Жұмыс біліктілігі — жұмысшы біліктілігін таңдауға әсер ететін жұмыстың
күрделілігі дәрежесі.
Жұмыскер еңбегінің сапасы — жұмыскердің тапсырманы бекітілген
талаптарға сәйкес орындауға деген қабілеті мен ұмтылысын көрсететін еңбек
қызметі қасиеттерінің жиынтығы.
Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары — жұмыскерлерді
зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінің алдын алу немесе азайту үшін
қолданылатын, сондай-ақ, ластанудан қорғауға арналған техникалық құралдар.
Жұмысқа қабілетсіз жағдай — машинаның берілген функцияны орындау
қабілетін көрсететін көрсеткіштерінің біреуінің ғана мәні нормативтік-техникалық
және (немесе) конструкторлық (жобалық) құжаттама талаптарының сәйкес
кемейтін жағдайы.
Жұмысқа қабілетті жағдай — машинаның берілген функцияны орындау
мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштердің барлық мәні нормативтік-техникалық
және (немесе) конструкторлық құжаттама талаптарына сәйкес келетін жағдайы.
Жұмысқа қабілеттілік — машинаның берілген функцияның барлығын талап
етілетін шектегі берілген көрсеткіштер мәнін сақтай отырып орындау қабілеті.
Жұмыс орны — кәсіпорын құрылымындағы өндірістік бірлік, онда жұмыс
орындаушылар, қызмет көрсететін немесе технологиялық жабдықтар, құралдар
(аспаптар, калиблер және т.б.), еңбек заттары (дайындамалар мен бұйымдар)
болады.
Жұмысты механикаландыру — қол еңбегі құралдарын машинамен ауыстыру,
ол үшін әртүрлі энергия қолданылады.
Жұмыс өндірісін жобалау — жұмыстың технологиясы мен механизациясын,
олардың орындалу мерзімін, механизация құралдарымен және құрылыс алаңын
материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын жоба.
Жұмыс сұйықтығы — гидроберілістің гидравликалық энергияны жасап
шығаруға арналған жұмыс денесі.
Жұмысшыны қайта дайындау — кәсібі аясындағы жаңа мамандық бойынша
кәсіби біліктілік алу мақсатында бастапқы кәсіби білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |