Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы



бет4/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 32. Арбакеш

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атпен, өгізбен, мүлмен және басқа да жүк тасымалдайтын жануарлармен түрлі жүктерді, қоқыстар мен басқа да жүктерді тасымалдау; жануарларды жегу, доғару және жұмыс кезінде күтім жасау. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін және канализациялық құдықтарды ластан ожаумен, қолмен және арнаулы насостар мен механизмердің көмегімен тазалау. Канализация люктерін ашу және жабу, сору жабдықтарын цистерна насосына жалғау және ағыту. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру, тасымал құралдары мен ат әбзелдерін жеңіл жөндеу мен майлау. Жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау кезіндегі сақталуын бақылау. Ластар мен қоқыстарды арнайы орындарға шығару. Жол құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: аттарға және басқа жүк тасымалдайтын жануарларды күту ережесін; тасымалданатын жүктің шекті салмағын, ластықтарды жинау, тасымалдау ережесін және жинап шығару шұңқырлары мен қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру ережесін; насостардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесін; тасымалдау жабдықтары мен ат әбзелдерін күтудың ережесін; жол қозғаласы ережесін; жүктерді қабылдау және тапсыру жөніндегі жол құжаттарын ресімдеу тәртібін; жинап шығару шұңқырлары мен канализация құдықтарының, қоқыс үйінділерінін орналасқан жерлерін.
§ 33. Газшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым біліктілігі жоғары газшының басшылығымен ауажылытқыштарға қызмет көрсету, олардың күйін және жекелеген балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру және домналықтардан басқа өзге пештердің газдық шаруашылығы жабдығының жұмысын бақылау, ауажылытатын аппараттарды ауадан газға және газдан ауаға ауыстыру. Газтазарту қондырғыларына, газараластыру станцияларына, газгольдеолер мен газқұбырларына қызмет көрсетуге, сондай-ақ олардың жабдығын жөндеуге қатысу. Газдық жанарғылардың алаңдарын тазалау және жабдық тораптарының қажалатын бөліктерін майлау.

Білуге тиіс: пештерде металды балқыту процесі туралы негізгі мәліметтер; суқыздырғыштар мен газдық аппаратураның құрылысы; жанатын газдардың қасиеттері және газқорғаныш аппарат пен газқауіпті ортада жұмыс істеу ережесі.
§ 34. Газшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауажылытқыштарға қызмет көрсету, олардың күйін және жекелеген балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру және 100 т дейін сыйымдылығымен домналықтардан басқа өзге пештердің газдық шаруашылығы жабдығының жұмысын бақылау, ауажылытатын аппараттарды ауадан газға және газдан ауаға ауыстыру. Қызмет көрсететін балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру пештерінде тиісті жылулық режим мен үрлеуді қамтамасыз ету. Газды тазалау процесінде қозғалтқыштардың, сорғылардың, скрубберлердің жұмысын басқару. Газараластыру станцияларының жабдығына және газтазарту қондырғыларына қызмет көрсету. Қажетті калориялы және қысымды газ алуды қамтамасыз ету. Боялған бұйымдарды кептірудің берілген температуралық режимін қолдау, үздіксіз жұмысты бақылау, газгольдерлерді толтыру мен босатуды реттеу. Газ құбырларының ақаусыз күйін және олардың қосылыстарының регметикалығын қамтамасыз ету. Газ клапандарының су ысырмаларында судың қажетті деңгейін, ожауларды, науаларды, бекіткіштерді кептіруге арналған жанарғылардың ақаусыздығын қолдау. Генераторлардың, қожсалғыштардың және цех клапандары жинағының газ өткізбеушілігін қадағалау. Қызмет көрсетілетін объектіде немесе учаскеде газ құбырлары мен арматураны жөндеуге және тазартуға қатысу.

Білуге тиіс: балқыту, жылыту, термиялық, ұсталық, шынықтыру пештерінде жұмыстың техникалық процесінің негіздері; скрубберлердің, автоматты реттеуіштердің, газгольдерлер жабдығының құрылысы; газ құбырлары мен көмекші арматураның сызбалары.
§ 35. Газшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту цехтерінің немесе домналықтан басқа әр түрлі конструкциялы үш пешке дейін санымен учаскелердің немесе 100 т артық сыйымдылығымен жекелеген балқыту, жылыту, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің ауажылытқыштары мен жабдығына қызмет көрсету және бақылау. Газ құбырлары мен көмекші құрылғыларға, газ реттеуші пунктер мен газ бөлетін станцияларға қызмет көрсету. Аспаптардың көмегімен улы газдардың мөлшерін анықтау. Қызмет көрсететін пештердің тиісті жылулық режимін мен үрлеуді қамтамасыз ету. Ауа жылытқыштарды газдан ауаға және ауадан газға ауыстыру. Газ құбырлардың желісін және газдарды тазалау, араластыру бойынша қондырғыларға қызмет көрсету. Газдың шығынын, үрлеу қысымы мен температурасын, ылғалды үрлеу кезінде будың шығынын бақылау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін есепке алу және пештердің жылулық режимі бойынша белгіленген құжаттаманы ресімдеу. Газ желісі мен арматураның қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: балқыту, қыздыру, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің жұмысының технологиялық процесі; балқыту, жылыту, бояу- кептіру, термиялық, ұсталық және шынықтыру пештерінің ауа жылытқыштарының және газдық аппаратураның конструкциялық құрылысы; газдардың физикалық және химиялық қасиеттері; қызмет көрсетілетін учаскеде газ құбырларының және ауа үрлеу желісінің коммуникациялар сызбасы.
§ 36. Газшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту цехтерінің немесе әр түрлі конструкциялы және көлемді (домналық пештерден басқа) үш пештен артық санымен учаскелердің газдық шаруашылығының ауа жылытқыштары мен жабдығына қызмет көрсету және бақылау. Қызмет көрсететін пештердің тиісті жылулық режимін мен үрлеуді қамтамасыз ету. Ауа үрлеушілердің жұмысын, газды тазалау сапасын және технологиялық пештер үшін газдың түсу біркелкілігін бақылау. Ысырмалардың сальниктері мен фланецтік қосылыстар арқылы газдың ағып кетуінің алдын алу және жою. Газ қондырғыларының жұмыс режимдері мен сызбаларын реттеу. Газдың шығыны мен қысымын есепке алу және қызмет көрсетілетін учаскедене белгіленген құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: балқыту және қыздыру пештерінің жұмысының технологиялық процесі; балқыту, қыздыру және шынықтыру пештерінің ауа жылытқыштарының және газдық аппаратурасының конструкциялық құрылысы; пештердің жұмы процесін реттеу ережесі; бір режимнен екінші жұмыс режиміне ауысу әдістері; газды пайдалануда тұтынушылардың ерекшеліктері және қолданылатын агрегаттардың жұмыс сипаты.
§ 37. Газгенераторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық ысырмалар мен шикі газ коллекторларын, газ генераторлардың шаң ұстағыштарын және фенолдық тартпаларды фустар мен шайырлардан тазалау. Газгенераторлардың тостағандарын қосу және сөндіру. Суды гидроысырмаларға беруді реттеу. Қож алып тастайтын механизмдердің жұмысын қадағалау. Қож бен күлді жинау, тиеу және оларды белгіленген орынға тасу. Скрубберлердің гидроысырмалары мен тіреулерлен қалдықты алып тастау. Гидроысырмалардың айналатын тостағандарына қызмет көрсету. Қозғалғыш механизмдерді майлау. Газгенераторларды отынмен тиеу бойынша жұмыстарға, оны пиктермен және пневмоқұралмен көсеп тастауға қатысу. Тиеу жабдығына қызмет көрсету. Анағұрлым жоғары білікті газгенераторшының басшылығымен газгенераторларға қызмет көрсету бойынша басқа жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: газогенераторлардың жұмыс істеу қағидасы; қож жинайтын механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; гидроысырмалар мен газ коллекторларының түрлері мен қасиеттері; газогенераторлық отынның түрлері мен қасиеттері, оны тиеу және көсеу ережесі; гидроысырмаларға суды беру сызбасы; қызмет көрсететін жабдықтың және механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; қож бен күлді алу және тасу тәртібі мен ережесі; қолданылатын құрал мен құрылғылар; газбен улану немесе иіс тию кезінде алғашқы жәрдем көрсету ережесі.
§ 38. Газгенераторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағашта, шымтезекте, тақта таста және көмірде жұмыс істейтін шағын өнімділікті газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу. Газгенераторды тиеуді және буауа үрлеуді реттеу. Шағын өнімділікті 10 газгенераторға дейін қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Суауа қалыптарына, бужинағыштарға қызмет көрсету. Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 20000 куб м/сағ дейін өнімділікпен агрегаттарда газды шебер тазалау. Отынды көсеумен және пневомоқұралмен көсеу. Жану аймақтарын өлшеу және газгенераторлардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Генератор бөлімінің жануын, үрленуін, температуралық режимі мен жылу алмасу аппаратурасының жұмысын қадағалау. Газгенераторларды ағыту, кептіру, жағу және желіге қосу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Скрубберлер мен градирняға су беруді реттеу. Газды суландыру форсункаларын тазалау. Күл- қож жоюды бақылау. Газгенераторлардың жабдығын жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: газгенераторлардың құрылысы; энергиялық газды алу технологиялық процесі; отынды газдандырумен байланысты физика мен химия бойынша негізгі мәліметтер; энергиялық газдың құрамы және оның қасиеттері; шикі газдың коллекторларының орналасуы; бу-, су- және газ құбырларының сызбасы; газ тазалау жүйесінің құрылысы және газды тазалау технологиясы; генераторларды отынмен тиеу ережесі; оны көсеумен және пневомоқұралмен көсеу тәсілдері.
§ 39. Газгенераторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмірде, кокста, антрацитте және қатты отынның басқа түрлерінде жұмыс істейтін жоғары өнімділікті газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу. Сулы газ генераторларына, темірбу тәсіл бойынша сутегі генераторларына, сондай-ақ тақта тастарды қайта өңдеу кезінде буоттегі үрлеуде генераторларға қызмет көрсету. Шағын өнімділікті 10-нан артық газгенераторға қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Отынды салуды, жануын, үрленуін, температуралық режимді және жылу алмасу аппаратураны қадағалау. Су циклдарын реттеу. Газгенераторларды ағыту, кептіру, қыздыру және оларды газдық жүйеге қосу. Жану аймақтарын өлшеу, күюлерді, аймақтардың қисаюларын, қос аймақтарды, қож күмбездерді, газгенераторлардың жұмысындағы басқа ақаулықтарды жою. Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 20000 артық 40000 куб м/сағ дейін өнімділікпен агрегаттарда газды шебер тазалау. Отынның, газдың және шайырдың сапасын анықтау. Газгенераторлық цехтің немесе станцияның жабдығын қосу мен тоқтатуға қатысу.

Білуге тиіс: энергиялық газды, сулы газды және сутегіні алумен байланысты физика және химия негіздері; қатты отыннан энергиялық газду алу технологиялық процесі және оны тазалау мен сапасын жақсарту бойынша шаралар; газгенератор станциясының немесе бөлімшенің коммуникациялар сызбасы; шикі газдың коллекторларының, шаң ұстағыштар мен газ құйғыштардың құрылысы; жөндеу жұмыстарын жасау ережесі.
§ 40. Газгенераторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты отынның барлық түрлерінде жұмыс істейтін, қайнап жатқан қабат режимімен қуатты газгенераторларда энергиялық газды алу технологиялық процесін жүргізу. Газ тазалау қондырғыларында, жүйелерде, 40000 куб м/сағ артық өнімділікпен агрегаттарда газды шебер тазалау. Отынның, газдың және шайырдың сапасын анықтау. Газгенератор және тазтақалау станциясының барлық жабдығы мен коммуникациялар желісінің жұмысын қадағалау. Газгенераторлардың және тазалау аппаратурасының жұмысында ақаулықтарды дер кезінде табу және жою. Газгенераторлардың жану, үрлеу аймағының күйін және температуралық режимін, сондай-ақ коллекторларды, газқұйғыштар мен шаң ұстағыштарды фустар мен шайырлардан тазалау аймағын бақылау. Газдың сапасын тексеру және оны жақсарту бойынша шараларды жүргізу. Газдың қысымы мен коллекторлар жүйесін реттеу. Қайта орнатылған газгенераторларды, сондай-ақ арматура мен газдық аппаратураның күйін тексерумен жөндеуден кейін газгенераторларды қабылдау және қосу. Газгенераторлық және газтазалау қондырғыларының жабдығын жинақтауға, бөлшектеу мен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі жүйелердің және жоғары өнімділікті газ тазалау қондырғыларының қуатты газгенераторлардың құрылымдары; ауа- және газ құбырларын, арматура мен газдық аппаратураны тексеру және гидравликалық сынау тәртібі мен ережесі; газгенератор қондырғыларының жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою тәсілдері; қажетті техникалық құжаттама құру тәртібі.
§ 41. Газқұтқарушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ өткізетін желіде газдың өтуін алдын алу және жою. Респираторларды және басқа газдан сақтау аппаратураны зарядтау, бәсеңдету, жөндеу, кептіру және тазалау. Жұмыс орындарында қорғаныш құралдардың болуын, оларлың сақтау, ұстау және пайдалану дұрыстығын тексеру. Газтұтқырларды ауыстыру кестесінің, оларды пайдалану ережесінің орындалуын және жұмыс газдалған атмосферасында болу ұзақтығын бақылау. Жұмысшылардың газдалған атмосферада болу ұзақтығын есепке алу. Улы булардың бөлінуімен ілесе жүретін авариялар кезінде, сондай-ақ бақытсыздық жағдайлар кезінде адамдарды құтқару. Газ қауіпті жұмыстардың өндірісін, газ қауіпті жерлерде желдетудің үздіксіз жұмысын қадағалау. Газ қаупі бар жерлерде ауаның сынамасын іріктеу. Үй- жайларда және ыдыстардың ішінде газ қауіпті, газ электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті анықтау. Газбен улану кезінде алғашқы жәрдем көрсету.

Білуге тиіс: газгенераторлардың, газдан сақтау аппаратурасының құрылысы; қызмет көрсетілетін цехтерде газ қауіптіліктің сипаты; газ құбыр желісінің коммуникацияларын қосу және ағыту тәсілдері; газдан сақтау аппаратурасын пайдалану ережесі; ауаның сынамаларын алу ережесі; газбен улану кезінде алғашқы жәрдем көрсету бойынша шаралар.
§ 42. Газқұтқарушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қиын емес жағдайларда газқұтқарушы жұмыстарын жасау. Газдардың ағып жиналуының алдын алу және жою бойынша шаралар өткізу. Газ құбыр желісінің және газдан сақтау аппаратурасының жұмысын қадағалау және олардың ақаусыздығын қамтамасыз ету. Цехтерде газ қауіптілік күйін, газ шаң ұстайтын және желдету қондырғыларының жұмысын, аварияла шкафтардағы құтқару және қорғау құралдарының, сондай-ақ құралдың жиынтықтарының дұрыстығын бақылау. Қауіпсіз жұмыс турал жұмысшыларға нұсқама беру. Оттегі жан беретін аппаратурасы пайдаланумен зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсету.

Білуге тиіс: отынды газдандыру технологиялық процесі; өндірісте кездесетін газдар мен булардың құрамы мен қасиеттері, оларды тану және анықтау тәсілдері; кәсіпорында жұмыстың газ қауіпсіз жерлері және оларға қызмет көрсету тәртібі; қауіпсіз жұмыс ережесі; газ шаруашылығына және кәсіпорынның баса газ қауіпті цехтеріне қызмет көрсету бойынша нұсқаулық.
§ 43. Газқұтқарушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қиын жағдайларда газқұтқарушы жұмыстарын жасау. Мемқалтехқадағалау нұсқаулығына сәйкес газ жарылыс қаупі бар цехтерді, қондырғыларды, агрегаттар мен коммуникацияларды қарау және теуксеру арқылы алдын алу жұмысын жүргізу. Газ қаупі бар өндірістерде авариялардың және қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар әзірлеу, газ жарылыс қаупі бар цехтерде жұмыс жүргізу және газ қорғаныш аппаратурасын пайдалану ережесі туралы жұмысшылар мен ИТЖ нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік техникасы бойынша цехтерді кешенді тексеру комиссияларына, газ қаупі бар жерлердің тізімін әзірлеуге және оларды қауіптілік топтарына бөлуге қатысу. Газқұтқарушы қызметтің ауысымдарын ұйымдастыру. Газқұтқарушы жұмыстар бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізу. Улы булар мен газдардың бөлінуімен болатын авариялар, сондай-ақ қайғылы жағдайлар кезінде адамдарды құтқары бойынша жұмыстарға басшылық ету.

Білуге тиіс: газқұтқарушы қызметтің алдын алу жұмыстарын жүргізуінің негізгі ережесі мен түрлері; барлық газ құбырларының, сондай-ақ газ қаупі бар өндірістердің бүкіл жабдығының сызбасы; қызмет көрсететін кәсіпорында газ қорғаныш құралдары мен аварияларды жоюға арналған құралдардың орналасуы; газ жарылыс қаупі бар цехтерде жұмыстар өндірісі туралы Мемқалтехқадағалаудың нұсқаулығы.
§ 44. Гардеробшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұйым қызметкерлері мен келушілердің сырт киімін, бас киімін және басқа да жеке заттарын сақтауға қабылдау; тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерге немесе келушіге заттардың сақталу орыны көрсетілген жетонды беру және жетонды ұсынған кезде киімі мен жеке заттарын беру. Гардероб орынын таза және тәртіппен ұстау. Мүгедектер мен қарт келушілерге шешіну және киіну кезінде көмек көрсету.

Білуі тиіс: жеке заттарды қабылдау мен сақтау ережесін; жетон жоғалған жағдайда құжаттарды ресімдеу тәртібін; ұйымның жұмыс кестесін.
§ 45. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, қондырғыларға немесе 15 куб м/сағ дейін өнімділікпен станцияларға қызмет көрсету және жөндеу. Газгенераторларды кальций карбидімен және тазартқыштарды тазарту массасымен зарядтау. Кальций карбидімен барабандардың орауын ашу. Ысырмаларда судың деңгейін тексеру. Шекқұбырлар мен бекіту шұраларын қосу. Құбырлар мен су тазартқыштарында конденсацияланатын суды құйып алу. Газгенераторлардың жұмысын және газдың сапасы қадағалау. Баллондарды таразыда өлшеу. Баллондарды газбен мөлшерлеу. Жөндеу кезінде газгенераторларды бөлшектеу және жинау.

Білуге тиіс: физика мен химия бойынша газдар туралы қарапайым мәліметтер; кальций карбидінен ацетилен алу қағидасы; ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштар мен гидроысырмалардың құрылысы; ацетилен қондырғыларын пайдалану ережесі; кальций карбидінің қасиеттері және оны сақтау ережесі; газгольдердің құрылысы, оның сыйымдылығы мен ең үлкен биіктігі; тазартқыштарды қайта зарядтау мерзімдері; қызмет көрсетілетін учаскеде бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; кальций карбидімен барабандардың орауын ашу ережесі.
§ 46. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, 15 –тен 50 куб м/сағ дейін өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға, өнімділігіне байланыссыз навигациялық жабдық құралдарына арналған жарық беретін ацетилен газын шығаратын газгенераторлар мен қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу. Кептіргіштерді, жуып- шайғыштарды, тазалағыштарды және еріткіштерді қайтадан зарядтау. Ацетиленде қоспалардың барын анықтау: фторлы сутегіні, күкіртсутегіні, ауаны және ацителен қондырғысының немесе станцияның жұмыс істеуі шарттарында басқ. Ацетилен компрессорына қызмет көрсету және оның жұмысындағы олқылықтарды жою. Баллондардың шұраларына түтіктерді қосу және оларды толтыруды қадағалау. Клапандарды, аратөсемдерді және басқа арматуа немесе бөлшектерді ауыстыру.

Білуге тиіс: ацетиленде қоспаларды анықтау тәсілдері; әр түрлі ацетилен газгенераторлардың, тазартқыштардың, кептірші пен гидроысырмалардың құрылысы; ацетиленді алу технологиялық процесі және оны тазалау мен кептіру ережесі; ацетилен қондырғысы мен станциясының коммуникациялар сызбасы, шұралардың, клапандар мен басқа арматураның орналасуы; баллондарды ацетиленмен толтыру ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 47. Ацетилен қондырғысының генераторшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ацетилен газогенераторларына, 50 куб м/сағ артық өнімділікпен қондырғыларға немесе станцияларға қызмет көрсету және жөндеу. Газ тәрізді ацетилен алу мен тазалау технологиялық процесінің параметрлерін реттеу. Кальций карбидін тиеу механикаландырылған тармағын, карбидті бункерлерді тасу тармағын, газгенераторлардың жетегін, айналымды сумен жабдықтау күйі мен реттеуін, бақылау- өлшеу аспаптарын және сигнал беруді бақылау және басқару. Жабдықты жөндеуден шығатын қосу жөндеу жұмыстарын қабылдау және жүргізу.

Білуге тиіс: газ тәрізді ацетилен өндірісінің технологиялық сызбасы, ацетилен қондырғыларының әр түрлі жүйелеріні құрылымы; бақылау- өлшеу аспаптарын реттеу тәсілдері; қажетті технологиялық құжаттама құру және жүргізу тәртібі.
§ 48. Қызметші әйел

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қонақ үйлердің, жатақханалардың бөлмелерін, санитарлық бөлмелерін және өзіне бекітілген басқа да орындарды тазалау және тазалықта ұстау. Тұрған әрбір адам кеткеннен кейін төсек жаймалары мен орамалдарды ауыстыру. Ұзақ уақыт тұрған жағдайда – қонақ үйлердегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген мерзімдерде төсек орынды қабылдап алу. Тұрғандардан тұрмыстық қызметтерге тапсырыс қабылдау және олардың уақытында орындалуын бақылау. Техника қаупсіздігі ережесін сақтау.

Білуі тиіс: коммуналдық қонақ үйлеріндегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерін; техникалық қаупсіздік ережесін; электр шаңсорғыш пен электр еден сүрткіш құрылымын; жергілікті тиекті арматураның орналасқан жерін.
§ 49. Жүк тасушы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қарапайым тиеу-түсіру жабдықтарын қолдана отырып қолмен тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу жұмыстары – сұрыптау, жинау, орнын ауыстыру, қайта өлшеу, таратып салу және т.б. Жұмыс процесінде вагондарды жақындату (алыстату). Жылжымалы составты жүк түсірілгеннен кейін тазалау. Қызмет көрсететін тиеу – түсіру жабдықтарын тазалау және майлау. Щиттер мен траптарды қайта орналастыру.

Білуі тиіс: жүктерді тиеудің және түсірудің ережесін; қарапайым тиеу - түсіру жабдықтарын қолдану ережесін; жүктерді ашық теміржол жылжымалы составына тиеу кезіндегі және теміржол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды текшелеп жинау кезіндегі жол берілетін габариттерді.
§ 50. Жүк тасушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді тасымалдау құралдарын: сүйрепелерді, арбаларды, транспотерлерді және басқа да көтеру – тасымалдау жабдықтарын қолдана отырып тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу. Шығырларды, көтергіш блоктарды, уақытша скаттар мен жүктерді тиеу мен түсуруге арналған басқа да жабдықтарды орнату. Жүктерді қоймалар мен тасымал құралдарына бекіту және жабу. Қызмет көрсететін тасымалдау құралдарын тазалау және майлау.

Білуі тиіс: жүктерді тасымалдау құралдарында жинаудың, бекітудің, жабудың ережесін; тасымалдау құралдарын пайдалану ережесін; жүктерді көтеру – тасымалдау механизмдерімен тиеу және жүктерді кезіндегі шартты белгіні; қоймалардың және жүктерді тиеу және түсіру орындарының орналасқан жерін.
§ 51. Табыншы

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Базарда мал табынын, көлік құралдарын, қажетті мүлік пен жабдықтарды қабылдап алу. Малдарды өлшеу, ветерениарлық өңдеу, жынысына және қоңына қарай сұрыптау кезінде қатысу. Табынды нысаналы жерге айдап бару. Малды жолда бағу, жемдеу, суару. Малды вагондарға, баржаларға және автокөлікке тиеу және түсіру. Табынға жолда ілесіп жүру және оның күзетін қамтамасыз ету, өткізу пунктінде бағу және ұстау. Табынды тұтынушыларға тапсыру, малды қабылдау және тапсыру құжаттамаларын ресімдеу. Малды түсіргеннен кейін вагондарды тазалауға дайындау.

Білуі тиіс: зоотехника мен ветеринария негіздерін; малды қабылдау мен өткізудің тәртібің; малды айдап бару, тасымалдау, жаюдың тәсілдерін; малға тамақ берудің рационы мен уақытын; аурулардың, жарақаттанудың, мал шығынының алдын тәсілдерін; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; қабылдау - өткізу құжаттарын ресімдеуді.

§ 52. Аула сыпырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелерді, тротуарларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Тротуарларды, көпір жолдары мен соқпақтарды қардан және мұздан уақытында тазалау, оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдайын; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Милиция өткізетін үй аумақтарын араулауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

Білуі тиіс: жергілікті атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау міселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлмшесінің, жедел жәрдем көрсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет