Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет95/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

18
 
Құрамдас бөлшектер мен машинаның құрастырма бөліктерін 
көтеруге дейін жүккөтергіш жабдықты тексереді. Оның жұмысқа 
жарамдылығына және жүкұстайтын айлабұйымның көтеретін жүктін 
салмағына сәйкес екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана көтеру-
тасымалдау операциясы басталады. Жүкұстайтын алабұйымның 
шынжыры мен арқанын қорғау үшін жүктің үшкір қырына матауыш 
тармақтарының астына арнайы төсемше салу керек. 
Жүк көтергіш кранмен жұмыс істеу жабдық Ережелері және ҚЕ 10-
382-
00 жүк көтергіш крандардың қауіпсіз қолдану талаптарына сәйкес 
болуы керек.
Машиналардан шешілген жиналмалы бірліктер мен детальдар 
тазаланып стеллаждарға орналастырылады. Ауыр жүктерді төменгі 
сөреге, ал жеңілірек жүктерді жоғарыдағы сөрелерге жайғастырады. Ірі 
бөлшектердің салмағынан сөрелердің төңкерілуін болдырмау үшін 
берік сүйеніштерді (төсемдер) қою керек. 
Машинаның жұмыс құралдарын орнату және демонтаждау кезде 
еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кранның жебесі мен сабын 
барынша төмен түсірген жөн. Осылайша, жасалатын барлық жұмыс 
төбеде емес, машинаның тіреуіш бетінде жүзеге асады.
Машинаға жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету 
алдында оны тұрақ тежегешімен нық тежеп, қосылып тұрған 
мүшелердің желісін сөндіріп қою керек. Алайда, бұл қозғалтқыштың 
жұмысы мен машинаның басқа құрамдас бөліктерін тексеруге 
жатпайды. 
Қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың іске қосу құралдарына, 
электростартерді іске қосудың тұтқалары мен батырмаларына 
«Қоспаңыз! Адамдар жұмыс жүргізіп жатыр» деген плакат іліп қою 
керек.
Гидроқұрылғының ақаулықтарын сорғыш пен гидромотор 
сөндірілген кезде, құбыр желісіндегі қысым түскен кезде жояды. 
Гидрожүйеге техникалық қызмет көрсетілгенге дейін жер қазатын және 
жер қазатын көлік машиналарының жұмыс жабдықтары, машина және 
жұмыс жабдықтарының элементтері еріксіз жылжып кетпес үшін жерге 
түсіріледі. Сонымен қатар, гидрожүйедегі қысымды қозғалтқышты 
сөндіріп, барлық басқару тұтқаларын қайта-қайта қосу арқылы түсіреді.
Гидрожүйе элементтерін гидрожүйеде қысымның жоқтығына көз 
жеткізіп барып ажыратуға рұқсат берілген. Гидроқұрылғыдағы 
тесіктерді қармалап анықтауға, машинаға жөндеу жүргізгеннен кейін 
гидрожүйені сынақтан өткізу барысында жоғары қысымды құбыр 
желілерінің қасында тұруға болмайды.
Гидрожүйе қысымының астында болған жұмыс сұйықтығы майда 
тесіктер арқылы көзге көрінер-көрінбес ағыс ретінде атқылауы мүмкін, 


бірақ қысым күшін ескере отырып ағыс адам терісіне зақым келтіре 
алатындай ағуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Жұмыс 
сұйықтығымен жараланған жағдайда адам ағзасына ауыр инфекцияның 
түсуін болдырмау үшін дереу дәрігерге қаралу керек.
Пневможүйенің біріктірілген тұстарын бөлшектеу кезінде сақ болу 
керек. Алдымен пневможүйеде қысымның жоқтығына көз жеткізу 
керек. Пневможүйенің ағызғыш келтеқосқышын екі айналымнан артық 
бұрауға болмайды, себебі жүйедегі ауа қысымы штуцерді жұлып алып 
зақым келтіруі мүмкін. Жүріс құрылғысының пневмодөңгелектеріне 
қатысты барлық жөндеу жұмыстары камерадан барлық ауаны шығарып 
болған соң жасалуы қажет. Шинаға ауа беру кезінде сақтық танытқан 
жөн. Ең алдымен оларға аздап жел үрлейді, содан соң вентильдің
қаудың, тыстың, құлып сақинасының қалпын тексереді. Тек қана 
осыдан кейін манометрмен қысымды тексере отырып шинаға толғанға 
дейін ауа беріледі. 
Суытылмаған қозғалтқыш радиаторының қақпағын қолғапсыз 
ашуға, радиатордың құйылғыш мойынына бетті жақындатуға 
болмайды. Машина картерінде май деңгейін тексеру кезінде 
ауашығарғыштың бітелуінің себебінен қысымның көтеріліп ыстық 
майдың шашырауынан сақ болу қажет. Қозғалтқышты салқындату 
жүйесіндегі ыстық сұйықтықты, қозғалтқыш және машина картеріндегі 
майды күйіп қалмайтындай байқап төгу керек. 
Аккумулятор батареясын қуаттап оны машинаға қондыру және 
машинадан шағару кезінде электролиттің дене мен киімге тиюін 
болдырмау керек.
Ірі габаритті детальдарды (жиналмалы бірліктерді) ақаулау кезінде 
жұмыс істеу аумағы детальдың қалаған бөлігін кедергісіз алатындай 
болу керек. Серіппенің серпінділігін тексеру барысында серіппенің аяқ 
асты қозғалып кетуін болдырмайтын арнайы алынғыштарды пайдалану 
ұсынылады. Корпус детальдарының саңылауларының өзіктестігі 
жақтаудың көмегімен тексерілуі қажет. Қолмен тексеруге рұқсат 
берілмейді.
Ақаулығы жөнделген детальдар (жиналмалы бірліктер) арнайы 
бөлінген жерге жиналып, ақаулықтан арылтушының жұмыс орны мен 
кіреберісте үйіліп тұрмағаны дұрыс. 
Кішкентай габаритті детальдарды (жиналмалы бірліктер) жәшік не 
арбамен тасу кезінде салынған детальдар сол жәшіктің бүйірінен аспау 
керек. Жәшік берік, нақты жүк көтеру салмағына арналған және салмақ 
мөлшері жазылып көрсетілген болуы керек. Сонымен қоса, жәшік 
мерзім сайын тексеріліп тұрғандығы дұрыс. 
Біріктірілетін детальдардағы бұранды тесіктердің дәл келуін 
арнайы сүйменшемен не монтажды жақтаумен тексереді. Тесіктердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет