Кардан білігі — екі шетінде кардан тістегершіктері бар кардандық берілістің
білігі.
Картер — жұмыс детальдарына тіреуіш ретінде және оларды ластанудан
қорғау үшін қызмет ететін машинаның немесе тетіктің қозғалмайтын деталі.
Карьер — үйінді жасау үшін топырақ алынатын қия бет.
Кәсіп — белгілі дайындықты қажет ететін, еңбек қызметінің тұрақты түрі.
Келісімді баға — шығарылатын бұйымды, оның ішінде техникалық қызмет
пен жөндеуге арналған бұйымды өндіруші мен тұтынушы арасындағы келісім
бойынша бекітілетін баға.
Келте құбыр — құбыр желісінен немесе бактен (резервуардан) газды, буды
немесе сұйықтықты шығару үшін қолданылатын қысқа құбыр.
Кенеттен бұзылу — нысанның бір немесе бірнеше көрсеткіштері мәндерінің
секірмелі өзгерістерімен сипатталатын бұзылу.
Кенжар — біршөмішті толық айналатын экскаватор орналасатын карьердегі
немесе жер ғимаратындағы ойық қуыстағы жұмыс аймағы.
Кепілдік мерзім — әзірлеуші (жөндеуші кәсіпорын) машина жұмысының
тұрақтылығын қамтамасыз ететін уақыт мерзімі, пайда болған ақаулық
әзірлеушінің (жөндеуші кәсіпорын) күшімен жөнге келтіреледі.
Кепілдіктен кейінгі сервис (кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет
көрсету) — әзірлеуші кәсіпорын жүргізетін машинаны диагностикалау,
техникалық қызмет көрсету және жөндеу; қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету;
машинаның жұмысқа қабілеттілігін қолдаудың тиімді әдістерін қызмет көрсетуші
персоналға таныстыру.
Кескіш — бұранданы балқыту немесе кесуге арналған аспап.
Кесте — түрле өлшемдердің сандық мәндері көрсетілген диаграмма.
Кетік — дайындау кезіндегі ақаулық немесе машинаны пайдалану кезіндегі
соққы әсерінен деталь бетінде шағын ойық түрінде пайда болатын ақаулық.
Достарыңызбен бөлісу: |