Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет3/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
құрылыс машиналары кітабы


1.1.
 
1-
тарау
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС 
МАШИНАЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ, 
ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ 
ҚАҒИДАТТАРЫ
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС 
МАШИНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ 
ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРИНЦИПТЕРІ, 
МІНДЕТТЕРІ
 
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТІЛУ
МЕН
ЖӨНДЕЛУГЕ
ТИІСТІ
ЖОЛ
ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫНЫҢ
МАҚСАТЫ
МЕН
МІНДЕТІ
 
Қазіргі заманғы жол және құрылыс машиналарын жасауда 
карбюраторлық және дизельді іштен жанатын қозғалтқыштар 
қолданылады. Карбюраторлық қозғалтқыштар қоспаның сыртқы 
түзілуі, ал дизельді қозғалтқыштар қоспаның ішкі түзілуі түрінде 
болады. Қоспаның сыртқы түзілуі түріндегі қозғалтқыштарда ыстық 
қоспа (отын мен ауа буының қоспасы) жұмыс цилиндрлерінен тыс, 
арнаулы аспап-карбюраторларда жасалады, ыстық қоспа олардан 
белгілі көлемде жұмыс цилиндрлеріне түсіп, электр ұшқынымен 
тұтанады (еріксіз тұтандыру).
СМД
үлгісіндегі дизельдер жол және құрылыс машиналарына 
орнатылатын көпшілік тұтынатын дизельді қозғалтқыштар болып 
саналады. Қоспаның ішкі түзілуі түріндегі дизельдерде ыстық қоспа 
тікелей цилиндрлердің өзінде түзіледі, ол үшін өте жоғары 
температураға дейін қыздырылатын ауа қысылып беріледі. Қысылу 
соңында отын цилиндрлерге шашыраңқы түрде үлкен қысыммен 
беріледі. Шашыраған отын бөлшектерінің ыстық ауамен араласуы 
нәтижесінде отын тұтанады (қысымнан тұтану).
Нәтижесінде жылу энергиясының механикалық жұмысқа айналуы 
пайда болатын қозғалтқыш цилиндріндегі дүркін-дүркін қайталанатын 


үдерістер қатары қозғалтқыштың жұмыс циклі деп аталады. 
Поршеннің Піспектің
бір өлі нүктеден келесі нүктеге дейінгі бір рет 
жүруі кезінде жасалатын жұмыс циклінің бөлігі такт деп аталады. 
Жұмыс циклі піспектің төрт жүрісі барысында жасалатын 
қозғалтқыштар төрт тактілі делінеді. Жұмыс циклі поршеннің төрт 
жүрісі арқылы жасалатын двигательдер төрттактілі деп аталады. 
Цилиндрлер санына қарай қозғалтқыштар бірцилиндрлі және 
көпцилиндрлі болып бөлінеді. Жол және құрылыс машиналарында 
күш қондырғысы ретінде дизель отынымен жұмыс жасайтын істейтін 
көпцилиндрлі қозғалтқыштар қолданылады. Жол және құрылыс 
машиналарына орнатылатын дизельді қозғалтқыштардың техникалық 
сипаттамалары цилиндрлер санымен, цилиндрлердің диаметрімен, 
поршеннің жүрісімен, цилиндрдің жұмыс істеу көлемімен анықталады. 
Поршеннің цилиндрдегі двигательдің иінді білігінен ең үлкен 
қашықтықта орналасу орны жоғарғы өлі нүкте (ЖӨН) деп аталады. 
Поршеннің цилиндрдегі двигательдің иінді білігінен қашықтығы ең аз 
болғандағы орналасу орны төменгі өлі нүкте (ТӨН) деп аталады. 
Қозғалтқыштың иінді білігінен піспеектің қашықтығы ең үлкен 
болатын поршеннің цилиндрдегі орны жоғары өлі нүкте (ЖӨН) деп 
аталады. Қозғалтқыштың айналу білігінен піспектің қашықтығы ең аз 
болатын піспектің цилиндрдегі орны төменгі өлі нүкте (ТӨН) деп 
аталады. Поршеннің жоғары өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге дейінгі 
жүріп өтетін жолы поршеннің жүрісі деп аталады. Төрттактілі 
дизельде поршен ЖӨН-нен ТӨН-ге қарай жүреді, нәтижесінде 
цилиндр ішінде тоқтан ажырау іске асады.
Сығылу тактісі кезінде 
поршен цилиндрдегі ауаны қысып, төменгі өлі нүктеден жоғары өлі 
нүктеге қарай қозғалады.
Жол және құрылыс машиналары көпфункциялы, олар, негізінен
жерді игеруде қолданылады. Жерді игерудің келесідей кең тараған 
түрлері бар: бөгеттер, орлар, шұңқырлар, жолдардың топырақ төсемі, 
«топырақтағы қабырға». Олардың тұрақтылары (жолдар, бөгеттер) 
ұзақ уақыт қолданыста болады, ал уақытша жерді игеру ісі құрылыс 
жұмыстары аяқталған соң бұзылады.
Жерді игеру жұмысы түрін таңдау машинистердің міндетіне 
кірмейді, дегенмен олар машинаны пайдаланатын орын мен жағдай 
оның эксплуатациялық-техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін-
келмейтіндігін білуі керек. 
Жерді иегруде жер қазушы-тасушы машиналар (бульдозерлер, 
скреперлер, автогрейдерлер), жер қазушы машиналар (біршөмішті 
экскаваторлар), тегістеуші құралдар (валі тегіс өздігінен жүретін 
тығыздағыштар (катоктар)), іштен жанатын қозғалтқышы бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет