Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет96/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

9.3.
 
сәйкестігін саусақпен тексеруге болмайды. Бояу жұмыстарын 
желдеткіш жүйесі сөнулі болған кезде жүргізуге болмайды. 
Жөндеу жүргізілген машинаны сынақтан өткізер алдында: 

б
өгде тұлғаларды қауіпсіз арақашықтыққа аулақтату;

машинадан және ол жұмыс істейтін радиустағы аймақтан бөгде
заттарды (стеллаждар, сүйеуіштер, құрал-саймандардар, құрылғылар 
т.с.с.) алып тастау;

қорғаныс қоршауларының бекіткіштерінің орнында болуын және
беріктігін, бақылау құралдарының жұмысының дұрыстығын тексеру;

барлық тетіктерді ретке келтіру және майлау.
Сынақтан өткізіліп жатқан машинаның арнайы белгіленген жерінде
дәрі қобдишасы болуға тиісті. 
Машинада отыруға және машинистің жұмыс орнында бөгде 
тұлғаларға болуға, машинаны басқарусыз қалдыруға, бейімдеу және 
сынақтан өткізіп жатқанда одан түсуге, машинистің жұмыс орнынан 
басқа жерден машинаны қосуға тыйым салынады.
Машинаны жүргізіп бейімдеу және сынақтан өткізу барысында 
машинаны жүргізгенде машинаның жақын айналасында адамдардың 
жоқтығына көз жеткізіп, ескертпе дабылын басу керек. Жөндеу 
жұмысынан кейін сынақтан өткізу барысында дірілден қорғайтын 
арнаулы қолғап пен шуға қарсы құлаққап киіледі. 
Жүргізіп бейімдеу және сынақтан өткізіп болғаннан кейін 
машинаны тоқтату керек. Машина аударылып жатқан жағдайда оны 
кабинаның алдыңғы әйнегін, шеткі не артқы ойықтағы әйнекті басып 
сындыру арқылы дереу босату керек.
Өртке қарсы шаралар 
2004 жылғы 22 тамыз күні қабылданған «Өрт қауіпсіздігі туралы» 
№122-ФЗ Федеральды заңының 1-бабына сәйкес өрт деп 
бағындырылмайтын, материалды зақым келтіретін, азаматтардың өмірі 
мен денсаулықтарына, қоғам мен мемлекетке зиян тигізетін жануды 
атайды.
Өрт пайда болуының негізгі себебі болып отты абайсыз қолдану 
және № 313 РФ ТЖМ 2003 жылғы 18 маусымдағы жарлықпен бекіткен 
Ресей Федерациясының ЕҚЕ 01-03 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы 
болып табылады.
«ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» 
МС 12.1004—91* 
стандартына сәйкес жол және құрылыс машиналарын пайдалану 
кезінде өрт қауіпсіздігі келесідегідей болады: 


■ 
отынның, май мен жұмыс сұйықтығының төгілуін 
болдырмау; 
■ 
қолданылған сүртетін материалды, майлау материалын және 
жанармай қорын көлікте сақтамау; 
■ 
сыртқа шығаратын құбырды таза ұстау. 
Жөндеу жүргізу кәсіпорнында, эксплуатациялық базада
машинаның өзінде жүргізілетін өртке қарсы негізгі шараларға жұмыс 
орнын үнемі тазалықта ұстау, отпен, қыздырғыш аспаптармен және 
әртүрлі оңай жанатын заттармен сақ жұмыс істеу жатады. Барлық 
ғимараттарда көрінетін жерде өрт сөндіретін команданы шақыру нөмірі 
көрсетілген тақтайшалар ілініп тұруы керек.
Машина қозғалтқышының қуат беру жүйесін және отын багін 
тексеру кезінде электр жарығын қосқан дұрыс. Жаз кезінде 
машиналардың пайдаланылатын жеріндегі уақытша тұрағы тазалықта 
сақталып, ағаш материалдар қоймасынан 10 м, мұнай өнімдері 
қоймасынан 20 м кем емес арақашықтықта орналасуы керек. 
Жанармайдың ашық қоймасы техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жұмысын жүргізетін жерден кемінде 20 м қашықтықта орналасуы 
керек.
Машинистің кабинасында бензин, керосин және де басқа оңай 
жанатын заттарды сақтауға рұқсат берілмейді.
Дәнекерлеу жұмыстары машинадан 20 м қашықтықта жүргізіледі. 
Дәнекерлеу жұмыстары ұдайы жүргізілетін ғимараттардың едендері 
жанбайтын материалдардан жасалуы керек. Дәнекерлеу аппаратының 
(дәнекерлеу қондырғысы) бөлек детальдарының қызу температурасы 
75 
°С аспауы керек. 
Бензин құю кезінде элоктролитпен, тез қататын сұйықтықпен, 
этилдендірілген бензинмен жұмыс істеу ережелерін сақтау маңызды. 
Төгілген тез тұтанғыш сұйықтық ескі шүберекпен, жоңқамен не 
құммен жиналу қажет. Отынды жану немесе пісіру жасалып жатқан 
ашық жалынның немесе құрал-сайманның қасында пайдалануға, жууға, 
оны пайдалануға (әсіресе, бензинді) болмайды. Сонымен қатар, 
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде, әлде суымай тұрғанда отын 
багінің қақпағын шешуге болмайды. 
Қозғалтқыштың жанып кетуін болдырмау үшін оны отынмен 
толтыру алдында суығанын күтіп, кемінде 3 мин тосу керек. 
Жылдың суық кезеңдерінде отын құбырларын және қозғалтқыштың 
түпқоймасын жылыту мақсатымен ашық от пайдаланбағаны дұрыс. 
Қозғалтқыш шығарушы жинағыш пен басқыш қасында жұмыс 
істегенде қасында оңай жанатын заттардың болмауын қалағалау керек.
Майланған сүртетін материалды жинамай қалдыруға рұқсат 
етілмейді. Пайдаланылған сүртетін материалдарды қақпағы 


жабылатын, жанбайтын материалдан жасалған контейнерде жинау 
керек. Пайдаланылған сүртетін материалдарды жинау мерзімділігі 
олардың жұмыс орнында жиналып қалуын болғызбау қажет. Жұмыс 
кезегінің аяғында аталмыш контейнерлердің ішіндегі заттар ғимараттан 
тыс жерге шығарылуы керек. 
Тез жанғыш және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жасайтын 
тұлғалардың арнаулы киімдері осындай мақсаттарға арнап бөлінген 
жерде орнатылған металл шкафтарында ілінген күйде сақталуы керек.
Өрт белгісі пайда болғаны байқалған кезде: 

машинаның жұмыс жабдығын дереу жерге түсіру;

отын берілуін тоқтату арқылы қозғалтқышты тоқтату;

аккумулятордың «массасын» сөндіру;

машинадан шығу;

өрт күзетіне өрт туралы немесе тұтану белгілерін байқағандығы
жөнінде телефон арқылы хабарлау. 
Тұтанған отынды сөндіру үшін өрт сөндіргіш, үсіп қалмаған құм, 
қолдың астында бар брезент не киізді пайдалануға болады. Тұтанған 
отынға су төгуге тыйым салынады. Өрт сөндіргішті кабинаның ішкі 
қабырғасында орналасқан тірегішке бұрандамамен бекітілген қамытта 
орнатады. Ол әрдайым ақаусыз күйде болуы керек. 
Лактау-бояу материалдарының барлық түрін араластыруды жасау 
жеке ғимараттың ішінде, терезеге жақын қабырғаның бойында немесе 
ашық алаңдарда жасау керек. Бояғыш материалдың берілуі 
орталықтандырылған, дайын күйде жүзеге асырылуы керек. Бояғыш 
заттар сақталатын ыдыс нық жабылып, арнайы бөлінген алаңдарда 
сақталады. 
Машиналарға жөндеу жүргізу және қызмет көрсету кезінде 
төмендегілерге тыйым салынады: 

бензин сақталатын бөшкелерді металл бұйымдарымен соғып
ашуға;

машиналарға бензин құятын жерде, бактегі отын деңгейін
тексергенде ашық отты пайдалануға және шылым тартуға; 

бензин құятын жерге және машиналар тұрағының маңайында от
жағуға; 

машинаны іске қосу барысында қозғалтқышты ашық отпен
жылытуға; 

ашық отқа мұнай өнімдері сіңіп кеткен киіммен жақындауға.
Әр машина өрт сөндіргішпен жабдықталған болуы керек. Сүртетін
материалдар арнайы бөлінген жерде өртелгені жөн. 
Жол және құрылыс машиналарында өрт қаупі жоғары бірліктердің 
бірқатары бар: ауқымды гидроқұрылғы, жылытушылар, қуатпен 
қамтамасыз ету жүйесі, отын бактері мен магистральдар, күш беретін 


қондырғылар. 
Металл құрылымдарын бояу барысында қауіпсіздік ережелерін 
сақтамау салдарынан өрт туындауы мүмкін. Өрттің туындауын және 
қоршаған ортаға өрттің қауіпті салдарының әсерін болдырмайтын өрт 
қауіпсіздігі факторларына мән берген абзал. Олар:
■ 
отын және электржүйесінің дұрыс жұмыс жасауы; 
■ 
гидроқұрылғы элементтерінің саңылаусыздығы; 
■ 
жылыту және газ шығаратын жүйенің жұмысқа жарамдығы; 
■ 
гидробак жағдайы; 
■ 
тежегіш жүйені реттеу; 
■ 
жұмыс сұйықтығын жылыту. 
Қозғалтқыш жылытқышын қолданған кезде онымен дұрыс 
жасалынбаған жұмыс не жылытқыштың ақауы өртке әкелуі мүмкін 
екендігін есте сақтау керек. Жанатын отынды, майды, жұмыс 
сұйықтығын сумен сөндіруге болмайды, өрт сөндіргішін пайдалану 
керек немесе өртті топырақпен себуге болады.
Тұтанған электр сымын алдымен тоқтан ажыратып, одан кейін 
қолайлы тәсілдің бірімен сөндіру керек. Тоқтан ажырату мүмкін 
болмаған жағдайда тек қана көмірқышқылды өрт сөндіргішін 
қолданған дұрыс. 
Өртті ең қарқынды жанған жерінен сөндіру өртпен күрестің жалпы 
ережесі болып есептеледі. Өрт сөндіргіш құралын отқа емес, жанып 
жатқан бетке бағыттау керек. Ең алдымен өрттің таралуын тоқтатқан 
жөн. 
Жол және құрылыс машиналарына жөндеу жүргізу және 
техникалық қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
үшін персоналдың өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз орындауы 
міндетті екендігін атап өткен жөн. Персонал үшін өрт қауіпсіздігін 
сақтау әдет пен табиғи қажеттілікке айналуы қажет. 


ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҮРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ 
ЭЛЕКТРҚАУІПСІЗДІК
Жол және құрылыс машиналарында электрқауіпсіз гидравликалық 
жетек бар болғанына қарамастан, олардың кейбір құрамдас бөліктері 
электр тоғының көзі болып табылады. Оларға генераторлар мен 
аккумуляторлар жатады. Жиі қолданылатын кернеуі “төмен вольтты” 
127 немесе 220 В электр желілерін қауіпсіз деп қате санайды. Әдетте, 
жазатайым оқиғалардың көбісі осындай желілер салдарынан болып 
жатады. 
“Электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік 
техникасының 
ережелері” 
және 
“Тұтынушылардың 
электр 
қондырғысын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының 
ережелері” атты нормативті-техникалық құжаттар машинистер мен 
қызмет көрсететін персоналдың электрқауіпсіздік туралы нақты сауаты 
болсын, электртоқпен зақымданған кезде алғашқы көмек көрсете білсін 
деген мақсатты көздейді.
Адам денесі электр тоғын жақсы өткізеді. Әртүрлі себептер мен 
жағдайға байланысты электр тоғының адам ағзасына әсері түрлі болуы 
мүмкін; қол саусақтары бұлшық етінің әрең сезілетін жиырылуы
жүрек пен өкпенің тоқтауы, соңғысы өлімге әкеле алады. Электр тізбегі 
адам денесі арқылы тұйықталғанда электр тоғымен зақымдануды 
болдырмау үшін машинист және қызмет көрсететін персонал, 
қорғаудың оқшаулау құралдарымен қамтамасыз етілген болуы керек. 
Қорғаудың оқшаулау құралдары сенімділік дәрежесі бойынша 
негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшалау құралы деп 
кернеуді сенімді көтеретін және онымен кернеу астындағы тоқберуші 
бөліктерін ұстауға болатын құралдарды атайды. Қосымша оқшалау 
құралдары деп негізгі құралдардың әрекетін күшейтетін құралдарды 
атайды. Негізгі қорғау құралдарына оқшалау қолғаптары, ал қосымша 
қорғау құралдарына галош пен кілемшелер жатады. 
Электр тоғымен зақымданған кезде зақым алған адамды тоқ 
әсерінен мүмкіндігінше тез босату керек, себебі электржарақаттың 
ауырлығы тоқтың ұру ұзақтығына байланысты. Алайда, тоқ ұрған 
кісіге тек қана қажетті сақтық шараларын сақтаған кезде ғана 
жақындауға болатындығын естен шығармаған жөн. 
Алғашқы көмек шаралары электр тоқтын әсерінен босатылған
жарақаттанған адамның халіне байланысты. Жарақаттанған адамның 
халін анықтау үшін оны арқасымен жатқызады, тынысты тарылтатын 
киімін босатады, тамырдың ырғағын білектегі кәріжілік артериясынан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет