Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет114/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Жұмысшының біліктілігі — қандай да бір еңбек орындауға дайындық 
деңгейі, жарамдылық дәрежесі.
Жұмыс циклі — машина жұмыс аймағында ретімен орындайтын қимылдар 
мен операциялардың жиынтығы.
Жұтқыншақ — детальдарды бұрап салу немесе бұрап алуға арналған кілт 
өлшемі.
Жүк кезеңі — жүк көтергіш машинаның жүктелу шамасы, жүк көтеру және 
тиісті шығымымен анықталады.
Жүк қармағыш алынатын құрылғы — қажетті жүккөтергіштікке сәйкес 
келетін жүкті біріктіретін, жеңіл алынатын құрылғы.


Жүктеме  — машинаның деталіне, жиналмалы бірлігіне, тетігіне әсер ететін 
күштердің жиынтығы.
Жүк ұстайтын алынбайтын құрылғы — көтеруші-тасымалдаушы 
машинаның жүк көтергіштігіне сәйкес келетін жүк ілуге болатын және машинаның 
бөлігі ретінде көтергіш құрылғының төменгі ұшының тұрақты түрде бекітілген 
ілмек. 
Жүкшығыр — жетек барабаннан иілгіш элемент (арқан) арқылы тарту күші 
берілетін тетік.
Жүргізіп жаттықтыру — детальдардың үйкелетін беттерін стендіде 
біртіндеп жүктемелеу арқылы немесе қолданыстағы машинада іске кірістіру 
үдерісі.
Жүріс жағдығының (жүріс құрылғысының) базасы — жүріс арбашасы немесе 
дөңгелектерінің алдыңғы және артқы тік осьтері арасындағы қашықтық (шынжыр 
табанды машианың базасы — алдыңғы және артқы дөңгелектердің немесе негізге 
жүктеме беруге қатысатын тығыздағыштардың тік осьтері арасындағы қашықтық).
Жүріс жабдығының механикалық трансмиссиясы — нақты жол 
жағдайларына қарай машинист таңдайтын, машина қозғалысы жылдамдығын 
сатылы емес өзгертуге арналған, ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан және 
жетекші біліктен құралған жүйе.
Жылдамдату — материалдық нүкте қозғалысының жылдамдығын 
сипаттайтын және жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс өткен уақыт интервалына 
қатысына тең физикалық шама (бірлігі — квадрат секундына метр, м/с
2
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет