К Ә сіптіко қ ытуж ә н е е ң б е к әок 08 АҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту



бет5/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.8 Mb.
#19989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бейсенова А.А. Оқыту процесін пән аралық байланыс негізінде ұйымдастыру. – Алматы, Мектеп 1993. -160б.

  2. Берник Т.О., Неклюдова Т.П. Дизайн костюма. – Ростов-на-Дону, 2000.

  3. Жолдасбекова С.А. Костюм компазициясының практикумы. - Шымкент, 2005 ж.

  4. Қазақтың дәстүрлі киім-кешектері. – Іле халық баспасы, 2006 ж.

  5. Ковтанюк Ю.С. Corel DRAW 12. – Киев.: «МК-Пресс», 2006 ж.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақтың ұлттық киімдерін жобалауға оқытудың ерекшеліктері, дизайн өнері, композициялық заңдылықтар, ою-өрнектерді киімде қолдану және Corel DRAW бағдарламасымен киімді конструкциялық, көркемдік жобалау әдістері қарастырылған.

РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены особенности преподавания и проектирования казахского национального костюма, исскуство дизайна, законы композиции, нанесение орнамента на одежду и конструирование, художественные методы проектирования с помощью программы Corel DRAW.
ӘОЖ 758.1

ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ТАРИХЫН

ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Төлегенова А.С., оқытушы

(Алматы қ. Қазмемқызпи)


Қазіргі ХХI ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға білім беру мен тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жататындықтан, қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты республикамыздың жоғары оқу орындарындағы студенттердің білім сапасы мен тәрбиелеу жолдарына жаңа талаптар қойылуда. Мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша қөзқарас тудырады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасындағы “Ұлттық мәдениет пен өнер және қолөнер незегінде жастарға жан-жақты көркемдік тәрбие берудің бір бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру: сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамында бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани ізгіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу” қажеттігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген /1/. Осыған байланысты, болашақ мамандық иелерінің іс - әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Бұл орайда, әсіресе, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады.

Адамзаттың көркем мәдениетін қалыптастырудың негізі - көркем тәрбие беруден бастау алады. Эстетикалық тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі шығармашылық мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат, шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және дағдыны қалыптастыру әрекеті.

Студент жастардың эстетикалық тәрбиесі – біздің қоғамның негізгі бір міндеті. Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, көркем тәрбие тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде этикалық, эстетикалық, саяси сенімдері, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы.

Эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік мәдени мәні оның негізгі методологиялық және әдістемелік принциптері. Оның идеялық мазмұны мен практикалық маңызының бірлігін; тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, білім беру және кәсіби дайындықтың бірлігін; тәрбие міндеттерін шешуде жүйелік, бірізділік және дифференциалдықтың болуын; тәрбие ықпалының шығармашылық белсенділік және өзіндік әрекеттің дамуы мен жеке-дара және ұжымдық, біртұтас және дифференциялық тәрбие формаларымен байланысын анықтайды.

Адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көп жақты факторлармен шешімін тауып, оның ішінде өнер басты роль атқарады. Көркем өнер арқылы адам өзінің шынайы көңіл-күйін білдіреді, өнердің өзінен үйрене отырып, оның қиын, күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелейді. Өнердің құндылығы сонда, адамның адамгершілік құндылығының қалыптасуына бағытталған нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болып, көркемдік талғамын қалыптастырады.

Оқу тәрбие үрдісінде бейнелеу өнері рухани мәдениетті байытуға оның ішінде көркемөнер мәдениетін дамытуға, отаншылдық, патриоттық сезімді оятуға негіз бола отырып, эстетикалық тәрбие беретін маңызды пәндердің бірі болғандықтан жоғары оқу орнындағы студенттерге “Қазақстан бейнелеу өнері тарихы” пәнін оқыту арқылы көркем талғамын қалыптастыра отырып, тәрбие берудің жалпы мақсаты – болашақ маманның жоғары дәрежедегі тұлғалық эстетикалық мәдениетін қалыптастырып және шығармашылық әрекетін дамыту. Оның еңбекке, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым- қатынасқа көзқарасын дамыта отырып тәрбиелеу, тұлғаның шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету болып табылады.

Жоғары оқу орнының жастарға эстетикалық тәрбие беруде мектепке қарағанда маңызы жоғарырақ. Мысалы, мектеп жасындағы балаларда әдемілік сезімдерін ұғыну процесінде өзіндік ерекшеліктеріне қатысты жақсы мен жаманды, шындық пен өтірікті тану қабілеттеріне шектеу болады. Ал студенттер – болашақ зиялы қауымның өкілдері, белгілі бір қоғамдық мәдениетті меңгерген әлеуметтік топ ретінде табиғатты, өнердегі әсемдікті танып-білу қабілеттерінде ондай шектеу болмайды. Міне, сондықтан да студенттердің үнемі өздерінің әсемдік жайлы сезімдері мен қажеттіліктерін дамытып отырумен қатар отаншылдық, патриоттық сана-сезімдерін де айтуына мүмкіндік мол.

Студенттерінің көркем талғамдарының қалыптасуына, білімдерінің дамуына көркемөнер шығармалары маңызды рөл атқарады. Себебі олардың эстетикалық білімдері, көркемөнер жайындағы түсініктері оның сезімімен тікелей байланысты. Яғни жеке тұлғаның бейнелі ойлауы мен қиялының дамуында және эстетикалық қабылдау процесінде маңызды рөл атқарады.

Бейнелеу өнеріндегі көркемдік талғамның қалыптасуы көркемдік біліктіліктер мен дағдыларды игеруге ғана сайып қоймай, жеке тұлғаға шынайы өмір құбылыстарын, қоғамда болып жатқан үрдістерді іріктеу мен оларға өзіндік қөзқарасы тұрғысынан баға берудің ішкі өлшемдері қызметін атқаратын тұлғаның рухани – адамгершілік әлеуетінің одан әрі дамуына бағытталуының қалыптасуы болып табылады /2/. Осыған байланысты Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы ЖОО теориялық тұрғыда оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен жоғары мектептегі оқыту үрдісін толығымен қазіргі заман талаптарына сай берік ғылыми негізге қоя отырып, эстетикалық тәрбие беруді жоғары деңгейде ұйымдастыру басты назарда болуы тиіс.

Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі студенттердің білікті де білімді, іскер де тәрбиелі, саналы да салауатты болып қалыптасуы жоғары мектептегі білім берудің сапалы ұйымдастырылуына байланысты. Студентке жан-жақты сапалы терең білім беру желісін жетілдіру – оны барынша ізгілендіруді, келер ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тәрбие беруді, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды талап етеді.

“Қазақстан бейнелеу өнері тарихы” пәнін оқытуда көркем тәрбие жүйесінің нәтижелі болуы көп жағдайда оқытушыға да байланысты. Яғни, ол студент бойына эстетикалық қасиеттерді сіңіруде, тұрақты көзқарасы мен санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сондықтан да ұстаз өз шәкірттерін бейнелеу өнерінің даму тарихын оқыту арқылы екі түрлі жағдайды басты назарға ала отырып қарастыру керек. Олар:



  • теориялық білім берудегі меңгерту қажеттілігінің дамуы;

  • пайдаланудың практикалық жетістігі.

Жоғарғы оқу орнында “Қазақстан бейнелеу өнері тарихы” пәнін оқыту барысында студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру – оқыту үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс-тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық педагогикалық талдауды талап етіп отырады.

Қазақстан бейнелеу өнері негізінде көркем талғамды қалыптастыра отырып тәрбие беру арқылы студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастырудың тиімділігі төмендегідей шарттарға байланысты артатынын ескеру қажет.



  • студенттердің көркем тәрбие арқауы ретінде бейнелеу өнерінің маңызын саналы оймен түсінуі:

  • бейнелеу өнері арқылы көркем талғамды негізге ала отырып, тәрбие беру мүмкіндіктерін студенттердің жетік меңгеруі, отаншылдық сезімдерінің оянуы;

  • студенттердің бейнелеу өнері саласынан өздігінен білімін жетілдіруі, дербес шығармашылық ізденіске бағытталып, бағдар алуы және т.б.

Студенттердің біліктілігі мен машықтылығын жетілдіре отырып, олардың ойлау қабілеттері мен көркем, әдемі сөйлей білулерін дамыту мәселесін де естен шығармау жағын да қарастырып отыруымыз керек. Себебі бүгінгі студент жастар – ол келешек ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін болашақ педагог маман. Сондықтан да жоғары оқу орнында оқып, дәріс алып жүрген студенттердің әдістемелік даярлық яғни, білімдік сапасын жетілдіру жолдарын да үнемі ескеріп отыру керек. Оқытушы студентке болашақ маман ретінде қарай отырып, сөз сөйлеу мәдениетін шыңдаумен қатар өз ойын дұрыс және толықтай жеткізе білуге үйрету, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанырларын ажырата отырып, жоғары дәрежеде баға бере білу сапасын арттыруға үнемі себепші болып отыруға міндетті.

Бейнелеу өнері терең мазмұнымен, көркемдік дәрежесінің биіктігімен, эстетикалық келбетінің ауқымдылығымен сипатталады. Демек, жоғары оқу орнындағы студенттерге бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беруді негізге ала отырып оқытуда, оқыту үрдісінің дәстүрлі түрде түрлі ұжымдық нысандарда, дәрісханаларда, семинарларда, тәжірбиелік және лабораториялық сабақтарда, оқу жұмыстары мен ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау кезінде, аудиториядан тыс уақыттағы өзіндік жұмыстармен қатар, мұражайларға жиі апарып отыруды қажет етеді. Себебі студенттер суретшілердің көркем шығармаларын түпнұсқадан көре отырып ерекше әсер алады. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы артып қана қоймай, рухани жан дүниесі байи түседі.

Қорыта айтқанда жоғары оқу орындарында Қазақстан бейнелеу өнері тарихын тереңдете оқыту студенттердің біліктілігін арттырырумен қатар, оның өзіндік көзқарасы мен эстетикалық талғамын дамытып, өнер жолында өз бағытын табуға мүмкіндік бере отырып, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Үркімбаева Д. Студенттердің эстетикалық мәдениетін сәндік қолданбалы қол өнер арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Автореферат. – Алматы, 2006. 26- бет.

2. Төкенова Қ. Болашақ мұғалімнің көркемдік талғамын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Автореферат -Алматы, 2006, 26-бет.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жоғары оқу орындарында “Қазақстан бейнелеу өнері тарихы” пәнін оқыта отырып студенттерге эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются особенности эстетического воспитания студентов высших учебных заведений на основе изучения истории изобразительного искусства Казахстана.

ӘОЖ 391.9



ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Умирбекова С.Т., магистрант, Әбдіқадырова З.Д., х.ғ.к., доцент

(Алматы қ., Қазмемқызпи)


Қазақ қолданбалы қолөнері сонау алғашқы қауымдық кезеңде, тіпті одан бергі сақ, қыпшақ қимақ, түрік мәдениеті өн бойында тұтас сақталып ол бүгінгі күнге дейін жеткен халықтық өнер. Қолөнер санау ескі заман тарихымен ескі біте қайнап келе жатқан бай қазына.

Қазақ қолөнері ескі заман дәуірінен сөнбес мұра боп, ұрпақтан-ұрпакқа, әкеден балаға жалғасып беріліп отыратын ұлттық мұра. Біздің көптеген шеберлердің аттары белгісіз болып қалғанымен олардың асқан дарынды үлкен өнер иелері болғаны анық.

Олар ғасырлар бойы үй тұрмысында қолданатын әр түрлі бұйымдар жасап, оларды көркемдеп, сәндегені анық.Әдемі, шебер жасалған қолданбалы қолөнер бұйымдары қазірде баршылық.

Қазіргі заманда дүние жүзіндегі өзгерістерді, келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау мүмкін емес. Өйткені жер бетінде сан алуан халықтардың өзара ой толғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Республикамыздың келбеті бүкіл жер шары халқының алдында мерейі өсіп,нұрлану тиіс /2/.

Қазақ жерінде дүниеге көзқарасы, рухани және материалдық мәдениеті жайлы айтқан кезде есте боларлықтай қазақ мәдениеттің өрісі зор. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайлы былай дейді:

«Біздің дәурімізге дейінгі ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланады. Оның үстіне XVIII-XIX ғасырлардағы көшпенділер тайпалар мәдениетімен көп жоғары болған». Қазақстан үшін ғасырға жуық Ресей қол астында болғандықтан қолөнеріміздің дамуы тоқтап, көптеген қолөнерлерімізді ұмыта бастаған едік. Бұған қазақ халқы кінәлі еместігі анық, сол кездегі қоғам себепші болды /1/.

Еліміз егемендігін алып, ел болғаны қолөнеріміз дамуына кері әсер тигізбейді.

Халық өнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек.

Белгілі философ А.Х Досымжанов: «Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай көпке асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолының түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатарға қосылу. Халықтың тарихи мұрасының өрлеуі ұлттық сана-сезімінің өсу процесінің негізгі белгісі болып табылады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғары даму баспалдағына көтеріліп, өнерде өз орнын ала білді. Қазіргі кезде біздің пікірлерімізбен қазақ халқының қол өнерінің, жан-жақты зерттеу ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Біздің ойымызша бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Қолөнер болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабына да жан-жақты зерттеу болашақ жас ғалымдардың ісі. Қолөнер - бұл баға жетпес, өшпес бағалы мұра. Оны біз қолдай да, қорғауымыз керек. Қолөнердің болашағы үлкен. /3/

Адам баласының шеберлігі сондай, қолы арқылы өнердегі әр түрлі ашылмаған бұйымдарды және нәрселерді көрсете отырып, өмірде қалай пайдалануға, қолдануға болатынын дәлелдеп отыр. Қолөнердің сонау көне дәуірден бастап өмір тіршіліктерінде пайдаланған. Сондықтан да еліміздің қол- өнерін жан-жақты зерттеуіміз керек.

Халық өнері шығармалары Қазақстанның мұражайларында орын тапқан. Мұражайдан көптеген билердің ертеде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениетін, тұрмысын, салтын, археологиялық жинағында сипаттайды. Археологтар республиканың түкпірлерінен тастан, сүйектен, қола және алтыннан оюлап сәндеген бұйымдар тапқан.

Дәл қазіргі кезде халықтың байырғы көркем өнеріне ұлттық бейнелеу тәсіліне баса, назар аударылып, зерттелініп жатыр. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп бірге қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол Қазақ халқының ғана емес, туысқан Орта Азия халықтырымен ұлы орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатады/4/.

1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері әдебиетінің он күндігі «Алтын кемер белгі сән, асыл жиһаз елге сән» дегеннің растығын паш еткен үлкен оқиға болды. Жұртшылық қазақтың қолөнер шеберлері жасаған заттардың 1000-нан аса экспонаттарын көргенде қайран қалды. Шығыс Қазақстандық К.Көшкенова, Торғайлық Н.Сарынбаева, Ш.Мустафин қатысты. Парижде 1926 жылы болған халық аралық көрмеге Р.Барлыбаева, Ш.Сейдахметова, Қ.Досымов, халық оюшысы Р.Ильяева және көптеген халық шеберлерінің ою-өрнектеп жасаған бұйымдары аса жоғары бағаланды.

Қазақ қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, иіру, ою сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Осы қол өнер түрлерінің өзіндік әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қолөнер бұйымдарын күнделікті өмірде қолданады.

«Шебердің ісінен танисың» деген халық мәтелі шеберлердің ісін дәлелдегендей қолөнер атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүр. Анадан мұра болып қалған қолөнердің бір саласы пішу тігу.

Қазақтар өзінің күн көріс, мұрасына қажетті үй салуды, азық түлік, киім-кешек тігуді, тоқуды, өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнде тіршілік барысында өз - орнымен пайдаланып, әдемі, сәнді бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат құра білген. Халық шығармашылығының қандай түрі болсын халықтың қоғамдық тарихы мен, күн-көру кәсібі тығыз байланысты болған.

Қолөнер «еркектерге тән» және «әйелдерге тән» деп екі топқа бөлген. Мысалға айтсақ ерлер тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты атқарған. Ал, әйелдер кесте тігу, жиек жүргізу, өрнек тоқу және ши орау, сырмақ сыру, оюлау, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты атқарған. Тері илеу, киіз басу, ши тарту жүмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеген.

XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері кең өріс алды. «Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол», «Халықты өнер танытады» деген мақалдар осы өнер молшылығынан туған. Осы ғасырларда қолөнер ішінде кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу өріс алды. Кестелердің түр-түрін кестелеп, кыз балалар өзінің сүйгеніне тарту еткен. XIX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің толассыз даму нәтижесінде айтарлықтай жоғары деңгейге көтерліп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов сияқты қазақ зиялылары халық өмірін этнографиялық тұрғыда қарастырып, бір қатар деректер жазды. Ол еңбектерде қазақ қолөнері туралы біраз деректер беріліді. 1917 жылдан кейінгі қазақ өмірін этнографиялық түрде зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңде жалпы қазақ. өмірін зерттеумен, қолөнер туралы деректер жинау, Қазақстанды зерттеу қоғамның үлесіне тиді.

Қазақ халқының киіз үйі туралы академик Ә.Х.Марғүланның көлемді еңбегі, М.С.Мұқановтың альбом кітабы, сондай-ақ қазақ өнерімен қолөнері туралы Н.Нұрмұхамедовтың еңбектері жарық көрді. Х.Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» атты еңбегінде ағаш, металл, әр түрлі тастар мен шыныларды өңдеп, жасай білген қазақ шеберлерінің тамаша өнерлерін сипаттайды.

Халықтың қолөнері мен ою-өрнек шығармашылығын ғылыми негізінде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті.

Халықтың мәдени дәрежесі жоғарылаған сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтарының сапасына талап қойып, оның әдемі, сәнді, ұнамды болуын қалады. Одан әрмен шығармашылық ізденудің нәтижесінде күнделікті керек заттардың жаңа түрлерін шығаруға талабы да арта түсті. Дами келе техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдеріне кілем тоқылып, кітап сөрелері, төсек, сәнді сандық, киімдер тігіп жасалды. Тігу ісі және кестелеу өнері де арнайы машиналармен орындалды. Зауыттарда көптеген бұйымдарды оюлап, өрнектеліп шығарыла бастады/6/.

Қолөнер айтарлықтай ежелгі халық тұрмысында маңызды деп айту қиынырақ, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген әсте болмайды. Қазақ халқының қолөнерін сапасы жоғары түрлендіру әдісімен алға қарай дамыту қажет. Төрт түлік малдың халық өмір тіршілінде маңызы зор. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, ішік, лақ терісінен ішік, қозымен лақ терісінен тымақ, бөрік, құлақшын тігіп отырған. Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз матамен тыстап, әдіптейді, жағаларын, жеңдерін кестелеп жұрындайды, сызық жүргізу арқылы әшекелейді.

Қазақтың қолданбалы қолөнерінің халық тұрмысына қажетті бұйымдарын айта кететін болсақ, ол киіз, оюлап киіз басу тек қазақтың ғана тиген еншісінде емес, мал шаруашылығымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән ортақ нәрсе. Киіз басумен халықн түгел дерлік тұрғындары айналысты. Бір өзгешеліктері киіздің жасалуында емес, безендірілуінде, қайталанбас өрнектерінде. Өнектерінің өзінде әр рудың өзіндік тән ерекшеліктері бар.

Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі,әрі төзімді келеді. Ши тоқу ісі-шиді жүнмен орап, оған түрлі өрнектерді тоқу. Қолөнердің басқа да түрлері сияқты сонау ертеден келе жатқан өнер. Ши бұйымы киіз үйдің ішін алған ерекше бұйым.

Қазақ халқының қолданбалы қолөнері ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі ақ ши, ораулы ши, шым ши. Ши тарту оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл тұрғындарының бәріне ортақ жұмыс. Тоқылатын ши мал аяғы баспаған, жардың орта шенінде бойлап өскен кезде тартылады. Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым ши, ораулы ши, ақ шилерді қанат шилер деп атайды. /5/

Өнер түрлерімен танысудағы ең негізгі жетістік - жаңалыққа қызығушылықпен ұмтылу. Өнер даму үшін, адам күнделікті өзін жан-жақты дамытып отыру қажет.

Қолөнер негізінен қойдың мүйізін бейнелейді. 1940 жылдан кейінгі уақытта қазақ авторларының еңбектері, оның ішінде қазақ ою өнерінің шығу тегін туралы Басенова Т.К. «Қазақстан ою архитектурасы» еңбегінен көреміз.

Қазақ оюының негізі, - дейді. Ол сақ-сырматтық өнер дәуірі көп мағыналы мотивтерден "мүйіз" және де "өсулі өнерді" бөліп анықтады. Бұл дәуірде дала адамдарының ою шаруашылығынан айтарлықтай із қалдырған. Негізгі сатысы базис немесе каркас ою системасы /7/.

Қазақтың этнографы Мұқановтың "Қазақтың үйдегі суреттер жұмысы" және "Қазақтың киіз үйі" атты еңбегі шықты.

Үй жабдықтары негізінен киізден дайындалады. Азия халықтары мен Еуропа халқына таныс. Ол даму бастауын түркі халықтарынан алады. Екі жақын қанды халық қазақ пен қырғыз - бұл үй кәсібін ең жоғарғы өнерге жеткізді. Кілем өте құнды бұйым ретінде бағаланады. Кілемді тазалығы мен ашықтығы, таңқаларлық суретттермен мүсінді мәнін аша түсетін. Жақын қанды қазақтар мен қырғыздар көптеген технологиялық әдістер қолданып, әр түрлі кілем тоқуды білетін технология құрылысы жағынан өте қарапайым текемет. Текеметті жартылай дайындалған киізге әр турлі бояулы жүннен еркін кестелейді. Текеметке квадрат, ромб, айқас сызықтар фигураларын қолданады. Бұл фигуралар, яғни оюлардың үш түрі - XX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы түрі өте көнеде пайда болған.

Бұның негізгі органикалық форма әлемі - өсімдіктер мен зооморфты – бәрі бір құрылысты заңға бағынады. Бұған өте көне спираль тәрізді разетка, дөңгелектерді де жатқызамыз. Оюлардың ішінде өсімдік кестесі екінші топқа жатады. Күрделі геометриялық конфигурациялар мен көп жақты бұрыштар, сатылы ромб, жұлдыз тәрізді фигура, күрделі крест формаларын енгізуге болады. Қазақтың қолөнер жүйесін осындай ою түрлері құрайды. Композициялық сипатының ұйымдасуы ою жүйесінде зерттеу кезінде тек құрылыс теңдігін ғана емес анимизмді де қалайды.

Қазақ арасында ең көп тарағандары сырмақ, текемет, түс киіз, сандыққап, тұтқыш сияқтыларды көбінесе оюлаған әр түрлі басқа заттарды тек өрнектеп сыру арқылы жасайды. Толқынды не сыру, не былғары, не болмаса оюлата бастырып оймақтап тігу арқылы әшекелейді.

Өрнек - әшекейлерді бояуды түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса, өрнек әрсіз нашар болып шығады. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігіне үлкен роль атқарған. Жүннен киім-кешек, арқан - жіп , әр түрлі төсеніштер , шекпен, мүліктер жасаған.

Күзен жүннен, қозы жүннен киіз басады, текемет, қалпақ, пима, киім-кешектер жасалады.

Ешкінің түбіт жүнінен иіруге, шарф, шұлық, шәлі жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға болады. «Үй жасауы - кілем» - ол әлі сақталып келе жатқан бағалы зат.

Қазақстан территориясында бұдан мың жылдар бұрын қарапайым халық өнерпаздардың ой қазынасынан шығып шебер қолдарымен тоқитын. Қазақстан облыстарында кездесетін киім түрлері: бұқар кілем, жол кілем, жібек кілем, мақта кілем, жолақ кілем, қара кілем, тақыр кілем, түкті кілем, алаша кілем, түркімен кілемі. Қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екені және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын айғақтайды. Кейінгі кезде фабрикаларда, істелінетін қол өнімдерінің бірі кілем тоқу болды. Кілемді әдемі біркелкі етіп тоқиды. Фабрикада станоктардың көмегімен өте сәнді жасалады. Кілем өрнегінде әр түрлі, түсті бояулар қолданып, сәнді шықты.

Кілем тоқитын шеберлер түстерін үйлестіріп әр түрлі әдістермен көрікті етіп орындады. Қазіргі кезде қолданатын тұрмыстық қажетті жеңіл заттарды, өрнектерді қолмен тоқиды. Іскерлердің қолымен тоқыған заттарын станокпен тоқитын болды. Қолмен тоқуда ерекше нәрсе, адамның көңіл күйін, іскерлігін, ептігін көреміз. Адамның адамгершілігін, сана-сезімін көреміз. Бұл бұйым үйге көрік беретін бұйым.

Қолмен тоқу өнері өте көп. Оның түрлерін айта кететін болсақ шарф, шәлі, сумка, жағалар, орамал, шілтер, жастық тысы, жапқыштар. Қазақ халқы қолдан жасаған әр түрлі заттарды үйге, іске жаратты. Қазіргі кезде, бүгінгі таңда өмір талабына сай әр түрлі киім-кешек дорба, тондар өндіре бастады. Қолмен өндірмейді, фабрикаларда станоктармен өндіреді.

Бұл заттар адам тұрмысының әр саласында жасалады, күнделікті тұрмыста қажетін өңдейді. Адам өзінің күнделікті өмірінде қолданып жүрген заттардың жай ғана заттар емес, тұрмыс тіршіліктің әдемі бейнесі екенін байқаймыз. Дүниеге өнер кәсіптің келуі халықтың әл-ауқатының жақсарып, талап тілегінің, талғампаздығының артуына себепші болды. Қазақ халқының тарихы терең, қазынаға бай қолөнерін ардақтауға бәріміздің де қосар үлесіміз зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет