Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
53 ~
кезінде глюкагонды қалай салуға болатындығын көру арқылы) және 
әрекет арқылы (мысалы, инсулин сорғысын қалай қолдану керектігін 
көрсету).
• пациент пен отбасы анықтайтын оқыту басымдықтары:
- егер пациенттің / отбасының басымдықтары мен медицина 
қызметкерінің мақсаттары арасында сәйкессіздік болса, онда бұл 
сәйкессіздіктің не себепті болғанын анықтау қажет. 
• Оқу кедергілері 
- Кедергілер ретінде есте сақтау қабілетінің бұзылуы немесе 
когнитивті (танымдық) мәселелер; оқудағы қабілетсіздік; физикалық 
шектеулер; тіл мәселесі; төменгі сауаттылық; есту, көру немесе 
сөйлеу қабілетінің нашарлығы; қаржылық қиындықтар; науқастың 
(отбасының) мәдени, психоәлеуметтік немесе эмоционалдық 
мәселелері болуы мүмкін. 
- Оқытудағы кедергілерді медициналық қызметкер сұхбаттасу 
арқылы, пациент стационарға түскен кезде және физикалық және 
психикалық тұрғыдан бағалау кезінде, кезек-кезек емдеу барысында 
бағалайды.
- 1 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың көру 
қабілетінің бұзылуын бағалау керек, бұл жағдайда үлкен баспа 
материалдары мен бейімделгіш құрылғылар қажет болуы мүмкін 
(мысалы, сөйлейтін глюкометр, инсулині бар шприцтерді дайындауға 
арналған үлкейткіштер).
• оқыту қажеттіліктері мен тілектері
- көптеген пациенттер мен отбасы мүшелері қант диабеті 
диагнозына көп алаңдайды және күтімнің күрделілігіне шамадан тыс 
жүктелген, сондықтан оларға дұрыс нұсқаулар қажет. Бұл әсіресе 
пациенттердің 
ауыр 
емделуі 
кезінде 
(мысалы, 
аралшық 
трансплантациясы) немесе науқастың кетоацидозбен, бүйрек 
ауруымен немесе жүрек-қан тамыр асқынуымен ауырған жағдайда 
өте актуалды болуы мүмкін. 
 
 


~
 
54 ~
Тиісті ақпаратты уақтылы ұсынуды жоспарлау
• Оқу жоспары жан-жақты, кешенді болуы керек, бірақ 
пациентті және оның отбасын шамадан тыс жүктемеу үшін оны 
кішігірім ақпарат сегменттеріне бөлу керек.
• Оқытуды және оқуды қолдау үшін оқытудың жоғары сапалы 
құралдары алдын-ала анықталған болуы керек. 
• Оқыту процесіне отбасының қатысуы өте маңызды, сондықтан 
алғашқы медициналық көмек көрсететін персонал және басқа қолдау 
көрсететін ұйымдар болған кезде оқыту керек.
Пациенттерді оқыту жоспарын іске асыру

Оқытудың белгілі бір стилі мен тәсілін алдын-ала жоспарлау 
қажет, бірақ пациенттің қажеттіліктері мен тілектеріне байланысты 
икемді болуға және ақпаратты дербестеуге дайын болу қажет.
Белгілі бір пациентке бейімделген оқыту тәсілі тиімдірек болып 
табылады 
• Пациент және оның жанұясымен өзара қол жеткізуге болатын 
оқыту мақсаттарын қойыңыз
• Уақытылы және маңызды ақпаратты беру, соның ішінде келесі 
ақпараттарды:
-
Бастапқы тақырыптарда 1 типті қант диабеті дегеніміз не, 
метаболикалық бақылаудың маңыздылығы (қандағы глюкоза 
мөлшерін өзіндік бақылау; гипер- және гипогликемия және 
кетоацидоз эпизодтарын басқару) сияқты сұрақтар болуы мүмкін, 
инсулин терапиясы (мысалы, өзін-өзі инъекциялау әдістері, ротация 
аймағы, дозаны түзету, инсулин түрлері және олардың ұзақтығы
базис-болюсті инсулинотерапиясы, сорғыны басқару), дұрыс 
тамақтану (азық-түліктерді таңдау, азық-түліктердің сыртындағы 
затбелгілерді оқу, көмірсуларды, майлар мен ақуыздарды таңдау 
және есептеу),
дене шынықтыру жаттығулары, оның ішінде әр 30 
минут сайын қысқа үзілістер, асқынулардың алдын-алу (тұрақты 
медициналық 
бақылау 
мен 
зертханалық 
зерттеулердің 
маңыздылығы), сонымен қатар қант диабетімен және созылмалы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет