Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет56/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

12
 
элементтері, 
пневможабдықтар, 
тісті 
дөңгелектер, 
алынған 
мойынтіректердің сақиналары, өзара біріктіріліп жасалған детальдар 
ажыратылмауы тиіс. Бөлшектелген гидро- және пневможабдық 
элементтері ішіне шаң және лас заттар түспеуі керек. Магистраль 
арналарын, цилиндр және гидротаратқыш қуыстарын, құбыр желілерін 
технологиялық тығындармен бітейді, оларды жөндеуден кейін 
жиналатын машинаға орнату алдында алады.
Алынатын детальдарды жинаудың жоғарыда көрсетілген 
ережелерінен басқа осы ережелерді орындаушылардың жұмыс 
аймақтарының көлемін анықтауды да білу керек. Орындаушының 
жұмыс аймағы аспаптар мен материалдар сөрелері радиусы 
көлденеңінен шамамен 300 мм, тігінен 500 мм тең шеңбермен 
шектелген жұмыс аймағында орналасатындай етіп анықталады.
Орындаушының қолы жететін аймақ радиусы шамамен 850 мм-ге 
тең шеңбермен шектеледі.
6.3.3. Күрделі жөндеу кезінде жиналмалы бірліктер мен 
детальдарға қойылатын талаптар 
 
Жөнделетін жиналмалы бірліктер мен детальдарға қойылатын 
талаптарды зерттеу кезінде олардың жөндеу операцияларына 
(
операция – жұмысты орындау үдерісі кезіндегі әрекет) бейімділігін 
білу 
маңызды. 
Құрамдас 
бөліктер 
жиынтығындағы 
бірыңғайландырылған жиналмалы бірліктерге қолжетімділік түйіндес 
агрегаттарды алмай (демонтаж жасамай) жүргізілуі тиіс. Жиналмалы 
бірліктер мен қосалқы бөлшектерді орнатуды көп операция орындау 
арқылы жүргізеді. Бұл жөндеу өндірісіндегі еңбек сыйымдылығын 
қысқартады.
Машинаға күрделі жөндеу жүргізу кезінде өзара біріктіріліп 
жасалған және бірге өңделген детальдардан басқа жиналмалы бірліктер 
мен детальдар ерекше қасиеттерінен айрылып қалуы мүмкін. 
Жөндеудегі мшиналардың нақты түрлерінің құрамдас бөліктері кейін 
аналог-үлгілерге орнатылуы мүмкін.
Жол және құрылыс машиналарын жөндеу жөніндегі жұмыстардың 
ішінде осы машиналарға орнатылған дизельді қозғалтқыштарды 
жөндеу ерекше орын алады. Дизельді қозғалтқыштарды жөндеудің 
ерекшелігін білу үшін орындалатын жөндеу операцияларының 
мазмұнын мұқият қарау керек. 
Қозғалтқышты жөндеуге кірісер алдында эксплуатация бойынша 
басшылықпен мұқият танысу керек. Дизельді қозғалтқыштарды 
жөндеуге поршен сақиналарын ауыстыру және цилиндр гильзаларын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет