Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (28 шығаралым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет2/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#143386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жабдықты баптаудың кестесі мен ережесін;

жұмыс тәсілдерін.

8. Дыбыс жұтушы сыналарды жасаушы


Параграф 1. Дыбыс жұтушы сыналарды жасаушы, 2-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

штапельді шыны талшықтан жасалған жолақтарды станокта тегістеп жылтырату; дыбыс жұтушы сыналарды берілген өлшемдер бойынша жинақтау, оларды техникалық шарттарға сәйкес желімдеу.

48. Білуге тиіс:

желімделетін құрамның рецептурасын;

дыбыс жұтушы сыналарды желімдеу жолдарын.

9. Шыны блоктарды жасаушы


Шыны блоктарды жасаушы, 3-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:

шыны матадан блоктарды арнаулы станоктарда жасау;

желім ерітіндісін дайындау, шыны матаны термокамерада кептіру, дайындаманы шаблон бойынша кесу; станокты дайындау, профильдендірілген валиктердің жарамдылығын, плитаның қызуын тексеру, төменгі тарақты рама пазасына орнату, тараққа фольганы орналастыру және валикпен жүргізу, бүрмеленген фольгағы желім салу, үстіңгі тарақты рама пазасына орнату, тараққа шыны мата дайындамасын қою, валикпен жүргізу және қызған плитамен қысу, плитаны түсіру және келесі операцияға дайындау; шыны блок сапасын сырттай тексеру, ыстық шыны блокты термоөңдеуге беру.

50. Білуге тиіс:

желім ерітіндісін дайындау ережесін;

шыны блоктарды дайындаудың технологиялық процесін;

парақтарды желімдеу және бүрмелеу кезіндегі операциялардың кезектілігі мен орындалу жолдарын;

дайын өнімге арналған техникалық шарттарды.

10. Шыны пластикті есу винттерін жасаушы
Параграф 1. Шыны пластикті есу винттерін жасаушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктердің орауын жазу және қалақтар мен есу винттеріне арнап шаблон бойынша кесу;

шыны пластикті сіңірмелеуге арналған қоспаны берілген рецептура бойынша жасау;

байланыстырушыны шыны мата бойынша қолмен, ауа көбігі мен ағындарына жол бермей біркелкі бөліп салу;

шыны пластик бұйымдарды 5 - 7 дәлдік сыныбы бойынша өңдеу;

шыны мата қалақтары мен есу винттерінің беріктігін сынауға қатысу;

болат және латунь дайындамаларын шыны пластик қалақтарына арнап кесу;

дайындамаларды арамен қолмен және пневматикалық машинкалармен кесу;

шыны пластик бұйымдарды престерде ыстық престеу әдісімен жасау.

52. Білуге тиіс:

қарапайым шыны пластик бөлшектер мен тораптарды өңдеу, құрастыру және престеу жолдарын;

түрлі типтегі гидравликалық престердің құрылымын;

қарапайым жұмыс құралының атауы мен нысанын;

сызбалардағы дәлдік сыныбы мен өңдеу тазалығы белгілерін;

шайырларды, жылдамдатқыштардың және шыны толтырғыштардың қасиеттерін.

53. Жұмыс үлгілері.

1) пресс-қалып бөлшектері - тазалау, шаю, сүрту, құрғақ ауамен үрлеу;

2) сыналар – алдын ала өңдеу;

3) пласмасса қалақтар мен винттер- кесу, қалақтардың жиектерін өңдеу;

4) армобетон престерге арналған қоспалар - қалып жасау;

5) эпоксидті шайырмен сіңірмеленген шыны маталар - қалақтар мен есу винттеріне арнап шаблон бойынша белгілеу және кесу.

Параграф 2. Шыны пластикті есу винттерін жасаушы, 3-разряд


54. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктерден жасалған күрделі емес бұйымдарды ыстық престеу әдісімен жасау;

пресс-қалыптарды преске тексере, реттей және бекіте отырып орнату;

шыны пластик дайындамаларын пресс-қалыпқа салу;

шыны пластик бұйымдарды 4 дәлдік сыныбы бойынша өңдеу;

қырларын кесу;

шыны мата қалақтары мен есу винттерінің беріктігін сынауға қатысу;

болат және латунь дайындамаларын шыны пластик қалақтарына арнап кесу;

дайындамаларды арамен қолмен және пневматикалық машинкалармен кесу;

шыны пластик есу ыинттерінің геометрияы мен теңгерімділігіне арналған паспортты жасауға қатысу;

армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді жасау;

армо-бетонды пресс-қалыптарды құюға арналған қоспаны берілген рецептура бойынша әзірлеу;

күрделі емес бұйымдарды шаблондар бойынша орнында белгілеу.

55. Білуге тиіс:

шыны пластик бұйымдарды әртүрлі әдіспен престеудің технологиялық процесін;

бөлшектер мен тораптарды өңдеу, құрастыру және престеу жолдарын;

түрлі типтегі гидравликалық престердің құрылымын;

қарапайым жұмыс құралының атауы мен нысанын;

өңделетін бөлшектердің нысанын; сіңірмелеу лагінің рецептурасын;

армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді құю ережесін;

такелаж және көтеру-тасымалдау құралдарының құрылымын және пайдалану ережесін.

56. Жұмыс үлгілері.

1) эпоксидті шайырмен сіңірмеленген, шыны пластиктен жасалған бөлшектер – престеу;

2) шыны пластиктен жасалған дайындамалар – кесу;

3) лактар –шыны пластикті сіңірмелеуге арналған рецепт бойынша дайындау;

4) винт қалақтары – қадамдық жағдайын өлшеуге қатысу;

5) шыны пластик қалақтар - өңдеу және ступицаға жеткеру;

6) армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді құюға арналған қоспалар- рецепт бойынша жасау.

Параграф 3. Шыны пластикті есу винттерін жасаушы, 4-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктерден жасалған ірі және күрделі бөлшектер мен тораптарды 4 дәлдік сыныбы бойынша өңдеу, кесу және жеткеру;

қалақтарды ступица пазасына қадамдық жағдайын тексере отырып жеткеру;

шыны пластик есу винттерінің геометриясына арналған паспортты жасауға қатысу;

винттерді теңгермелеуге арналған жабдықты бақылау-өлшеу аспаптары бойынша дәлдігін тексере отырып дайындау;

конструкциясы күрделі 4 метрге дейінгі есу винттерін теңгермелеуге қатысу;

тіркемелі адымды шыны пластик есу винттерін құрастыру кезінде анықталған ақауларды жою;

бұйымдарды сынау.

58. Білуге тиіс:

шыны пластик бұйымдарды әртүрлі әдіспен престеудің технологиялық процесін;

бөлшектер мен тораптарды өңдеу, құрастыру және престеу жолдарын;

түрлі типтегі гидравликалық престердің құрылымын;

қарапайым жұмыс құралының атауы мен нысанын;

өңделетін бөлшектердің нысанын; сіңірмелеу лагінің рецептурасын;

армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді құю ережесін;

шыны пластик бөлшектердің деформацияларының алдын алу және жою тәсілдерін.

59. Жұмыс үлгілері.

1) шыны пластик есу винттері – техникалық шарттарға сәйкес статикалық теңгермелеу және дебалансты анықтау;

2) шыны пластиктен жасалған винттердің күрделі бөлшектері - өңдеу және оларды метал бөлшектермен қосу;

3) винт қалақтары – беріктігін сынау;

4) армобетонных пресс - қалыптар – жасау;

5) армобетонных пресс - қалыптар – қалыптау, құю және мыс қалыптаушы қабығына дейін техникалық шартттарға дейін жеткеру.

Параграф 4. Шыны пластикті есу винттерін жасаушы, 5-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктерден күрделі құрылғылардыпрестеу әдісімен жасау;

эпоксидті шайырмен сіңірмеленген шыны пластикті пресс-қалыпқа салу, метал армировканы орнату;

ірі және жауапты шыны пластик бөлшектер мен күрделі тораптарды 2 - 3 дәлдік сыныбы бойынша өңдеу, кесу;

шыны пластик есу винттері – техникалық шарттарға сәйкес статикалық теңгермелеу және дебалансты анықтау, шыны пластик есу винттерін техникалық шарт талаптарына дейін теңгермелеу;

винт геометриясына арналған паспортты жасау, шыны пластик есу винттерін, ағызбалар мен басқа да күрделі тораптарды құрастыру кезіндегі ақауларды жою;

қалақтарды ВРШ фланцыларымен монтаждау тақталарында шпилкаларының тартылу дұрыстығын техникалық шарттар бойынша талап етілетін шекке дейін тексере отырып құрастыру.

61. Білуге тиіс:

шыны пластик бұйымдарды әртүрлі әдіспен престеудің технологиялық процесін;

бөлшектер мен тораптарды өңдеу, құрастыру және престеу жолдарын;

түрлі типтегі гидравликалық престердің құрылымын;

қарапайым жұмыс құралының атауы мен нысанын;

өңделетін бөлшектердің нысанын;

сіңірмелеу лагінің рецептурасын;

армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді құю ережесін;

шыны пластик бөлшектердің деформацияларының алдын алу және жою тәсілдерін;

есу винттерін статикалық және динамикалық теңгермелеу ережесін және олардың пайдалану деректерін;

армо-бетонды пресс-қалыптар мен копирлерді құю технологиясын.

62. Жұмыс үлгілері:

1) балансирлер – қондырғының дәлдігін станина бойынша тексеру;

2) 6 - 8 метрге дейінгі шыны пластикті есу винттері – шыны пластик қалақтарды ступица пазасына жеткеру және оларды адымдық жағдайда орналастыру;

3) тіркелген адымды шыны пластикті есу винттері – теңгемелеу;

4) ВРШ шыны пластик қалақтары - құрастыру, сынау және статикалық теңгермелеу.

11. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы


Параграф 1. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы, 2-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен бұйымдар (құбырлар, рештактар мен тағы басқа) жасауды орау әдісімен орныдау;

байланыстырушыны ваннаға құю;

артық байланыстырушыны бұйымнан сығып алу;

дорндағы жіптің біркелкі бөлінуін қадағалау;

орауға арналған түземенің жұмыс қабатын дайындау (тазалау, майсыздандыру, жұмыс қабатына бөлушы қабатты салу);

бөлуші қабатты берілген рецептура бойынша жасау.

64. Білуге тиіс:

орау станогының құрылымын; шыны пластиктен жасалған бұйымдарды орау принципін;

шыны талшықтың, байланыстырушының қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін;

жұмыс жолдарын; қоспаның құрамын.

Параграф 2. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы, 3-разряд


65. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен бұйымдар (құбырлар, рештактар мен тағы басқа) жасаудың технологиялық процесін орау әдісімен біліктілігі анағұрлым жоғары ораушылының басшылығымен орындау;

шыны жгут бобиналарын жылжымалы кареткаға салу;

шыны жгут бобиналарының дұрыс орауын және оамам сапасын қадағалау;

шикізат есебін жүргізу;

станоктың үйкелетін бөліктерін тазалау және майлау.

66. Білуге тиіс:

орау станогының құрылымын; шыны пластиктен жасалған бұйымдарды жасау жолдарын;

қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

Параграф 3. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы, 4-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды (құбырлар, рештактар мен тағы басқа) жасаудың технологиялық процесін жүргізу;

жабдықты жұмысқа дайындау – орау станогының, полимерлеу камерасының, дорндарды тарту станогының, бұйымды кесу және өңдеу механизмдерінің жарамдылығын тексеру және баптау;

қондырғы жұмысын бақылау;

бағдарламалық басқарылмайтын станоктардың жіп салғышындағы шпулярник пен блока жіп орнату;

шыны пластиктен жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды бағдарламалық басқарылмайтын станоктарда қарапайым армирлеу тәсімі кезінде орау;

сіңірмелеу ваннасындағы байланыстырғыштың температурасын бақылау және ұстап тұру;

қолданылатын материалға және оралған қабаттардың санына қарай оаралатын бұйымның қалыңдығын есептеу;

жұмыс процесіндегі ұсақ жөндеу;

шикізаттың, жартылай шикізаттың шығысын есептеу және дайын өнімнің есебін жүргізу;

станоктарға біліктілігі анағұрлым жоғары дайындаушының басшылығымен қызмет көрсету;

бағдарламалық басқарылмайтын станоктарға қызмет көрсетуші жұмысшыларды басқару.

68. Білуге тиіс:

бұйымдарды түрлі тәсілдермен ораудың технологиялық процесін;

жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;

құрғақ орау тәсілі кезінде ауырлатқыштар мен ауырлық өлшеуіштерін, таспаны қыздыру пештерін баптау, реттеу ережесін;

оралатын бұйымның қалыңдығын есептеу әдістемесін, қондырғыны ұсақ жөндеу операцияларын;

шикізатқа жәнедайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

69. Жұмыс үлгілері.

1) тангенциальді орау кезіндегі ауқымды шпангоут үлгілері – жасау;

2) материалды физикалық-механикалық сынау жүргізуге арналған көлемді үлгілер мен қабықтары – орау әдісімен жасау;

3) қарапайым армирлеу тәсімі кезіндегі шыны пластиктен жасалған құбырлар мен қабықтар - орау әдісімен жасау.


Параграф 4. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы, 5-разряд


70. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған күрделі бұйымдарды орау әдісімен жасаудың технологиялық процесін жүргізу;

ірі габаритті түземелерді люнеттерге тексере және бекітке отырып орнату;

стаонкты қосу және бағдарламалық басқарылатын станоктарды ауыстыру кезінде түземеге жіп салу;

технологиялық режим датчиктерінің жұмысын бақылау. Шыны таспаны тарту;

датчиктерді орнату, шпулярникті зарядтау және бағдарламалық басқарылатын станоктардың сіңірмелеу трактісіндегі жіптер мен таспаларды салу;

бағдарламалық басқару жүйесі кезінде орау станогын басқару.

71. Білуге тиіс:

бұйымдарды бағдарламалық басқарылатын станоктарда түрлі тәсілдермен ораудың технологиялық процесін;

бағдарламалық сандық басқару жүйесімен орауға арналған станоктардың құрылымын;

берілген қалыңдықты алу үшін қабаттағы орамның есебі мен қабат сандарын есептеу әдістемесін.

72. Жұмыс үлгілері:

1)жоғары қысымды баллондар – жасау;

2) шахта корпустары мен арнаулы контейнерлер – жасау;

3) цилиндр және кониялық үлгідегі жиынтықсыз, және сыртқы әрі ішкі жиынтығымен армирлеу тәсімді ірі көлемді құбырлар мен қабықтар - жасау.

Параграф 5. Шыны пластик бұйымдарды орап жасаушы, 6-разряд


73. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған ерекше күрделі кез келген нысандағы бұйымдарды орау әдісімен жасаудың технологиялық процесін бағдарламалық басқарылатын станоктарда жүргізу;

ірі габаритті түземелерді люнеттерге тексере және бекітке отырып орнату;

тәжірибелік бұйымға бағдарлама болмаған жағдайда, тәжірибе жұмыстарын жүргізген кезде бағдарламалық басқарылатын орау станоктарын басқару;

бағдарламалық басқарылатын станоктар авариялық тоқтап қалған жағдайда ұсақ жөндеу және алдын алу жұмыстарын (станокты қосу мүмкіндігін анықтау және осы қосуды қамтамасыз ету жұмыстарын атқару ) орындау;

бұйымнан түземені кабестанмен алу;

шыны пластиктен жасалған дайын өнімдерді бұйымды одан әрі өңдеу үшін арнаулы станоктарда тексеру және орнату;

бағдарламалық басқарылатын станоктың жол жүйесін баптау;

сандық бағдарламалық басқару жүйесіндегі жұмысты жолдық бағдарламалық жүйеге асуысу процесін жүзеге асыру;

кабестанды баптау кезінде және бұйымнан түземені одан әрі алу режимі кезінде оны басқару;

бағдарламалық басқарылатын станоктарға қызмет көрсететін жұмысшыларға басшылық ету.

74. Білуге тиіс:

бағдарламалық және кабестанмен басқарылатын станоктың кинематикалық және гидравликалық жүйелерін;

жүйелердің ақауларын және оларды жою тәсілдерін;

гидравликалық жүйе жабдығының құрылымын және оның жұмыс принципін;

станоктарды берілген бұрыштар мен орау жылдардықтары бойынша баптау тәсілдерін;

бағдарламалық жүйенің жұмыс принципін.

75. Орта арнаулы кәсіптік білім талап етіледі.

12. Фольгаландырылған шыны тақталарын жасаушы
Параграф 1. Фольгаландырылған шыны тақталарын жасаушы, 3-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

фольгаландырылған шыны тақталарын жолақтарға немесе шыны тіліктерге берілген мөлшер бойынша кесу;

түрлі мөлшердегі және конфигурациядағы бөлшектреді жинақтау;

бөлшектерді шыны жіппен қолмен тігу және дайын өнімдерді бақылауға тапсыру.

77. Білуге тиіс:

шыны тақталарын жолақтарға немесе шыны тіліктерге берілген кесу ережесін;

шыны тақта сапасына қойылатын техникалық талаптарды;

шыны маттарды тігу тәсілдерін;

шыны тақтаны фольгалауға және оның сапасына қойылатын шарттар мен талаптарды.

13. Жарық өткізгішті изоляциялаушы


Параграф 1. Жарық өткізгішті изоляциялаушы

4-разряд


78. Жұмыс сипаттамасы:

изоляциялаушы құрамды рецептураға сәйкес әзірлеу;

жартылай фабрикатты (жарық өткізгішті) капрон жіппен орау, ерітіндіден икемді эластик қабықты кигізу, икемді қабық ұштарын өңдеу;

дайын өнімдерді (жарық өткізгішті) таңбалау;

технологиялық журналға көрсеткіштерін жазуды жүргізу.

79. Білуге тиіс:

жарық өткізгішті изоляциялаушы құраммен өңдеу жолдарын;

кептіру технологиясын;

қолданылатын шикізат материалдарының қасиеттерін;

жарық өткізгішті таңбалау тәсілдерін;

изоляциялаушы құрамды әзірлеу тәсілдерін және олардың концентрациясын анықтау ережесін;

бақылау аспаптары мен талдау таразысын пайдалану ережесін.

14. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластиктерді сынаушы


Параграф 1. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластиктерді сынаушы, 3-разряд


80. Жұмыс сипаттамасы:

шыны талшықты материалдар мен шыны пластиктерді және олардан жасалған бұйымдардың механикалық және электрлік беріктігін, термиялық тұрақтылығын, соққыға беріктігін, жылу деформативтілігін сынау; негізі және арқауы бойынша матаның тығыздығын, шыңдау кезіндегі шығын процентін, талшықтың ылғалын, жіптің желілік тығыздығын, элементарлық талшықтың диаметрін, жіп орамын, матаның ені мен қалыңдығын анықтау;

бұйымды сынауға дайындау, герметикалықты, гидравликалық қысымын, үзіктегі және бүктемедегі беріктігін тексеру, втулканы белгілеуішпен жүріп өту және саңылаудың барлық ұзындығын калибрмен тексеру;

сынақ нәтижелерінің жазбасын жүргізу.

81. Білуге тиіс:

сыналатын бұйымдар өндірісінің технологиялық процесін, сондай-ақ олардың түрлері мен нысандарын;

сынауға жататын бұцйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен оны пайдалану ережесін;

сынау үшін сынама алу шарттарын және сынама жүргізу ережесін.

Параграф 2. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластиктерді сынаушы, 4-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

шыны талшықты материалдар мен шыны пластиктерді және олардан жасалған, ерекше жоғары дәлдік пен арнаулы есептерді талап ететін бұйымдарды сынау;

элементарлық талшықтың диаметрін, жіп орамын, матаның ені мен қалыңдығын шыныпластиктердің Пуассон коэффициентін анықтау;

сынақ нәтижелерін тіркеуге арналған журналды жүргізу.

83. Білуге тиіс:

сыналатын бұйымдар өндірісінің технологиялық процесс негіздерін, сондай-ақ олардың түрлері мен нысандарын;

сынауға жататын бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

бақылау-өлшеу аппаратурасының (айлабұйымдарының) құрылымы мен оны пайдалану ережесін;

жұмыс тәсілдерін; сынама жүргізу ережесін;

сынақ нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері мен сынақ нәтижелерін арнаулы қондырғылардың көмегімен өңдеу әдістерін.

15. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластик өндірісінің бақылаушысы


Параграф 1. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластик өндірісінің бақылаушысы, 2-разряд


84. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық жабдықтың (шыны иіру агрегаттарының, жазу-орау машиналарының, тоқыма станок тарының және тағы басқа) жұмыс режимін (жылдамдығын және тағы басқа) технологиялық регламенттерге, нормаларға, нұсқаулықтарға сәйкес бақылау;

шыны жіптердің үзіктігін бақылау;

белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

85. Білуге тиіс:

өнім өндірісінің технологиялық процесі негіздерін;

технологиялық регламентті, қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды, бақылау-өлшеу аппаратурасының (айлабұйымдарының) құрылымы мен оны пайдалану ережесін;

жұмыс тәсілдерін.

Параграф 2. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластик өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд


86. Жұмыс сипаттамасы:

шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен шыны таспаның сапасын технологиялық регламенттерге, нормааларға, нұсқаулықтарға сәйкес бақылау;

қабылданған және бракқа шығарылған өнімге арналған құжаттаманы ресімдеу;

брак себептерін анықтау.

87. Білуге тиіс:

бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесі негіздерін;

технологиялық регламентті, іске қосу жазбаларын, сапаға қойылатын талаптар бөлігіндегі нұсқаулықтарды, бапқыланатын өнімге, жартылай фабрикаттар мен шыны таспаға қойылатын қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, брак түрлерін және олардың пайда болу себептерін;

бақылау ережесін және бұйымдарды тиісті сұрыптар мен топтарға жатқызу ережесін;

бақылау-өлшеу аппаратурасының (айлабұйымдарының) құрылымы мен оны пайдалану ережесін;

жұмыс тәсілдерін.


Параграф 3. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластик өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өнімнің сапасын технологиялық регламенттерге, нормаларға, нұсқаулықтарға, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес бақылау;

қабылданған және бракқа шығарылған өнімге арналған құжаттаманы ресімдеу;

брак себептерін анықтау;

дайын өнімді бақылау брактауға қатысу;

біліктілігі анағұрлым төмен бақылаушыларға басшылық ету.

89. Білуге тиіс:

бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесі негіздерін;

технологиялық регламентті, іске қосу жазбаларын, сапаға қойылатын талаптар бөлігіндегі нұсқаулықтарды, бақыланатын дайын өнімге қойылатын қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

брак түрлерін және олардың пайда болу себептерін;

бақылау ережесін және бұйымдарды тиісті сұрыптар мен топтарға жатқызу ережесін;

бақылау-өлшеу аппаратурасының (айлабұйымдарының) құрылымы мен оны пайдалану ережесін;

жұмыс тәсілдерін.

Параграф 4. Шыны талшықты материалдар мен шыны

пластик өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:

жауапты (арнаулы) нысандағы дайын өнімнің сапасын технологиялық регламенттерге, нормаларға, нұсқаулықтарға, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес: түземенің берілген нысан мен конфигурацияға сәйкестігін, бұйымның ауданы мен массасын анықтау есебін; шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар сапасын, технологиялық процестің барлық операциялары бойынша материалдар мен параметрлерді бақылау;

арнаулы нысандағы дайын өнімді бақылама брактауды жүргізу;

қабылдау-тапсыру сынақтары үшін үлгі алу және бақылау;

қабылданған және бракқа шығарылған өнімге арналған құжаттаманы ресімдеу;

брак себептерін анықтау;

біліктілігі анағұрлым төмен бақылаушылардың жұмысын үйлестіру және басшылық ету.

91. Білуге тиіс:

бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесі негіздерін;

арнаулы нысандағы бақыланатын дайын өнімге қойылатын технологиялық регламентті, іске қосу жазбаларын, сапаға қойылатын талаптар бөлігіндегі нұсқаулықтарды, қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; бақылау ережесін және бұйымдарды тиісті сұрыптар мен топтарға жатқызу ережесін;

брак түрлерін және олардың пайда болу себептерін;

1 кв. м. бұйымның ауданы мен массасын есептеу әдістерін;

арнаулы нысандағы бұйымдарға қолданылатын шикізаттың сапасына қойылатын қосымша талаптарды.

16. Шыны пластик бұйымдарды контурлаушы


Параграф 1. Шыны пластик бұйымдарды контурлаушы, 2-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пластиктен жасалған қарапайым бұйымдарды, композициялық және басқа да материалдарды пневматикалық, қолмен кесетін құралдармен контурлеу;

материалды сұрыптау, жұмыс орнына жеткізу;

кесу сапасын өлшеу құралымен тексеру.

93. Білуге тиіс:

шыны пластиктің физикалық-химиялық қасиеттерін;

кесу және өлшеу құралдарын пайдалану ережесін;

қарапайым конфигурациялы бөлшектерді белгі салу және контурлеу жолдарын.

94. Жұмыс үлгілері:

1) банкілер, бракеттер, әуе жәшіктері, кницылар, пластиналар, тік профильдер, қатты қырлар, флагштоктар – контурлеу.

Параграф 2. Шыны пластик бұйымдарды контурлаушы, 3-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет