ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» //Алматы ақшамы №15, 7 ақпан 2008ж.
2. Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері»
3. Т.Қоңыратбай «Кәсіп және мәдениет»., 2000ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ халқының қолөнері және оның жастарға беретін тәлім-тәрбиесі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена истории казахского декоративного искусства и ее роли в воспитании молодежи.
ӘОЖ 373.522
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІНЕ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өтепбергенова З.Д., ізденуші
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қазақстан Республикасының Конституциясында, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан — 2030” Жолдауында және Қазастан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “… білікті жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауда кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту” керектігі айтылған еді. Мұндай кәсіптік білім беру мен тәрбиелеудің құралының бірі мектеп оқушыларын ауыл шаруашылық еңбегіне баулу болып табылады. Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылық саласында шағын өндірістің дамуы қарқын алып, ауыл шаруашылық мамандарына көп сұраныс туып отырғаны белгілі. Сондықтан қалпына келтірілген ауыл шаруашылығының ары қарай дамуына үлес қосатын болашақ ауыл кәсіпкерлерін мектеп қабырғасында ауыл шаруашылық білім беру желісіндегі оқыту арқылы ауыл шаруашылық өндірістік жұмыстармен қатар таныстыра жүргізу, бүгінгі күн талабына сай дәрежеге көтеру, болашақ ауыл шаруашылық мамандарын даярлау басты міндет.
Қазіргі кезде әрбір азамат ата-бабамыздың ғасырлар бойы қалдырған жер мұрасын иеленіп, өзінің таңдаған кәсібімен еңбек ете жүріп, мол тәжірибе мен тәрбиені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қажеттілігі туындап отыр. Ауыл мектептерінде оқушыларға кәсіптік бағдар берудің негізгі бір түрі ауыл шаруашылық еңбегіне баулу, оларды ауыл шаруашылық кәсібінің қажеттілігін түсіндіру кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Осыған байланысты оқыту-тәрбиелеу үрдісінде ауыл шаруашылық білім беруді жүзеге асыру жалпы білім беретін мектеп алдына қойылған міндет.
Осы міндетті орындау мақсатында, бүгінгі күні экономикамыздың өсу-өркендеу жағдайында, озық тәрбие теорияларына және озат тәжірибелерге сүйене отырып, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеріп, қоғам алдына өзінің жауапкершілігін сезінетін, ұлттық санасы жоғары, биік парасатты, білімі зор тұлғаны тәрбиелеу деп белгілеуімізге тура келді.
«Еңбек - бұл күрделі құбылыс, онда адам өмірінің мазмұны, ақыл-ойы, эстетикалық, психологиялық, шығармашылық мәні, тәрбиесі, өзіндік тәрбиесі ашылады.» деп айтқан. В.Сухомлинскийдің сөзінен тек қана еңбекте ғана адам өз-өзін адам ретінде, жеке тұлға ретінде, Отанның болашағы ретінде көрсете алатынын ұғамыз.
Еңбекті және еңбек адамдарын сүюді үйрету - бұл оқу - тәрбие жүйесінің аса маңызды бөлігі. Кеңес кезінде мектепте балаларды біртіндеп үлкендердің нұсқауымен шамасы келетін жұмысты орындауға, өндірістік ауыл шаруашылығы еңбегіне тарта бастайтын. Уақыт өтуі барысында олар жеткілікті тәжірибелі бола тұра, жеке отбасы шаруашылығына қажеттің бәрін еске салусыз өздері атқаратын. Ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды үйретумен отбасында үлкендер мен ата-аналар айналысты. Ал қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының саласы бойынша ауыл шаруашылық өндірістің дамуына байланысты, жеке шаруашылықтардың бой көтеруі оқушыларды ауыл шаруашылық еңбекке үйрету мәселесін қайта қолға алуға ықпал ете түсті.
Біз зерттеу жұмысымызды халық шаруашылығының барлық саласының ілгері дамуына зор еңбек еткен, қарапайым, дана, үлкен істерді еш арқаусыз алып шыққан адамдар туралы олардың ерен еңбектері жәйлі, “Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың” демекші, үлкен еңбек ер иелерін зертеуімізге арқау еттік.
Халқымызда “Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі” деген сөз бар. Қазіргі заманның жорығы – еңбек. Адамды ер атандыратын — еңбек. “Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар” деген. Өмірді осылай түсініп, балалық шағынан еңбекке араласып, осы ұлы жорықта адам болып қалыптасуға талпынған еңбек ерлері туралы айтуды жөн деп ойладық.
Еңбек қуған қазынаға жолығады дейді. Сол қазынаға жолыққан еңбек ардагерлері, қант қызылшасының бабын тауып, дүние жүзін таң қалдырған ер Нұрмолда Алдабергенов, Зылиха Тамшыбаева; Сыр сүлейі, дала академигі, ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев, күріштің әр гектарынан 170 центнер өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасады. Бүкіл елімізде жоғары сапалы жүгері тұқымын өсіріп, шаруашылықтың барлық саласын ілгері дамытқан еңбек ері Н.Н.Головацкий, аты әлемге әйгілі тары өсіруші Ш.Берсеев; техника тетігін жетік меңгерген майталман механизатор К.Дөнентаева сынды еңбек адамдарының өмір жолы, еңбектегі жасампаздығы жоғары сынып оқушыларын өмір жолын таңдауға тәрбиелейтін қымбат қазына.
Жер жомарт, оның байлығын одан әрі молайту үшін еңбек етуге құлшыныс білдіретін жастарға тәрбие беру жолдарын айқындауға кәсіби білім беру қажет. Себебі, жоғары сынып оқушыларын ауыл шаруашылық еңбекке тәрбие беру дегеніміз – ол қазіргі заманғы қоғам мүддесі мен жеке адамдардың мүддесінің қажетілігінен туындайтын тәрбие үрдісі. Оны біртіндеп қолға алудың тәсілі – мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде жоғары сынып оқушыларын ауыл шаруашылық еңбегіне баулу. Сондықтан да еңбекке баулитын тәрбие үрдістерін оқыту үрдісімен бір арнаға жинақтау, мол тәжірибелерді толық пайдалану ісі мол нәтиже берері сөзсіз. Қайсібір істің батыл бастаушысы, қалтқысыз қолдаушысы болуға тиісті дегендей, еңбекке тәрбиелеу мәселесін терең зерттеуде Республика ғалымдарының Оспанова Б.О “Оқу процесіне оқушыларға ауыл шаруашылық еңбекке кәсіптік бағдар беру”, Қазақстан ауыл мектептерінің ауыл мектептерінің материалдары бойынша ғылыми еңбек “Оқушыларды еңбек бірлестіктерін дамыту” деген тақырыпта А.С.Имангалиевтың еңбегі, Н.Г.Наумовтың “Солтүстік Қазақстан облысы жағдайында оқушылардың өндірістік бригадаларында еңбекке тәрбиелеу” ғылыми еңбегі, Е.А.Ушуровтың оқу-өндірістік кешенді құру арқылы ауыл мектеп оқушыларын жалпы еңбекке және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы жазған еңбегі, С.А.Кульчанованың ауыл оқушыларын мал шаруашылығы еңбегіне дайындаудың пеадгогикалық шарттары туралы ғылыми еңбегі, К.Тоқтарованың жоғары сынып оқушыларын ауыл шаруашылық менеджерлерді дайындау туралы жазған еңбектері оқушыларға кәсіби бағдар беру туралы қажеттіліктерінен туындайтын мәселелерге жауап беретіндей.
Ал ауыл шаруашылық еңбек атадан балаға мұра етіп қалдырылған кәсіп түрі болғандықтан оны орындау жолдары мен әдістері жайында мәліметтер беріліп қана қоймай, ол ғылымның жаңа жетістіктерімен толықтырылып, мазмұны байытылып, оқушыларды белгілі кәсіпке баулуда, бағыт- бағдар беру үшін агрономиялық білімдер тәжірибе іс көрсету барысында қажеттілігі байқалды.
Ауыл шаруашылық еңбекке баулу барысында оқушының еңбекке ықыласы артып, қоғамға пайда келтіретіндей жігерлендіруіміз арқылы оның болашағын айқын елестетуіне көмек береміз. Сондықтан балаларды ең алдымен бүкілхалықтық байлық әкелетін жердің құнарын арттыру, бау-бақша, жүзімдіктер өсіру, орман-тоғай үшін ағаштар отырғызу, шаруашылық құрылыс пен мәдени-тұрмыстық құрылыстар, жолдар салуға үйретуіміз келелі маңызды мәселелерді шешеді. Сондықтан біз, оқушылардың басты назарына агрономия ғылымын үйрету арқылы оның ауыл шаруашылық кәсіптеріне баулимыз. Агрономия - («жерді пайдалану» грекшеден аударғанда) ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыми негізі, яғни ауыл шаруашылығының барлық саласы жөніндегі білімнің жиынтығы. Агрономия деп агрономиялық ғылымдар комплексі ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің іс жүзінде қолданылатын тәсілдерін (жалпы егіншілік, агрохимия, агрофизика, өсімдік өсіру, селекция, тұқым өсіру, фитопатология, ауыл шаруашылық энтомологиясы, ауыл шаруашылық мелиорациясы т.б) түсіндіреміз.
Агрономия ғылымының негізгі буыны – егіншілік туралы ғылымды мектеп оқушылары сарамандық сабақтар арқылы танып біледі. Бұл топырақтың құнарлылығын қалпына келтірудің, өсімдіктердің қоректенуін жақсарта түсудің, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін үздіксіз арттыра берудің агрохимиялық шараларын үйретеді.Бұл жұмыстарды жоғары сынып оқушылары мектептің жеке шаруа қожалықтарында, іс-тәжірибелік учаскелерде атқаруына болады. Жоғары сынып оқушыларымен ауыл шаруашылық кәсіптік білім беру жөніндегі жұмыстар – оқушылардың ауыл шаруашылық еңбекке даярлығын дамытудың жаңа сапалық кезеңі. Оның өзі жалпы білім беретін мектептер мен өндірістердің барынша тығыз байланыс жасауымен сипатталады.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмысқа ауыл шаруашылығындағы өз ісін жетік білетін мамандар мен “іскер” мұғалімдерді көптеп жұмысқа тарту оқушыларды ауыл шаруашылық еңбекке баулу мен ең басты ауыл шаруашылық кәсіптермен және қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндіріс технологияларымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық бағдарламасы жоғары сынып оқушыларының белгілі бір ауыл шаруашылық мамандығын алуына қажетті білімі мен іскерлікті жан-жақты терең меңгеруіне, өндіріс қызметіне деген талпынысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал ауыл шарушылық кәсібі өмірімен етене танысу, бұл еңбекте өз күшін сынау оқушылардың саналы түрде ауыл шараушылық кәсібін таңдауына, ой-танымын қалыптастыруына көмектеседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қаленов О.Б. Қазақ мектебі – ауыл өмірінің айнасы //Ауыл мектебі дамуы болашағы .Конференция материалдары Алматы 2002.
-
Құдышева Б. Формирование профессионально ценностных ориентаций старшеклассников основной общеобразовательной школы // Кан. дис.-Алматы – 1996. с125.
-
Педагогика. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы «Нұрлы әлем» 2003.
-
Профессиональная ориентация старших школьников в процессе трудового обучения /Под ред.. Полякова В.А: - М, 1972/.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жоғары сынып оқушыларына ауыл шаруашылық еңбегіне кәсіби бағдар беру, жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі анықталуы, еңбек ету мәдениетінің қалыптастырылуы туралы мәселелер қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
Целью организации сельскохозяйственного труда в школе является развитие у школьников культуры труда и межличностных отношений, трудовой функциональной грамотности, обеспечение возможностей для сельскохозяйственной деятельности и профессионального самоопределения.
ӘОК 371.042.3
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРКЕМ
ТӘРБИЕДЕГІ ОРНЫ
Рахимов Е.М., оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Келе жатқан жас ұрпақты, эстетикалық-көркем тәрбиелеуде, біздің елімізде өте көңіл бөлініп, жағдай жасалған. Әсіресе ұлтымызда, эстетикалық-көркем тәрбиелеуде өнер саласында үлкен мәні бар. Өнердің маңызды ерекшелігі - шындықты көркем образда көрсету, жасау, адамның сана-сезімін ояту, өмірге деген көзқарасын, болып жатқан өзгерістер арқылы заманға лайықты етіп тәрбиелеу, терең түсініп ойлауға көмектесу. Өнер арқылы терең біліп көру, әр түрлі өзгерістерді, ерекшеліктер арқылы тәрбиелеу. Өнер туындылары өз идеялық мағанасымен өте бай, өзіңдік көркемдік формада әр түрлі ағымдық талғам қалыптасады, оның өзгерістерін түсіну, білу, ажырату, өте әдемілігін бағалау тек өнерде ғана емес, айналадағы қоршаған табиғатта не күнделікті өмір тұрмысынан көруге болады. Кез келген көрнекті өнер туындысында мағанасы терең ой салатын, адамның көңілін аулайтын, көрерменді баулап қана қоймай, өзіндік көркемдік образдық ерекшелігімен байыта түседі. Өмірде болып жатқан құбылыстарды ажыратып, тұтас көру - көркем образдың ең де бір басты мақсаты болып келеді.
Қазіргі кезде жастарымызды патриоттық, эстетикалық-көркем тәрбиелеудегі маңызы өте зор. Ұлтық кескіндеме мектебі Қазақстанда 50-70 жылдары өз ағымымен қалыптасты. Осы мектептің алғашқы жолын салған, негізін қалаған суретшілердің бірі болып Қ.Телжановты айтамыз. СССР халық суретшісі, СССР Суретшілер академиясының корреспондент мүшесі, республикалық Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауриаты Қ.Телжановтың шығармашылық өнері, туындылары өмірге тән ерекшеліктері бар, ой-өрісі кең айқын көрініп, азаматтық денгейі жарқын лиризмде, ұлттық интонацияда көрінеді. Өзінің шығармашылық туындылары туралы Қ.Телжанов былай деп жазды: «Менің шығармашылығымдағы басты тақырыбым халық және революция». Оның өнер шығармашылығындағы өсу жолдары 2 жанрда дамыған, тарихи және өмір тұрмысы болып келеді. Оның тақырыптық туындыларында Қазақстанның атақты суретшілері сияқты алдына қойған мақсаты Амангелді образы болды, қазақ халқының жаңа өмірге, бостандық үшін күрестің символы болды. 50-70- жылдарда қазақ халқының бейнелеу өнерінің дамуында жеке өзіндік көркем мектеп қалыптасып республикамызда Қ.Телжанов осы кезеңнің үлкен маңызды бір бөлігі болды. Қазақстан Суретшілер одағынын мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан республикасының мемлекеттік сыйлығының лауриаты Ағымсал Дүзелғанов кескіндемелерінен әдеттегі түр-түстердің үйлесім құрлыстарын іздеудің керегі жоқ. Ол өз туындыларында импрессонистік талап қоймайды, біреуге ұқсауға тырыспайды. Өзі оқып шыққан орыс өнері мектебінен де алшақ. Дұрысы қазақ бейнелеу өнері мектебінің бір көрінісі десек те болғаны, кәсіптік мүмкіндіктерінің ұлттық келбеті. Түр-түсті сезіну мен қолдануы да қазақша деуге болады. Композициялық құрылым жасауда өте шебер, ұлттық ойдан туындайды.
Ағымсал Дүзелханов қаламынан көркемдік тапқан әр жылдарда шыққан қырықтан аса балаларға арналған кітаптар бар. Ж.Сымақов «Тамаша», Р.Шотпаева «Алып», Д.Шварц «Мен ауырғанда ойнамаймын», М.Жалилов «Бұршақ», «Жыл он екі ай» атты. 1986 жылғы арналған әдеби күнтізбе, халық ертегісі «Ай астындағы Айбарша» солардың аз ғана тізімі. Осы кітаптардағы суретші қолынан шыққан кейіпкерлердің басты көркемдік қасиеті ұлттық ерекшеліктерден тұратын классика, мінез-құлық, киім-кешек халық өнерінің тұрмыстық үлгілері.
Шығыс жекпе-жегін білегінде, қылқаламын жүрегінде жасырған біртуар перезент Бексейіт Түлкиевтің бейнелеу өнеріндегі шығармашылық орны бөлек. Бейнелеу өнерінде «Сұрбойдақтың арманы», «Күнге бет алған керуен», «Сәйгліктер», «Жекпе-жек», «Шыбын жан», «Әке», «Қасқа су», «Ұйқтап жатқан бала» атты тамаша туындылары мен «Ұлы көш» атты әйгілі эпопеялық туынды қалдырған қылқалам шеберінің әлі де берер дүниесі мол еді. Палитра бетіне жағылған сансыз бояудың ішіндегі қара бояу өміріне нүкте болып таматынын сезді ме екен есіл ер?
Суретшілердің өнер саласындағы шығармашылық туындылары ұлтымыздың келешектегі жастарға деген эстетикалық-көркем тәрбиелеуде маңызы өте зор. Көрермен қауым өзі көріп қабылдаған туындыны терең ұғуына біліп, ой-өрісін кеңейтіп, оның өмірге деген көзқарасының дұрыстығын аша түседі. Көрермендерге бейнелеу өнері тек эстетикалық-көркем тәрбие беріп қана қоймай сонымен қатар, адам сезімін өз ойлағаның жаңа бағытта, қоршаған ортамен өзгерістерді салыстыра алады. Бейнелеу өнері көрерменнің шындықты қабылдау көру қабілеттілігінің көркем образы болып табылады. Әр түрлі түрлі-түсті бояулармен, пластикалық суретте суретші кеңепке өз ойын туындап, әдемі де күшті адам образын әкеледі. Бейнелеу өнері өте ертеде алғашқы қауымда пайда бола бастады. Бұл кезеңдерде бірінші жартас суреттері, аңшылық көрністері, құс, жан-жануарлардың мүсіндері, сүйектен, тастан қашап жасалған еңбек құралдары, әшекейлі ою-өрнектер, үй тұрмысына қажетті құралдар, саймандар болғаны анық.
Ертеден адамдар өз ойларын, көрген білгендерін бейнелеп, суреттеп мүсіндеп, ою - өрнекте көрсете білген. Бейнелеу өнерінде бір ғана мезгілді көздеп, туындыны көркемдік образда ашып жеткізе білу керек. Суретші өз ойын шешуде сюжетін шығара отырып динамика арқылы бере алады. Кескіндеме, графика, мүсін, архитектура, декоративті қол өнері – бейнелеу өнерінің түрлері, бәрі бірдей бір мағаналы орталық спецификалық маңызы бар бейнелеудегі ұғым.
Қазақ бейнелеу өнерінде кәсіптік еңбек ету басталғаннан бері өсу-өркендеу дәуірлерінің саны көп болғанымен, сапа жағынан сөз етерлік болымысы ерекше шығармалар аз емес. Уақыт талабына сай тәуелсіздіктің таңы атқалы бері тарихшыларымыз бен археолгтарымыз қазақ тарихын қайта қарастырып жатқаны белгілі. Осыған орай бейнелеу өнерінде де тарихи тақырыпқа бой алдырған суретшілер баршылық. Суретшілер шығармашылығы Ә.Қастеев дәстүріндегі кәсібіне адал етіп, дүниетанымдары ұлттық философиядан нәр алатын ұлт жанды еуропалық өнер мен мәдениетті керегіне қарай сіңіруде.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Мастера изобразительного искусства Казахстана. Издательство «Наука» Казахской ССР. - Алматы 1984г.
-
Атимсал Дүзелханов «Альбом» Өнер баспасы 2005ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада кескіндеме мектебінің тарихы, суретшілердің еңбектері және ұлттық тәрбие беру мәселелері қарастырылған
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается история школы живописи, творческие работы художников и проблемы национального воспитания.
ӘОЖ 391.7
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУҒА ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖҮЙЕЛЕУ
Тастанбек Д.М., магистрант (Алматы қ, Қазмемқызпи),
Рысқұлова Б.Р. т.ғ.д., профессор (Алматы қ, АТУ)
Қоғам талаптарына сәйкес киімнің физика-математикалық, физика-гегиеналық, эстетикалық, ұлттық мәдени қасиеттерін және дизайнды меңгеру маңызды. Сондықтан, қазақтың ұлттық киімдерін компьютер технологиясымен көркемдеп жобалауды жоғары оқу орындарындағы 050120-«Кәсіптік білім» мамандығы студенттерге меңгерту керек. Компьютермен жобалауға үйрету болашақ маманның костюм композициясы туралы білімін толықтырып, киім әзірлеудегі шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді, киім стилі мен сән ұғымы жөнінде мәліметтер беріп, жаңа үлгідегі модельдер мен киім жиынтығын әзірлеуде, шығармашылық іс-әрекеттің негізгі қағидалары және киім жобалау ерекшеліктері жөнінде білім береді.
Ұлттық киімдерді компьютермен жобалауға оқытудың мақсаты болашақ мұғалімге киім кию мәдениеті және дәстүрлі киім үлгілері жөнінде білім беру, көркемдік талғамын қалыптастыру, алған білімдерін жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс мекемелердің оқу тәрбие үрдісінде қолдана білуге үйрету болып табылады.
ХХ-ғасырда ұсынылған жобалау әдісі немесе жобалау тәсілі білім беру саласында көп жетістіктерге жетті. Бұл әдіс мұғалімнен қалыптасқан оқыту жүйесіне жоба пәнін және әдісін ұйымдастыруды үйренуді талап етеді. Білім беру мекемелерінде жобалау әдісін қолдану спецификасы түрлі пән мұғалімдері үшін әлі де шешімін таппаған мәселе болып отыр.
Кез-келген педагог теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштасқанда ғана жетістікке жететінін біледі. Жобалау - көптеген әдіс-тәсілдің өзара байланысты болуының бір түрі.
Білім берудегі жобалаудың практикалық құндылығы туралы И.Г.Пестолоции, И.Ф.Дистерверг, К.Д.Ушинскийдің шығармашылық еңбектерінде педагогикалық белсенділік идеялары дидактикадағы бетбұрысқа жол ашып, оқушының білім алуында өзін-өзі дамытуы ретінде көрсетеді.
Қазіргі замандағы ғалымдар П.Д.Джеймс, М.И.Гурьевичтердің ойынша «Жобалау тәсілі» терминін жекелеген білім беру салаларында әр пәнде жаңаша қабылдайды. Студенттерді сабаққа белсенді болуға, зерттеу жүргізуге, экспиримент жасап, ойлануға және сараптай білуге үйретеді, ал тігін бұйымдарын жобалауда олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіре түседі /1/.
ХІХ-ХХ ғасырда жаппай өндірістердің дамуы нәтижесінде кәсіпорындар саласында, өзіндік шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде дизайн пайда болды. Ол өнер мен техника саласын бір-бірімен өзара үйлестіре білді. Дизайн жобалау іс-әрекетімен және жаңа мәдениет саласымен байланыста болып – жобалау мәдениеті ғылыми-техникалық және гуманитарлық мәдениетімен тұтас байланыста болды.
Дизайн – шығармашылық жобалау іс-әрекеті, оның мақсаты үйлесімді заттық ортаны құру, әрі адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Дизайн материалды обьектілерді жобалау болып табылады, яғни адамның қажеттілігін қанағаттандыратын тұтынушы бұйымдарын жасау өнері /2/.
Дизайнер – дизайн саласында жұмыс істейтін адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін, сонымен қатар жоғары тұтынушылық қасиеті мен бұйымның жоғары эстетикалық сапасын қамтамасыз ететін маман.
Дизайн объекті – түрлі өнеркәсіп бұйымдары мен қала құрылымдарының жүйесі мен элементтері, өндірістік және тұрмыстық орта, визуальді ақпараттар болуы мүмкін. Сол сияқты киім мен оның элементтері дизайн объектісі болып табылады.
Киім дизайны – бұл іс-әрекеттің бір бағыты, оның басты мақсаты заттық ортаның жеке элементтерінің бірі киім үлгілерін жобалау болып табылады.
Дизайнер жаңа мәдени бұйымдарды жасайды немесе ескі заттардың «көркемдік» вариантын дайындайды. Сондықтан да киім дизайнері адамдардың тұрмыстық кейпін өзгерту және қажеттілігіне сай жаңа функция мен қасиетке ие бұйым үлгілерін жобалауға бағытталуы тиіс, ол дәстүрлі формаларды әшекейлеумен айналыспайды жаңа үлгілерді шығарады. Сондықтан дизайнерлер бұйымның төмендегідей функцияларын ескереді:
Жаңа бұйым процесі мынадай жүйеде құрылады: айқындау – жобалау – бағалау – жобалау - өндіру – тираждау – тапсыру – тұтыну. Дизайн саласында талдау мен синтездеу әдістері ретімен қолданылады.
Жоба алдындағы талдау жобаны іздестірудің алғашқы этаптарында жүргізіледі. Талдау синтездеу тәсілдері арқылы интеграциялануы нәтижесінде құрылымы қалыптасып, объект үйлесімді бола түседі.
Халықтың тұрмыс жағдайының арқасында, сонымен қатар мәдениеттің көркейуі негізінде киім дайындайтын суретші мамандардан киімнің эстетикалық сапасын, көркемділігін арттыруды талап етеді.
Басқа да қолөнер саласы сияқты киімді модельдеу барысында өзіндік композиция заңдылықтары мен ережелері бар. Композиция – «құрастыру, шығару» деген мағынаны білдіреді /3/. Киім композициясы ережелеріне сәйкес өндіріс орындарында, шағын тігін шеберханаларында, тігін сән ательесінде түрлі киім үлгілері дайындалады. Суретші-модельер өнер туындысын әзірлеуде өз ойын толық жеткізу үшін осы композиция заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылықтар бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функциональдылығы мен конструктивтігі және киім формасының кейіпкерлігінің өзара үйлесімділігі ескеріледі. Мұндай тұтас компазиция заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби көркемдеп жобалаушының басты міндеті болып саналады.
Әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде композицияның негізгі заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігі анықталды:
- композициядағы барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет;
- композициядағы барлық элементтер мен бөліктер бір-біріне мөршерлес және өлшемдес болуы керек;
- міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс;
- композиция тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап көрсетуге болады:
- киімнің қолданылуына байланысты оның формасының сай келуі және біртұтас үйлесімділігі оның практикалық маңыздылығын арттыра түседі;
- материалды қолдануда дайындалатын киім моделінің тұтыну мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны дұрыс пайдалана білуді қажет етеді;
- киімнің формасының және матасының тұтыну мақсатына орай сәндеу элементтерінің сай келуі. Киімді композициялауда кез-келген сәндеу элементтерін қолдануда, оның түрі мен атқаратын рөлін айқындау қажет, сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына, қолданылуына және формасына қайшы келмеуін ескеру.
Екінші заңдылығы бойынша композицияның барлық элементтері мен бөліктері бір-біріне мөршерлес және өлшемдес болуы қажет.
Үшінші заңдылық бойынша киімді композициялауда ең басты нәрсе киімдегі композициялық орталық болып саналады. Киімдегі назар аудару орталығы сәндеу элементтері немесе киімнің жағасы, иініші сонымен қатар киім матасының түсі, пішімі, екі-үш түстің үйлесімі болуы мүмкін. Барлық жағдайда да негізгі басты дақ композицияның басқа элементтерін толықтырып оны айқындай түседі.
Төртінші заңдылығы –киімнің композициялық бірегейлі тұтас болуы, ондағы басты элементке жеке элементтердің бағынышты болуында. Киім композициясының тұтас болуы ойды толық жеткізуіне әсер етеді, жеңіл қабылданады. Киімнің барлық бөліктері, аумағы, пішімі, түсінің өзара сай келуі және қосымшаларымен үйлесімді болып, адаммен бәсекеге түспеуі қажет.
Композиция заңдылықтары мен ережелері жөнінде алған білімді студенттер практикалық жұмыстарды орындауда басшылыққа ала отырып, композициялық шешімі дұрыс табылған ұлттық киім моделдерін дайындауға болады. 1-суретте Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған бешпеттің конструкциялық сызбасы көрсетілген.
Әшекейдің өзі сәндік және пайдалы мәнге ие. Киімде бірнеше әшекейлер түрін қолдануда олардың композициялық үйлесімділігін шешуді қажет етеді.
Композицияның мақсаты - қолдануға тиімді және функционалды, конструктивті, эстетикалық құндылыққа ие, киім үлгілерінің формасын шығару.
1-сурет. Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған бешпеттің конструкциялық сызбасы.
Киімнің қолданылуына, пішіміне, адам тұлғасына, материалдық қасиетіне, өңделу тәсіліне, қолданылатын талаптарына байланысты киім пішімін мода ағымына қарай түрліше жіктеуге болады. Киім үлгісін жобалауда белгілі бір тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар: ұқсастылық, контрасты, нюас; маштаб, маштаптылық; симметрия, ассиметрия; статика, динамика.
Композицияның мұндай күйлерін мынадай түрлерге жіктеуге болады:
- тұрақты статикалық, барынша тұрақты және ешбір бағытсыз күй;
- тұрақсыз статикалық, ішкі қозғалыс жоқ, дегенмен қатаң реттілік байқалмайды;
- тұрақты динамикалық, қозғалыс күйді білдіргенімен сыртқы құрылымды жоймайды;
- тұрақсыз динамикалық, өзінің белсенді бағыты қозғалысымен назар аударту.
Белгілі бір композицияда статика мен динамика бірдей кездесуі мүмкін. Киімнің функционалдық міндетіне қарай статика мен динамикалық қасиеттердің бірін күшейтіп көрсетуге болады /4/.
Адам өзі қоршаған ортаны өз қалпында қабылдай бермейді, заттардың бейнесін адам сырт қарағанда сол заттардың шын бейнесін әр уақытта дұрыс көре алмайды, модельдеу барысында модельерлер көз бояушылық білімін қолданады. Киімді көркемдеп жобалаудағы негізгі міндет - адам тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей, әдемі, сұлу етіп көрсету болып табылады.
Жобалаушы киім үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Суретші модельер шығармашылық еңбек ету барысында шынайы өмір мен қиял дүние туындылары арқасында азамат қоғамындағы әрбір аспектіні дизайнер санасында көркем образды шығаруға, туындатуға талпынады. Дизайнер осы ойды бұйым үлгілерін жобалауда қолдану арқылы тамаша жетістіктерге жетеді. 2-суретте Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған ұлттық киім үлгісі көрсетілген.
2-сурет. Corel DRAW бағдарламасымен көркемдеп жобаланған ұлттық киімдер үлгісі.
Көркем шығармалардың басқа заттардан айырмашылығы анық өзіндік образды болуында. Образ – метафориялық ой, ол белгілі бір құбылысты айқындайды. Көркем образ адамның қоршаған ортадағы шындықты тану арқылы ойдан көкейінде топшылау арқылы ойдан шығарған көрініс. Заттың кейіпін жасауда тек оның сыртқы параметрлерін басшылыққа алмайды, мұнда «адам-бұйым» жүйесін басшылыққа алғанымыз дұрыс. Суретші қаншалықты дәрежеде өзі жоспарлайтын киімнің тиімділігін, оған қойылатын талаптарды есеріп, қолдану мақсатына, ақпараттық қызметіне байланысты жоспарлайды. Себебі, суретші модельер ол киімнің тек тамаша көркемдік шешімділігін табуды көздемей, оның образды шешімділігін, адамға қолайлығын, тиімділігін ескеру қажет. Мұндай киім үлгілерін жобалауда киім матасын түрлендіре отырып, бірнеше киім ассортименттерін шығаруға болады. Жобалау процесінде киімді қабылдауда психологиялық әдістерді қолдану арқылы киімнің әсерлік саласын жетілдіруге болады. Әсер алу жеке ғылыми парадигма болып саналады, оны меңгеру және ескеру барысында киімді жобалауда пайда болады. Обьект жөнінде әсер алу түрлі салаларды қабылдау процесінде қалыптасады, мысалы көзбен көру арқылы әсер алу және обьект пен информация хабар жөніндегі мәліметтерді қабылдауда іске асады. Сонымен қатар киімнің формасы, контуры, құрылымы, элементтері, түсі, материалы, өрнектермен әшекейлеп-безендірілуі жөнінде әсер алады.
Халық шеберлері алғашында киімдегі ою-өрнектерді түрлі нанымдарға байланысты салып отырған. Біздің ата-бабаларымыз да осы өрнектерді киімге салу арқылы тіл көзден, бәле жаладан сақтайды деп санаған. Қазақ өрнектерін қазіргі киімдердің мата суретіне байланысты таңдау үшін суретші-моделерлер мыналарды ескеруі қажет:
- киімнің функционалдық пайдалануын, яғни ол күнделікті тұрмыстық не сәндік, үйге, демалуға арналған киім екенін анықтау қажет;
- киімнің жас шамасына лайықтығын, яғни түрлі жастағы балаларға, жастарға немесе қарияларға арналған киім түрлері;
- жыныстық ерекшелігін, ерлерге немесе әйелдерге, тіпті екеуіне бірдей унисекскиімдерді ;
- моделдің ерекшелігі мен конструкциясын, киімдегі сызықтар мен бөлшектерді, конструктивті сәнді детальдарды, матаны қиғаш пішу мүмкіндігін;
- мата суретінің қазіргі заман мода ағымына, мерзіміне сай келуін ескеру.
Киімдегі өрнектер тек мата суреттері арқылы берілмейді, олар әртүрлі сәндік әшекейлер арқылы: кестелеу, аппликация, арнайы бояулар, батик, тоқыма баулар, бисер тастар арқылы да өрнектеуге болады.
Студенттерді киімді жобалауға оқыту барысында мына міндеттер орындалуы қажет:
- жаңа үлгідегі киім түрлерін дайындауға, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне жетекшілік жасауға дайындау;
- киімді жобалау мен көркемдеп сәндеудің негізгі қағидаларымен, әдістерімен таныстыру;
- қазіргі заман сән ағымын талдап, зерделеп, белсенді түрде меңгеруге, халық дәстүрін қолдана білуге жағдай жасау;
- мәдениет пен тұрмыстық жағдайға сәйкес, жаңа киім үлгілерін әзірлеуге кәсіби білімі мен дағдысын қалыптастыру;
- белгілі кейіпкерді ойлап шығаруға шығармашылық қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту және жетілдіру.
Киімді компьютер технологиясымен жобалауда студенттер костюм композициясы мен көркем кейіпкерді құрастыру ерекшеліктері, форманың кеңістікте қабылдануы, костюм графикасы мен компьютерде сурет салу ерекшеліктерін үйренеді.
Ұлттық киімдерді жобалауда студенттер киімнің тарихын, пішімдік ерекшеліктерін, композициялық заңдылықтарды, жобалау әдістері мен тәсілдерін, безендіру, сәндеу элементтерін, ою-өрнектерді дұрыс қолдана білу керек. Шығармашылық қабілеті өсуі үшін студент мәдениетпен, өнермен тығыз байланыста болуға тиіс. Студенттің жоғары білімді шебер маман болуына, осы заман талабына сай сұранысқа ие киімді жобалауға үйретуде біз жаңа технологиялар мен әдістерді оқытуды ұйымдастыруды басшылыққа алуымыз керек. Компьютерлік сыныптарда Corel DRAW, Adobe Photoshop бағдарламаларымен жобалау жұмыстары сапалы, жылдам және шырмашылықпен орындалады. Кәсіптік білім мамандықтары бойынша қосымша үйірме жұмыстарында компьютерлік графика туралы тереңірек білімдерін жетілдіруге болады. Киімді жобалауға үйрену барысында студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттері дамып, эстетикалық тәрбиелерінің жоғарылауына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |