трубасын тазалау;

жабдықты күтіп баптау.

466. Білуге тиіс:

жгутты штапелькаларға кесу процесін және бүрмелеу, кесу машинасына салу схемасын;

механикалық немесе гидравликалық кесу машинасының құрылымын, жұмыс принципін; пышақтарды ауыстыру кестесін;

талшықты кесу технологиялық процесінің параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

штапельді талшықтың физикалық-механикалық қасиеттерін;

қалыпты икемді және ұзындықтағы таолшықты алу шарттарын, оларға қойылатын талаптарды;

жгуттың пышақ дискілерін оралуы, түсіру трубасының бітелуінің себептерін және бұларды жою тәсілдерін;

жабдықты күтіп баптау режимін.

98. Қопсытушы

Параграф 1. Қопсытушы, 2-разряд
467. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлозаны түту машинасында қопсыту;

штапельді талшықты және талшық қалдығын түту және өзге де қопсыту машиналарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес қопсыту;

машинаны, пневмотранспорты қосу және тоқтату;

кипті босату, жекелеген целлюлоза парақтарын машинаға беру;

талшық қалдығын түту және қопсыту машиналарының қоректендіргішіне біркелкі беру;

жұмысталған холсты немесе қопсытылған талшықты кесуге немесе буып түюге беру;

талшықты кептіру және өлшеу;

холстың тығыздығы мен талшықтың қопсыту сапасын бақылау және реттеу;

целлюлозаның сулануы мен қопсытылуын қадағалау;

жабдықты күтіп баптау.

468. Білуге тиіс:

талшық пен целлюлозаны қопсыту процесін;

түту және өзге де қопсыту машиналарының құрылымын, жұмыс принциіпін және коммуникациялар схемасын;

талшық пен целлюлозаның физикалық-механикалық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды;

жабдықты күтіп баптау режимін.

Параграф 2. Қопсытушы, 3-разряд
469. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза мен талшықты қопсыту, талшық қалдығын кесу, жуу, кептіру және дайын өнімді буып түю процесін жүргізу;

целлюлозаны қабылдап алу және партиялар қоспасын іріктеу;

қопсытылған целлюлозаның ерітуге уақытылы берілуін қамтамасыз ету;

пневмотранспорттың жұмысын бақылау;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны ұсақ жөндеу;

целлюлозаның жұмсалуын, дайын штапельді талшықтың шығарылуын есепке алу;

біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшыларға басшылық ету.

470. Білуге тиіс:

талшық пен целлюлозаны қопсытудың, талшық қалдығын кесу, жуу, кептіру және дайын өнімді буып түюдің технологиялық процесін;

талшықты кесу технологиялық процесінің параметрлері мен процесті реттеу ережесін;

қопсытылған целлюлоза мен талшыққа қойылатын талаптарды, дайын өнімнің түсуі мен шығымын есепке алу ережесін.

99. Иіру блоктарын құрастырушы
Параграф 1. Иіру блоктарын құрастырушы, 3-разряд
471. Жұмыс сипаттамасы:

иіру блоктарын жұмыс нұсқаулығына сәйкес өңдеу және құрастыру;

блоктар мен торшаларды күйдіру пештерінен жеткізу, сығымдалған ауамен үрлеу;

жарамсыз бөлшектерді брака шығару және оларды жаңасымен ауыстыру;

жұмысқа дайындалған насосты блокқа орнату, герметикалылығын тексеру;

дайын блоктарға паспорт жазу.

472. Білуге тиіс:

блоктарды өңдеу және құрастыру процесін;

блоктардың құрылымын, жұмыс принциіпін, оларды бөлшектеу және құрастыру ережесін;

блоктарды жөндеу және тексеру әдістерін;

ақау түрлерін және оларды жою тәсілдерін;

блоктардың жарамсыздығынан болатын талшық брагының түрлерін.

100. Иіру насостарын құрастырушы
Параграф 1. Иіру насостарын құрастырушы, 3-разряд
473. Жұмыс сипаттамасы:

иіру насостарын жұмыс нұсқаулығына сәйкес өңдеу және құрастыру;

насостарды бөлшектеу, тазалау, жуу және оның барлық бөлшектерін сығымдалған ауамен үрлеу;

жарамсыз бөлшектерді брака шығару және оларды жаңасымен ауыстыру, ұсақ жөндеу , бөлшектерін майлау;

күрделі жөндеуден кейін иіру машиналарын насостармен жинақтау.

474. Білуге тиіс:

иіру насостарын өңдеу және құрастыру процесін;

насостардың құрылымын, жұмыс принциіпін;

оларды бөлшектеу және құрастыру ережесін;

насостарды жөндеу және тексеру әдістерін;

ақау түрлерін және оларды жою тәсілдерін;

насостардың жарамсыздығынан болатын талшық брагының түрлерін.

101. Гарнитураны ауыстырушы
Параграф 1. Гарнитураны ауыстырушы, 3-разряд
475. Жұмыс сипаттамасы:

иіру гарнитурасын ауыстыру және иіру машиналарын жоғары разрядты жұмысшының басшылығымен технологиялық тазалау;

машинадан алынған иіру гарнитурасы мен жіп өткізу бөлшектерін шеберханаға жіберу және жаңасын жеткізу;

машинаны натрий сульфатынан және ластан тазарту және жуу;

иіру гарнитурасының стандарты орнатылуын тексеру;

гарнитурадағы иіру ерітіндісінің ағынын анықтау және жою;

жұмыс орнын күтіп ұстау.

476. Білуге тиіс:

иіру гарнитурасы мен жіп өткізу бөлшектерін ауыстырудың, машинаны технологиялық тазарту және жуу ережесі мен тәртібін;

гарнитураның құрылымы мен нысанын, өзге бөлшектермен өзара жұмыс әрекетін;

гарнитура мен жіп өткізу бөлшектерінің жарамсыздығынан болатын талшық брагының түрлерін;

вискоздың, иіру ерітіндісінің, тұндыру және пластификациондық ванна компоненттерінің қасиеттерін;

жұмыс орнын күтіп ұстау ережесін.

Параграф 2. Гарнитураны ауыстырушы, 4-разряд


477. Жұмыс сипаттамасы:

бағынысты жұмысшыларға басшылық ету, гарнитураны ауыстыру және машиналарды тазалау жөніндегі жұмысты үйлелстіру;

гарнитураны ауыстыру және технологиялық тазалаудың барысын бақылау;

иіру машинасы астауларынан тұндыру ваннасын және коллектор соңынан вискозды ағызу;

мшиналардағы ластанған кәріз бұрмаларын тазалау;

машиналарда ауыстыруға қажетті гарнитура санымен: машиналарды тазалауға қажетті материалмен және айлабұйыммен қамтамасыз ету;

машина астауларынан тұндыру ваннасымен толтыру, иіру ерітіндісін насос стойкалары мен червяктар арқылы өткізу;

гарнитураны ауыстыру және технологиялық тазалау кезінде машинаны қабылдау және тапсыру;

ауыстырылатын гарнитура мен жіп өткізу бөлшектерінің қажетті санын есептке алу және өндірістік журналға жазу;

гарнитураның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

ұсақ жөндеу.

478. Білуге тиіс:

талшықты қалыптаудың технологиялық процесін;

иіру машиналарының құрылымы мен жұмыс принципін;

гарнитураны ауыстыру және технологиялық тазалаудың тәртібі мен ережесін;

тұндыру ваннасын астауларға толтыру мен ағызу, вискозды ағызу және өткізу ережесін;

есепті жүргізу ережесін;

гарнитураның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін;

слесарь ісін.

102. Иіру блоктарын ауыстырушы


Параграф 1. Иіру блоктарын ауыстырушы, 4-разряд
479. Жұмыс сипаттамасы:

иіру блоктарын жұмыс нұсқаулығына сәйкес ауыстыру;

иіру орнын блоктарды ауыстыруға дайындау, азотты желінің динильді қыздыру жүйесін ағыту, иіру қақпағын босату, бункер мен стоякты көтеру, блокты алу, одан иіру насосы мен балқыту торшасын ағытып алу;

иіру бөлшегінің қаптамасын тазалау;

шеберханадан жаңа блокты жеткізу;

насосты тарту, блокты қаптамаға орнату;

иіру орнын іске қосуға дайындау;

динильді қыздырманы азотты желіге қосу, азотпен престемелеу арқылы иіру орнының герметикалылығын тексеру;

иіру орнын іске қосу;

машинадан алынған блок пен насосты күйдіру пешіне жеткізу;

ауыстыру блоктарын есепке алу және өндірістік журналға жазу.

480. Білуге тиіс:

талшықты қалыптаудың технологиялық процесін;

иіру машиналарының құрылымын, иіру блоктарының, азотты желі мен қыздыру жүйесінің нысаны мен құрылымын; блоктарды қыздыру кезінде қолданылатын динилдің, жылу жеткізушілердің қасиеттерін;

блоктарды кезінде иіру орындарын динилмен өңдеу ережесін;

иіру орындарын жаңсақ және сапасыз құрастырудан болатын талшық брагінің түрлерін.

103. Орнатушы
Параграф 1. Орнатушы, 2-разряд
481. Жұмыс сипаттамасы;

шпульды, бобиналарды жібекпен штапельді агрегат шпулярнигіне жұмыс нұсқаулығына сәйкес орнату;

жекелеген жіптерді жгутқа біріктіру;

жіптің үзіктерін, орама қимасын жою;

жібекті шпулярникке жеткізу, жұмысталған шпульды немесе бобинаны шпулярниктен алу және оларды әкету;

жібектің түсуін, жіптің дұрыс салынуын, жіп өткізу жүйесінің дұрыстығын қадағалау;

қалдықты ассортимент бойынша іріктеу және салмағына қарай тапсыру;

жабдықты күтіп ұстау.

482. Білуге тиіс:

шпульды, бобиналарды шпулярникке орнатудың, жіптің дұрыс салынуын, жіптің өткізу жүйесіне берілуі мен жекелеген жіптерді жжгутқа біріктірудің тәртібін;

шпулярниктің құрылымын және жіптің өткізу жүйесіне қойылатын талаптарды;

жібектің ассортименті мен оның сапасына қойылатын талаптарды;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

Параграф 2. Орнатушы, 3-разряд


483. Жұмыс сипаттамасы:

корд жіпті катушкаларды жүріп тұрған тоқыма станогы ставкалары айналым алған және станоктың ставкамен бір мезгілде тоқтаған кезінде, станок шпулярнигіне жұмыс нұсқаулығына сәйкес орнату;

жіптерді стренгілер бойынша кареткада немесе тігін машинасында жіп ұштарын тігу бойынша байламдау; жіпті станокқа немесе арқау шыбық машинасына салу;

мата жиегін катушкаларды бір мезгілде сала отырып өңдеу;

станокты май құйғаннан кейін баптау; негіз қималары мен үзіктерін шиыру және станокты қосу;

негізгі жіптің үзіктерін жоюға қатысу;

куличтерді манжеттерге кигізу;

жіптің сапасын, бракқа шығарылған катушкалардың шпулярниктен алынуын бақылау, катушкалардың айналдыру цехына қайтарылуын ресімдеу. корд жіпті катушкалар мен куличтерді шпулярникке жеткізу, бос катушкалар мен манжеттерді белгіленген орынға әкету;

шпулярник шпилькаларынан орамдарды алу; манжеттерді тазарту;

жіптің түсуін және жіп өткізу жүйесінің жай-күйін, шпулярниктегі катушкалар мен куличтердің санын, жіптің станокқа немесе арқау шыбық машинасына салынуын қадағалау;

қалдықтарды тапсыру;

жабдықты күтіп ұстау.

484. Білуге тиіс:

катушкалар мен куличтерді шпулярникке орнатудың, жіптің жіп өткізу жүйесіне, арқау шыбық машинасына салыну тәртібін;

шпулярниктің құрылымын және жіптің өткізу жүйесіне қойылатын талаптарды;

оның сапасына қойылатын талаптарды; мата мен арқау артикулдары бойынша деректерді;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

Параграф 3. Орнатушы, 4-разряд


485. Жұмыс сипаттамасы:

станокты қайта зарядтау кезінде – қажетті катушкалар санының шпулярникке, жіп жігінің шпулярник планкісіне, дұрыс орнатылуын, жіптердің негіз беру механизміне салынуын, ремиз бен бердоны бақылау; жіптің жіп жинауышқа дұрыс берілу есептеу;

қатушкаларды салу және қою кезінде - катушкалардың шпулярникке дұрыс орнатылуын, және жіптің станокқа салынуын бақылау;

шпулярниктегі жіп түйісуін, шпулярникте жібі бар катушканы қоюға арналған паспорттың болуын бақылау;

иірмені станоктар бойынша беріктігіне, партияларына қарай және басқа да физикалық-механикалық көрсеткіштері бойынша таратып бөлу, шикізаттың дұрыс пайдаланылуын және оны үнемдеу режимін бақылау;

біліктілігі анағұрлым төмен орнатушыларға басшылық ету;

орнатушыларды тиісті нөмірлі және сапалы жібекпен, брака шығарылған катушкаларға жол бермей қамтамасыз ету;

орнатушыларды учаскелер бойынша бөліп қою;

станокты жүріп тұрған кезінде шебердің көмекшісіне және тоқымашыға тапсыру, орындалған ставкалардың саны мен станоктардың қайта зарядталуы себепті тұрып қалу уақытының есебін алу.

486. Білуге тиіс:

станокты негізбен жабдықтау ережесін және мата маркалары бойынша деректерді;

жіптің катушкаға түсу ұзақтығын;

ставкалар мен станоктардың қайта зарядталуы, шебердің көмекшісіне және тоқымашыға тапсыру ережесін;

жіптің жіп жинауышқа дұрыс берілу есептеу, станоктардың тұрып қалу уақытын, шикізаттың жұмсалуы мен бағынысты орнатушылардың орындалған жұмысын есептеу әдістемесін.

104. Химиялық талшықты алушы
Параграф 1. Химиялық талшықты алушы, 3-разряд
487. Жұмыс сипаттамасы:

жұмысталған талшықты иіру машиналарынан жұмыс нұсқаулығына сәйкес түсіріп алу;

иіру орындарын қосу және тоқтату;

машинаны түсіруге дайындау;

бобина ұстауыштарды талшық оралуының болмауын және тазалығын тексеру;

бос бобиналарды бобина ұстауышқа кигізу, жіпті бос бобинаға енгізу;

салудың жылдамдығы мен стандарттылығын сақтау,

жіп үзіктерін жою;

бос бобиналарды дайындау және оларды машиналар бойынша таратып салу;

түсірудің уақытылылығын қамтамасыз ету;

қажет кезінде – тоқымашыларға жіп үзіктерін жоюға және машинаны күтіп ұстауға көмектесу.

488. Білуге тиіс:

талшықты иіру мен ораудың технологиялық процесін;

жіпті өткізу схемасын;

иіру машинасының құрылымы мен жұмыс принципін;

түсіруді жұмыстау уақытын, оны түсірудің ұзақтығын;

алу және жаңасын салу ережесін;

түсіріп алу кезіндегі жібектің үзігі мен брагының себептерін, оның алдын алу және жою шараларын;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

105. Талшықты ылғалдаушы


Параграф 1. Талшықты ылғалдаушы, 2-разряд
489. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл және жуылған талшықты ылғалдатудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

жібек салынған арбалар мен люлькаларды иіру цехынан немесе өңдеуден кейін қабылдап алу және ылғалдатудан кейін жіберу;

температура мен ылдғалдылықты бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама іріктеу;

талшықтың түсуін, болуын, берілуін есепке алу және өндірістік журналға жазу;

жабдықты күтіп ұстау.

490. Білуге тиіс:

талшықты ылғалдатудың технологиялық процесін және процесті реттеу ережесін;

аспалы конвейердің, люлькалардың немесе арбалардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен коммуникациялардың құрылымын, жұмыс принципі менпайдалану ережесін;

талшықтың физикалық-химиялық қасиеттерін;

талшыққа қойылатын талаптарды;

брактың алдын алу және жою шараларын; жабдықты күтіп ұстау режимін.

106Фильерші


Параграф 1. Фильерші, 1-разряд
491. Жұмыс сипаттамасы:

иіру машиналарынан алынған ластанған фильерлерді қабылдау, лас фильерлерді фильер шеберханасында тазасына ауыстыру; тоқымашыларға таза фильерлер мен бөлшектерді шығарылатын талшық ассортиментіне сәйкес беру;

алынған және берілген фильерлер мен бөлшектерді есебін алу және өндірістік журналға жазу.

492. Білуге тиіс:

фильерлерді қабылдау және беру ережесін, талшық ассортиментіне фильерлерді бөлуді;

фильер брагының түрлерін;

есеп және жабдықты күтіп ұстау ережесін.

Параграф 2. Фильерші, 2-разряд


493. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі иіру фильерлерін химикат ерітінділерімен өңдеу немесе фильер жиынтығы бөлшектерін азотты қышқылда және этиленгликольде жұмыс нұсқаулығына сәйкес өңдеу;

ультрадыбысты генераторды қосу және тоқтату, қайнатуға арналған электрмен қыздыру ваннасын қосу және ажырату;

фильер жиынтығы бөлшектерін күйдіру пеші бөлімінен фильер шеберханасына жеткізу;

фильерді бөлшектеу, фильер мен бөлшектерге химикаттар немесе азотты қышқыл және этиленгликоль ерітіндісін құю, коагулирлендірілген полимерден тазарту, аппараттарда, баркааларда жұмсартылған сумен шаю және сығымдалған ауамен үрлеу;

фильерді кептіру шкафында немесе или муфельді пеште қыздыру немесе кептіру, фильерлердің ақауын шығару;

фильерге арналған сүзгі материалды дайындау;

кварцты құмды азоты қышқылда және дистиллирлендірілген суда жуу;

фильерлерді зарядтау және оларды целлофан немесе папирос қағазына орау;

өңделген фильер мен бөлшектердің есебі;

фильер шеберханасы жабдығын, айлабұйымдарын күтіп ұстау.

494. Білуге тиіс:

фильер мен фильер жиынтығы бөлшектерін бөлшектеу, өңдеу процесін; фильер құрылымын, оларды бөлшектеу және зарядтау тәртібін; фильерді өңдеу кезінде қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін;

ыстық және суық су, сығымдалған ауа, тіреу арматурасы коммуникациялары схемасын;

ультрадыбысты генератордың, фильерді өңдеуге арналған айлабұйымдардың құрылымын; фильерлерді зарядтауға жұмсалатын материалдарға қойылатын талаптарды;

фильер брагының түрлерін; жабдықты, айлабұйымдарын күтіп ұстау ережесін.

Фильерді ультрадыбысты қондырғыда өңдеу және фильер жиынтығы бөлшектерін азотты қышқылда және этиленгликольде өңдеу кезінде - 3-разряд

Параграф 3. Фильерші, 4-разряд


495. Жұмыс сипаттамасы:

фильерлерді зарядтау және разрядтау, оларды және фильер жиынтығы бөлшектерін түрлі химикат ерітінділерімен немесе ультрадыбысты қондырғыда өңдеу процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу. Фильерді өңдеу сапасын микроскоппен немесе сағаттық проектордың көмегімен бақылау;

фильер шеберханасы жұмысшыларының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету;

химикат ерітінділерін дайындау есебі;

ауысымды қабылдау кезінде зарядталған таза фильерлердің, жууда тұрған лас фильерлердің және қосалқы фильерлердің болуын тексеру;

фильерлердің сақталуын және өндіріске берілуін бақылау;

фильер шеберханасы жабдығын күтіп ұстау.

496. Білуге тиіс:

фильерлерді зарядтау және разрядтау, оларды және фильер жиынтығы бөлшектерін өңдеу процесін;

фильердің және ультрадыбысты қондырғыда құрылымын;

фильерді өңдеу кезінде қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін; машиналарды метрикалық нөмірі бойынша баптауды;

фильер брагының түрлерін; фильердегі лас және деформацияланған саңылаулардың себебінен алынатын талшық брагының түрлерін;

таразы мен микроскоп құрылымын, оларды баптау және жұмыс істеу ережесін; аспаптарды күтіп ұстау ережесін.

Біліктілігі анағұрлым төмен фильершілерге басшылық ете жүріп, фильерді ультрадыбысты қондырғыда өңдеу кезінде - 4-разряд


107. Целлофан пленканы қалыптаушы


Параграф 1. Целлофан пленканы қалыптаушы, 4-разряд
497. Жұмыс сипаттамасы:

целлофан пленканы өңдеудің, бояудың және кептіру мен ораудың технологиялық процесін үздіксіз процесс агрегаттарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

агрегаты қосу және тоқтату;

пленканы өңдеу және бояу баркаларының валиктеріне, кептіру цилиндрлерін шпулге кигізу; пленка үзіктерін жою;

жұмысталған өнімді алу;

өңдеу және бояу ерітінділерінің берілуі мен циркуляциясын, кептіру цилиндріне келетін судың температурасы мен қысымын, целлофан пленканы кептіру температурасын, кептіру барабандары айналуын, пленканың шпульге оралуын, валиктер мен агрегат цилиндрі арқылы өткен кезде пленканың дұрыс жазылуын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

өндірісті бақылау үшін талдауға сынама іріктеу;

өндірістік журналға жазу;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

жабдықты ұсақ жөндеу және күтіп ұстау.

498. Білуге тиіс:

целлофан пленканы өңдеудің, бояудың және кептіру мен ораудың технологиялық процесін, оны агрегатқа салудың схемасын;

агрегаттың және басқа эа қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және жұмыс принципін;

арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

пленканың физикалық-химиялық қасиеттерін, оған қойылатын талаптарды;

пленкаға арналған техникалық шарттарды;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп ұстау ережесін; слесарь ісін.

Целлофан пленканы өңдеуң, бояу және кептіру мен орау процесінің жекелеген операцияларын біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен орындау кезінде - 3-разряд

Параграф 2. Целлофан пленканы қалыптаушы, 4-разряд


499. Жұмыс сипаттамасы:

целлофан пленканы қалыптаудың технологиялық процесін үздіксіз процесс агрегаттарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;

агрегатты май құюға дайындау, фильерлерді салу, кептемені жою және фильерді сүрту, сүзгі прессті қайта зарядтау;

вискозды ерітіндінің дозалаушы насоспен берілуін, тұндыру ваннасының берілуі мен циркуляциясын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;

тұтастай агрегат бойынша технологиялықо процесс барысын қадағалау;

біліктілігі анағұрлым төмен қалыптаушыларға басшылық ету.

500. Білуге тиіс:

целлофан пленканы үздіксіз процесс агрегаттарында қалыптаудың технологиялық процесін және пленканы салу схемасын;

агрегаттың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін, арматура мен коммуникациялардың нысаны мен схемасын;

вискозды ерітіндінің физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

жабдықты күтіп ұстау ережесін.

108. Электр ұршықшы
Параграф 1. Электр ұршықшы, 2-разряд
501. Жұмыс сипаттамасы:

электр ұршықты бөлшектеу, оның бөлшектерін керосинде, ыстық суда жуу, сығымдалған ауамен үрлеу;

электр ұршық шеберханасының жабдығын, айлабұйымдарын күтіп ұстау.

502. Білуге тиіс:

электр ұршықты бөлшектеу, оның бөлшектерін өңдеу ережесін;

электр ұршықтың құрылымын, оларды бөлшектеу мен жуу ережесін;

электр ұршық шеберханасының жабдығын, айлабұйымдарын күтіп ұстау режимін.

Параграф 2. Электр ұршықшы, 3-разряд


503. Жұмыс сипаттамасы:

электр ұршық бөлшектерінің жуылу сапасын тексеру, оларды тозу дәрежесіне қарай брактау және ұршық бөлшектерінің жиынтықтау;

тозған және жарамсыз бөлшектерді ауыстыру, электр ұршықты құрастыру; оларды сынақ стендінде бақылау; электр ұршықты бояу және оладың жетек ұштарын қалайылау;

электр ұршықтың себебінен иіру машинасының авариялық тоқтауларын жою;

машинадағы электр ұршықтар мен қосқышиарды ауыстыру; электр ұршықтың майын ауыстыру; электр ұршықтың кружкаларын брактау және жетілдіру; машианалардағы электр ұршықтың бекітілуін тексеру; оларды иіру ұясының деңгейімен және ортасы бойынша орнату, иіру кружкаларын жетілдіру.

504. Білуге тиіс:

электр ұршықты құрастыру тәртібін;

электр жабдықтың және қосу аппаратурасының қоректендіру схемасын;

электрлі өлшеу аспаптарын желіге қосу ережесін;

электр ұршық статорларын орау схемасын және оларды кептіру мен сіңірмелеу режимін;

электр ұршықтың жарамсыздығы түрлерін және оларды жою тәсілдерін, электр ұршықтың істен шығу себептерін;

электр ұршықтың жарамсыздығы себепті алынған жібектің брак түрлерін;

қосу аппаратурасы мен қосқыштардың құрылымын;

электр ұршыққа және қосу аппаратурасы арналған техникалық шарттарды.


Параграф 3. Электр ұршықшы, 4-разряд


505. Жұмыс сипаттамасы:

электр ұршықты бөлшектеу, өңдеу және құрастыру процесін жүргізу; ұяларды суландыру, жоғарғы және төменгі герметизация жүйесін, иіру машиналарындағы жоғары жиілік желісін изоляциялауды бақылау;

электр ұршық шеберханасы жұмысшыларына басшылық ету және олардың жұмысын үйлестіру:

өтпелі клеммді қораптарды жөндеу;

электр ұршықтың авариясы себептерін талдау;

жаңадан келіп түскен, жөнделген және ауыстырылған машиналардағы электр ұршықтардың есебін жүргізу және өндірістік журналға жазу.

506. Білуге тиіс:

электр ұршықты бөлшектеу, өңдеу және құрастыру, тексеру процесін;

электр ұршықтың, қосқыштар мен герметизацияланған ұялардың құрылымын;

электр ұршықтың, қосқыштардың жарамсыздығы түрлерін және оларды жою тәсілдерін;

иіру машиналарындағы жоғары жиілік желісінің схемасын;

иіру машинасын профилактикалық және күрделі жөндеуден кейін электоцентрифугаларды, ұялар мен жоғары жиілік желісін тапсыру және қабылдау ережесін.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының

(28-шығарылым) қосымшасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет