жабдық бетінің сапасына қойылатын талаптарды;
бөлуші және декоративтік қабаттардың дайындық деңгейін анықтау ережесін;
дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды; қарапайым чертеждерді оқу ережесін.
315. Жұмыс үлгілері:
1) корм банкілері, ауа жәшіктері, киль, корпустар, қораптар, патрубкалар, тегіс полотнолар, серуендеу қайығының корпусы, тұмсық және көлденең қоршамалар, бұрыштық және таврлық профилдер, жел ұсатуыштар, серуендеу қайығының палубалары және тағы басқа. - контактілі әдіспен қалыптау;
2) автомобиль бөлшектері, қақпақтар, бүйірлік панелдер, салмалар, күшейткіштер - контактілі әдіспен қалыптау;
3) іс заттарының бөлшектері, втулкалар, бағыттауыштар, полкалар мен бұрыштар - контактілі әдіспен қалыптау;
4) пластиналар, күрделі емес тіреу жиынтығы, қатаңдату қырлары - контактілі әдіспен қалыптау;
5) еден, борт секциялары, палуба қондырмалары - контактілі әдіспен қалыптау.
Параграф 3. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд
316. Жұмыс сипаттамасы:
композиционды материалдардан жасалған күрделі шыны пластик бұйымдарды контактілі және вакуумды және гравитациялық пресстеу әдістерімен қалыптау, ерекше күрделі және ірі габаритті бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау;
тығыздау массасын дайындау;
өткізбейтін қосындыларды бітеу және орындалу сапасын тексеру;
метаодан және басқа да материалдан жасалатын күрделілігі орташа бұйымдарды қалыптау;
бұйымды жабдықтан алғаннан кейін қалыптау ақауларын (көбіктерді, ойықтарды) жою;
алдын ала сіңірмеленген шыны материалды орнында чертеж бойынша белгілеу және пішу;
тозаңдатылған қабатты күрделілігі орташа контрукцияға жеткізу;
гравитациялық қондырғыға салынған материалды сіңірмелеу;
күрделі емес бұйымдарды тозаңдату;
қажет кезінде байланыстырғышты қолмен дайындау;
өнімді есепке алу;
біліктілігі анағұрлым төмен қалыптаушыларға басшылык ету.
317. Білуге тиіс:
күрделі шыны пластик бұйымдарды түрлі әдістермен қалыптау процесін;
қолданылатын жабдықтардың (стенділердің, матрицалардың, пуансондардың) құрылымын;
армирленетін материалға қарай қалыптанатын бұйымның қалыңдығын анықтау ережесін;
күрделі чертеждерді оқу ережесін;
тозаңдатушы және гравитациялық қондырғылардың нысаны мен жұмыс принципін.
318. Жұмыс үлгілері:
1) банкілер, үлгілер - тозаңдату.
2) 250 мм дейінгі есу валдары - қалыптау.
3) автомобиль бөлшектері (слепкалар, үлгілер), қанат, төбе бөлшектері, мотоотсек панельдері, едендер - қалыптау.
4) тепловоздар мен электровоз кабиналары, «Старт» автобусы қорабының бөлшектрі, катерлер, құтқару шлюпкаларының корпусы, палубалар, рубкалар, еден секциялары, ялдар - контактілі әдіспен қалыптау.
5) есік комингстері, мойындықтар, шахта тамбурлары, кнехтілер, секциялар, борт палуба қоршамалары, іргетас бөлшектері - қалыптау.
6) құтқару шлюпкаларының, катерлердің, ялдардың корпустары – вакуумді престеу тәсілімен қалыптау.
7) корпустар, күрделі конфигурация жиынтықтары, флоралар, кильдер, стрингерлер, іргетас балкалары, секциялар, катер, шлюпка корпустары, негізгі және қосалқы қозғағыш іргетастары, цистерналар, кеме жиһазы, рубкалар, қондырмалар, еден шеттері, борттық палуба қондырмалары, іс заттары, секция жіктері және тағы басқа - контактілі әдіспен қалыптау.
Параграф 4. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:
композиционды материалдардан жасалған ерекше күрделі жоғары талап қойылатын шыны пластик бұйымдарды контактілі және вакуумды пресстеу және басқа да әдістерімен қалыптау;
күрделі жауапты конфигурациялы жабдыққа бөлуші және декоративтік қабаттарды жағу;
күрделі жауапты конструкциялар мен бұйымдарды барлық кеңістік жағдайларында қалыптау;
шыны мата пакеттерін кешенді механикаландыру жағдайларында сіңірмелеу;
ағаш және гипс тұлыптар бойынша шыны пластик немесе полимерцементті жабдық дайындау;
тозаңдату және гравитациялық қондырғыны жұмысқа дайындау және оларда жұмыс істеу;
бұйымдарды техникалық шарттар бойынша қажетті мөлшерге дейін жеткермелеу, өнім есебін жүргізу,
біліктілігі анағұрлым төмен қалыптаушыларға басшылык ету.
320. Білуге тиіс:
шыны пластиктен жасалатын бөлшектер мен бұйымдардың контрукциясы мен атауын;
ерекше күрделі шыны пластик бұйымдарды түрлі әдістермен қалыптаудың технологиялық процесін;
жабдықтың құрылымын; дайын өнімге арналған техникалық шарттарды;
ерекше күрделі чертеждерді оқу ережесін;
тозаңдатушы және гравитациялық қондырғылардың нысанын.
321. Жұмыс үлгілері.
1) 250 мм жоғары есу валдары - қалыптау.
2) автомобиль бөлшектері, балкалар, кабиналар, бүйір тіреулері - қалыптау;
3) перфорирленген матрицадағы бұйыимдарға арналған дайындамалар- жасау;
4) зәкір, палуба клюздері, есу валдарының кронштейндері, түтін құбыры, мачталар, негізгі және қосалқы қозғағыш пен арнаулы қондырғы іргетастары – қалыптамалау;
5) кеме корпусы, секциялар, қондырмалар, арнаулы қондырғы жіктері, ауылшаруашылығы авиациясы ұшағына арналған бактар, химаппаратура ыдыстары – контактілі қалыптау;
6) корпустар мен палуба – тозаңдату және жеткізу.
Параграф 5. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд
322. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше күрделі және фасонды бұйымдарды, портреттік ұқсастығы бар көркем бұйымдарды, сондай-ақ шыны пластик пен композиционды материалдардан жасалған көп денелі және жұқа қабатты, қол жетуі қиын терең бөліктері бар бөлшектерді жоғары сынып дәлдігі мөлшерін сақтай отырып, тозаңдату немесе контактілі қалыптау әдістерімен, үлгі, қалып немесе шаблон бойынша жеке не ұсақ сериялы өнідірісте қолмен қалыптау;
шыны матаны, шыны холсты немесе шыны жгуты үлгіге салу, оларды байланыстырушымен сіңірмелеу, бөлшектреді немесе бұйымдарды полимерлеу процесін жүргізу;
қажет кезінде байланыстырғышты қолмен дайындау;
тозаңдату және гравитациялық қондырғыны жұмысқа дайындау және ұсақ жөндеу;
бұйымдарды түрлі әдіспен жасау кезіндегі материалдардың шығысын анықтау;
ағаштан, пластмассадан, металдан немесе оларсыз жасалған бөлшектер мен бұйымдардың жекелеген бөліктерін құрастыру;
үстіңгі қабатты жеткеру, тазалау, қажет кезінде - жалтырату, қажетті мөлшерге дейін жеткеру;
біліктілігі анағұрлым төмен қалыптаушыларға басшылык ету.
323. Білуге тиіс:
шыны пластиктен жасалатын бөлшектер мен бұйымдарды жасаудың: контактілі қалыптау, гравитациялық қалыптау, вакуумді қалыптау, тозаңдату технологиялық процесін;
қалыаптау жолдарын;
тозаңдатушы және гравитациялық қондырғылардың құрылымын;
дайын өнімге арналған техникалық талаптарды;
қалыптаудың қажетті тығыздығын қамтамасыз ету тәсілдерін;
материалдардың есебі мен жұмсалу ережесін.
324. Жұмыс үлгілері:
1) ауа баллондары - қалыптау;
2) автомобиль кабиналары – қалыптау;
3) су, газ өткізбейтін қақпақтар - қалыптау;
4) палубалар – тозаңдату әдісімен жасау;
5) ауылшаруашылығы авиациясы ұшағының тозаңдатқыштары - қалыптау.
Параграф 6. Шыны пластик бұйымдарды қалыптаушы, 6-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:
шыны пластик пен композиционды материалдардан жасалған тәжірибелік және эксперименталдық бұйымдарды арнаулы және бірегей қалыптау жабдығын, айлабұұйыимдар мен құралдарды қолдана отырып қолмен қалыптау;
күрделі, ірі габаритті көлемді секцияларды, қабықтарды қалыптау кезінде құрастыру, орнату, жігін қосу;
эталондарды жасау.
326. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен кинематикалық схемаларын; шыны пластиктен жасалған бұйымдарды қалыптау процесінің технологиялық схемасын; шикізат пен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнімге арналған техникалық талаптарды;
327. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
57. Тарту аппаратшысы
Параграф 1. Тарту аппаратшысы, 3-разряд
328. Жұмыс сипаттамасы:
леска мен қылды жұмыс нұсқаулығына сәйкес Тарту машиналарынжа тартудың технологиялық процесін жүргізу;
машинаны іске қосу және тоқтату;
лесканы, қылды жіп өткізу жүйесі, тарту гадеті арқылы паковкаға немесе мотовилаға салу;
түйісетін бобиналарды ауыстыру, жіп үзіктерін жою, жұмысталған паковкаларды немесе орамдарды мотовилден алу, орамдарды байламдау;
тартылған лесканы, қылды таразыға апару;
тартудың жылдамдығын мен еселілігін бақылау;
лесканы, қылды тартудың және ораудың сапасын, жіп өткізу жүйесі мен тартушы галеттердің жай-күйін қадағалау;
қалдықтарды тапсыру.
329. Білуге тиіс:
лесканы, қылды тартудың технологиялық процесін және жіпті өткізу схемасын;
тарту машиналарының құрылымы мен жұмыс принципін;
леска мен қылдың ассортиментін, физикалық-механикалық қасиеттерін;
тарту сапасына қойылатын талаптарды;
дайын өнімге арналған техникалық шарттарды;
тартудың жылдамдығын мен еселілігін реттеу ережесін;
жабдықты күту ережесін.
Параграф 2. Тарту аппаратшысы, 4-разряд
330. Жұмыс сипаттамасы:
талшықты иіру машинасының ілмектеу-тарту механизмдерінде кесу мен тартудың технологиялық процесін жүргізу, талшықты тарту машиналарында жгутта немесе жекелеген жіппен, немесе штапельді агрегат стандарында жұмыс нұсқаулығына сәйкес тарту;
машинаны іске қосу және тоқтату;
жгутты иіру машинасының ілмектеу-тарту механизмдерінде салу;
түйісетін бобиналарды ауыстыру, жіп үзіктерін жою, жұмысталған паковкаларды немесе орамдарды мотовилден алу, орамдарды байламдау;
жекелеген жіп пен жгуттың үзіктерін, тарту галеттеріндегі, вальцылар мен агрегаттың басқа да айналма бөліктеріндегі оралма жіптерді жою;
агрегаттың қосалқы бөліктерінің өзара жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жіптің және жгуттың машинаға және агрегатқа дұрыс салынуын, тарту еселілігі мен санын, шпулярниктегі шпуль санын, талшықтың сапасын қадағалау;
тарту галететір мен стандардың жылыту жүйесіндегі су мен жылу жеткізгіштердің температурасын, сығымджалған ауаның қысымын, будың бу арнасына, гофрлеу машинасына берілуін, майлауыш циркуляциясын, талшықтың ұзындығы мен кесу жылдамдығын бақылау;
өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;
жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды күтіп баптау;
өндірістік журналға жазба жазу.
331. Білуге тиіс:
талшықты иіру машинасының ілмектеу-тарту механизмдерінде кесу мен тартудың, талшықты тарту машиналарында жгутта немесе жекелеген жіппен, немесе штапельді агрегат стандарында алудың технологиялық процесін;
жіп пен жгутты салу схемасын; иіру машинасының ілмектеу-тарту механизмдерінің, талшықты тарту машиналарының, штапельді агрегаттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;
дайын талшықтың физикалық-механикалық көрсеткіштерін;
талшыққа қойылатын талаптарды;
технологиялық режим параметрлері мен процесті реттеу ережесін;
жабдықты күту ережесін, сынама алу ережесін.
58. Ұсақтау және жетілдіру аппаратшысы
Параграф 1. Ұсақтау және жетілдіру аппаратшысы, 2-разряд
332. Жұмыс сипаттамасы:
кезеңді және үздіксіз жұмыс істейтін ұсақтауыштарда ұсақтаудың және ұсақталған целлюлозаны жетілдірудің технологиялық процесінің жекелеген опреацияларын әртүрлі жабдықтарда жұмыс нұсқаулығына сәйкес орындау;
қызмет көрсететін жабдық пен тасымал құралдарын іске қосу, тоқтату және ұсақтауыштардың пышақтары мен шайбаларын қайта қосу;
сілтілі целлюлозаны кезеңді жұмыс істейтін ұсақтауыштарға салу, ұсақталған целлюлозаны ұсақтауыштан транспортерлерге немесе жетілдіру жәшіктеріне салу, целлюлозаны транспортерлерден құбырларға немесе жетілдіру жәшіктеріне қабылдап алу, жәшіктерді жетілдіру камерасына партиялары бойынша қою; сілтілі целлюлозаны жетілдірілгеннен кейін ксантогенирлеуге жіберу;
жабдықты күтіп баптау.
333. Білуге тиіс:
сілтілі целлюлозаны ұсақтаудың және ұсақталған целлюлозаны жетілдірудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
ұсақтау және жетілдіру жабдығының, бақылау-өлшеу аспаптарының, көтергіштердің, транспортерлер мен басқа да көлік құралдарының құрылымы мен жұмыс принципін;
сілтілі целлюлозаның физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды;
технологиялық режим параметрлерін;
жабдықты күтіп баптау ережесін.
Параграф 2. Ұсақтау және жетілдіру аппаратшысы, 4-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы:
сілтілі целлюлозаны кезеңді және үздіксіз жұмыс істейтін ұсақтауыштарда ұсақтаудың және ұсақталған целлюлозаны кезеңді жұмыс істейтін жабдықта жетілдірудің технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес орындау;
қызмет көрсететін жабдық пен тасымал құралдарын іске қосу, тоқтату;
температураны, сілтілі целлюлозаны ұсақтауыштарда ұсақтаудың уақыты мен деңгейін; жетілдіру процесінің ылғалдылығы мен температурасын бақылау-өлшеу аспаптарының және талдама дереуктерінің көмегімен бақылау және реттеу;
өндірісті бақылау үшін талдауға сынама іріктеу;
алынған өнім көлемінің есебін өндірістік журналға жазу;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою;
жабдықты ұсақ жөндеу.
335. Білуге тиіс:
сілтілі целлюлозаны ұсақтауыш тардың және ұсақталған целлюлозаны жетілдіру жабдығының құрылымы мен жұмыс принципін;
технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; слесарлық істерді;
ұсақтау және жетілдіру процесін үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда жүргізу кезінде немесе бағынысты жұмысшылардың жұмысын басқару және үйлестіру кезінде (мерсеризациялау аппаратшысыс болмаса) - 4-разряд
59. Контактілі буландыру аппаратшысы
Параграф 1. Контактілі буландыру аппаратшысы, 3-разряд
336. Жұмыс сипаттамасы:
тұндыру ваннасын түтін газдарымен контактілеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жұмыс нұсқаулығына сәйкес орындау;
насостарды қосу және тоқтату;
қосалқы резервуардағы мазуты жылыту және оны жұмывс бактеріне қайта айдау;
конденсаты түсіру және оны конденсат бачогынан ағызу;
тұндыру ваннасының форсункаларын тазалау;
бактардағы мазуттың деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою. оны ұсақ жөндеу.
337. Білуге тиіс:
контактілеудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
мазут бактарының, насостардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;
коммуникациялар мен арматураның нысаны мен схемасын;
отынның физикалық-химиялық қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін;
жабдықты күтіп баптау ережесін; слесарь істерін.
Параграф 2. Контактілі буландыру аппаратшысы, 4-разряд
338. Жұмыс сипаттамасы:
тұндыру ваннасын түтін газдарымен контактілеу технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;
оттықтарды, үрлеу желдеткіштері мен басқа да жабдықтарды қосу және тоқтату;
отын форсункаларын ауыстыру және тазалау;
оттықтағы газдың температурасын скрубберге кіру және шығу кезінде, газ ауа қоспасын оттық пен скрубберден шығу кезінде, оттыққа келіп түсетін мазут немесе газды; желдеткіштен кейінгі ауа қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдама нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;
отынның шығысын есептеу және өндірістік журналға жазу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою. оны ұсақ жөндеу.
339. Білуге тиіс:
контактілеудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
оттықтардың, скрубберлердің, үрлеу желдеткіштері мен басқа да жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін;
коммуникациялар мен арматураның нысаны мен схемасын;
технологиялық режима параметрлерін және процесті реттеу ережесін;
жабдықты күтіп баптау ережесін; слесарь істерін.
60. Ксантогенирлеу аппаратшысы
Параграф 1. Ксантогенирлеу аппаратшысы, 4-разряд
340. Жұмыс сипаттамасы:
сілтілі целлюлозаны, алкоголяттарды ксантогенаторлар мен реакторларда ксантогенирлеудің технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;
ксантогенаторларды, реакторларды, тоңазытқыштарды, конденсаторлар мен басқа да жабдықтарды қосу және тоқтату;
желілерді, реакторларды, ксантогенаторларды алкоголятты қабылдауға дайындау;
сілтілі целлюлоза мен күкіртті көміртегін ксантогенаторларға, сулы спирт ерітінділерін реакторларға қабылдау, целлюлоза ксантогенатын ерітінділерге салу, реакционды массаны реактордан сүзгілерге түсіру;
сульфидтеу процесінің температурасы мен вакуумын, күкірт көміртегі буларының сорып әкетілуін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу. циркуляциясын, талшықтың ұзындығы мен кесу жылдамдығын бақылау;
жабдықты күту;
өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;
жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды күтіп баптау, ұсақ жөндеу.
341. Білуге тиіс:
ксантогенирлеудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
ксантогенаторлардың, реакторлардың, тоңазытқыштардың, конденсаторлардың, коммуникациялардың, арматураның, бақылау-өлшеу аспаптары мен басқа да жабдықтардың құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін;
сілтілі целлюлозаның, сілтілердің, спирттердің, күкірт көміртегінің, целлюлоза ксантогенаттарының физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; оларға қойылатын талаптарды;
технологиялық режима параметрлерін және процесті реттеу ережесін;
жабдықты күтіп баптау ережесін; слесарь істерін.
Параграф 2. Ксантогенирлеу аппаратшысы, 5-разряд
342. Жұмыс сипаттамасы:
сілтілі целлюлозаны, алкоголяттарды ксантогенирлеудің технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;
күкірт көміртегін өлшеуіштерге қабылдап алу және оны ксантогенаторлар мен реакторларға беру;
ксантогенат жартылай өнімі санын есеп кесетесі бойынша есептеу, күкірт көміртегін дозалаудың аяқталуын сілтілік қалдығы бойынша анықтау;
күкірт көміртегін дозалау кезінде конденсатордың сууын және бензолдың әкетілуін реттеу, ксантогенаттардың ылғалдылығын анықтау.
343. Білуге тиіс:
ксантогенирлеудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
жақсы сүзілетін ксантогенатты алудың шарттарын;
күкірт көміртегін өлшеуіштердің құрылымы мен жұмыс принципін;
оның жұмысындағы ақауларды анықтау мен жою ережесін;
есептеу әдістемесін.
Параграф 3. Ксантогенирлеу аппаратшысы, 6-разряд
344. Жұмыс сипаттамасы:
сілтілі целлюлозаны ксантогенирлеу, целлюлоза ксантогенатын еріту және жеткеріп еріту процесін жүргізу;
технологиялық режима параметрлерінің сақталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша бақылау;
сілтілі целлюлозаның және дозаланған сілті мен судың аппараттарға салынуын қадағалау;
күкірт көміртегін өлшеуіштерге қабылдап алу және оны ксантогенаторлар мен реакторларға беру;
шикізаттың жұмсалуы мен жартылай өнім шығымын есепке алу;
төмен разрядты аппаратшыларға басшылық ету.
345. Білуге тиіс:
сілтілі целлюлозаны ксантогенирлеудің, целлюлоза ксантогенатын ерітудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
тиеу құралдарының, су өлшеуіштерінің, сілті мен күкірт көміртегінің, еріткіштердің, жеткеріп еріткіштердің, коммуникациялардың, арматураның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;
сілтінің, вискозды еретіндінің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды;
дозаланатын компоненттердің санын есептеу әдістемесін;
ксантогенирлеу және еріту технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін.
61. Құю және кесу аппаратшысы
Параграф 1. Құю және кесу аппаратшысы, 4-разряд
346. Жұмыс сипаттамасы:
балқытылған шайырды құю машиналары мен ванналарында, арқауды, таспаны, чушканы кесу машиналары мен станоктарында құюдың құрғақ және сулы тәсілі бойынша құюдың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;
құю машиналарын қосу және тоқтату, құйма вентильдерін ашу және жабу, аппараттың конусты бөлігін жылытуды қосу және ажырату; кесу машиналарын қосу және тоқтату;
таспаны немесе арқауды құю ваннасына, тарту вальцыларына, кесу машинасы мен станогына салу;
балқытылған шайырды құю машиналарының шөміштеріне дозалау;
таспаның немесе арқаудың мөлшерін, құю ванналарындағы судың тазалығы мен температурасын, оның ваннаға берілуін; шайырды құю машиналарының шөміштеріне дозалауды, шайырдың құю машианаларында салқындатылу уақытын, таспаның немесе арқаудың берілу мөлшерін, кесудің дәрежесі мен сапасын, қиқым мен грануляттың бункерге немесе аппараттарға тиелуін, пневмотасымалдау құралдарының жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;
өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;
шайырдың жұмсалуын, алынған қиқым мен грануляттың санын есепке алу және өндірістік журналға жазу;
жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
жабдықты ұсақ жөндеу және күтіп баптау.
347. Білуге тиіс:
шайырды құю мен кесудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
құю машиналары мен ванналарының, кесу машиналары мен станоктарыныңжәне басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
балқытылған шайырдың, қиқым мен грануляттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері мен оларға қойылатын техникалық талаптарды;
технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;
жабдықты күтіп баптау режимін;
слесарь ісін.
Құю мен кесу процесін жүргізу кезінде - 3-разряд
62. Шайырды күңгірттеу аппаратшысы
Параграф 1. Шайырды күңгірттеу аппаратшысы, 3-разряд
348. Жұмыс сипаттамасы:
шайырды әртүрлі жабдықта құрғақ және сулы тәсілмен күңгірттеудің технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;
шайырды, күңгірттеуші және бояушы заттарды өлшеу;
шайырды, күңгірттеуші және бояушы заттардың белгілі бір пропорциясын аппаратқа салу;
опаланған шайырды бактарға немесе арбаларға түсіру;
күңгірттеуші және бояушы заттарды дайындау, оларды кептіру және електен өткізу;
қажетті күңгірттеуші және бояушы заттарды есептеу;
өндірісті бақылау үшін сынама іріктеу;
өндірістік журналға жазба жүргізу;
жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
жабдықты ұсақ жөндеу.
349. Білуге тиіс:
шайырды күңгірттеудің технологиялық процесін және қызмет көрсететін учаскенің схемасын;
күңгірттеу аппараттары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін;
шайырдың, күңгірттеуші және бояушы заттардың физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды;
технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;
жабдықты күтіп баптау режимін; слесарь ісін.
63. Ауасыздандыру және сүзу аппаратшысы
Параграф 1. Ауасыздандыру және сүзу аппаратшысы, 3-разряд
350. Жұмыс сипаттамасы:
тоқыма ерітінділерін бактарда кезеңдеп араластыру, сүзу және ауасыздандырудың технологиялық процесін жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықты іске қосу және тоқсату;
ерітінділерді араластырғышқа, қабылдаушы және жіберуші жұмыс бактарына қабылдау, ерітіндіні сүзуге және тісті насостардың немесе сығыдалған ауаның көмегімен иіруге жіберу;
бояушы ерітіндіні, иіру ерітіндісін араластырғышта дозалау;
ертініді құйылған бактарды ауасыздандыруға қою;
жоғары күңгірттелген иіру ерітіндісінің берілуін, араластырғыштардағы иіру ерітіндісінің температурасы мен циркуляциясын, бактар мен араластырғыштағы ертініді деңгейін, ерітіндіден ауаның шығарылуын, сүзгі престер мен ерітіндіні иіруге жіберу желісіндегі қысымды бақылау және реттеу;
Достарыңызбен бөлісу: |